Об утверждении Положения о государственном учреждении Комитет регионального развития Министерства экономического развития и торговли



жүктеу 81,5 Kb.
Дата13.11.2018
өлшемі81,5 Kb.
#19206



Ұлттық экономика

министрінің 2015 жылғы

« »

№ бұйрығымен



бекітілген

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


  1. Жалпы ереже

1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленді.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган аудандық және облыстық маңызы бар қалалық ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі

Құжаттарды қабылдауды және беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырылады.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар жиынтығын тапсырған сәттен бастап:

күнтізбелік 39 (отыз тоғыз) күн ішінде көтерме жәрдем ақы төленеді;

күнтізбелік 32 (отыз екі) күн ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Келісім жасау рәсімі іске асырылады;

Келісім жасалғаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күннің ішінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит ұсынылады;

2) құжаттар жиынтығын тапсыру үшін барынша рұқсат етілген күту уақыты – 15 минут.

3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет – қағаз нысанында.

6..Мемлекеттік қызметтің нәтижесі көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары болып табылады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз нысанында ұсынылады.

7. Мемлекеттік қызмет мамандарға тегін көрсетіледі.

8..Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі

Көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;

тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде;

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;

тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;

3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;

тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;

маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;

кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;

кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қайтарылады.

Құжаттарды тапсырғаннан кейін маманға тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен жайы, телефоны, өтініш берген күні және өтініш берген тұлғаның қолы қойылған қолхат ұсынылады.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, сонымен қатар көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

10.. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жоғары тұрған уәкілетті органның басшысына атына беріледі.

Әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым, кабинет номері уәкілетті органның қабырға тақтайшасында көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда толтырылады. Шағымда шағым берушінің тегі, аты, әкесінің аты (қолдағы жеке тұлға құжаты болуымен), почта мекенжайы, телефоны, шағым берілген күн және қойылған қолы көрсетіледі.



Қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы түскен шағымның қабылданғанының дәлелі көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіндегі жеке және заңды тұлғалардың арыздары тіркелетін журналға (мөртабан, кіріс номері және екінші данаға қойылған тіркелген күн немесе арызға ілескен хатқа) оның тіркелгендігі болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабалданғандығын растайтын туралы шағымының көшірмесіне, кіріс номері, күні, шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, тиісті кеңсенің байланыс телефоны көрсетілген мөртабан қойылады.

Көрсетілетін қызмет алушыға шағымның қаралғанының нәтижесі туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.



Бұған қоса көрсетілетін қызмет берушінің қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты ьірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Орталық мемлекеттік органның, облыстық, аудандық, облыстық маңызы бар қалалық атқарушы органның, қала, аудандық маңызға ие қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызмет берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағым ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін
ескеріле отырып өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында «Экономика және сауда саясаты» тарауының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлікшесінде орналасқан.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы, сонымен қатар көрсетілетін қызметті берушінің ресми сайтынан алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.economy.gov.kz интернет-ресурсында «Экономика және сауда саясаты» тарауының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлікшесінде орналастырылған, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша


Нысан
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім

Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы «__»__________

Бұдан әрі «Әкiмшi» деп аталатын «__________________» мемлекеттiк мекемесi атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi «Алушы» деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________, басқа тараптан және бұдан әрi «Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)» деп аталатын ____________________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:




  1. Келiсiмнiң мәні

Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүр етiлмей тараптар толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:

1. Әкiмшi, ________________________________ мәслихатының (20 ___ жылғы «__»_______ №_____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай түрдегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды:

1) _____________________________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;

2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит.

2. Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде үш жыл қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды.

3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.


  1. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi

1. Әкiмшi:

1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.

2. Әкiмшi:

1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.

3. Алушының:

1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;

2) үш жыл мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.

4. Алушы:

1) әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;

2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы Келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;

3) жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;

4) жыл сайын ХҚКО жұмыс органына мекенжай анықтамасын ұсынуға;

4) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.

5. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):

1) алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;

2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.

6. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;

2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алушылардан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.


  1. Дауларды шешу

1) Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.

2) Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.


  1. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi

1) Осы Келiсiм тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi.

Келiсiм 20___ жылғы «__»____________ бастап қолданылады.

2) Келiсiм бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.




  1. Тараптардың заңды мекенжайлары

Әкiмшi Алушы Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)

_______________________ ________________ ______________________
_______________________ ________________ ______________________
_______________________ ________________ _____________________

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

_________________________ облысы

______________________ ауданының

(облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi

________________________________

тегi, аты-жөнi

________________________________

Мекенжайы бойынша тұратын өтiнiш

берушiнiң

________________________________

тегi, аты, әкесiнiң аты

________________________________

жұмыс орны, лауазымы


Нысан
Өтініш

Сiзден Келiсiмнiң (қоса берiледі) мөлшерiнде және шарттарында маған көтерме жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға (қажеттісін сызу) бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.

__________ ____________

күнi қолы

Құжаттар қабылданды:

20__жылғы «___» _______

_______ ____________________________________________________

қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.



__________________________________________________________________

(кесу сызығы)

Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.

Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана құжаттармен бiрге 20__жылғы «__»_________________ қабылданды.


_______ ____________________________________________________

қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
жүктеу 81,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау