|
«Қоғамдық денсаулық сақтау» пән бойынша білімдерін, біліктерін және дағдыларын бағалауға арналған бақылау- өлшегіш құралдарыОнкологиялық диспансерге қандай негізгі міндеттер жүктеледі?
|
бет | 44/65 | Дата | 18.05.2022 | өлшемі | 1,9 Mb. | | #38646 |
| « о амды денсаулы са тау» п н бойынша білімдерін, біліктерін жОнкологиялық диспансерге қандай негізгі міндеттер жүктеледі?
Онкологиялық диспансер дербес заңды тұлға болып табылады.
Онкологиялық диспансердің негізгі міндеттері:
1) Облыстардың, қалалардың деңгейінде онкологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру;
2) қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын нысанда мамандандырылған, жоғары мамандандырылған көмек көрсету;
3) қатерлі ісіктермен ауыратын науқастар туралы жарты жылдық және жылдық есепті әзірлеу және белгіленген мерзімдерде жоғары тұрған органға ұсыну арқылы диспансердің қызмет көрсететін аумағында онкологиялық науқастарды автоматтандырылған (деректердің электрондық базасы – канцер тіркелім) есепке алуды жүзеге асыру;
4) өңірде қатерлі ісіктерден сырқаттанушылық пен өлім-жітімді талдауды жүргізу;
5) асқыну, мүгедектікке шығу себептеріне тексеру мен талдау жүргізу;
6) онкологиялық науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптаманы жүзеге асыру;
7) онкологиялық науқастарға стационарлық және амбулаториялық жағдайларда радиоизотоптық диагностиканың, радиоизотоптық және сәулелік терапияның қазіргі заманғы әдістерін жүргізу;
8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қатерлі ісіктердің верификациялық диагнозы бар науқастарға айғақтар мен қарсы айғақтарды ескере отырып, емдеу мен диагностикалаудың клиникалық нұсқаулығы мен кезеңдік хаттамаларына сәйкес индукциялық, неоадъюванттық, адъюванттық, жоғары дозалы, химиотерапияның паллиативтік курстары мен басқа да ерекше емдеу әдістерін жүргізу;
9) қатерсіз, қатерлі ісіктерді, ауандық үдерістер мен басқа да ауруларды анықтау бойынша клиникалық-диагностикалық, цитологиялық, гистологиялық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізу;
10) қызмет көрсетілетін аумақтағы халықтың арасында профилактикалық тексерудің скринингтік бағдарламаларын ұйымдастыру мен жүргізу бойынша ұлттық нұсқаулықтар мен тұжырымдамаларды пайдалана отырып, скринингтік бағдарламаларды енгізу, мониторингі;
11) онкологиялық науқастарды жүйелік диспансерлік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу;
12) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың онкологиялық кабинеттерінде медициналық көмек көрсету мен медициналық бақылау жүргізудің сапасын бақылау;
13) онкологиялық науқастарды уақтылы емдеуге жатқызуды және емді бастауды қамтамасыз ету;
14) ісікалды және ісік ауруларын ерте анықтау бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары дәрігерлерінің халықты кезеңдік профилактикалық тексеріп-қарау жүргізу кезінде әдістемелік нұсқаулықты жүзеге асыру;
15) амбулаториялық жағдайда қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарды тегін емдеуге қаражатты ұтымды жұмсау мониторингі мен талдау;
16) онкологиялық науқастарды диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын уақтылы игеру және практикаға енгізу;
17) ҚазОРҒЗИ-мен онкологиялық диспансердің қазіргі заманғы құралдарға, жабдықтарға, дәрілік препараттарға жыл сайынғы қажеттілігін талдау жүргізу, оларға өтінімдер әзірлеу, ісікке қарсы препараттар сатып алуға өтінімдерді келісу;
18) қатерлі ісіктер мен ісікалды ауруларының профилактикасы, ерте анықтау, науқастарды емдеу мен диспансерлік бақылау мәселелері бойынша емдеу-профилактикалық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
19) онкологиялық аурулардың профилактикасы, диагностикалау, емдеу және оңалту мәселелерінде дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысу;
20) ҚазОРҒЗИ–мен келісу бойынша денсаулық сақтау басқармасында оларды кейін бекіте отырып, онкологиялық қызметті (облыстардың, қалалардың) одан әрі жетілдіру және онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша жыл сайынғы және болашақ жоспарларын әзірлеу;
21) мамандандырылмаған стационарларда онкологиялық науқастарға емдеу көмегін көрсетудің тиімділігі мен сапасына талдау жүргізу және диспансердің қызмет көрсету аумағында оны жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу және консультациялық көмек көрсету;
22) медициналық ұйымдар берген қайтыс болу туралы дәрігерлік куәлікте көрсетілген қатерлі ісік диагнозының негізділігіне бақылауды жүзеге асыру;
23) қатерлі ісіктің асқынған нысаны науқаста анықталған жағдайда жасалған хаттамалардың сапасын бақылау және оны тексеру;
24) науқастардың бойында қатерлі жаңа өскіндердің асқынған жағдайлары байқалғанда жасалған хаттамалардың сапасына бақылау жасау.
25) қатерлі ісіктерді ерте анықтауға халықты профилактикалық тексеріп-қарауды ұйымдастыру, жүргізу және сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
26) саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен бірлесіп халықтың арасында кең санитариялық-ағартушылық, обырға қарсы насихатты ұйымдастыру және жүргізу;
27) өз қызметі туралы есеп жүргізу мен есеп беруді Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылдың 23 қарашасындағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжатнамалардың түрлерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес іске асырылады (2010 жылдың 21 желтоқсанындағы № 6697 нормативтік-құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|