«Қоғамдық денсаулық сақтау» пән бойынша білімдерін, біліктерін және дағдыларын бағалауға арналған бақылау- өлшегіш құралдары



жүктеу 1,9 Mb.
бет6/65
Дата18.05.2022
өлшемі1,9 Mb.
#38646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
« о амды денсаулы са тау» п н бойынша білімдерін, біліктерін ж

Эпидемиологиялық әдіс. Эпидемиологиялық зерттеу әдістері арасында эпидемиологиялық талдау маңызды орын алады. Эпидемиологиялық талдау осы аумақта осы құбылыстың таралуына ықпал ететін себептерді анықтау және оны оңтайландыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу мақсатында эпидемиялық процестің ерекшеліктерін зерттеу әдістерінің жиынтығы болып табылады. Қоғамдық денсаулық әдістемесі тұрғысынан алғанда, эпидемиология қолданбалы медициналық статистиканы білдіреді, бұл жағдайда негізгі, айтарлықтай дәрежеде ерекше әдіс ретінде әрекет етеді.

  1. ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде жүйенің көлденең және тік деңгейлері арасында жаңа қарым-қатынас қалыптастырылып, ол, ең алдымен, шетелдік клиникалардан, әсіресе, кардиохирургия және трансплантологияға жоғары технологиялар трансфертінің күрт артуынан көрінді.

Елімізде қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізудің басты зертханасына айналған, JCI халықаралық сапа сертификаттауынан сәтті өткен және бүгінгі күннің ӛзінде Қазақстанның медициналық туризм орталығы ретінде танылып отырған қуатты Ұлттық медициналық холдинг құрылды.

Жоғарыда сипатталған іске асырылған шаралар денсаулықтың нысаналы кӛрсеткіштерін жақсартуға және даму саласындағы мыңжылдық даму мақсаттарының жекелеген кӛрсеткіштеріне қол жеткізілді, атап айтқанда, бұл сәби мен бала ӛлім-жітімін тӛмендетуге, ана ӛлім-жітімі мен туберкулезден болатын ӛлім-жітімді азайтуға беталысқа қатысты. 2014 жылғы желтоқсанда Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің (бұдан әрі – ХҚДБ) сарапшылары «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыру нәтижелері туралы есепті жариялады және, олардың пікірінше, оның 6 негізгі бағытын іске асыру нәтижелері мынадай:

1) профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, әлеуметтік маңызды негізгі аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру – ӛте сәтті;

2) қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық ӛзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру – айтарлықтай сәтті;

3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру – айтарлықтай сәтті;

4) Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық кӛмекті ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру – сәтті;

5) медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру; медицинадағы инновациялық технологияларды дамыту және енгізу – сәтті;

6) дәрі-дәрмектердің халық үшін қолжетімді болуы мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту – сәтті.


  1. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар. Бағдарламаның негізгі бағыттары

Міндеттері: Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту,аурулардың профилактикасынжәне басқаруды жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудыңтиімділігін арттыру,ресурстардыпайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру

Бағдарламаның негізгі бағыттары,қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

• 1.халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту

• 2.МСАК-ты жаңғырту және басым дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін халықтың мұқтаждықтары айналасына интеграциялау

• 3.медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету

• 4.Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру

• 5.ынтымақтастықты енгізу және жүйенің қаржылық тұрақтылығын

арттыру негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру

• 6.денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың

тиімділігін арттыру

• 7.мемлекетік-жекешелік әріптестік және қазіргі заманғы ақпараттықкоммуникациялық одан әрі дамытуды қамтамасыз ету


  1. Статистика ғылым ретінде; медициналық статистиканың маңызы.

Статистика-қоғамдық ғылым,сондықтан да ол қоғамдық құбылыстардың сандық және сапалық өзгерістерінің өзара байланысын зерттейді.Статистиканың негізгі мақсатықоғамдық өзгерістердің заңдылығын анықтау.Статистиканың салалары өте көп.Мысалы:өнерскәсіп,ауылшаруашылық статистикасыжәне өндіріске бюайланысты бөлімдер.

Медициналық статистика дегеніміз – қоғамдық тәжірибе саласы және жекеше оқылатын маңызды пән. Ол жалпы статистиканың бір тармағы. Ол денсаулықты және денсаулықты сақтау жұмысын сандық және сапалық жағынан зерттейді. Сонымен қатар, статистиканың әдістері мен әдістемелері арнайы медициналық мәселелерді де шешуге қолданылады. Кез-келген саладағы дәрігерлер мен денсаулықты сақтауды ұйымдастырушылар үшін медициналық статистика денсаулыққа, санитарлық және өндірістік тіршіліктік жағдайға сандық және сапалық баға беруге қолданылатын негізгі құрал болып табылады.


жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау