Обновления содержания образования методические рекомендации



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет24/53
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16167
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53

57 
кітапханалық  бағдарламасын  қосу  және  онымен  жұмыс  жасаудың  ерекшелігі, 
кітапхана  қорын  толықтыру,  есеп  жүргізу  әдістері,  оқырмандармен  жұмыс 
жасау барысында қажетті ақпарат көздерін тез таба білу, қазіргі заманғы жаңа 
технологиялармен  жұмыс  жасау,  мектеп  медиатекасы  қызметін  ұйымдастыру, 
медиатека  базасында  жобалау  қызметі  бойынша  мектеп  кітапхана  жүйесін 
жетілдіру.  Облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалалары  білім 
басқармаларының  берген  ақпараттарына  сүйенетін  болсақ  аймақтарда  мектеп 
кітапхана ісінің осындай жаңа «МАРК SQL», «КАБИС» жүйелермен толығып, 
заман талабына сәйкес жұмыс істеп жатқаны қуантады. Бірақ өкінішке орай, әлі 
де осындай мектеп кітапханасы бағдарламалары санаулы өңірлерде ғана жұмыс 
істеп жатыр немесе баяу жұмыс жасайды.  
Мектеп кітапханасында төмендегі тізімде көрсетілгендей кітаптар қорлары 
болуы  тиіс:  оқулықтар,  оқу-әдістемелік  әдебиеттер,  көркем  әдебиеттер, 
анықтамалық  әдебиеттер,  танымдық  әдебиеттер,  электрондық  басылымдар, 
электрондық  ақпараттық  ресурстар  т.б.  Әрине  осы  үлгідегі  ғана  мектеп 
кітапханасында  кітап  қоры  болуы  тиіс  деген  сөз  емес.  Кітап  қоры  жақсы 
қалыптасқан кітапханада, әр оқу жылында оқырмандар саны артып, оқуға деген 
сұраныстар  күшейе  түсері  сөзсіз.  Мектеп  кітапханасы  оқырманның 
сұраныстарын  толық  қанағаттандыра  алады.  Кітап  қорында  жоқ 
материалдарды,  қосымша  іздену  мақсатында  Интернет  желісі  қосылса  артық 
болмас  еді.  Мектеп  кітапханасы  қазіргі  заманға  сай  мектептің  оқу  тәрбие 
процесінің  сұранымына  толық  жауап  беруге  тиісті.  Электронды  ақпараттану 
қарқынды  дамыған  кезеңде,  кітап  қоры  электронды  оқулықтармен  (сыныптар 
бөлісінде пәндер бойынша) әр оқу жылында толықтырылып отырылуы қажет. 
Сондықтан  әр  мұғалім  сабаққа  пайдалана  алады,  ал  оқушы  пайдалануға 
кітапханада жағдай жасалады.  
Заманауи  технологиялық  серпіліс  дәуірінде  кітапханашының  ақпараттық 
желіден мәліметтерді іздеудегі көшбасшылығы, мектеп кітапханаларының веб-
сайтын  құру  (дұрыс  безендіру,  сайтты  ілгерілету),  арнайы  кәсіби  сайттармен 
жұмыс  жасау,  әлеуметтік  медиалардың  кітапханаларда  қолдану  (әлеуметтік 
желілер, 
блогтар, 
фото-видеохостингтер, 
вики-технологиялар) 
және 
мультимедиялық  қосымшалардың  жаңа  мүмкіншіліктерін  пайдалануда  білім 
беру  ұйымдарындағы  қазіргі  кітапханашылардың  орны  мен  рөлі  зор  болып 
табылады.  
Виртуалды кітапхана құруда кітапханалар үшін ұсынымдар:  
− өз мүмкіндіктерін шынайы бағалау;  
−  басқа  мектеп  кітапханаларының,  веб-сайттарымен  танысу  және  оның 
қызметкерлерінің  ресімдеу  тәжірибелері,  мазмұнды  жинақтау  мен  сайт 
бойынша іздеу жұмыстарын шығармашыл қолдану;  
− сандық ресурстарды іріктеу саясатын әзірлеу;  
− Интернет ресурстарына шолу жұрналдарымен танысу;  
− беделді ресурстарға сілтеме деректері ретінде тақырыптық порталдарды 
(мәселен, Еdna) қолдану;  
−  мұғалімдердің  тақырыптық  сілтемелерге  тізімдерді  толтыруға  қатысуға 


58 
түрткі болу;  
− педагогтерге оның ресурстарын сабақта қолдануға көзін жеткізе отырып, 
мұғалімдер  мен  оқушылар  арасында  виртуалды  мектеп  кітапханасын 
насихаттау;  
−  кітапханашыға  оқушылармен  тікелей  қарым-қатынаста  нұқсансыз 
виртуалды  кітапхананы  жүргізу  үшін  уақыт  қарастыру.  Оқушының  барлық 
қажеттіліктерін  неғұрлым  толық  қанағаттандыру  үшін  Виртуалды  мектеп 
кітапханасын  жасауда  педагог-кітапханашы  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  жақсы  түсіне  білу,  оқытуды  қолдау  сапалы  интерактивті 
ресурстарды таңдау мүмкіндігі болуы керек. Мектепте виртуалды кітапхананы 
табысты  жұмыс  істету  ақпараттарды  іздеу  мен  орналастыру  үшін  жаңа 
мүмкіндіктер ашады.  
Білім алушылар мен мұғалімдерге қолдануға арналған мектеп кітапханасы 
қызметкерлері,  халықаралық  кітапханалық  федерациялық  қауымдастық  пен 
мекемелер (ИФЛА) әзірлеген ұсынымдар:  
1-
ұсыным.  Мектеп  кітапханасының  миссиясы  мен  міндеттері  «БҰҰ  Бала 
құқықтары  туралы  декларациясы»,  «БҰҰ  Байырғы  ұлттар  туралы 
декларациясы»  ИФЛА/ЮНЕСКО  «Мектеп  кітапханасы»,  құндылықтар  мен 
манифест  ұстанымдарымен  нақты  сәйкес  келу  керек.  Мектеп  кітапханасы 
ресми мәлімденген құндылықтарды ұстану керек.  
2-
ұсыным.  Мектеп  кітапханасының  жетістікке  жету,  оның  үш  құрамдас 
бөліктерінің  дамуы  үшін  нақты  жоспарлары  болуы  керек:  білікті  кадрлар 
(мектеп  кітапханашысы),  мектептің  оқу  жоспарларын  қолдайтын  кітапхана 
қоры және мектеп кітапханасының перспективалық даму жоспарлары.  
3-
ұсыным.  Мектеп  кітапханасы  мектеп  қауымдастығының  өзгермелі 
қажеттіліктерін  қанағаттандыруда  сенімді  болуы  үшін  мектеп  кітапханасы, 
сонымен қатар кітапхана қызметкерлерінің қызметін бағалау мен мониторингісі 
ұдайы жүргізілуі керек.  
4-
ұсыным.  Мектеп  кітапханасы,  оның  қызметі  мен  іс-әрекетінің 
бағдарламасы кітапханалық білімі бар кәсіби маманның қолында болуы керек.  
5-
ұсыным.  Мектеп  кітапханасының  барлық  қызметкерлері  мектеп 
қауымдастығының  ұлттық,  этникалық  және  мәдени  ерекшеліктерін  ескеретін 
мектептің  оқу  жоспарына  сәйкес  сандық  және  оқу  ресурстарын  әзірлеуге 
тырысу  керек.  Сонымен  қатар  тізімдеу  және  ресурстарды  бірге  пайдалану 
арқылы оқу-ақпараттық ресурстарына қол жетімділігін кеңейтуге тырысу.  
6-
ұсыным. Кітапхананың барлық оқу және техникалық құралдары, мектеп 
кітапханасы  көрсететін  қызметтер,  қорлар,  жабдықтар  білім  алушылар  мен 
мұғалімдердің оқытудағы барлық дамыту қажеттіліктерін қолдау керек.  
7-
ұсыным.  Мектеп  кітапханасы  мен  басқа  да  мемлекеттік  және  ғылыми 
кітапханалар арасында мұғалімдер мен білім алушыларға олардың ресурстары 
мен  қызметіне  қол  жетімділігін  кеңейту  үшін  байланыс  болуы  керек.  Бұл 
олардың өмір бойы білім алу процесіне себептесу керек.  
8-
ұсыным.  Мектептің  кітапханасында  олардың  қызметкерлерімен 
жүргізілетін  негізгі  оқыту  іс-шаралары  мұғалімдердің  кәсіби  дамуы  мен 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау