9
4. 2012-
2016 жылдарға оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспары 2012 жылдың 25 маусымдағы
№832 ҚР Үкіметінің Қаулысымен алынады [7].
5. «
Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және
басқа
да
қосымша
әдебиеттердің,
оның
ішінде
электрондық
жеткізгіштегілерінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің бұйрығы.
Ақпараттық-білім беру бөлімшелерінің айрықша түрлері ретінде нақты
мектеп кітапханасына байланысты жұмыс ерекшелігін анықтайтын құжаттар:
1. 2016
жылғы 19 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының
кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша
қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің №44 бұйрығы.
2.
2000 жылы 27 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Білім жүйесі
кітапханаларының бірыңғай үйлестіруші, ғылыми-әдістеме және ақпарат
орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің
№249 бұйрығы.
3.
2001 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының білім беру
мекемелеріндегі кітапхана ісін жақсарту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым Министрінің №522 бұйрығы.
4. «
Білім беру ұйымдары кітапханаларының типтік және үлгі штаттары»
басшылыққа алынады.
Жергілікті деңгейде:
1.
Жалпы білім беретін мектептердің Жарғысы және ішкі тәртіп ережесі.
2.
Мектеп кітапханасы туралы ереже.
3.
Кітапхана қызметкерінің қызметтік нұсқаулығы.
4.
Мектеп кітапханасын пайдаланудың ережесі.
5.
Оқу жылына арналған мектеп кітапханасының жұмыс жоспары.
6.
Мектеп кітапханасындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.
7.
Мектеп кітапханасындағы өрт қауіпсіздігі
8.
Кітапхананың сипаттамасы бойынша нұсқаулықпен жетекшілік етіледі.
Білім беру ұйымдары мен мектеп кітапханасының қызметін реттейтін
жоғарыда аталған құжаттарды қолдана білу жайлы ақпараттарсыз олар
өздерінің тура тағайындауларын орындай алмайды. Мектеп кітапханасы
қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, оқырмандарға анықтамалық-
ақпараттық қызмет көрсету проблемаларын шешу мәселелері қарастырылады.
Мектеп кітапханасы өз қызметін ҚР Президентінің өкімдері мен жарлықтары,
заңдарымен, ҚР Үкіметі және ҚР атқарушы орган субъектілерінің қаулылары,
өкімдерімен, білім басқармасы органдарына тиісті шешімдермен, жалпы білім
беру ұйымдарының жарғыларымен, кітапхана туралы ережелермен
басшылыққа алынуы тиіс.
Мектептер, мектеп кітапханалары да біртұтас мақсатты көздейді: жалпы
мәдени тұлғаны, оның ұлттық және мәдени интеграциясын қалыптастыру,
10
әлеуметтік құзыреттілік пен өзін-өзі айқындау. Кітапханашы мен педагогтердің
ортақ мүддесі білім алушылар тұлғасын қалыптастыру мүддесімен тоғысады.
Мектеп кітапханасы жан-жақты білікті көмек көрсету керек деген кезде
әрине, бірінші кезекте басты жауапкершілік кітапханашының біліктілігіне,
оның креативтілігіне артылатыны сөзсіз. Мектеп кітапханасы қызметінің ең бір
өзекті мәселесі білікті мамандардың тапшылығы да болып табылады. Білім мен
ғылым жылдам дамып, күнде бір жаңа технология пайда болып жатқан мына
заманда өз деңгейінде бағалануы үшін кітапханашы көп талапты орындай алуы
шарт. Әрине, қазіргі таңда негізгі мәселе кітапханашының мәртебесінде болып
тұр. Елімізде кітапханашыларды әлі күнге дейін техникалық қызметкер ретінде
қабылдайды, ал, алыс-жақын шет мемлекеттердің тәжірибесіне қарайтын
болсақ, оларға педагог-кітапханашы деген мәртебе беріледі. Педагог-
кітапханашы болып жұмыс жасайтын мамандар базалық білім ретінде алдымен
мұғалім мамандығын, кейін кітапханашы мамандығын меңгереді. Мәселен,
Австралияда мектеп кітапханасының қызметкерлері кітапханашылықтан бөлек
педагогикалық білімі болуы керек. Педагог-кітапханашы педагог және
кітапханашы деген біліктілікке ие болады. Қос біліктілік ерекше маңызға ие,
яғни мектеп бағдарламасы мен педагогикадан алған білімі кітапхана жұмысы
мен ақпаратты басқару қабілетімен үйлесуі керек. Кітапханашыға берілетін
жоғары білім мазмұны да халықаралық талаптарға сай болуы қажет. Педагог-
кітапханашы өмір бойы білім алуға ынталанушы өскелең ұрпақты ақпараттық
сауаттылықта тәрбиелеуді шешуге рөл атқаратыны даусыз [8]. Жаңартылған
білім мазмұны тұрғысынан білім беру қауымдастығында маңызды рөлге ие,
оның міндеті оқушы және мұғаліммен өзара әрекеттестік, оқу процесіне
ресурстарды қамтамасыз ету, ақпаратқа қол жеткізуді оңтайландыру, тиімді оқу
ортасын жасау, жоспарлау мәселелерінде бірлесу т.б. Сондықтан
кітапханашылардың мәртебесін көтеріп, соған сай жұмысты талап етіп,
жалақыны өсіру, тұрақты түрде біліктілігін арттыру, әсіресе мектеп
кітапханасын дамытуда негізгі шешімді қажет ететін мәселелер болып
табылады. Мектеп кітапханалары арасында жүйелік қауымдастықты үйлестіру,
оқырмандарға қазіргі заман талаптарына сай қызмет көрсету мақсатында
кітапхана қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету және біліктіліктерін
арттыру қажет. Кітапханалардың кадрлармен қамтамасыз етілуі сын
көтермейтін шекке жетті (2-кесте).
Кестеде көріп отырғанымыздай көптеген білім беру ұйымдарының мектеп
кітапханаларында қызметкерлердің арнайы білімі жоқ. Бұл Ақмола облысы
(35%), Ақтөбе облысы (46%), Павлодар облысы (48%), Алматы қаласы (40%),
Астана қаласында (25%) байқалады. Астана қаласында 101 кітапханашының
тек 26-ның ғана арнайы білімі бар, ал 70 қызметкердің арнайы білімі жоқ болса,
Алматы қаласында 414 кітапханашының тек 165-нің арнайы білімі бар, ал 152
қызметкердің арнайы білімі жоқ.
Бүгінгі таңда «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мен «Өрлеу»
БАҰО» АҚ базасында мектеп кітапханашыларына арналған көптеген
семинарлар мен біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: |