Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2016 жылғы «10» ақпандағы
№ 36/441-V
шешімімен бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының
Қоғамдық кеңесі туралы ереже
Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің құқықтық мәртебесі
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) Шығыс Қазақстан облысының жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құрған консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
Мемлекеттік органдардың жанынан осы Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылған консультативтік-кеңесші, байқау органдары және коммерциялық емес ұйымдар «Қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
Қоғамдық кеңес өз қызметінде Конституцияны, оған сәйкес келетін заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері
Қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру болып табылады.
Қоғамдық кеңестің міндеттері:
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және облыс деңгейінде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады..
3. Қоғамдық кеңес қызметінің қағидаттары
Қоғамдық кеңес өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) қоғамдық негіздегі қызметі;
2) автономдық;
3) дербестік;
4) жариялылық;
5) олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.
4. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері
Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын талқылау;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының орындалуын талқылау;
3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;
5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;
8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;
9) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.
Осы тармақтың 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.
5. Қоғамдық кеңестің және оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Қоғамдық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;
2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша орталық атқарушы органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;
3) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерінің аясында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.
Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:
1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;
2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;
4) өз қызметі туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және интернет-ресурста орналастыруға;
5) жыл сайын бірінші тоқсан ішінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өткен жылға арналған есебін тыңдауға міндетті.
II. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру тәртібі
6. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру тәртібі
Қоғамдық кеңес пен оның құрамын Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы басқаратын және мемлекеттік органдар өкілдерінен, конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінен, азаматтардан құрылған жұмыс тобы қалыптастырады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өз бетінше айқындайды.
Азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Жұмыс тобының құрамы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының өкімімен бекітіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты жұмыс тобы мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу жөніндегі хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) интернет-ресурста орналастырады.
Коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн мерзім ішінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына жұмыс тобына кандидатуралар жөніндегі жазбаша түрдегі ұсыныстарын жолдайды.
Өз ұсыныстарын жолдаған әр коммерциялық ұйым және әр азамат бір ғана өкіл ұсына алады.
Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кондидаттарға Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты конкрс мерзімі аяқталған соң, түскен ұсыныстар негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін дайындайды және екі аптаның ішінде коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтардың, жұмыс тобына кандидаттардың шақырылуымен отырыс ұйымдастырады.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының жетекшісі) отырысты ашады және жүргізеді.
Отырыста коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатуралар талқыланады. Кандидатураларды талқылау қорытындылары бойынша ашық дауыс беру өткізіледі. Отырысқа келмеген кандидаттарға қатысты дауыс беру өткізілмейді. Барынша көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз деп саналады. Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы жетекшісінің дауысы шешуші болып саналады.
Жұмыс тобының құрамы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының өкімімен бекітіледі. Жұмыс тобының жетекшісі жұмыс тобы мүшелерінің арасынан хатшыны тағайындайды.
Жұмыс тобының құрамы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының ресми интернет-ресурсында жарияланады.
7. Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының өкілеттіктері.
Жұмыс тобы келесі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс жөнінде ақпараттандырады;
Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын анықтайды;
Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау процедурасын жүргізеді;
Үлгі ереже негізінде Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын әзірлейді.
8. Жұмыс тобы отырыстарын дайындау және өткізу
25. Жұмыс тобы отырысының өткізілу уақыты, орны, онда талқыланатын мәселелер туралы жұмыс тобы мүшелерін хатшы отырыс өткізілетін күннен кемінде бес жұмыс күннен кешіктірмей күні бұрын хабарлайды.
26. Жұмыс тобының отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
27. Жұмыс тобының отырысын жұмыс тобының жетекшісі өткізеді.
28. Жұмыс тобы отырыстарында шешімдері отырысқа қатысып отырған жұмыс тобы мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады.
29. Жұмыс тобы отырысында хаттама жүргізіледі, оған жұмыс тобының жетекшісі мен хатшысы қол қояды.
30. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды мемлекеттік органның атауын, пошта мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, конкурсқа қатысу үшін осы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық поштаның мекенжайын көрсете отырып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырады.
31. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамыдық кеңеске мүшелікке кандидаттардың конкурсқа қатысу үшін өткізген құжаттарын талқылап, әр кандидат бойынша ашық дауыс беру өткізеді.
32. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Бір адам бір Қоғамдық кеңестің ғана мүшесі болып сайлана алады.
33. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
34. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады. Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.
35. Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланнан кейін, жұмыс тобы мен оның төрағасының өкілеттіктері тоқтатылады.
III. Қоғамдық кеңес қызметін жүзеге асыру тәртібі
.
9. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және
оның төралқасының өкілеттіктері
Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.
Қоғамдық кеңестің төралқасы:
1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.
10. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері
Қоғамдық кеңестің төрағасы:
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) отырыстарда төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
Қоғамдық кеңестің хатшысы:
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.
11. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру
Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.
Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.
Қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.
Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
Қоғамдық кеңес отырыстары бір тоқсанда бір рет және қажеттілігіне қарай өткізіліп отырады. Қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысы бойынша кезектен тыс отырыс өткізіледі.
Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.
Барлық деңгейлердегі Қоғамдық кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.
Қоғамдық кеңестердің мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, жергілікті деңгейде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қоғамдық кеңес құрамына кіруге құқылы.
12. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы
Қоғамдық кеңес халықты:
1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;
2) Қоғамдық кеңестің құрамы, оның мүшелерін ротациялау;
3) отырыстардың күн тәртібі;
4) қабылданған шешімдер;
5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.
Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) интернет-ресурста орналастырылады.
13. Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды ұйымдастыру және
өткізу тәртібі
Осы Заңның 18-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баяндамасын және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының, Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.
Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) есепті тыңдау күні мен орны;
2) қатысушылардың саны;
3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады..
Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда::
1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;
2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;
3) мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.
Егер отырысқа қатысып отырған қатысушылардың жартысынан астамы есеп үшін дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.
14. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату
Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.
Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.
IV. Өтпелі және қорытынды ережелер
56. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен реттелетін жергілікті қауымдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |