(3.5.2.6)
(3.5.2.5) теңдіктің 1-ші қосылғышы өсі бойымен оңға, яғни бөгетке қарай қозғалатын толқынды көрсетеді. Бұл потенциалды бөгетке түсетін толқын. Сол сияқты 2-ші қосылғыш солдан оңға қарай таралатын, яғни потенциалдық бөгеттен шағылған толқынға сәйкес келеді. Сол сияқты (3.5.2.6) теңдеудің 1-ші қосылғышы II аймақтағы оң бағытта тараушы, яғни потенциалдық бөгет арқылы өтуші толқынды анықтайды. 2-ші құраушысы II аймақтағы оңнан солға қарай таралатын, яғни шағылған толқынды анықтайды. Бірақ та, II аймақта бұл толқын ештеңеден шағыла алмайтындықтан, ондай толқынның болуының мағынасы жоқ. Сондықтан, (3.5.2.6) шешіміндегі коэффициентті физикалық тұрғыдан В2=0 деп есептеп, шешімді мына түрде алу керек:
(3.5.2.7)
Достарыңызбен бөлісу: |