45.Сөздерді талқылау
Пікірталас кезінде түйінді сөздерді ерекше атап өтіп, оларды мұқият қарастырыңыз. Олардың қалай қолданылғанын талқылаңыз:
Мағынаның екіұдайылығы бар ма? Бұл сөзді оқушылардың барлығы бірдей қолдана ма?
46.Қарым-қатынас
Оқушыларды өз ойларын тек хатта, суретте, көріністе, карталарда, мүсінде және т.б. ғана емес әр түрлі құралмен жеткізуді сұраңыз.
Құрал дегеніміз хабарлама, сондықтан ол қарым-қатынас жасау жолдарын білдіреді. Осыған ұқсас құралдарды қолдана отырып, мұғалім оқушының түсінгенін жан-жағынан көре алады.
47.Парасатты диалог
Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог парасатты, рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, барлық оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы тиіс.
(12-бет, Inside the Black Box, Paul Black & Dylan William, nferNelson, 1998)
Оқушылармен диалогтің сапасын талқылаңыздар және олардың мақсатын айтуды және оны қалайша жақсартуға болатынын (қажет болуына қарай) айтуды сұраңыз.
48.Кері байланыс бутерброды
Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.
Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:
i) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;
ii) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....
49.Не жақсы?
Оқушы мен сіздің араңызда «жақсы» деп саналатын жұмысқа қатысты келісімнің бар екеніне және оған қалай қол жеткізуге болатынына көз жеткізу үшін біршама уақыт жұмсаңыз. Мынадай сұрақтарды қолданыңыз:
Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болатынын айта аласыз ба?»
«Түсініктемелер туралы не ойлайсыз?»
«Сіз әрқашан бұдан әрі не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?»
«Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?»
50.Өзін өзі бағалау
Өзін өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе, өзін өзі бағалау дегеніміз біз оқып жатқан нәрсе. Балаларды өзін өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:
Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз
Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді?
Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?
Сіз не үшін разысыз?
Сіз Х туралы не білдіңіз?
Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі өзіне қалай талдау жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |