(2.3.3.1)
саңылауын саңылау қырына параллель болатындай етіп Френель зоналарына бөлсе, әрбір зонадан шыққан шеткі сәулелердің жүріс айырмасы болады және зоналар саны болады. Сәулелер саңылауға перпендикуляр түскендіктен жазық толқын майданы саңылау жазықтығына параллель болады. Толқын майданының барлық нүктелері саңылау жазықтығында бірдей фазада тербеледі. Френель зоналарының аудандары бірдей болғандықтан саңылау жазықтығында екінші толқын майданының амплитудалары бірдей болады. (2.3.3.1) формула бойынша зона саны бұрышына байланысты. Екінші реттік толқындардың қосылуының нәтижесі зоналарының санына байланысты. Көршілес қос зоналардан шығатын тербелістер бірін-бірі жоятын болғандықтан, интерференциялану нәтижесінде әрбір көршілес қос зонадан келген сәулелердің қорытқы тербеліс амплитудалары нөлге тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |