Оќыту білім берудіѕ негізгі жолы болып табылады



жүктеу 144,15 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі144,15 Kb.
#533

Оқыту – білім берудің негізгі жолы болып табылады. Оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.

Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.

Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді.

Мысалы, үйірмелер отырысы, сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда (оқулар, үйірмелер т.б.) мұғалімдер басшылық жасаса, кей жағдайларда (байқау, кеш т.б) оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қасиетін қалыптастырып, оларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және ақпаратттық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады.

Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой – өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңа технологияларды кеңінен қолданған дұрыс.

Еліміздің - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әр ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімдерін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген. Сол үшін де оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан-жақты болуы керек.

Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.

Сыныптан тыс жұмыс – бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен іс-шараларын» ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.

Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері.

Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастыру.



Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге

бағытталған:
1. Балада жағымды «Мен»-тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты

  • өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;

  • өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;

  • өзінің маңызды орын алатынын сезінуі.

Жағымды «Мен»-тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді.

Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті


сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады.

Сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі болуы баланы өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс-әрекетін бақылауын қалыптастырады. Сонымен қатар, әр түрлі жұмыстар баланың іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.

2. Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу. Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қытынаста болады.    Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.

3.  Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру. Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар, бұл жағдай әсіресе теріс долға түскен жасөспірімдердің көбеюімен көкейкесті болып тұр. 

4. Әлемтанудағы адамгершілік, эмоционалдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру. Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.

5. Танымдық қызығушылықтарын дамыту. Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үрдісіндегі және оқудан тыс іс-әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі – мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.

6. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру. Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алуда баланың бос уақытын педагогикалық ұйымдастыру қажет. Оқушылар тәртібі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға көмектесу қажет.



Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі – сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз, оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығын кезінде Сократ та атап көрсеткен.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады. Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады.

Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне:

  • үйірме,

  • факультативтік курстар,

  • экскурсия,

  • олимпиада,

  • әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар,

  • ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады.

Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор.

Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.

Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.

Информатика кеші – бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетудің өзіндік формасы.

Информатикадан викториналар – бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды үйірме жұмыс кезінде немесе сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады.

Іскерлік ойындар – оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын қолдана отырып нақты мәселені шешуші түрінде шынайы рөл ойнауға мүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі.

Информатикадан диспуттар – бұл сыныптар арасындағы өзара сұрақтар мен жауаптар ойыны.

Сынып сағаты. Информатика мұғалімдері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі. Клубтық қызметтер оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін, дағдыларын дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді.

Байқау – бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді. Көрмелерді информатикадан графикалық редакторлар мен дизайн арқылы орындалған оқушылар шығармашылығынан жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастыруға болады.

Үйірме – бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі.

Сөзжұмбақ құру мұғалім мен оқушының бірліктегі шығармашылығы мен идеялары өзіндік бақылау мен білімін жетілдірудегі танымдылықты арттырады және нәтижелі білім алуға жетелейді.

Олимпиадалар барынша қабілетті оқушыларды анықтау, олардағы алға қойған мақсаттарына жетудегі табандылықты шыңдау, өзіндік еңбектену дағдысын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Пәндік, апталықтар, декадалар, айлықтар. Бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.

Ауызша журнал – оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты, мәліметтерді, ауызша хабарламаларды безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыс формасы.

Информатикадан факультатив жұмыстары мектепте көбіне 8 сыныптан бастап жүргізіледі. Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен  қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.

Мектептегі баспа. Қабырға газеті атты сынаптан тыс жұмыс формасы барын бәріміз білеміз. Информатикадан қабырға газетін жасап шығару үшін үйірме болуы міндетті де емес. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын аудару, қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысын ұйымдастыру алдында жасалады. 

Соңғы кезде баспа шығармашылығының желілік түрі кең етек алуда. Жоғарыда аталған баспа шығармашылық формасы Интернетте ұсыныла алады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны мультимедиялар мен гипермедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді шығармашылық түрін де дамытуға мүмкіндік береді.



Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олипиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі. Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі.
Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі - оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми - зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмысының мазмұны мен өткізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс.

Егер информатикадан ұйымдастырылған ғылыми – зерттеу жұмыстарын өткізу әдістемесі оқу процесіне енгізілсе, қоғамдағы және табиғаттағы процестерді зерттеу элементтері мен ғылыми көзқарасы қалыптасып, информатика пәніне деген қызығушылығы артады, оқушының оқу мүмкіндігі мен қажеттілігі, оқуға мүдделілігі толық іске асырылуы негізінде тұлғалық даму мүмкіндігі пайда болады, өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды. Өзіндік шығармашылықты жүзеге асыру төмендегідей міндеттердің шешілуін талап етеді.

Біріншіден, информатика пәнінен өткізілетін ғылыми - зерттеу жұмысының мазмұны мен құрылымын анықтау алдыңғы кезекте қарастырылатын негізгі мәселе болып табылады.

Екіншіден, информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтан тыс жұмыстардың құрылымына дамытушы компоненттерді енгізу тәсілін анықтау қажет екені көрінеді.

Сабақтан тыс кездегі информатикадан шығармашылық қабілеттіліктің даму тәсілдері осы салада жинақталған педагогикалық тәжірибеге, нақты педагогикалық материалдарды ұйымдастыруға, оқыту тұжырымдамасына, дидактикалық принципке байланысты екені көрініп тұр. Осы саладағы жүргізілген зерттеулерден, біріншіден, оқушының шығармашылық қабілетінің тайыздығы немесе мүлдем жоқтығы, екіншіден, шығармашылық қабілеттіліктің даму қорытындысы мен оған педагогикалық тұрғыдан әсер етудің арасындағы қиыншылық байқалады. Информатика пәнінен оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмыстарына бейімдеу ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына сай жүргізілген жағдайда оқушылардың стандарт талаптарын қанағаттандыратын оқу жұмысына қол жеткізуге болады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми - зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмысының мазмұны мен өткізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс.

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалығын қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан информатика курсын оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда.

Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі.

Информатика және оның қолданулары бойынша жүргізілетін факультативтік курстар және программалау тілдерінен факультативтік курстар ұйымдастырудың орны ерекше және информатика пәнінен оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру қажет.
Оқушылардың информатикадан алған теориялық білімдері мен біліктерін тексеру мақсатында - сыныптан тыс жұмыстарды, сайыс сабақтарын көп дайындау керек.

Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Информатика сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді.

Әрбір мұғалім өз жұмыс тәсілдері мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында еңбек етуі керек. Ағартушы Д.Пойаның мынадай қанатты сөздері бар: «Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек».

Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.

Қорыта келгенде, сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде таңдап алғанда, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды жиі ұйымдастыру қажет. Сонда оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығы артады, өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды.

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ҰСТАЗ болайық!

«ХХІ ғасыр - компьютерлік сауаттылықты дамыту ғасыры»

атты информатика пәні апталығының

б а ғ д а р л а м а с ы


Мерзімі

Мазмұны


17.11.2014

Ашылуы. «ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам дәуірі» баяндама


18.11.2014

«Кім жүйрік» викториналық сұрақтар, сөзжұмбақ, ребус



19.11.2014

Пәнге байланысты қызықты әзілдер, өлең шумақтары, әзіл есептер

20.11.2014

Пікірталас «Агентомания» 8,9,10 сыныптар


21.11.2014

«Кім тапқыр» логикалық сұрақтар, жұмбақтар. Суреттер галлереясы

(информатикадан «Paint» редакторында суреттер галлереясы)



22.11.2014

«Ойлы болсаң, озып көр». 6, 7 «а», 7«б» сыныптар


24.11.2014

«Информатика әлемі» 5 «а», 5 «б» сыныптар


25.11.2014

Қабырға газеттері


26.11.2014

Суреттер галлереясы

(информатикадан «Paint» редакторында суреттер галлереясы)



27.11.2014

Қорытынды кеш



Пайдаланылған әдебиеттер:


  • «Информатика негіздері» журналы

  • Интернет материалдары

жүктеу 144,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау