18
Мектеп кітапханасының қоры білім беру ұйымындағы білім алушылар
контингентіне сәйкес қалыптастырылуда. Елімізде 2014 жылы оқулықпен
қамтамасыз етілген оқушылар үлесі 98,2% (6-кесте) адамды құрайды [11].
6-
кесте – Оқулықпен қамтылған оқушылар үлесі, 2014 жыл
Өңір
Барлық
оқушылар
Оқулықпен
қамтылған
оқушылар
%
Ақмола
103463
99643
96,3
Ақтөбе
115424
115424
100
Алматы
307900
307900
100
Атырау
96043
96043
100
Шығыс Қазақстан
167052
167052
100
Жамбыл
185191
185191
100
Батыс Қазақстан
87013
86578
99,5
Қарағанды
171708
170220
99,1
Қостанай
99740
97746
98
Қызылорда
125803
119694
95,1
Маңғыстау
100104
100104
100
Павлодар
87218
87218
100
Солтүстік
Қазақстан
71674
69344
96,8
Оңтүстік
Қазақстан
543520
514713
94,7
Алматы қ.
171576
171576
100
Астана қ.
91618
91618
100
ҚР
2525047
2480064
98,2
Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректері
Түйін: Жоғарыда көрсетілген кестеге қарайтын болсақ 2014 жылы
оқушылар санына шаққанда мектеп кітапханаларының оқулықпен қамтамасыз
етілу деңгейі әлі де жүз пайыз көрсеткішті көрсетпей отырғанын көре аламыз.
Алайда, 2014 жылмен салыстырғанда динамикалық өсу байқалады. 2014
жылмен салыстырғанда 2015 жылы Ақмола облысы 96,3%/100%, Батыс
Қазақстан облысы 99,5%/100% жеткен. Ал керісінше Қарағанды (99%),
Солтүстік Қазақстан (94%), Оңтүстік Қазақстан (93%) облыстары сол қалпында
қалып отыр.
Мектеп кітапханасы қазіргі кезеңде заман талабына сай жаңа
технологиямен жұмыс жасап, мектеп қауымдастығына қажетті ақпараттармен
қамтамасыз етіп, әдістемелік көмек көрсету. Бүгінгі ақпарат заманында нар
көтермес жүкті көтеріп, бүгінгі күннің, заманның басты кейіпкеріне айналу
кітапханашылардың басты міндеті. Кітапхана қажетті ақпараттарды алатын
19
қайнар көзі ретінде оқушылардың оқырмандық сауаттылығын дамытуға ықпал
ететін факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан «білім қоймасын», баспа
түріндегі және электрондық тасымалдағыштағы қажетті қорлармен тиісті
деңгейде жарақтандыруға сыни тұрғыдан назар аудару қажет.
Қазіргі заманғы ақпараттық кеңңстікте білім беру қызметін сапалы
ұсынудың бөлінбес факторы орта білім ұйымдарының кітапхана қорына кең
қолжетімділік болып табылады.
20
2 Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары
қызметінің мақсаты мен міндеттері
Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп
дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапханада осы міндетті бірге
атқарады. Осыған орай мектеп кітапханасының алдына қойған өзекті мәселесі
жас ұрпақты тәрбиелеу. Білім және тәрбие жүйесінде контекстін жаңарту
процесінің бастауында мектеп кітапханашысының ролі және мектеп
кітапханашысының түпкілікті өзекті мәселелері де жаңашаланады.
Бүгінгі мектеп кітапханасы кітап қарауылшысы ғана емес, білім
жолындағы білім мен тәрбие процесінің концепциясын жауапкершілікпен
қадағалап дәріптеуші. Ол үшін не істейді дегенге келетін болсақ, мектеп
кітапханашысы сол мектептегі жаңалықтың жаршысы, әрбір елімізде болып
жатқан уақиғалардың насихатшысы болу керек. Мектеп кітапханасы мектептің
оқу-тәрбие процесін қамтамасыз етеді. Мектеп мұғалімдері алдына қойған
мақсаттарға қарап, өзінің жұмысының жоспарын құрады. Ол тек қана
кітапхана-библиография негізімен байланысты. Сонымен қатар мұғалімдерге
білім жолындағы жандарға, мамандарға кәсіби біліктілігін көтерудегі
шеберлікке үйретеді. Мектеп кітапханасы білім жүйесіндегі мұғалім мен
әкімшіліктен кем қатыспайды. Олар мектеп, білім жүйесіндегі реформаларды,
мәселелерді шешеді. Осыған орай айта кетерлік жайт осындай білім жүйесінде
мектеп жүрегінің жұмыс атқаруы. Әр мектеп мұғалімінің, яғни білім
жолындағы адамның жеке басының кітапхана арқылы көптеген жаңалықтардан
хабардар болғанда іске сәттілік әкеледі. Білім процесінің біліктілігін көтерудегі
жетістік тікелей мектеп кітапханашысына да байланысты.
Мектеп кітапханасы педагогикалық қызметінің негізгі мақсаты: білікті
оқырманды дайындау арқылы рухани қалыптастыру.
Кітапхана жұмысын сапалы жүргізу үшін оқырмандармен жүйелі жұмыс
жасау керек, сонымен қатар, кітапхана жұмысын жетілдіру:
-
балалар мен оқырмандар арасында библиографиялық білімді насихаттау;
-
кітапханашы қызметкерлерінің арасында өзара библиографиялық білім
беру арқылы іс-тәжірибе алмасу;
-
кітапханада АБА-каталогтар жүйесін құру;
-
электрондық каталогтар, оларды құрастыру ерекшелігі;
-
ақпараттық қызметте Интернет ресурстарын қолдану;
-
ақпаратты-библиографиялық бөлімінде «Қолжазба қоры» ұйымдастыру
т.б. Кітапханашы ақпаратты жеткізуші ретінде көзқарас өткен уақытта қалған.
Бүгінгі таңда мектеп кітапханасының мүмкіндіктерін пайдалану мен білім
беру ресурстарын тиімді пайдалану бағытында ортақ мәселелерді анықтау
аясында және бірлесіп бағдарламалар жасау негізінде педагог пен
кітапханашыға бірлесудің жаңа формалары қажет. Яғни, кітапханашының
атқаратын қызметі заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет
көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында
кеңінен қолданып, кітапханалардан бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы
Достарыңызбен бөлісу: |