гастроль-ға, гастролы, король, король-ға, корол-ы. Жоғары аталғанындай жазу
тәжірибесінде гастроль, пароль, король, бандероль типтес бірнеше сөздерге жіңішке
қосымша жалғанып жазылуы жиі ұшырасады: гастроль-ге, гастрол-і, король-ге, корол-і.
Шын мәнінде ноль, роль, руль және король, гастроль, пароль сөздерінің арасында қазақ тілі
қосымшаларын қабылдауда ешбір айырмашылық болмайға тиіс; бірнеше буынды
сөздердің бастапқы буындары қосымшалардың үндесуіне ықпал жасай алмайды.
Сондықтан соңғы –ль әрпінің жіңішке айтылуына орай бұл сөздерге жіңішке буынды
қосымша жалғанады; яғни гастроль-ге, гастрол-і, пароль-ге, парол-і, король-ге, корол-і.
Осы айтылғандарға байланысты фестиваль, мораль, магистраль, медаль, педаль,
госпиталь тәрізді сөз соңындағы –аль дыбыстар тізбегі бар сөздерге қосымша
жалғанудағы ерекшеліктер де назар аудартады. Нақты қағидаларға сүйенетін болсақ, бұл
сөздерге соңғы буындағы а дыбысына үндесетін жуан буынды морфемалар жалғануы тиіс.
Тіл қолданысында бұл ретте бірнеше варианттар кездеседі. Бұнда екі түрлі заңдылық
байқалады: фестивальға, моральға, госпитальға, магистральға, моральға болып барыс
септігі формаларының үндесе, үйлесе жалғануы соңғы буындағы а дыбысының тікелей
әсерінен болса, тәуелдік жалғауларымен түрленгенінде фестивалы емес фестивалі болып,
медалы емес, медалі болып, магистралы емес, магистралі болып өзгеріп кетуі (жіңішке
қосымшаның жалғануы) соңғы –ль дыбысының жіңішке айтылуымен байланысты.
Бұндай бірқатар ерекшеліктер қабылдаушы қазақ тілінің өз табиғатында да бар; куә, куәға,
куәдан, бірақ: куәлік; Күләш-тің, бірақ: Күләш-қа тәрізді құбылыстар қазіргі қазақ әдеби
тілі үшін орфографиялық норма болып саналады. Сондықтан да қазақ тілінің айтылу
нормаларына сәйкес қалыптасқан жазу үлгілерін норма ретінде тұрақтандыруға болады:
яғни фестиваль, фестиваль-ға, бірақ: фестивал-і, фестивалінде; мораль, мораль-ға,
мораль-дық, бірақ:
морал-і; медаль, медаль-ға, бірақ:
медалі.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінің» өзгертулер мен толықтырулар
енгізіліп қабылданған жаңа редакциясында өзгертіліп берілген қағидалардың бірі – соңғы
буындары ог, уг дыбыстар тіркесіне бітетін сөздерге қосымшалардың жалғануы.
Қалыптасқан қағида бойынша ог, уг дыбыстарына аяқталатын сөздер төл сөздерге
қосымша жалғану заңдылықтарымен бір ыңғайда қарастырылып, яғни соңғы буындағы
дауысты дыбыстың әуеніне қарай, буын үндестігіне сәйкес жазылып келген болатын-ды:
педагог-тар, педагог-қа. Бірақ осы тұста да жазу практикасында бірге педагогтар, енді
бірде педагогтер түрінде екі түрлі жазылып, варианттылық байқалды.
Негізгі ережелерде бұндай сөздерге қосымша жалғану жеке қағидамен бөлініп берілді:
«Соңғы дыбыстары ог, уг, болып келген сөздер мен рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль,
брь, бль сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар әрдайым жіңішке
түрде жалғанады: педагог-тер, педагог-тік, геолог-тер, геолог-ке, округ-тік, парк-тен,
парк-ке, парторг-тер, киоск-і-ге, факт-і-ге, полк-ке, пункт-тер, октябрь-ге, ансамбль-ге,
бинокль-дер.
Негізгі ережелерде өзгертіліп берілген бұл қағида бірнеше заңдылыққа негізделеді. Ог,
уг дыбыстары тіркесіне аяқталатын сөздердің (
геолог, археолог, диалог, монолог, биолог,
педагог, округ, аншпуг т.б.) соңғы буындары қазақ тілінде
г дыбысының жіңішке
дыбысталатындығына қарай жіңішке айтылады. Және де о дыбысы қазақ тілінде көп
буынды сөздердің соңғы буынында кездеспейді. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары
үшін де сөз соңының г дыбысына аяқталуы – тосын жайт.
Төл сөздерде ұяң г дыбысының жіңішкелік сипаты, сондықтан да тек жіңішке дауысты
дыбыстармен тіркесетіндігі (көгал, гауһар деген сөздерден басқа) орыс тілінен енген
сөздердің дыбысталуына да әсерін тигізеді, яғни соңында ог, уг дыбыстар тізбегі бар
сөздерге қосымша г дыбысының ерекшелігіне орай жалғанады. Округ сөзіне жіңішке
буынды қосымшаның жалғануы сөз соңындағы г дыбыстардың ұяң дауыссыз екендігімен
қатар, көрші дыбыстардың әсеріне қарай у дыбысының да өзгермелі (бірде жуан, бірде
жіңішке) болып отыратын табиғатына қатысты.
Ал
ак, аг, ок, ук, дыбыстарына аяқталатын сөздер бұл ережеге бағынбайды. Оларға
қосымша жуан түрде жалғанады, яғни казак, бак, бурлак, аншлаг, универмаг, кубок, гудок,
блок, станок, бамбук, галстук сияқты сөздердің соңғы буындары жуан болғандықтан,
олар қазақ тілі қосымшаларының жуан варианттарын қабылдайды.
Казак, бак, бурлак, гамак және
аншлаг, универмаг сияқты сөздерге сөз соңындағы
к, г
дыбыстарының дауыс қатысына қарай бірі қатаң, бірі ұяң екендігіне қарамастан, жуан
буынды қосымшалардың жалғануы (казак-ға, бак-қа, аншлаг-қа, универмаг-қа,
универмагы) соңғы буынындағы а дауысты дыбысының қазақ тілінде барлық позицияда,
соңғы буынға дейін сақталатындығына байланысты. Мұндай дыбыс заңдылығы соңғы
дауысты дыбыстары жіңішке секретарь, токарь, январь және мораль, фестиваль тәрізді
сөздердің қазақ тілі қосымашаларымен түрленуіне де әсер етеді. Бұларда да соңғы
жіңішкелік белгісіне, яғни л, р дыбыстарының жіңішке айтылуына қарамастан,
қосымшалардың жуан варианты қабылданады: секретарь-ға, токарь-ға, токарь-лық,
январь-ға, январь-да, мораль-дық, фестиваль-ға, фестиваль-дық (соңғы сөздерге дауысты
дыбыстан басталатын тәуелдік жалғаулары жіңішке жалғанады). Өйткені мұнда соңғы
буындағы а дыбысының қазақ тілі үшін универсалды позицияда болатын сипаты үлкен
роль атқарады.
нк, нг, кс, ск, кл, нкт, кль, брь, бль, кт сияқты дауыссыз дыбыстардың тізбегіне
аяқаталатын сөздерге жіңішке қосымшалардың жалғану себебі осындай дауыссыздар
легіне біткен орыс тілі сөздерінің қазақша айтылуында (естілуінде) і дауысты дыбысының
қосылып естілуіне (айтылуына) байланысты. Яғни олар нгі – митингі, нкі – банкі,кіс –
бокіс,
нкіт –
пункіт,кіл –
бинокіл,бір –
октябір,
біл – ансамб
іл,
кті –
факті болып
айтылады да, негізгі тұлғаларға жіңішке буынды қосымшалар жалғанады: митинг-і-ге,
банк-і-ге, бокс-ші, пункт-ке, бинокль-ге, октябрь-ге, ансамбль-ге, факт-і-ге.і дауысты
дыбысының дәнекерлік қызметі осындай сөздердің бір тобына қосымша жалғанғанда,
емледе де сақталады: митингіден, киоскіден, банкіге, фактілер т.б.
Орыс тілінен енген –нд дыбыстарына бітетін сөздерге де қазақ тілі қосымшалары екі
ыңғайда жалғанады: бір тобы ы дәнекері арқылы: фонд, фонды-ға, фонд-ы-сы, раунд,
раунд-ы-ға, раунд-ы-сы, ал голланд, исланд, таиланд, секунд сөздеріне қосымша тікелей
жалғанады: голланд-қа, голланд-ы; секунд-қа, секунд-ы. Соңғы қатарға жататын сөздер
саны көп емес, олардың дәнекер дыбыстарсыз қосымшалармен түрленуі сөздіктерде, оқу
құралдарында, ғылыми әдебиеттерде тұрақталып орнықты.
3. Жіңішкелік белгісіне аяқталатын көп буынды түбір сөздердің вариант
қосымшаларды қабылдауы күрделі терминдердің құрамындағы анықтауыштардың
жазылуында да байқалады. Қазіргі жазу практикасында орыс тіліндегі документальный,
экспериментальный, профессиональный, дифференциальный сын есімдері қазақ тіліне
аударылғанда, бірнеше орфограммада беріліп жүр: документті – документалды –
документальді; экспериментті – эксперименталды – экспериментальді; профессионалды
– профессионал т.б.
Орыс тіліндегі –альн, -льн қосымшалары арқылы жасалған термин сөздердің қазақ
тілі қосымшаларымен түрленуіндегі варианттылық терминологиялық сөздіктерде де
кездеседі. «Математика-физика терминдерінің сөздігі» (Алматы, 1959) –альн, -льн
қосымшалы термин сөздер төмендегіше берілген: дифференциальный – дифференциалдық
теңдеулер
3-қосымша
Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы
1
2
3
4
5