7
орындары, кітап оқу, компьютерлік жұмыс орындары, сонымен қатар көрме
орындарына, жұмыс орындары мен тапсырыстарды беру үстелдеріне аумағы
едәуір жеткілікті болатындай кең болуы;
–
жұмыстың әртүрін жүзеге асыруға және оқу бағдарламары мен
технологияларына өзгерістер енгізу перспективасына мүмкіндік беретін
икемділік.
Жаңа кітапхананы жобалау барысында оны мынадай зоналарға мақсатты
түрде бөлуге болады:
–
анықтама үстелі, каталог, онлайндық жұмыс орны, оқу және ғылыми
жұмыс үстелі, анықтамалық материалдар мен негізгі коллекцияларды
жайғастыратын жұмыс және зерттеу зоналары;
–
үздіксіз білім мен кітапты қызығушылықпен оқу үшін, сауаттылықты
дамытуға ықпал ететін кітаптар мен мерзімді басылымдарға арналған бейресми
оқырман залы;
–
толық сынып, үлкен немесе шағын топтарға ұйымдастырылған сабақтар
үшін орындықтарымен оқу зонасы, сонымен қатар көрсету экрандары және
оқытудың техникалық құралдарына сәйкес оқу тақтасы;
–
сынып, топтар, жеке адамдармен кездесетін және практикалық сабақтар
өткізетін, сонымен қатар, мультимедиялық материалдар құрау үшін
жабдықтары бар болатын жобалық және өндірістік зоналар;
–
әкімшілік зона: абономенттік үстел, жұмыс орындары, мультимедиялық
материалдарды өңдейтін және аудиовизуалды және басқа да жабдықтар мен
материалдарды сақтауға арналған орындар.
Мектеп кітапханасының мектепке қызмет ету барысындағы жұмыс сапасы,
ондағы кеңістіктердің қалай ұйымдастырылғанын айтарлықтай дәрежеде
айқындай алады. Эстетикалық оңтайлы ресімделу қонақжайлылық әсері мен
кітапханада уақыт өткізу ықыласын тудырады.
Мектеп кітапханасының дұрыс жабдықталуы келесідей көрсеткіштермен
сипатталады:
–
қауіпсіздік, жақсы жарықтандыру;
–
кітапхана пайдаланушылары жұмыс түрлері мен категорияларына сәйкес
аумақта берік, мәңгі, функционалды жиһаздарды қолдану;
–
кітапхана кеңістігін ұйымдастыру педагогтер мен оқушылардың нақты
талаптарына барынша көп дәрежеде сәйкес келеді;
–
кітапхана ғимаратын кітапхананың бағдарламасына, мектептің оқу
жоспарына, сонымен қатар, жаңа аудио-бейне және ақпараттық технологиялар
өзгерістеріне бейімдеуге болады;
–
кітапхана кеңістігін ұйымдастыруды дұрыс пайдалану, жабдықтар мен
материалдар, техника, жиһаздарының қауіпсіздігі мен мазмұнын қамтамасыз
етеді;
–
кітапхана жұмысы жақсы ұйымдасқан және түрлі ресурстарды жинауға
тең, уақытылы қолжетімділікті беруге бағытталған;
–
кітапхана пайдаланушыларға эстетикалық тартымды және оқу мен
демалуға көмектеседі; онда көрсеткіш белгілер мен маңдайшалар нақты және
8
көркем орындалған [4].
Қазіргі заманғы мектеп кітапханасы нормативті-құқықтық актілерді
басшылыққа алуы қажет. Яғни кітапхана саласын алдағы уақытта жетілдіру
үшін төмендегідей нормативті-құқықтық актілер әзірленетін болады:
«Кітапхана және кітапхана ісі туралы» ҚР Заң жобасы, «Қазақстан
Республикасындағы кітапхана қоры туралы ереже», «Кітапхана қорының
сақталуын қамтамасыз ету жайлы ереже», «Аудандық, облыс деңгейлерінде
мәдениетті ұйымдастырудың үлгілік штаттары туралы Ереже», мектеп
кітапханасын жабдықтау және жарақтандырудың моделді стандарттары,
кітапхана қызметінің моделді стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық
академиялық кітапхана деректерінен http://nabrk.kz). Бұл бағытты әзірлеу
кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді әлеуметтік кепілді қамтамасыз ету
мақсатында аралас салалардың құқықтық ортамен өзара байланыстылығы мен
заманауи талаптар есебінен кітапхананы дамыту кепілдіктері қажет.
Білім беру ұйымдарын ұйымдастырудың елеулі құрамдас бөлігі ретінде
жергілікті билік басты жауапкершілік атқарады, ол нақты заңнамалық актілерді
қолдану керек.
Халықаралық деңгейде қазіргі заманғы мектеп кітапханалары өз
қызметінде төмендегідей нормативті-құқықтық актілермен басшылыққа
алынады:
1.
Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясы;
2. Бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясы (1989);
3. Мектеп кітапханасы үшін ИФЛА/ЮНЕСКО манифесті (2015);
4.
Мектеп кітапханасы үшін ИФЛА/ЮНЕСКО нұсқаулығы (2015);
5. Интернет туралы ИФЛА манифесті (2014).
Мектеп кітапханасы манифесі мектеп кітапханасын мектептің қосымша
бөлімшесі ретінде емес, «кітапханалық-ақпараттық жүйесінің неғұрлым кең
бөлігі ретінде» айқындайды [5]. Интернет және оның қажеттілігі туралы ИФЛА
манифесінің өзекті Ережесі «қолданушыларға таңдалған ақпараттық деректер
мен қызметтерді пайдалануда білікті көмек беру».
Республикалық деңгейде:
1.
«Білім туралы» ҚР Заңы (2015) (5-бап, 19-3 тармақшада Білім беру
саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік білім беру ұйымдарының
кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі
қағидаларды әзірлейді және бекітеді) [6].
2.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016 - 2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан
Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен
бекітілген).
3.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген).
Достарыңызбен бөлісу: |