Экономикалық даму
Жалпы өңірлік өнім
Ұзақ уақыт бойы Астана қаласы елдегі өңірлер арасында жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ)
көлемі бойынша алдыңғы орында келеді.
2013 жылы Астана қаласы бойынша ЖӨӨ 2 трлн. 700 млрд теңгені құрады. Республикалық көлемде
елорданың ЖӨӨ үлесі 9,5 % құрады.
Салалық құрылымда ЖӨӨ өнеркәсіптегі мөлшері 8,1 %, құрылыс – 8,9 %, көлік пен сақтау –
9,1 %, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 12,0%, көтерме және бөлшек сауда - 67%, автокөліктер
мен мотоциклдерді жөндеу – 25,6 %, өзге де көрсетілетін қызметтер – 25,6 % құрады.
Елорда тұрғындарының жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 4 075,5 мың теңгені құрады
да республика өңірлерінің арасында Атырау облысы (6 473,4 мың теңге) мен Алматы қаласынан (4
339,2 мың теңге) кейін үшінші орында тұр.
1-кесте. Экономикалық қызмет түрлері бойынша 2013 жылғы Астана қаласының ЖӨӨ
Қызмет бағыттары
млн. теңге
Жиынға
қарағанда ЖӨӨ
%
Барлығы
3 245 384
100
Өнеркәсіп
262 876
8,1
Өңдеуші өнеркәсіп
217 441
6,7
Электрмен жабдықтау, су, бу
беру және ауа баптау
38 945
1,2
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды
жинауды және бөлуді бақылау
6 491
0,2
Құрылыс
279 103
8,6
Бөлшек және көтерме сауда; автомобильдер мен
мотоциклдерді жөндеу
830 818
25,6
Көлік және қоймаға жинау
295 330
9,1
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар
389 446
12
Өзге де көрсетілетін қызметтер
924 934
28,5
ӘКК шағын және орта бизнес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сауда саласындағы және
инвестициялық саладағы қызметті жүзеге асырады, осыған байланысты сыртқы ортаны талдау дәл осы
салаларда жүргізілген.
Агроөнеркәсіптік кешен
2010 – 2014 жылдар кезеңінде Астана қаласы бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары 10 есе
ұлғайып, 2013 жылдың соңында 76 бірлікті құрады, оның 71 бірлігі ауыл шаруашылығы кәсіпорны, 5
бірлігі шаруа (фермер) қожалығы. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 2013 жылдың
аяғында 2,1 мың гектарға жетті.
2013 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1 621,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде
өсімдік шаруашылығының өнімі – 1 111,1 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімі – 275,7 млн. теңге,
көрсетілетін қызметтер – 235,1 млн. теңге. Өңір ретіндегі ерекшелігіне қарай Астана қаласында
негізгі өнімдердің қомақты бөлігін шығаратын меншікті өндірістер жоқ. Қаланың өзінде өндірілетін
өнімдер үшін шикізат ел өңірлерінен және басқа елдерден сырттан әкелінеді. Қазақстанның орталық,
шығыс және оңтүстік облыстары қаланың тұтынушылық нарығына азық-түлік өнімдерін жеткізуші
негізгі өңірлер болып табылады. Ақмола облысы азық-түлік өнімдерінің ірі жеткізушілерінің бірі
ретінде қала береді, оның 17 ауданы елорданы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етеді.
Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының деректері бойынша елорда өзі тұтынатын
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 13 %-ын ғана қамтамасыз етеді. Азық-түлік
белдеуінің аймағынан жеткізу тағы да 35 %-ды қамтамасыз етеді.
Мыналар Астана қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуінің дамуына келеңсіз әсерін
тигізген ілеспе факторлар болып табылады:
1) заманауи техникалық стандарттарға сай келетін сақтау қоймаларының жетіспеуі;
2) жабық жерлерде көкөніс пен жеміс өсірудің болмауы;
3) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы өндірістердің болмауы;
4) жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі меншікті өндірістердің болмауы;
5) қаланың қайта өңдеуші кәсіпорындарының моральдық және физикалық тозған жабдықтары
үлесінің жоғары болуы;
6) өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамды шикізаттардың жетіспеушілігі;
7) логистика мен өткізу нарығымен байланысты инфрақұрылымдық объектілердің жетіспеушілігі;
8) алғаш өңделген және бөліп салынған, қуатты жеміс-көкөніс өнімдерін сақтайтын жерлердің
болмауы;
9) кеңес уақытында салынған ескірген технологияларлың салдарынан сақтау қоймалары
тиімділігінің төмен болуы;
10) қазіргі көкөніс сақтау қоймаларындағы жүктеменің көп болуы. Астанадағы көкөніс сақтау
қоймаларына деген қажеттілік 58 163 тоннаны құрайды. Жақын маңдағы аудандардың жұмыс істеп
тұрған кәсіпорындары 12 600 тоннаға есептелген. Осылайша, көкөніс сақтау қоймасы сыйымдылығының
қазіргі тапшылығы 45 563 тоннаға жуық.
ӘКК жоғарыда аталған проблемаларды шешуге белсенді қатысады.
Осы саланы дамыту бойынша ӘКК Астана қаласында азық-түліктің тұрақтандыру қорын
қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысады, ол бағаның маусымаралық құбылуынан
және картоп, басты пияз, күріш, өсімдік майы мен қант жеткізудегі іркілістерден сақтануға
мүмкіндік бермек.
Қалада ӘКК басқаратын тек бір ғана сервистік-дайындау орталығы бар. Оның міндеті
жеміс-көкөніс өнімдерін өсіруді, қайта өңдеуді, сақтауды, жеткізуді, сатуды ұйымдастыру болып
табылады.
Қаланы ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету шеңберінде ӘКК өнім
өндіруден бастап оны сатуға дейінгі буындардың бәрін қамтитын ауыл шаруашылығы кластерін
қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу болады, ол жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің «сатып алу
– сақтау – өңдеу (жуу, кептіру, бөліп салу, кесу және т.б.) – өткізу» толық циклін қамтамасыз
етеді. ӘКК кешенді тәсілі қосылған құн қалыптастырудың «алқаптан сөреге дейінгі» тізбектерінің
бәрін қамтып, барлық сатылардағы делдалдық қызметтерді қамтамасыз етеді. Осылайша, ӘКК
мамандандырылған сақтау үй-жайларының тапшылығын азайтуға, маусым арасындағы кезеңде көкөністің
қажетті көлемін сақтауға ықпал етеді, сондай-ақ нарықты тиісінше молықтыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, ӘКК ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көптеген экономикалық,
әлеуметтік және басқа да проблемаларды еңсеруге көмектесе отырып, оларды ынталандыратын болады,
оларға сервистік қызметтер көрсетеді, сондай-ақ қаланың шағын агробизнесінің орасан зор ішкі
әлеуетін тиімді пайдалануға ықпал ете отырып, нарықта дәруменді өнімдер бағасының қымбаттауын
тежеу мақсатында сатып алу қызметін жалғастыратын болады.
Көкөніс сақтау қоймалары бойынша. Қазір қалаға 60 мың тонна сақтау көлемі қажет. Биылғы
жылы жалпы қуаты 5000 тонна болатын көкөніс сақтау қоймасы мен қуаты 500 тонналық жеміс сақтау
қоймасын пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы қуаты 8000 тонна көкөніс сақтау қоймасы іске
қосылды. 2016 жылға қарай 5500 тонналық тағы да 2 көкөніс сақтау қоймасы тапсырылғаннан кейін
қала мұқтаждығының 42 %-ы қамтамасыз етіледі.
Астана қаласының аумағында жалпы сақтау көлемі 12 мың тонна болатын 3 көкөніс сақтау
қоймасы жұмыс істейді:
Объектінің атауы
Сақтау қуаты, мың тонна
«Картоп және көкөніс» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
6,5