Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Жалпы ережелер



жүктеу 150,75 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі150,75 Kb.
#13161


Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал осы Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

2) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

3) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

4) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

5) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

6) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

7) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

8) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

9) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;

10) ұзаққа созылған жұмыссыздық – ұзақтығы он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;

11) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

12 халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және осы Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

3. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.

4. Авариялар, табиғи апаттар, дүлей зiлзалалар және басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

5. Қағидалармен қылмыстық және әкімшілік заңнамалармен көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастар реттелмейді.

2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі


6. Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдарда ұйымдастырады және бюджет қаражаты есебінен және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.



7. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы кемінде 6 айды құрайды.

8. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:

1) жұмыс орындарының саны іс-жүзінде шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары қолданылмайды;

2) жұмыстарды толық емес жұмыс күні шарттарында немесе икемді график бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі;

3) өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;

4) арнайы білімі жоқ адамдарды уақытша жұмысқа орналастыру мүмкіндігі пайда болады.

9. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құрғысы келетін жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді.

10. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) қоғамдық жұмыстарды құру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге концультация береді;

2) белгіленген қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жұзеге асырады ;

3) 5 жұмыс күні ішінде өтінімдерді бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.

11. Тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы:

1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

2) Қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін, тартылатын жұмыссыздардың, жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың санын айқындайды;

3) Өз шешімдерімен қ.ж. түрлерін және нақты шарттарын, қаржыландыру көздерін, бюджеттен төленетін еңбекақы мөлшерін (тиісті қаржы жылына белгіленген кемінде ең аз жалақы) көрсете отырып, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді.

Жұмыс берушілердің тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.

12. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгілік келісімшарт жасасады.

13. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмыссыздардың;

2) жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;

3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;

2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.

14. Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға қатысқы келетін адамдарға олардың келісімімен халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жұмыс берушілерге бару үшін жолдама береді.

Қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы күнтізбелік жылда бір рет іске асырылады.



15. Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді

16. Тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына әлеуметтік еңбек демалысын беру немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы жұмыс берушінің актісін ұсынады.

17. Студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары д. кезеңін көрсете отырып, жазғы демалыста болуы туралы оқу орнының анықтамасын ұсынады.

18. Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдармен әлеуметтік келісімшарт жасалады.



19. Адамның қоғамдық жұмысқа қатысқаны туралы мәлімет жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетіледі.

20. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар, олардың есебінен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.

21. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарды есепке алуды жүзеге асырады;

2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6835 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес нысан және мерзімдер бойынша қоғамдық жұмыстар жөнiнде есептiлікті жүргiзедi
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі

22. Қоғамдық жұмыстар бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.

23. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Орындалатын жұмыстың күрделілігіне қарай жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өзінің жеке қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.

24. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын, Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде жүргізеді және қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың екінші деңгейдегі банктерде немесе банк қызметінің жеке түрлерін жүргізуге құқығы бар өзге қаржылық институттарда ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.

25. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салынады.

26. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушi жүргiзедi.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

1-қосымша

Нысан


Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған

үлгiлiк шарт
_________________________________           _____________

      (қала, облыс, аудан)                           (күнi)


Осы шарт бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп аталатын ____________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығы

(қала, облыс, аудан)

атынан директоры____________________________________________________                             (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

және бұдан әрi «Орындаушы» деп аталатын ________________________________________________________ атынан                 (жұмыс берушiнiң атауы)

_______________________________________________________ арасында

(лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына және ауданның (қаланың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, және астананың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті ортанының 201__ жылғы _________ № ___ шешіміне сәйкес жасалған.

1. Шарттың мәнi
1.1. Жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшiн қоғамдық жұмыстарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы «__» _________ № ___ бұйрығымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) сәйкес ұйымдастыру және жүргiзу.

1.2. Шарттың сомасы: _______________________ теңгені   құрайды.                  (жазбаша)



2. Тараптардың мiндеттерi
2.1. «Тапсырыс берушi»:

жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген _________________ адамды

(жазбаша)

олардың келiсiмi бойынша қоғамдық жұмыстарға жiберуге;

Орындаушы ұсынған мәліметтер негізінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға міндеттенеді.

2.2. «Орындаушы»:

1) адамдарға еңбек шартында белгіленген түрде, мерзiмде және шарттары бойынша жұмыс беруге __________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

                                (тiзiп жазу)

2) адамдармен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;

3) қажет болған жағдайда, қабылданған адамдарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;

4) әрбір адамға жеке қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;



5) қажет болған жағдайда, адамдарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;

6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;

7) азаматтардың еңбек міндеттерін атқаруы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

8) Тапсырыс берушіге қоғамдық жұмыстарға қабылданған адамдар туралы ұсынылатын ақпараттың нақтылығы үшін жауапты болуға;

9) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
3.1. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты негiзiнде жүргiзіледi және ол орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігiне байланысты болады.

3.2. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн адамдарға есептелген еңбекақыға Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салынады.


4. Тараптардың жауапкершiлiгi
4.1. Тараптар қоғамдық жұмыстарға ақы төлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

4.2. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.



5. Шарттың қолданылу мерзiмi
5.1. Шарттың қолданылу мерзiмi________________________________

5.2. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

6. Шарт әрқайсысының заңдық күші бар екi данада екi тарап үшiн жасалған.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:

Тапсырыс берушi______________________________________________

__________________________________________________________________         (толық атауы, мекенжайы, коды, банк атауы, БСН)

Орындаушы_____________________________________________________________________________________________________________________          (толық атауы, мекенжайы, коды, банк атауы, БСН (ЖСН)




Тапсырыс берушi

__________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы

___________________ __________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

(қолы)


Орындаушы

__________________ __________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

(қолы)



М.О.

М.О.

Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған

үлгiлiк шартқа

2-қосымша

Нысан


___________________________________________

(жұмыс берушінің атауы)

қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдар туралы

201__ жылғы ____________

МӘЛІМЕТТЕР


Р/с


Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

(толық)


Жеке куәлігінің №, берілген күні

Туған күні

ЖСН

1

2

3

4

5

1













2
















Барлығы:










      кестенің жалғасы

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндер

Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге

Қызмет көрсетуші банк

20 мәнді карточкалық немесе ағымдағы шотының №

6

7

8

9

10














































Басшы ______________________

Бас бухгалтер ______________



М.О.
жүктеу 150,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау