10. Токсикологиялық зертханадағы жұмыс жағдайларына және
токсикологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
165. Зертханалық жануарларды орналастыруға арналған үй-жайлар желдету жүйесіне қосылған торларға арналған шкафтармен жабдықталады.
166. Виварийге келіп түсетін барлық жануарлар түскен күні міндетті түрде ветеринариялық қараудан өтеді. Дені сау жануарлар мен тәжірибеде қолданылған жануарларды бірге ұстауға жол берілмейді.
167. Улау камерасының үй-жайы қалған үй-жайлардан бөлек орналастырылады және сору-сыртқа шығару желдеткішімен және камералардағы арнайы желдеткішпен жабдықталады.
168. Камераларда жануарларға улау жүргізген кезде зерттелетін затты беру жануарларды камераға кіргізгеннен кейін және камераны мұқият тұмшалаудан соң басталады.
169. Улау үдерісі камерадағы тұрақты теріс қысым (су бағанасы бойынша 5-6 мм) кезінде жүргізіледі. Улау аяқталған соң зерттелетін затты камераға беруді жануарларды камерадан шығарудан 10-15 минут бұрын тоқтатады, камераны таза ауамен желдетеді және оның тұмшалауын ашу және жануарларды шығару жүзеге асырылады.
170. Жануарлардың әрбір өлген немесе союға мәжбүр болған жағдайы арнайы журналда тіркеледі. Тәжірибелік және қолданылмаған жануарлардың өлекселері акті ресімделе отырып, әкімшілік бөлген жауапты адамның бақылауымен өртеледі.
171. Жануарларды виварийден зертханаға жеткізу және кері апару арнайы дезинфекцияланған торларда жүзеге асырылады. Егеуқұйрықтар мен тышқандар виварийде күтіп-ұсталған торларында тасымалданады. Жарақаттанудың (тырнау және тістеудің) алдын алу мақсатында зертханалық жануарлармен барлық әрекеттер арнайы станоктарда және қолғаптарды киіп жүргізіледі.
172. Ауру жұқтырған жануарларды күту кезінде әрбір торды тазалағаннан кейін резеңке қолғаптарды қолдан шешпей, дезинфекциялық ерітіндіге батыра отырып залалсыздандырылады.
173. Виварий қызметкерлері арнайы киіммен (халаттар, алжапқыш, қалпақ, резеңке қолғап) қамтамасыз етіледі.
174. Уытты заттармен жұмыс жүргізілетін токсикологиялық зертхананың үй-жайларында тамақ ішуге және темекі шегуге жол берілмейді.
11. Радиологиялық зертханадағы жұмыс жағдайларына және
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
175. Сәуле көздерімен жұмыс істеуге (А тобының персоналы) 18 жасқа толған, медициналық қарсы айғақтары жоқ, нұсқамадан өткен және қауіпсіздік қағидаларына білімі тексерілген адамдар жіберіледі. Білімін тексеру нәтижесі журналда тіркеледі.
176. Радиологиялық зертханалар басқа үй-жайлардан оқшауланып, ғимараттың жеке бөлігінде немесе бөлек қабатта орналасуы тиіс. Зертхананың үй-жайлары лас және таза аймақтарға бөлінеді және қабылдауға, дозиметрлік бақылауға және сынамаларды бөлуге арналған ортақ үй-жайлар бөлінеді.
177. Лас аймақта:
1) сынамаларды дайындауға, сақтауға және күлдеуге арналған үй-жай;
2) радиохимиялық зерттеуге (лас аймақ);
3) ыдыстарды, контейнерлерді, жабдықтарды, киім-кешекті және арнайы киімдерді дезактивациялауға арналған үй-жайлар орналасады. Лас және таза аймақтардың арасында санитариялық өткізгіш көзделеді.
178. Таза аймақта:
1) сынамаларды дайындауға, сақтауға және күлдеуге арналған үй-жай;
2) радиохимиялық зерттеулер (таза аймақ) орналасады.
179. Жұмыс үй-жайлары бокстармен, камералармен, каньондармен немесе басқа тұмшаланған жабдықтармен жабдықталады.
180. Жылыту, газбен жабдықтау, сығылған ауамен, су құбырымен жабдықтаудың жалпы жүйелерін басқару және топтық электр қалқандары жұмыс үй-жайларынан шығарылуы тиіс.
181. Ауаның радиоактивті ластану мүмкіндігіне байланысты (ұнтақтармен жұмыстар, ерітінділерді булау, эманациялаушы және ұшпа заттармен жұмыс) жұмыстар ауа шығару шкафтарында және жеке жұмыс үстелдерінде жүргізіледі.
182. Радионуклидтердің жұмыс үй-жайларына және қоршаған ортаға органикалық түсуі статикалық (жабдықтар, үй-жайдың қабырғалары және жабындары) және динамикалық (желдету және газ тазарту) кедергілерін қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
183. Жабдықтар, аспаптар және жиһаздар әр аймақтың үй-жайларына бекітіліп қойылады және таңбаланады. Оларды бір аймақтың үй-жайынан екіншісіне беруге радиациялық бақылаудан кейін таңбасын ауыстыра отырып жол беріледі.
184. Құрамында калибрлі жабық сәуле көздері кіретін аспаптарға, иондалған сәуле көздерін өндіретін құрылғыларға бөгде адамдардың қол жетімдігіне жол берілмейді. Зертханаларда иондаушы сәуле көздерінің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.
185. Көздерді, радиоактивті заттарды, шыны ампулаларға балқытып жабылған радий тұздарының сұйық ерітінділерін, альфа және бета эталондарды зертханаға бұйрық бойынша жауапты адам қабылдайды және есепке алады, сейфте сақтайды.
186. Радиологиялық зертханада мынадай қауіпсіздік қағидалары сақталуы тиіс:
1) радиоактивті препараттармен және ластанған сынамалармен жұмыс істеу кезінде манипуляторлар қолданылады, оларға қолмен жанасуға жол берілмейді;
2) радиоактивті заттармен, ластанған сынамалармен әрекеттер жеңіл дезактивацияланатын беттерде жүргізіледі;
3) радиоактивті ластанған сынамалармен жүргізілетін барлық жұмыстар қолғаппен, бахилада және арнайы киіммен орындалады;
4) радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезінде пластикалық үлдірлермен, сүзгіш қағаздармен және бір рет қолданылатын материалдармен жабылған, нашар сорғытатын материалдан жасалған стаушалар және тұғырықтар пайдаланылады;
5) радиоактивті заттарды, ластанған сынамаларды ауыстырып құю, булау, ауыстырып салу, сондай-ақ радиоактивті заттардың ауаға түсуі мүмкін басқа операциялар ауа шығару шкафтарында жүргізіледі. Шкафтағы желдету жұмыс басталғанға дейін қосылады, жұмыс ойықтарындағы ауаның жылдамдығы кемінде 1,0 м/сек болуы тиіс;
6) радиоактивті заттармен жұмыс аяқталғаннан кейін қызметкерлер қолдарын жылы сумен сабындап мұқият жуады, содан кейін қолдарының тазалығына дозиметрлік тексеру жүргізіледі. Зертханадан шығатын кезде шешілген қолғаптар, бахилалар, арнайы киімдер арнайы кір жуатын орынға жіберіледі;
7) радиоактивті ластанған сынамаларды зерттегеннен кейін барлық сұйық немесе қатты қалдықтар арнайы ыдыстарға жиналады. Қолданылған зертханалық ыдыс ағынды судың астында мұқият жуылады және дезактивациялық ерітіндімен (5% лимон қышқылының ертіндісімен, 10% тұз немесе азот қышқылының ертіндісімен) өңделеді, содан кейін қайтадан ағынды сумен жуылады. Мұқият тазартудан және жуудан кейін ыдыстар кептіргіш шкафтарда кептіріледі. Ыдыстарды дезактивациялау радиациялық бақылау арқылы жүргізіледі;
8) барлық үй-жайларда күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі.
187. Радиоактивті заттар, сақтау барысында радиоактивті газдар, булар немесе аэрозолдар бөлуі мүмкін құрамында көп мөлшерде радиоактивті заттар бар сынамалар ауа шығаратын шкафтарда, бокстарда, камераларда өртенбейтін материалдан жасалған жабық ыдыстарда сақталады.
188. Радиоактивті сұйықтық құйылған шыны сыйымдылықтар металл немесе пластмасса ыдыстарға орналастырылады.
189. Қалдықтарды жинау және тасымалдау үшін мыналар қолданылады:
1) қатты радиоактивтік қалдықтар үшін контейнерлер, пластикалық немесе қағаз қаптар;
2) сұйық радиоактивтік қалдықтар үшін контейнерлер және арнайы цистерналар.
Контейнерлердің сыртқы бетіне радиациялық қауіпсіздік белгісі қойылады және радиоактивті қалдықтың түрін, олардың радионуклидтік құрамын және белсенділігін көрсететін бирка бекітіледі.
190. Контейнерлерді, аспаптарды, ыдыстарды, жабдықтарды дезактивациялау үшін арнайы үй-жай бөлінеді. Дезактивация радиациялық бақылау арқылы жүргізіледі.
191. Радиоактивтік қалдықтарды уақытша сақтау және ұстау үшін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін арнайы үй-жайлар бөлінеді және жабдықталады.
192. Лас және таза аймақтарда жұмыс орнына нәтижелері журналда тіркелетін дозиметрлік бақылау және персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізіледі. Лас аймақта сынамалармен жұмыс кезінде үш негізгі қорғау қағидалары сақталуы тиіс: "уақытпен", "қашықтықпен", "экрандаумен" қорғау.
Радиоактивтік заттармен жұмысты жалғастыруға кедергі болатын денсаулық жағдайында ауытқу анықталған кезде осы адамдар иондалған сәуле көздерімен жанаспайтын жұмыстарға уақытша немесе тұрақты ауыстырылады.
193. Зертханада дезактивациялайтын заттардың авариялық қоры болуы тиіс.
12. Биологиялық материалмен жұмыс уақытында аварияларды
жою кезіндегі іс-әрекеттерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
194. Патогендігі I-II топтағы қоздырғыштармен жұмыс жүргізетін әрбір ұйымда, қызметкерлерде ауруға күдікті симптомдар анықталған және аварияға жол берілген жағдайда қызметкерлерге арналған изолятор болуы тиіс.
195. Изоляторда өмірлік көрсеткіштері (кардиологиялық, шокқа қарсы, антидоттар) бойынша көмек көрсету үшін негізгі және резервтегі ерекше дәрілік препараттардың және дезинфекциялық құралдардың қоры көзделеді.
196. Биологиялық материалмен жұмыс уақытында авария болған жағдайда тез арада тоқтатылады және авариялық дабыл қосылады.
197. Жұқпалы материалдың шашырауы арқылы авария пайда болған жағдайда бөлмеде жүргізілетін барлық жұмыстар тоқтатылады. Қорғаныш киімдерін (орамал немесе шлемнен бастап) дезинфекциялық ерітіндіге батырады немесе бикске (бакқа) автоклавтау үшін орналастырады. Көзге, мұрынға қоздырғыш сезімтал болып келетін антибиотик ертінділерін тамызады. Терең микоздардың қоздырғыштарымен жұмыс кезінде авария болған жағдайда көзге және мұрынға 1% бор қышқылын тамызады, ауыз бен тамақты 70о этил спиртімен шаяды.
198. Ботулиндік уыттармен авария кезінде көзді және ауызды сумен және 1 миллилитрде 10 халықаралық бірлікке дейін ерітілген уытқа қарсы сарысумен жуады. Ботулиндік уыттар терінің ашық учаскелеріне түскен жағдайда оны көп мөлшердегі сумен сабындап жуады.
199. Егер авария белгісіз қоздырғышпен жұмыс кезінде болса, кең спектрлік әсері бар антибиотиктермен профилактикалық емдеу жүргізіледі.
200. Егер авария биологиялық материалдың шашырауынсыз өтсе, биологиялық материалмен жанасқан жабдықтың бетіне дезинфекциялық ерітіндімен тампон (салфетка) қойылады.
201. Егер авария бокста (немесе БҚБ-да) өтсе – жұмысты тоқтатады, материал түскен жерге дезинфекциялық ерітіндіге молынан батырылған салфетканы жабады. Бокстың ішінде 30 минутқа бактерицидті шамдарды қосады, авариялық дабылды қосады, содан кейін дезинфекциялау жүргізеді. Ауа шығаратын желдеткіш авария және дезинфекциялау кезінде қосылып тұруы тиіс.
202. Егер авария жарақат алумен немесе тері жабыны тұтастығының басқа да бұзылуына байланысты болса:
1) жұмысты тоқтатады, қолдарын дезинфекциялық ерітіндімен өңдейді, қолғапты шешеді және жарадан дезинфекциялық ерітіндіге қанын қысып ағызады, жарақат орнына 4-5 минутқа дезинфекциялық ерітіндіден немесе 70о этил спиртінен компресс қояды;
2) күйдіргі қоздырғышымен жұмыс кезінде жарақат орнын сумен сабындап мұқият жуады және дезинфекциялық ерітіндіні қолданбастан йод жағады;
3) терең микоз қоздырғыштарымен авария кезінде жарақат орнын тиісті дезинфекциялық ерітіндімен өңдейді, сумен сабындап жуады, йод жағады;
4) патогендігі I-II топтағы вирустармен жұмыс кезінде қанды құрғақ стерилді салфеткаға қысып ағызады және дезинфекциялық ерітіндіні қолданбастан йод жағады;
5) АИТВ-мен жұмыс кезінде жараны және сілемейді өңдегеннен кейін зардап шегушіге 72 сағаттан кешіктірмей, профилактикалық антиретровирустық терапия (АРВТ) тағайындалады және жазатайым оқиғадан кейін 12 ай бойы бақыланады. Зардап шегушіге ол инфекция көзі болуы мүмкіндігі ескертілуі тиіс. Авариялық жағдайдан кейін 6 айдан соң, 12 аптадан, 6 айдан және 1 жылдан кейін АИТВ-ға теріс нәтижелер жағдайында бақылау тоқтатылады.
203. Егер авария материалды (автоклавқа және бөлімшелер арасында) тасымалдау кезінде болса, персонал тасымалдаудағы сыйымдылықтарды сол жерге қалдырып, қауіпті аймақтан кетеді және болған оқиға жайлы бөлімше бастығына хабарлайды. Аварияның болуына себепші болған адамдар санитариялық өңдеуден өтеді. Авария кезінде үй-жайды өңдеу обаға қарсы 1 типті костюмде жүргізілуі тиіс.
204. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдерді зертханалық жұқтырудың барлық жағдайлары туралы ақпарат халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға дереу берілуі тиіс.
13. Материалдарды (микроорганизмдерді) сақтауға және
тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
205. Барлық микробиологиялық зертханаларда оларды тасымалдау кезінде жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ оларды рұқсатсыз беруді және есепсіз сақтауды болдырмайтын микроорганизмдерді сақтауға, беруге қойылатын бірыңғай талаптар орындалуы тиіс.
206. Су құбырларына, тағам объектілеріне, медициналық мақсаттағы өнімдерді өндіретін ұйымдарға қызмет көрсететін өндірістік зертханаларда патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдерінің мұражайлық өсірінділерінің болуына және оларды зерделеуге байланысты зерттеулер жүргізуге жол берілмейді.
207. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен жұмысқа режімдік комиссияның рұқсатын алған микробиологиялық зертханаларда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның режімдік комиссиясы берген рұқсат болғанда мұражайлық өсірінділер коллекциясының болуына жол беріледі.
208. I-IV топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге рұқсаты жоқ зертханаларда диагностикалық және өзге де зерттеулер кезінде бөлінген микроорганизмдер режімдік комиссияның тиісті рұқсаты бар зертханаға берілуі тиіс.
209. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен жұмысқа режімдік комиссияның рұқсаты бар ұйымдарда, зертханаларда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның режімдік комиссиясы берген рұқсат болғанда мұражайлық өсірінділер коллекциясының болуы мүмкін.
210. Патогенді I-IV топтағы бөлінген микроорганизмдер ұйым, зертхана басшысының рұқсатымен жойылуы тиіс.
211. Коллекциялық штаммға берілген белгі (нөмір, код) оны берген кезде өзгермеуі тиіс. Штамм өлген (жойылған) жағдайда оның белгілерін жаңадан келіп түскен штаммдарға беруге жол берілмейді.
212. Патогенді I-II топтағы микроорганизмдердің штаммдарын жою осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес актімен ресімделуі тиіс.
213. Ішінде микроорганизмдер бар сыйымдылықтарда микрорганизмнің атауы, штаммның нөмірі мен қайта себілген (лиофилизацияланған) күні белгіленген айқын, шайылып кетпейтін жазуы немесе берік желімделген затбелгісі болуы тиіс. Уыттары бар сыйымдылықтарда затбелгінің төменгі оң жақ бұрышында қызыл түсті қосымша таңбасы болуы тиіс.
214. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдер коллекцияда лиофилизацияланған немесе тоңазытылған жағдайда, тығыз немесе сұйық қоректік орталарда, сондай-ақ ағзалардың жүзгіні және консерванттағы тіндер түрінде сақталуы тиіс.
215. Патогендігі I-IV топтағы құрғақ патогенді микроорганизмдер бар ампулаларды себу немесе жою үшін ашу осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес актімен ресімделеді.
216. Микроорганизмдердің штаммдары тоңазытқышта немесе жанбайтын шкафта (сейфте) топтары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Әртүрлі топтағы микрорганизмдерді жабылатын қақпағы бар сынбайтын ыдыстарда сақтаған жағдайда бірге ұстауға жол беріледі. Сыйымдылықтарға сүргі салады, олардың сыртқы немесе ішкі жағында сақталатын микрорганизмдердің тізбесі мен саны бар тізім орналастырылады.
217. Патогендігі І-ІІ топтағы патогенді биологиялық агенттерді және патогендігі ІІІ-IV топтағы коллекциялық микроорганизмдерді зертхана (ұйым) ішінде беру ұйым басшысының жазбаша рұқсаты бойынша осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
218. Патогендігі І-ІІ топтағы миркоорганизмдерді уақытша сақтауға беруді осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес актімен ресімдеу қажет.
219. Патогендігі І-IV топтағы микроорганизмдерді ұйымның шегінен тыс беру ұйым басшысының қолы қойылған, мөрі басылған тек ресми өтінім бойынша ғана жүргізіледі. Талап етілетін агенттерді белгілеген кезде қабылданған патогендігі І-ІV топтағы микроорганизмдер сыныптамасы пайдаланылады. Микроорганизмдерді алу өтінімінде берілген нөмірі мен күні көрсетілген микроорганизмдермен жұмысқа рұқсатының бар болуына сілтеме болуы тиіс. Беру тек микроорганизмді беретін ұйым басшысының жазбаша рұқсатымен және осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес акт жасау арқылы жүргізіледі.
220. Патогендігі ІIІ -IV топтағы микроорганизмдерді ұйымдар арасында тасымалдау почта байланысы немесе курьер арқылы жүзеге асырылады. Микроорганизмдерді курьермен алған кезде сенімхат және оның жеке басын куәландыратын құжаттар ұсынылады.
221. Патогендігі І-IV топтағы миркроорганизмдерді тасымалдау кезінде барлық тексеру және бақылау түрлерін болдырмау мақсатында курьерде осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жөнелтуші ұйым берген арнайы жүкті тасымалдауға рұқсат және оның ішіндегісі көрсетілген ұйымның ресми бланкісіндегі ілеспе хаты болуы тиіс. Патогендігі І-IІ топтағы микроорганизмдер үшін екі данада қосымша қаптамалау актісі жасалады. Көрсетілген құжаттардың бірінші даналарын микроорганизмдер бар қаптамаға салады. Құжаттардың көшірмесі жөнелтушіде қалады. Патогендігі І-IV топтағы микроорганизмдерді алған ұйым қаптаманы ашу актісін жасауы және патогендігі І-IV топтағы микроорганизмдерді алуды растайтын хатпен бірге оны берген ұйымға жөнелтуі тиіс.
222. Жөнелтуші ұйым алушы ұйымға жедел байланыстың кез келген түрімен патогендігі І-IV топтағы микроорганизмдер жөнелтілген күн мен көліктің түрін хабарлайды.
223. Патогендігі І-IV топтағы микроорганизмдерді тығыз қоректік ортада береді. Құрамында микроорганизмдер бар уыттарды, вирустарды, ағзаларды, тіндер мен олардың жүзгіндерін консервіленген сұйықтықта немесе тоңазытылған күйде беруге жол беріледі.
224. Миркроорганизмдерді тасымалдау тұмшаланған жабық ыдыстарда (дәнекерленген ампулаларда, жаншылған сауыттарда, қалың шыныдан немесе пластикалық материалдан жасалған жапсырылған түтікшелерде, тығынмен жабылған және әртүрлі пластификаторлармен тұмшаланған түтіктерде) жүзеге асырылады. Сыйымдылықтарды лигнинмен немесе гигроскопиялық мақтамен орайды, металл немесе (халықаралық стандарттағы) тығыз жабылатын пластмасса немесе бұралып жабылатын пеналға салады. Пеналда сыйымдылықтарды қаптамалау олардың қозғалу мүмкіндігін және тұтастығының бұзылуын болдырмауы тиіс. Сорғытатын материал қаптама бүлінген жағдайда барлық сұйықтықты сіңіріп алуға жеткілікті болуы тиіс. Ішіне сыйымдылықтар қаптамаланған пеналдарды қағазбен орайды және сүргі мөрмен бекітеді.
225. Жөнелтілімнің мекенжайы жазылған жағында – "Қауіпті! Тасымалдау кезінде ашуға болмайды" деген белгі болуы тиіс.
226. Патогендігі І-IV топтағы микроорганизмдерді жұқтыруы ықтимал тірі жануарлар мен буын аяқтыларды тасымалдауға тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бойынша жол беріледі. І-IV патогенді топтағы микроорганизмдерді жұқтырған тірі жануарлар мен буын аяқтыларды тасымалдауға тыйым салынады.
227. Микроорганизмдерді тасымалдау кезінде авариялар, зілзалалар туындап, жөнелтілім жоғалған немесе ұрланған жағдайда тез арада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, тиісті аумақтағы халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға оқиға болған орынды күзету, салдарларын жою және іздестіруді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау үшін хабарлау қажет.
228. Микроорганизмдердің өсірінділері мен уыттарының экспорты және импорты Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
229. Шетелден ПБА алған ұйымдар бұл туралы Қазақстан Республикасының ұлттық микроорганизмдер коллекциясын хабардар етуі тиіс.
230. Шетелдік іссапарлар кезінде микроорганизмдер алған тұлғалар келгеннен кейін оларды өз ұйымына тіркеуі тиіс.
231. Жөнелтуші ұйым жөнелткен жерге дейін қаптамалау және тасымалдау қағидалары талаптарының сақталуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына, сондай-ақ қолданыстағы халықаралық конвенциялар мен қағидаларға сәйкес Халықаралық почтамт арқылы ПБА-ны қаптамалаудың және жөнелтудің дұрыстығына жауапты болып табылады.
232. Алушы мен жөнелтушінің мекенжайлары көрсетілген жәшіктің беті күлгін түсті жазба белгімен және "Тез бұзылатын биологиялық зат", "Қауіпті: жөнелту кезінде ашуға болмайды", "Коммерциялық құндылығы жоқ", "Халықаралық пошталық қауіпсіздік қағидаларына сәйкес қаптамаланған" деген ерекше белгілермен (ағылшын тілінде) жабдықталуы тиіс.
233. Медициналық ұйымдар микроорганизмдердің тегі, түрі, авторлық коллекцияның типтік атауы көрсетілген талаптарды жолдай отырып, оларды алу мақсаты мен қажеттілігін негіздеп, ПБА-ны тек тірі өсірінділер мұражайлары арқылы ғана сұрата алады.
"Зертханаларға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына 1-қосымша
Зертханалар үй-жайларының жиыны және аудандары
Патогендігі III-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмыс
жүргізетін бактериологиялық зертханалар үй-жайларының жиыны
және аудандары
1-кесте
р/с
№
|
Үй-жайлардың атауы
|
Ауданы, м2
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Зертхана меңгерушісінің кабинеті
|
кемінде 12
|
2.
|
Себу бөлмесі
|
1 жұмыс орнына кемінде 6, бірақ кемінде 12
|
3.
|
Ішек тобы инфекцияларына зерттеуге арналған үй-жай
|
1 жұмыс орнына 6, бірақ кемінде 12
|
4.
|
Фаготиптеуге арналған үй-жай
|
кемінде 12
|
5.
|
Санитариялық бактериология бойынша зерттеулер жүргізуге арналған үй-жайлар:
|
1)
|
дәрігерлер үшін
|
1 жұмыс орнына 6, бірақ кемінде 12
|
2)
|
зертханашылар үшін
|
1 жұмыс орнына 6, бірақ кемінде 12
|
3)
|
кіреберісі бар бокс
|
кемінде 12
|
6.
|
Тамшы инфекцияларына зерттеуге арналған үй-жай
|
1)
|
дәрігерлерге арналған
|
1 жұмыс орнына 6, бірақ кемінде 12
|
2)
|
зертханашылар үшін
|
1 жұмыс орнына 6, бірақ кемінде 12
|
3)
|
кіреберісі бар бокс
|
кемінде 12
|
4)
|
серологиялық зерттеулерге арналған үй-жайлар
|
кемінде 14
|
5)
|
стерильдікке зерттеуге арналған кіреберісі бар бокс
|
кемінде 12
|
6)
|
жуатын орын
|
кемінде 18
|
7)
|
препараторлық
|
1 жұмыс орнына 6, бірақ кемінде 10
|
8)
|
стерилизациялық
|
2 стерильдеу шкафының әр қайсына кемінде 15, қосымша әр шкафқа кемінде 5
|
7.
|
Термальдық бөлмелер
|
1)
|
ішек инфекцияларына зерттеуге арналған
|
кемінде 6
|
2)
|
санитариялық бактериология бойынша зерттеуге арналған
|
кемінде 6
|
3)
|
температуралық режім плюс 43 оС
|
кемінде 6
|
8.
|
Тоңазытқыш камера
|
кемінде 6
|
9.
|
Істен шыққан инфекциялық материалды және орталарды, ыдыстарды зарарсыздандыруға арналған автоклавтық
|
1 автоклавқа кемінде 10, қосымша әр автоклавқа кемінде 5
|
10.
|
Қоректену орталарын дайындауға арналған үй-жайлар:
|
1)
|
ортаны пісіретін
|
кемінде 12
|
2)
|
ортаны құюға арналған кіреберісі бар бокс
|
кемінде 10
|
11.
|
Қоймалар:
|
1)
|
стерильді зертханалық ыдыстарға
|
кемінде 12
|
2)
|
стерильді емес зертханалық ыдыстарға
|
кемінде 12
|
12.
|
Персоналдың санитариялық өткізгіші:
|
1)
|
сыртқы киімдерге арналған киім ілетін орын
|
кемінде 0,4, бірақ кемінде 6
|
2)
|
1 торлы себезгі
|
кемінде 1
|
3)
|
арнайы киімдерге арналған киім ілетін орын
|
шкафқа 0,4, бірақ кемінде 6
|
4)
|
1 унитазды дәретхана
|
кемінде 0,85
|
13.
|
Персоналдың бөлмесі
|
кемінде 8
|
14.
|
Талдау нәтижелерін тіркеу және беру
|
кемінде 6
|
1)
|
сынамаларды алу үй-жайы
|
кемінде 6
|
15.
|
1 унитазды дәретхана
|
кемінде 0,85
|
16.
|
Оқу бөлмесі
|
1 орынға 4, бірақ кемінде 30
|
Ескертпе: жұмыс көлемі аз зертханаларда үй-жайлар жиыны орындалатын зерттеулер номенклатурасына байланысты болады. Бір үй-жайда: препараторлық және стерильдеу бөлмесін (18 м2), санитариялық бактериология боксы мен тамшы инфекциялар бокстарын (6 м2) орналастыруға жол беріледі.
Патогендігі I-II топтардың микроорганизмдерімен жұмыс жүргізетін бактериологиялық зертхана үй-жайлары жиыны және аудандары
2-кесте
р/с
№
|
Үй-жайлардың атауы
|
Ауданы, м2
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Таза аймақта көзделеді:
|
1)
|
сырт киімге арналған киім ілетін орын
|
1 шкафқа кемінде 0,4, бірақ кемінде 6
|
2)
|
арнайы киімге арналған киім ілетін орын
|
1 шкафқа кемінде 0,4, бірақ кемінде 6
|
3)
|
зертхана меңгерушісінің кабинеті
|
кемінде 12
|
4)
|
әкімшілік жұмыстарға арналған бөлме
|
кемінде 12
|
2.
|
Шартты-таза аймақта көзделеді:
|
1)
|
қоректену орталарын дайындау және құюға арналған боксы бар бөлме
|
кемінде 12
|
2)
|
автоклавтық 1 автоклавқа
|
кемінде 10, бірақ әр қосымша автоклавқа кемінде 5
|
3)
|
препараторлық-стерильдеу бөлмесі
|
кемінде 18
|
4)
|
Жуатын орын
|
кемінде 18
|
5)
|
қойма
|
кемінде 12
|
6)
|
1 унитазды дәретхана
|
кемінде 0,85
|
3.
|
Жұқпалы аймақта көзделеді:
|
1)
|
бокс алдындағы бөлмелері бар 5 -6 бокс
|
кемінде 9
кемінде 13
|
2)
|
Шұғыл-диагностикаға арналған үй-жай
|
кемінде 12
|
3)
|
автоклавтық 1 автоклавқа
|
кемінде 10, бірақ әр қосымша автоклавқа кемінде 5
|
4.
|
Жұқпалы блок:
|
|
1)
|
материалды қабылдау, тіркеу және оны бастапқы өңдеу бөлмесі
|
кемінде 6
|
2)
|
зоологиялық-паразитологиялық
|
кемінде 12
|
3)
|
материалды қабылдау және бастапқы өңдеуге арналған бөлмеден, себіндіні жұқтыруға, ашуға және себуге арналған бөлмеден, зарарсыздандыруға арналған мүкаммалдың және жұқтырылған малды күтіп-ұстауға арналған бөлмеден тұратын жұқтырылған малмен жұмыс істеу блогы
|
кемінде 48
|
4)
|
қорғаныш костюмін киюге арналған үй-жай
|
кемінде 6
|
5)
|
қорғаныш костюмін шешуге арналған үй-жай
|
кемінде 6
|
Ескертпе: шартты-таза аумақтың үй-жайлары таза аймақтың үй-жайларынан санитариялық өткізгішпен бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |