ММ ж КФ деканы
_________ Т.Т. Тоқтағанов
“___”________ 2013 ж.
Құрастырған: профессор _________ Б.Г. Жанахутдинов
«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы
5B090100–«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне арналған
Сызба геометрия және инженерлік графика
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20_ж. «_» ______ кафедра отырысында ұсынылған №_ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _______ А.Х. Мустафин 20__ж. «__» ______
ММжКФ оқу-әдістемелік кеңесімен мақұпталған 20__ж. «__» ______ №__ хаттама
ОӘК төрағасы __________ Ж.Е. Ахметов 20__ж. «__» _________
1.Оқу пәнінің паспорты
Пәннің аты Сызба геометрия және инженерлік графика
Міндетті компанент пәні
Кредиттердің саны және оқу мерзімі
Барлығы – 4 кредит
2-ші курс
1-ші семестр
Барлық аудиториялық сабақтардың саны – 60 сағат
Дәрістер – 30 сағат
Практика сабақтары – 30 сағат
СӨЖ – 120 сағат
Оның ішінде СӨЖО -30 сағат
Барлық еңбек көлемі –180 сағат
Бақылау формасы
Емтихан - 1-семестр
2. Оқытушылар туралы мәлімет және байланысу ақпараттары:
Жанахутдинов Бари Газизович – техн.ғылым. кандидаты, доцент, «Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасының профессоры.
«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы С.М. Торайғыров атындағы ПМУ Б1 корпуста орналасқан, қабылдау уақыты кафедрада Б1-215.
Байланысу телефондары: 67-36-33 (1203)
3. Пәннің зерттеу тақырыбы, мақсаттары және міндеттері
Пәнің зерттеу тақырыбы: Кеңістік формаларын жазықтыққа кескіндеу әдістерін зерттеу, жетілдіру, әртүрлі метрикалық және позициалық есептерді графикалық жолмен шешу.
Пәнді оқыту міндеттері – Студенттердің кеңестік елестету қабілеттерін қалыптастыру, дамыту, оқу жоспары бойынша келесі келетін техникалық пәндерді жемісті игеру үшін керекті білім беру, кейінгі инженерлік қызметінде әр түрлі мақсатқа арналған, оның ішінде мамандығына қатысты, сызбаларды орындауына, оқуына қажетті білім, дағдыларды тудыру, өндірісте пайдаланатын құжаттамаларды мемлекеттік стандарттарына сәйкес құрастыруды үйрету.
Пәнді оқу мақсаттары:
Эпюрде және аксонометрияда нүктелердің, түзулердің, жазықтықтардың, беттердің проекцияларын салудың теориялық негіздерімен таныстыру;
геометриялық фигуралардың өз ара тиістілігін, өз ара қиылысуын анықтайтын есептерді шығару әдістерімен таныстыру;
қисық сызықтар мен беттердің жасау және сызбада кескіндеу әдістерімен таныстыру;
сызбаны түрлендіру әдістерімен таныстыру;
геометриялық беттердің жаймаларын салуды үйрету;
ҚҚБЖ негізгі стандарттарымен таныстыру;
әртүрлі міндет жүктелген сызбалармен (нобай, жалпы түрді сызбасы, құрастыру сызбасы, жұмыс сызбасы т.б. сызбалар) танысу, күрделігі орташа тетіктер мен құрама бірліктердің сызбаларын орындауға үйрету;
сызбада пайдаланатын ықшамдаулар және шарттылықпен таныстыру;
бұйымдарды құрайтын бөлімдерін біріктіру тәсілдерімен танысу;
әр түрлі сызу және өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалануды, яғни сызбаларды орындау техникасын игеруді үйрету.
4. Студенттердің білімдеріне.дағдыларына,икемдіктеріне және жете білушіліктеріне қойылатын талаптар:
Осы пәнді меңгеру нәтежиесінде студенттер:
-центрлік және санды белгілі проекцияларды;
-нүктенің кеңістік ширектеріндегі және октанттарындағы ортогональ проекциялары
-параллелизм жазықтығы бар, цикликалық және топогрфиялық беттер
-бұру тәсілдерінің әр түрлері
туралы түсініктері болу керек
эпюрды проекциялау әдісінің теориялық негізін ;
ҚҚБЖ стандарттармен тағайындалған сызбаларды орындау мен безендіру және мәтінді құжаттарды құрастыру ережелерін
әр түрлі геометриялық салуларды және проекциялық кескіндерді сызба аспаптарымен орындауды ;
қарапайым тетіктердің формаларын анықтауды және олардың сызбалары бойынша оларды кеңістікте көз алдарына елестетуді ;
мамандығына байланысты машиналар мен механизмдердің құрамындағы тетіктер мен құрама бірлестіктерінің сызбаларын оқуды және орындауды;
әр түрлі сызу және өлшеу аспаптарын пайдалануды
білулері керек
әр түрлі сызу және өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалануды, яғни сызбаларды орындау техникасын
игерулері керек.
Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:
- сызба геметрия
сызу;
ақпараттану және бағдарламалау негіздері.
Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет:
компьютерлік графика;
машина тетіктері;
және басқа жалпы техникалық пәндер.
4.Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Академикалық сағаттарды сабақ түрлеріне бөлу
№
т/б
|
Тақырыптың аталуы
|
Аудитор. сағаттардың саны
|
СӨЖ
|
Дәр.
|
Тәж.
|
Зерт
|
Бардығы
|
Оның ішінде СОЖО
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Кіріспе.
Проекциялардың жасалуы. Нүктені, түзуді және жазықтықты проекциялау
|
4
|
2
|
|
10
|
2
|
2
|
Сызбаларды түрлендіру тәсілдері
|
2
|
|
|
2
|
|
3
|
Көпжақтар. Қисық беттер. Беттерге байланысты метрикалық және позициондық есептер
|
4
|
3
|
|
8
|
2
|
4
|
Санды белгілі проекциялар. Тең бұрышты беттер. Перспектива
|
4
|
2
|
|
15
|
4
|
5
|
Аксонометрия
|
1
|
|
|
3
|
|
6
|
Конструкторлық құжаттардың біркелкі жиынтығының (КҚБЖ) стандарттары. Сызбаларды рәсімдеу стандарттары. Көріністер, тіліктер, қималар
|
|
6
|
|
12
|
4
|
7
|
Ажыралатын және ажыралмайтын қосылыстар
|
|
2
|
|
10
|
3
|
8
|
Бұйымдар мен конструкторлық құжаттардың түрлері
|
5
|
5
|
|
10
|
3
|
9
|
Құрама бірлестіктерінің сызбаларын оқу және тетікбөлшектеу. Сүлбелер
|
5
|
5
|
|
20
|
5
|
10
|
Құрылыс конструкцияларының сызбаларын оқу және орындау
|
3
|
4
|
|
20
|
5
|
11
|
Машиналық графика
|
2
|
1
|
|
10
|
2
|
Барлығы
|
30
|
30
|
|
120
|
30
|
6. Дәріс сабағының мазмұны
1 тақырып. Проекциялардың жасалуы. Нүктені, түзуді және жазықтықты проекциялау
«Сызба геометрия және инженерлік графика» пәні туралы мәліметтер. Пәннің даму тарихының кезендері. Болашақ мамандарға кәсіби білім беруіне сай пәннің маңызы мен орны.
Сызба геометрияның негізгі әдісі. Проекцияның жасалуы. Центрлік және параллель проекциялау әдістері. Негізгі қасиеттері. Екі және үш жазықтыққа түсірілген нүкте прекциялары. Нүктелердің кординаталары. Көрнекі кескін туралы түсінік. Түзу сызықтың проекциялары. Түзу кесінді мен проекция жазықтықтарының өзара орналасуы. Екі түзудің өзара орналасуы. Нүктелер проекцияларының көріну және көрінбеу шарттары.
Жазықтық. Эпюрде берілу тәсілдері, іздері мен параметрлері. Жазықтықтың проекция жазықтығына қарағанда орналасу варианттары. Жазықтықтың ерекше түзулері. Екі жазықтықтың өзара орналасуы. Жазықтық пен түзу сызықтың өзара орналасуы.
2 тақырып. Сызбаларды түрлендіру тәсілдері
Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілі. Айналдыру тәсілінің негізі.
3 тақырып. Көпжақтар. Қисық беттер. Беттерге байланысты метрикалық және позициондық есептер
Көпжақтар және олардың беттерінде орналасқан нүктелер мен түзулердің эпюрлерін салу. Көпжақтардың ерекше жағдай жазықтықтарымен қиылысуы. Көпжақтардың өзара қиылысуы.
Қисық сызықтар мен беттердің проекциялары. Қисық беттердің жасалуы. Түзу сызықты қисық беттер. Айналу беттері. Бұранда беттер, цикликалық және топографиялық беттер туралы түсінік.
Денелер беттерінің ерекше жағдай жазықтықтарымен қиылысуы. Беттедің түзу сызықпен қиылысуы. Екі беттің өзара қиылысуы.
4тақырып. Санды белгілі проекциялар. Тең бұрышты беттер. Перспектива
Түзу кесіндінің салынуы. Түзуді бөлшектеу. Көлбеулік пен интервал. Жазықтықтың көлбеулігінің масштабы. Жазықтықтың түсу бұрышы және жайылу бұрышы. Тең көлбеулі беттер. Топографиялық беттер. Топографиялық беттердің жазықтықпен және түзумен қиылысуы. Шұнқырлар мен үймелерді құру.
Сызық перспектива. Нүкте мен түзудің перспективасы. Түзу нүктелері және жазықтықтардың тоғысу сызықтары. Геометриялық фигураларды перспективада кескіндеу. Перспективаның салу тәсілдері.
5 тақырып.Аксонометриялық проекциялар.
Аксонометриялық проекцияларының түрлері және олар туралы жалпы түсінік. Аксонометрияның негізгі теоремасы.
6 тақырып. Конструкторлық құжаттардың біркелкі жиынтығының (КҚБЖ) стандарттары. Сызбаларды рәсімдеу стандарттары. Көріністер, тіліктер, қималар
7 тақырып. Ажыралатын және ажыралмайтын қосылыстар.
Бұрандалы қосылыстар. Шпонкалық және шлицалық қосылыстар. Штифтік және тойтармалы қосылыстар. Пісіріп, дәнекерлеп, тігіп біріктіріу.
Жалпы түрді сызбасының құрамы, өлшемдері.
8 тақырып. Бұйымдар мен конструкторлық құжаттардың түрлері. Тетікер, құрама бірлестіктер, кешендер мен жиынтықтар. Өзгешіліктері анықталған және анықталмаған бұйымдар. Тетіктің сызбасы, жалпы түрді сызба, құрастыру сызбасы,теориялық сызба, габариттік сызба, сүлбе, спецификация, түсініктеме хат.
Конструкторлық құжаттарды жасаудың стадиясы.
9 тақырып Құрама бірлестіктерінің сызбаларын оқу және тетікбөлшектеу. Сүлбелер.
Жалпы түрді сызбасының құрамы, өлшемдері.
Құрастыру сызбасының құрамы. Жалпы түрді сызба мен құрастыру сызбасының айырмашылығы.
Құрастыру бірлестіктерінің сызбаларын орындау ережелері. Құрастыру сызбасының спецификациясы. Сызбадағы позицияларды номерлеу.
10 тақырып Құрылыс конструкцияларының сызбаларын оқу және орындау.
Құрылыс сызбалары туралы жалпы түсінік және шарттылықтар. Ғимараттардың элементтерін шартты түрде кескіндеу. Ғимараттардың пландарын, тіліктерін, фасадтарын салу.
Металл, ағаш және темірбетон құрылыс конструкцияларының сызбаларын салу. Құрылыс сызбаларындағы шартты белгілеулер.
11 тақырып Машиналық графика
Машиналық графиканың әдістері мен құралдары. САПР жүйесі. Сызбаны тұрғызатын қолданбалы бағдарламаның пакеттері
6.Практикалық сабақтардың мазмұны
1 тақырып. Проекциялардың жасалуы. Нүктені, түзуді және жазықтықты проекциялаға есептер шығару.
2 тақырып.Сызбаларды графикалық рәсімдеу. КҚБЖ-ның сызбаларды рәсімдеу стандарттары. Сызбаларды рәсімдеудің жалпы ережелері.
МЕСТ 2.301-68 «Форматтар», МЕСТ 2.104-68 «Негізгі жазулар», МЕСТ 2.302-68 «Масштабтар», МЕСТ 2.303-68 «Сызба сызықтары», МЕСТ 2.304-81 «Сызба шрифтері», МЕСТ 2.307-68 «Өлшемдерді қоюдың негізгі ережелері».
Кескінділерді бөлу, бұрыштарды салу. Шеңберді бірнеше тең бөліктерге бөлу. Көлбеулік және конустылық. Түйіндеструлер, Лекалалды қисық сызықтар. №1 Графикалық жұмыс «Геометриялық элементтерді проекциялау» формат А3
3 тақырып Көпжақтар. Қисық беттер. Беттерге байланысты метрикалық және позициондық есептер
Көпжақтардың ерекше жағдай жазықтықтарымен қиылысу сызықтарын салуға есептер шығару.
Көпжақтардың түзу сызықпен қиылысу нүктелерін анықтауға есептер шығару.
Көпжақтардың өз ара қиылысу сызықтарын салуға есептер шығару.
4 тақырып Санды белгілі проекциялар. Тең бұрышты беттер. Перспектива
6 тақырып Конструкторлық құжаттардың біркелкі жиынтығының (КҚБЖ) стандарттары. Сызбаларды рәсімдеу стандарттары. Көріністер, тіліктер, қималар
Көріністер МЕСТ 2.305-68.
Негізгі көріністер, қосымша және жергілікті көріністер. Нәрсенің көрнекі кескіні бойынша оның үш көрінісін салу.
Тіліктер және қималар туралы жалпы түсінік. Материалдарды қимада графикалық белгілеу, МЕСТ 2.306-68. Тіліктер МЕСТ 2.305-68. Қарапайым тіліктер: түрлері, құрылулары, белгіленулері және сызбада орындалулары.
Көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін сызбада қосып біріктіру. Олардың өлшемдерін қоюдың ерешіліктері МЕСТ 2.307-68 п.216.
№2 Графикалық жұмыс «Қарапайым тіліктер»
Күрделі тіліктер. Түрлері, құрылулары, белгіленулері және сызбада орындалулары. Жұқа қабырғалардың бойымен тілінген тіліктер МЕСТ 2.305-68, п.65.
№3 Графикалық жумыс «Күрделі тіліктер».
7 тақырып Ажыралатын және ажыралмайтын қосылыстар.
Бұранданың түрлері және оларды сызбада кесікндеу және белгілеу. Бұрандалы біріктірулер. Тетіктерді болттың, винттің және шпильканың көмегімен біріктіру.
8 тақырып. Бұйымдар мен конструкторлық құжаттардың түрлері
Тетіктерді эскиздеу тәртібі.Өлшеу аспаптары мен құралдары.Құрастыру сызбаларын орындау.Құрастыру сызбасының өлшемдерін қою, құрама бөліктерінің позициялық номерлерін белгілеу, спецификациясын жасау.
№4 Графикалық жұмыс «Бұйымның құрастыру сызбасын орындау».
9 тақырып. Құрама бірлестіктерінің сызбаларын оқу және тетікбөлшектеу. Тетікбөлшектеудің реті. Жұмыс сызбасына негізгі талапттар.
№5 Графикалық жұмыс «Құрама бірлестіктерін тетікбөлшектеу».
10 тақырып. Құрылыс сызбаларын оқу және орындау.
Металл, ағаш және темірбетон құрылыс конструкцияларының сызбаларын салу. Құрылыс сызбаларындағы шартты белгілеулер. Үйдің қасбеті, нұсқа сызбасы және тіліктері.
11 тақырып Машиналық графика
Машиналық графиканың әдістері мен құралдары. САПР жүйесі. Сызбаны тұрғызатын қолданбалы бағдарламаның пакеттері
8. Студенттердің өз бетімен оқыйтын тапсырмалары
Өлшемдерді қою ережелері, МЕСТ 2.307-68.
Бекіту бұйымдары
Ажыратылмайтын қосылыстар
Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілі
Шпонкалық, шлицалық және штифтік қосылыстар
6. Сүлбелер
Әрбір тақырыптың төмендегі сұрақтарына жазбаша жауап беріңіз. Жауаптарды ұқыпты орындалған сызбалармен қоса түсіндіріңіз.
Сызбада шығару және өлшем сызықтары, өлшем сандары қалай қойылады? Мысалдар келтіріңіз. Диаметрді, радиусты, квадратты, доғаны сызбада қалай белгілейді? Мысалдар келтіріңіз. Фаскалардың өлшемдерін сызбада қалай қояды? Мысалдар келтіріңіз. Көлбеулікті, конустықты сызбада қалай салады және белгіледі. Мысалдар келтіріңіз. Бірнеше бірдей элементтердің орналасу өлшемдерін сызбада қалай қояды? Мысалдар келтіріңіз.
Болт, винт, гайка, шпилька, шайба, шплинттер сызбада қалай кескінделеді және белгіленеді? Мысалдар келтіріңіз.
Пісіру, дәнекерлеу және тойтармалы қосылыстарды сызбада қалай кескіндейді және белгілейді? Мысал келтіріңіз.
Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілін қолданып келесі есептерді шығарыңыз: 1) Үшбұрыштың проекциялары арқылы берілген жалпы жағдай жазықтығын горизонталь проекция жазықтығына түрлендіру керек:
2) Үшбұрыштың проекциялары арқылы берілген жалпы жағдай жазықтығының
нақты шамасын анықтау керек;
3) Кез келген А нүктесінен іздері арқылы берілген жалпы жағдай жазықтығына дейінгі аралықты анықтау керек.
5. Шпонкалық, шлицалық және штифтік қосылыстарды сызбаларда қалай кескіндеді және белгілейді.
6 Қандай графикалық құжат сүлбе деп аталады? Сүлбелер қандай түрлерге бөлінеді? Кинематикалық сүлбелерді орындаудың негізгі ережелері қандай? Кинематикалық сүлбелерде біліктерді және тісті дөңгелектерді қалай кескіндейді? Гидравликалық және пневматикалық сүлбелерді орындаудың негізгі ережелері қандай?
9. Курстық жобаның (жұмыстың) тақырыптары
Курстық жоба оқу жоспарымен қарастырылмаған
10. СӨЖО – ың кеңесінің кестесі (СӨЖО СӨЖ-дің 25% құрады)
№
|
Сабақтың түрі
|
дүйсенбі
|
сәрсенбі
|
сейсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс сұрақтарынан кеңес
|
|
|
|
|
12.35
13.25
|
|
2.
|
Тәжірбе сұрақтарынан кеңес
|
|
|
12.35
13.25
|
|
|
|
3.
|
СӨЖ жәнінен кеңес
|
|
|
|
|
|
12.35
13.25
|
4.
|
Графикалық жұмыстардан сұрақ
|
|
|
|
|
|
12.35
13.25
|
5.
|
Тестік тапсырмалардан сұрақ
|
12.35
13.25
|
|
|
|
|
|
Кеңес барлық сұрақтар бойынша ағымды семестрдің СӨЖО кестесімен жүргізіледі.
11. Оқушылардың білімдерін тексеру кестесі
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыстың түрі
|
Тапсырманың міндеті және мазмұны
|
Ұсылынатын әдебиет
|
Орындау мерзімі
|
Бақылау формасы
|
Тапсыру уақыты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
1-ші Графи калық жұмыс
|
Геометриялық элементтерді проекциялау
|
[2] [4]
|
3 жұма
|
Жұмысты тапсыру
|
4-ші жұма
|
2
|
2-ші Графикалық жұмыс
|
Нәрсенің екі көріністерін қолданып үшінші көрінісін салу. Қажетті жәй тіліктерді орындау
|
[2] [4]
|
2 жұма
|
Жұмысты тапсыру
|
6-ші жұма
|
3
|
Межелік бақылау
|
1 -6 тақырыптар
|
[1] [2] [3]
|
|
Тестік тексеру
|
8-ші жұма
|
4
|
3-ші Графикалық жұмыс
|
Нәрсенің екі көріністерін қолданып үшінші көрінісін салу. Қажетті күрделі тіліктерді орындау
|
[2] [4]
|
2 жұма
|
Жұмысты тапсыру
|
9-шы жұма
|
5
|
4-ші Графикалық жұмыс
|
Бұйымның құрастыру сызбасын орындау
|
[3] [4]
|
2 жұма
|
Жұмысты тапсыру
|
11-ші жұма
|
6
|
5-ші Графикалық жұмыс
|
Бұйымның жалпы түрді сызбасын оқу және тетікбөлшектеу
|
[3] [4]
|
2 жұма
|
Жұмысты тапсыру
|
14-ша жұма
|
7
|
Межелік бақылау
|
7-14 тақырыптар
|
[1] [2] [3]
|
|
Тестік тексеру
|
15-ші жұма
|
12. Оқушының білімін бағалаудың белгілері
Пәнді оқу емтихан тапсырумен аяқталады. Емтихан билеттер бойынша жүргізіледі.
Билет екі сұрақтардан тұрады. Бірінші сұрақ тестік тапсымаларға жауап беру.Барлығы 60 тестік тапсырма. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл қойылады. Екінші сұрақ құрастыру сызбасын оқу және тетікбөлшектеу.Ол құрастыру сызбасын оқуға арналған 5 сұрақтан және 1 тетіктің эскизін салудан тұрады. Емтиханға барлық графикалық жұмыстрын тапсырған студенттер ғана жіберіледі.
Әрбір графикалық жұмыс,тапсырма 0-100 баллға дейін бағаланады.
Жіберу рейтингі барлық орындалған тапсырмалардың, қатнасқан сабақтардың,межелік тексерулердің балдарының орташа арифметикалық қосылысы ретінде шығарылады.
Қортынды бақылауға оқыту бағдарламасының барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингінде 50-ден кем балл жинамаған студент жіберіледі.
Студенттердің әр пәннен оқу жетістіктерінің деңгейі қортынды бағамен (Қ) анықталады. Қортынды баға (Қ) жіберу рейтингімен (ЖР) және қортынды бақылау (ҚБ) бағаларының қосындыларымен, олардың әрқайсысының жүк салмағының үлесімін ескере отырып анықталады.
Қ = ЖР х 0,6 + ҚБ х 0,4
Жүк салмағының үлесімі әр жыл сайын университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі. Олар ЖР үшін 0,6-дан көп, ал ҚБ үшін 0,3-тен аз болмаулары керек.
Курстық жоба және курстық жұмыс комиссяның алдында қорғалады. Баға студентің көрсеткен біліміне байланысты жетекшінің пікірін ескере отырып қойылады.
Қортынды баға (Қ) тек ЖР-нен және ҚБ-дан жағымды бағалар алғанда ғана саналады.Қортынды бақылауға себебсіз қатнаспаған студенттерге қанағаттандырарлықсыз баға қойылады. Емтиханның және межелік бақылаудың нәтежиесі студенттерге сол күні жеткізіледі. Егер жазба емтихан күннің екінші жартысында өткізілсе, онда оның нәтежиесі студенттерге екінші күні жарияланады.
Межелік бақылаудағы және қортынды емтихандағы бағаларды дәлдеп анықтау үшін оқушының білімін пайыз арқылы 0-ден – 100%-ке дейін анықтайды.
Межелік бақылаудың бағасы ағымды және межелік тексерулердің бағаларын қоса санау арқылы анықталады.
Студенттердің білімдері, дағдылары, икемдіктері және жете білулері, яғни оқу жетістіктері көпбаллды әріп жүйесімен, оған теңбе-тең сандық эквивалентімен және дәстүрлі баға шкаласымен бағаланады:
Әріп жүйесімен анықталатын баға
|
Баллдың сандық эквиваленті
|
Пайыздық мөлшері
|
Дәстүрлі жүйемен анықталатын баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттырарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттандырарлықсыз
|
13. Оқытушының талаптары, саясаты және процедуралар
Студенттердің міндеттері: сабақтарды себебсіз босатпау,пән бойынша барлық тапсырмаларды уақытында орындау және тапсыру,кітапханада оқулықтармен жұмыс істеп барлық дәрістерде өткен материалды толық игеру. Оқытушы мен студент бір – біріне сыйласымды, сыпайы және мейірімді болулары керек. Сабақтарда белсенді болыңыз,оқытушыға сұрақтар қойып түсінбеген материалдарды түсінуге тырысыңыз. Сабаққа қатнасу жеткілікті емес, оқу бағдарламасымен қарастырылған барлық материалдарды толық менгеру керек. Дәріс жазуға 48 беттік бір дәптер жетеді,.дәптердің бір бетіне дәріс жазып екінші бетін бос қалдырып отыру керек, соңыра дәрісті қайталағанда ол бетке қараластырып отырған материалдарды толықтыруға болады. Ол бетте қалған бос орындар соңыра емтиханға дайындалғанда да керек болуы мүмкін Дәріске және дербес жұмыс істеуге келген уақытта сызу құралдарын ала келу керек (циркуль,сызғыш, үшбұрыштықтар, өшіргіш, қаттылығы әр түрлі сызба салуға арнайы жасалған қарындаштар), тағы да торлы бір дәптер тәжірбе сабағына керек болады.Менің сіздерден сұрайтыным сабаққа кешікпеңіз, сабақты жүргізуге маған бөгет жасамаңыз, менен кейін аудиторияға ешкімге кіруге болмайды. Семестр бойы студент үй тапсырмаларын және есептеу графикалық жұмысын (ЕГЖ) орындайды. Бұл жұмыстарды орындау уақыттары және оларды орындаған үшін қойылатын баллдардың саны бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде келтірілген.Бірінші және екінші межелік бақылау 100 баллдық системаменен бағаланады. Олар сабақтарда оқылған тақырыптар мен өздігінен менгеруге берілген материалдар енгізілген билеттер және тестер бойынша жүргізіледі. Уақытында орындалып тапсырылмаған ЕГЖ үшін оның максималды баллының 50-70% алынып тасталады. Емтихан және межелік бақылау уақыттарында сұрақтардың жауабын әдебиеттерден, шпаргалкадан,басқа студенттен көшіріп алуға тиым салынады. Жауаптарды басқа біреуден көшіріп алған студентке О балл қойылады. Егер объективті себебптермен студент бақылау шараларына уақытында қатнаса алмаса онда оған деканның рұқсаты бойынша қосымша уақыт тағайындалады. Межелік бақылаудан өтпеген және емтихан тапсырмаған студентке О балл койылады
Сызба геометрия және инженерлік графика пәнін игеруде негізгі салмақ студенке түседі. Оқытушының ролі тек студенттерді пәннің негіздерімен таныстыру, студенттерді пәнді игеруге ұйымдастыру, мәжбір ету, қадағалау, тексеру болады. Сондықтан,құрметті студенттер,семестірдің басынан бастап, уақытты босқа өткізбей, сабақтарды босатпай , графикалық жұмыстарды уақытында орындап, тәжірбе сабақтарында белсенділік көрсетіп, тырысып оқуларыңызды сұраймын.
14. Әдебиеттер тізімі
Негізгі
С.К.Малденов Сызба геометрия.- Алматы: Эверо, 2009
К.Ж,Тлеубердин, С,Ә.Карденов Инженерлік графика. – Семей, 2011
Қосымша
Лагерь А.И. Инженерная графика.-М.,Высшая школа,2009
Миронова Р.С.,Миронов Б.Г. Сборник заданий по черчению. – М., Высшая школа,2009.
Шахаев Т.Қ. Инженерлік графика пәнінен графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау–Павлодар, С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2003ж-25б.
6. Меңлібаева Ұ.С., А.Ж. Мұратбек, Қ.Қ. Жолдасова «Проекциялық сызба» бөлімі бойынша семестрлік жұмыстарды орындауға арналған оқу құралы–Алматы, 2003ж-91б.
7. Темербаева А. Сызба геометрия пәнінен тәжірибе сабақтарын есептерін шығаруға арналған жұмыс дәптері –Павлодар, С. Торайғыров атындағы ПМУ ,2005ж-27б.
Достарыңызбен бөлісу: |