2.7.2 Екі диэлектриктің шекарасындағы шағылу
Табиғи жарық екі диэлектрик шекарасына түссе, онда жарықтың біразы шағылады, ал біразы сынады. Шағылған және сынған сәулелердің жолдарына анализатор қойып олардың поляризациялану дәрежесін анықтауға болады.
Айталық сәулесі пластинасына түссін (2.7.2.1-сурет) және түрінде шағылсын. Осы шағылған сәулені турмалин пластинасынан () өткізіп, шағылған сәуленің интенсивтілігін байқауға болады. Егер турмалин пластинасын өсі бойынша айналдырсақ шағылған сәулелердің интенсивтігі өзгеріп отыратындығын көреміз. Бұл жағдай шағылған сәуленің жартылай поляризацияланғандығын көрсетеді.
2.7.2.1- сурет
Поляризациялану дәрежесі түсу бұрышына байланысты болады. Түсу бұрышының бір мәнінде, яғни мынадай шарт орындалғанда
(2.7.2.1)
шағылған сәуле жазық поляризацияланады, мұндағы – Брюстер бұрышы делінеді.
түсу бұрышында сынған сәуле максимал поляризацияланады, бірақ толық поляризациялану болмайды.
Жарық пластинаға Брюстер бұрышымен түссе шағылған және сынған сәулелер бір-біріне перпендикуляр болады.
Достарыңызбен бөлісу: |