Білуі тиіс: селден қорғау құрылымдарын тағайындау, олардың конструкциялық элементтерін, құрылыс материалдарының барлық түрлерін, механизм, машина жұмыс жүргізу кезінде бейімділігінің тағайындалуын және құрылуын, жарылғыш заттармен айналысу ережесін; альпинисттерді дайындау және тау бағыттары бойынша жүру негізгі жаттығуларын, қалып құралдарының тәсілдерін меңгеру, арматуралық қаңқаны байлау, құрылысты қорғау конструкциясының атағы, жөндеу – құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникаларының ережесін; апаттан қорғау жұмыстары кезіндегі медициналық көмек ережесін.
67. Спорттық жазық құралдарды жөндеуші 3 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оларға оқу – жаттығу сабақтары мен жарыстарды өткізу үшін жайдақ спорт ғимараттарды дайындау. Волейбол, баскетбол, гандбол, городок және басқа алаңқайларды, теннистік корттарды, жеңіл атлетикалық жүгіру жолдарын, секіруге және спорттық жабдықтарды лақтыруға арналған секторлар, шөпте футбол, гандбол, регби, хоккей ойындарды үшін алаңдар, ипподромдар шөпті, көмірлі күл, синтездік, үгінді және басқа жабулармен бетін түзеу, суару және белгілеу. Шөп жабумен спорттық ойын алаңын қырқады, жыртады, кеседі және шыммен жабады. Ойын алаңының жері. Егу, тамырлы бұтақшаларды алып тастау, арам шөптен арылту, кесіп тастау, ағаш кесіндісі мен ойын алаңдарынан шығарылған орындарды созып жөндеу. Минералды және органикалық тыңайтқыштарды таңдау және оларды топыраққа салу. Сырғанаққа, алаңға, жолдарға құю үшін негізін дайындау. Шайбамен, доппен хоккей ойындары үшін мұз айдындарын, жүгіріп коньки тебу жолдарын, мәнерлеп және жалпы сырғанау үшін алаңдарды жылдық жағдайға байланысты ұстайды және қарайды. Мұз айдындарында, алаңдарда, жолдарда және алаңқайларда ағаштың безі мен бұтағын тазалау, қарды тазалау, жарылған және шұңқырларды бекіту. Қозғалған кезде су құю және қар тазалайтын машиналардың бағыттарын құрастырады және жылдамдығын анықтау. Авто және мотоспорт бойынша жарыстар үшін мотобол және велобол алаңдарын, кросстық тас жол шығыршық көмір күл және асфальтобетон трассасын жөндеу және белгілеу. Қолданылған құралдар мен инвентарьді бояу және ұсақ жөндеу.
Білуі тиіс: инерциялық материалдарды егу ережесін; терең жыртуды; тұқымды жиі егуді; топыраққа тұқымды бекіту құралдарын; кесу құралдарын; тасу және шымды қалауды; ойын алаңдарынан шығарылған орындарын созып жөндеу құралдарын; топырақтық және климаттық жағдайларға қарай тұқымды таңдау құралдарын; шөптерді егіп шығып, бар топыраққа қоса арнайы ботқаға кіретін құрам бөліктерінің қасиетін; топырақтың физикалық – механикалық, химиялық талдауын; минералдық және органикалық тыңайтқыш және топырақтардың химиялық талдауына байланысты оларды топыраққа салу нормаларын; ерітінділермен топырақты суару ертіндісін; ойын алаңдарын қырқу және суаруын; арнайы материалдар дайындау үшін және сапасына байланысты оларға қатысты материалдарды; дренаж құралдарын; ойын алаңдарын; жеңіл атлетикалық жүгіру және спорттық алаңдарды белгілеу ережелері мен құралдарын; футбол, хоккей шөпте шайба және доппен, гандбол, регби ойындары үшін алаңдардың, баскетбол, волейбол, городок ойындары үшін алаңдардың, теннистік корттардың мөлшерін; алаңды тегістеуді; табиғаттағы алаңдарды бөлу тәсілін, құрылыс сызбаларын оқу; сырғанаққа, алаңға, жолдарға су құю негізіндегі дайындық құралдарын; ауа температурасына байланысты су құю тәртібі мен ережесін; құрал – жабдықпен және инвентарьмен пайдалану құралы мен ережесін; пайдалану кезінде қолданылған жайдақ спорт ғимараттарын; табиғаттағы алаңдарды бөлу жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде; алаңдарды жөндеу және құрылыс кезінде тегістеу бағаларын беруін; топырақтық және климаттық жағдайларға сәйкес топырақ ботқаларын, шөп ботқаларын, арнайы ботқаларды, құру және қалау кезінде, жауапты спорттық жарыстар өткізілетін спорттық ғимараттарды жөндеу және жабуды белгілеу кезінде – 4 – разряд.
Бағбан
68. Бағбан 1 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көшетті, қаламшаны, екпені, талдарды, бұталарды, гүлді өсімдіктерді отырғызу. Топырақты өңдеу, минералды тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қоректендіру. Өсімдіктерді оларды жұқпасыздандыру құралдарымен тозаңдату және бүрку. Отырғызылатын материалды қазып алу. Шұңқырды қазып және көшетті отырғызғаннан кейін оларды себу. Екпе ағашты түптен және су құю. Кольді дайындап, орнатады және оған өсімдікті байлап қою. Қурап қалған ағаштар мен бұталарды валкалау және түбірімен жұлу. Газондардағы шөптерді шабу, бақша жолдарындағы борттарды кесу, жерді тегістеу. Жапырақтардан жасылдандырылған аумақты, шабылған шөпті және қоқысты жинап алу. Қоқысты өртеу. Шымды дайындау және бетін созып жөндеу.
Білуі тиіс: талдардың, бұтақтардың өсімдіктердің тұқымдары олардың тәсілімен ерекшеліктерін; тұқымды егу және себілген тұқым көшеттерінің құралын; өсімдікті суару нормасы мен уақытын; өсімдікті отырғызу, қайта отырғызу және ұластыру; тыңайтқыштардың ерекшелігін және жұқпасыздандыру заттарының түрлерін; олардың қолданылуын; бау – бақша құраларымен және инвентарьмен пайдалану ережесін.
69. Бағбан 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Газондарды, клумбаны және алаңдарды, сызу мен жоспарлау эскиздары бойынша әзірлеу және көркемдеп әдемілеу, кәсіпорындардың және ұйымдардың тиісті аумақтарын жасылдандыру. Отырғызылатын материалдарды дайындау. Кілем тәрізді газондарды қырқу, гүлзарды, талдардың және бұтақтардың сұлбаларын формалап кесу; талдарды жылыту және ақтау және баубақша науымынан зақымданған жерлеріне егуді жағады. Тұқымдармен мен көшеттерді жинап, реттеу. Өсімдікжай және көшетхана шаруашылығын ұйымдастыру және енгізу. Көшетхана мен өсімдікжайды желдету және жылыту, тұқымдармен өсімдіктерді жабу. Жәшіктерді, горшоктарды, сөрелерді және оларға өсімдіктерді дайындау. Құрал, арам шөпті жұлу және жүйекшені қопсыту.
Білуі тиіс: агротехника және ботаника негіздерін; талдармен бұтақтарды кесу тәсілін; топырақта өңдеу ережесін және өсімдіктерді отырғызу үшін дайындық жұмыстарының орындалуын. Жылыжайдағы, көшетханалардағы, өсімдікжайдағы температураның режимін; өсімдіктердің ауырғанына байланысты және олардың ауруларын ескерту жөніндегі шаралар күресінің тәсілдерін.
Санитар, санитарка (-Жуушы)
70. Санитар, санитарка (-Жуушы) 3 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тазалық сақтау режиміне сәйкес ұйымдағы бөлмеде тазалық жүргізу, аурулардың күтімін жүзеге асырады: (қажеттілік кезінде) емізуге, іш киімі мен киімдерін ауыстыруға, суднаны әперу және жинау. Әр тамақты қабылданғаннан кейін төсек режиміндегі адамдардың кереуеті алдынан тумбаларды (кішкене столдарды) алып тастау. Іш киімдерді және киімдерді дұрыс пайдалануын, шаруашылық инвентарь және жуу құралдарын қамтамасыз ету. Аурулар үшін қажетті режимді сақтайды. Курьер функциясын орындайды, дәріхана мекемелерінде дәріхана ыдыстарының жуылуын жүзеге асырады. Жылу жүйесін, сумен жабдықтауды, су құбырын және электр құралының бұзылғаны туралы шаруашылық бикеге хабарлау.
Білуі тиіс: санитарлық және гигиеналық, қауіпсіздік техникаларын және еңбекті сақтау ережесін; жуу құралдарын дайындауды және олардың пайдаланылуын.
71. Санитар, санитарка (-Жуушы) 4 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тазалық сақтау режиміне сәйкес бөлмеде тазалық жүргізу. Медикаменттерді, құралдарды, жабдықтарды алған кезде және бөлімшелерге жеткізгенде аға медициналық бикеге көмектесу. Шаруашылық бикеден алады және іш киімді, шаруашылық инвентарь және жуу құралдарын дұрыс сақтайды және пайдаланады. Аурулардың күтімін жүзеге асырады: (қажеттілік кезінде) емізуге, іш киімі мен киімдерін ауыстыруға, суднаны әперу және жинау. Әр тамақты қабылданғаннан кейін төсек режиміндегі адамдардың кереуеті алдынан тумбаларды (кішкене столдарды) алып тастау. Медициналық бикенің нұсқауы бойынша ауруларды диагностикалық – емдеу кабинеттеріне шығарып салады. Жылу жүйесін, сумен жабдықтауды, су құбырын және электр құралының бұзылғаны туралы шаруашылық бикеге хабарлау.
Білуі тиіс: санитарлық және гигиеналық, қауіпсіздік техникаларын және еңбекті сақтау ережесін; жуу құралдарын дайындауды және олардың пайдаланылуын.
72. Сатураторшы 1 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Газдалған суды таратады. Белгіленген рецепт бойынша газдалған суды дайындау үшін орнатуды қамтамасыз ету. Сатуратор қимылы: нұсқауға сәйкес пропорцияға тиісті баллондардан сумен және көмір қышқыл газымен толтырылады. Химиялық орнатудың шаюы мен арматурасы. Бақылау - өлшеу құралдарының көрсеткіші бойынша сууы және толық судың көмір қышқылдығы. Жұмыстағы жабдықтар мен арматуралардың кішкентай бұзылғандарын жояды.
Білуі тиіс: бақылау - өлшеу құралдары мен арматураны құруын және тағайындауды; химикат шығыстарының нормаларын; газдалған судың дайындалған процессін; орнатудың қимыл тәсілдерін және олардың реттеу ережесін; санитарлық – гигиеналық минимумын.
73. Жарықпен көшіріп алушы 3 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр жүйенің жарықпен көшіріп алу аппараттарымен қызмет көрсету. Норма бойынша шығару камерасын тиеу. Шығару үшін ерітіндіні құру. Тапсырыспен жарық көшірменің тиражын салыстыру, тапсырысты буып – түйеді; сызулармен жарық көшірмені қабылдайды және тапсырады.
Білуі тиіс: Әр жүйенің жарықпен көшіріп алу аппараттарын құруды және тағайындауды; бекіту және шаю ванналарынан шығару, камераларды тиеу тәртібімен нормалауын; ертінді дайындау рецептурасы мен ережесін; химикатты, жарықты сезгіш қағаздарды, калектерді, жарықпен көшіргішті сақтау ережесін.
Жұмыста аппараттың кішкентай олқылығын жою, майлау және оны реттеу кезінде; жарықты сезгіш қағаздардың, кальканың (негатив) қаттылығы мен сапасының сортына байланысты жарықпен көшіру аппараттар барабандарының айналу жылдамдығын реттеу кезінде – 4 -ші разряд.
Шаруашылық бикесі
74. Шаруашылық бикесі 3 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлімшелерге, палаталарға, кабинеттерге іш киімді тарату, алу, сақтау. Кір киімдерді шығарып тастаған немесе жөндеу үшін жұқпасыздандыруға, жууға жіберу. Ұйым (бөлімшелер) қызметкерлерінің инвентарьді дұрыс пайдалануын бақылау. Есептеме құжаттамасын жүргізу.
Білуі тиіс: ұйымда (бөлімшеде) іш киімді, жеңіл және қатты инвентарьді пайдалану мерзімін, оның санитарлық өндеу мерзімі мен әдістерін; пайдалану жағдайлары және инвентарьдің сақталуын; ұйымда (бөлімшеде) санитарлық – гигиеналық бақылау ережесін; есептеме құжаттамалар формасын және оларды толтыру ережесін.
75. Шаруашылық бикесі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұйым бөлмесінде тазалық пен тәртіптің сақталуы бойынша палата санитаркалардың (жуушылардың) жұмыстарын басқарады, бөлімшені шаруашылық, жеңіл және қатты инвентарь, ауруларды арнайы киіммен, гигиеналық заттармен және кеңсе заттарымен, жуу құралдарымен, төсек және іш киімді қамтамасыз ету. Қызметкерлерге халат, орамалдардың ауыстырылуын жүргізу. Бөлменің ішін, жабдықты, инвентарьді жөндеуге арналған тапсырыстарды құрастырады және оның өткізілуін бақылайды. Тамақ ішу (буфет,асхана) блоктарын жабдықтармен, ыдыстармен қамтамасыз ету және оларды дұрыс таңбалау және оның пайдалануын бақылау. Есептеме құжаттамасын жүргізеді.
Білуі тиіс: ұйымдағы (бөлімшелердегі) іш киімді, жеңіл және қатты инвентарьді пайдалануының жылдық мерзімін, инвентарьдің санитарлық өндеуінің мерзімі мен әдісін; пайдалану жағдайы мен инвентарьдің сақталуын; есептеме есептерінің құжаттама формасын және олардың толтырылуының дұрыстығын; ұйымдағы (бөлімшедегі) санитарлық – гигиеналық режимнің бақылау ережесін.
Кішкентай жөндеуді орындаған және арнайы киімді үтіктеген кезде – 5 – разряд.
76. Ит үйретуші маман 3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көрмелерде және дала сынақтарына иттерді жаттықтыру және дайындау. Күшіктермен иттерді тамақтандыру және оларға бірінші ветеринарлық көмек көрсету. Күшіктерге бос орындарды бақылау. Иттерді қарау, бөлменің ішін және оларға арналған қораларды тазалау.
Білуі тиіс: ит үйретуші және ветеринария негіздерін; күшіктер мен иттерді күту ережесін; дайындау ережесін және иттерді көрмелерге және дала сынақтар жаттықтыруларын; иттің тұқымдарын.
77. Елді мекен объектілерінің тізімін құрастырушы 2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ғимараттар мен құрылыстар бойынша ішін өлшеп және сыртын сызу. Құдықтарды және су жүргізетін құбырды, канализациямен, жылумен қамтамасыз етуді, электро жүйесінің ішін байқап өлшеу. Саябақ, гүл алаңы, бау бақшалар, көшелер және басқа аумақтарды сүретке түсіріп алу.
Білуі тиіс: ғимараттар мен әр түрлі құрылдардың ішін және сыртын өлшеу ережесі мен қабылдауын; өлшеуіш таспамен, экермен және басқа қарапайым құралдармен, олардың құрылысы мен пайдалану ережесін.
78. Шыны сүртуші 1- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кір қоқыстан шыны мен жақтауды тазалау. Арнайы құралмен шыныға өткізу, терезенің жақтауы мен терезенің алдын жуу. Қажетті инвентарь мен құрал – жабдықтарда жұмыстарды таңдау үшін және оларды тазалықта ұстау.
Білуі тиіс: жұмыстарды орындау жағдайын; жуу құралдарының түрлері мен тәсілдерін; биікте және техникалық қауіпсіздік жұмыстарын орындау ережесін; қолданылған құрал – жабдықтарды пайдалану ережесін.
Биіктігі 15 м шыныны тазалау жөніндегі жұмысты орындау кезінде – 2 – разряд.
79. Күзетші (Вахтер) 1- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әкімшілік өкілеттігімен немесе ауыстырушы күзетшімен бірге күзету объектісінің бүтіндігін (құлып және басқа тиекті құрал – жабдықтар; пломбының бар болуы, өртке қарсы инвентарь; сигналдау, телефондарды, жарық түсіруді түзеу) тексеру. Ақаулықты тапқан кезде (сынған есіктерді, терезені, құлыпты пломба мен мөрі жоқ болса), объекті күзетке қабылдауға рұқсат берілмейді, осы жөнінде ол өзі бағынатын адамға, әкімшілік өкілеті мен полиция бөлімшесі бойынша кезекшіге хабарлау және күзетші полиция өкілетінен келгенге дейін қылмыстың ізін жүзеге асырады. Объектіде өрт болған кезде дабыл қағу, өрт сөндіру командасына және полиция бөлімшесі бойынша кезекшіге хабарлайды, өртті жою жөнінде іс-шаралар қолдану. Ұйымның өткізетін бөлмесінде кезекшілікті атқарады, қызметкерлерге, келіп-кетушілерге, ұйымның аумағына және оларға тиісті құжаттарды көрсету жөнінде керісінше автокөліктерге рұқсатнаманы жүзеге асырады. Ілесе құжаттардағы нақты жүктің бар болуын салыстыру; қақпаны ашу және жабу. Журналдың жазбасына сәйкес кезекшілікті қабылдау және ауыстыруын жүргізеді. Бөлмені тиісті санитарлық жағдайда ұстау.
Білуі тиіс: рұқсатнама режимі туралы ереже мен нұсқауды; материалдық құндылықтарды енгізу және шығару немесе ұйымға келіп- кетушілерге қол қоюға құқы бар адамдардың қол қою үлгілерін; үнемі және бір жолғы рұқсатнамалардың үлгілерін; объектілерді күзету жөніндегі ереже мен нұсқаулықтарды; күзету объектісінің шеңберін; күзету объектілерінің әкімшілік өкілдерінің және полиция бөлімшесі кезекшісінің телефон нөмірін. Ауысым бойынша аға міндеттерін орындау кезінде – 2 –разряд.
80. Мерген 2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күзету объектісі бойынша қызмет атқарады. Күзету объектісінен материалдық құндылықтарды заңсыз шығаруға тырысып жатқан, құқықты бұзуға күдікті адамдарды ұстап және олармен қызмет бөлмесіне немесе полиция бөлімшесіне ілесіп жүру. Күзету зонасына енетін материалдық құндылықтар қоймасы бөлмені күзетуге қабылдау. Объектіде орналасқан өрттен күзету сигнал беру құралдарының жұмыстарын бақылау, олардың қажалу себептерін анықтау, қарауыл бөлмелеріне хабарлау. Күзет зонасына қойылған қарауыл иттердің қызметің бақылау.
Білуі тиіс: Күзету объектілерінің ұйымдарын реттеуші нұсқаулықтарын, бұйрықтарын нормативтік құжаттарын; сеніммен алған қарумен оларды пайдалану тәртібін қарауды; құқық бұзушыларды ұстау ережесін; күзету ұйымның және оның бөлімшелері жұмыстарының режимін, күзетуге алынған объектілердің лауазымды және материалды жауапты адамдардың құрылымын; көрші орындарда орналасқан, ұйымдарда қабылданған өрттен күзету сигналының берілуін, оның жұмыс істеуіне әсер ету тәртібінің бекітілуін; алғаш өрттен сөндіру құралдарының орналасқан орны және оларды пайдалануға байланысы мен тәртібін; техника қауіпсіздік ережесін.
Ірі өнеркәсіп ұйымдарын күзету жөнінде лауазымды міндеттерін орындау кезінде аса маңызды немесе оларға теңестірілген объектілері, ірі базалар, және қоймалар – 3 – разряд.
81. Қоқысты тастайтын жерді тазалаушы 1- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қоқысты жинайтын қоқысты жинау бөлмесі мен қоқысты қабылдайтын камераларды, олардың өткелдері мен сатыларын кір – қоқыстан және қоқыстарды тиеу қақпаларынан жинау, тазалау және жуу. Қоқыстарды және оларды камераға қояды және қоқысты жинап, көшіру камераларынан шығару. Қоқысты тастайтын жерлерді, қоқысты қабылдайтын камера және қоқыстарды жинайтын дұрыс жағдайды қамтамасыз ету, оларды жұқпасыздандырады, қоқысты тастайтын жерлердің бағанын ластанудан жояды. Қоқысты тастайтын жерлердегі бағананың ауа алмастыруын реттеу.
Білуі тиіс: Қоқысты тастайтын жерлерді ұстау және пайдалану ережесін, бағандарды, бункерлерді тазалау тәсілін және осы жұмыстарды орындаған кезде техникалық қауіпсіздік ережесін; қоқыстарды тастайтын жерлерді ұстау жөніндегі санитарлық және гигиеналық ережесін.
Он бір және одан да жоғары қабатты үйлерді немесе үй астындағы бөлмелер мен төменгі қабаттарда қоқысты қабылдайтын камералар мен қоқысты қабылдайтыны бар болған кезде қоқысты жинау бойынша жұмыстарды орындау кезінде – 2 – разряд.
82. Өңдіріс және қызмет бөлмелерін тазалаушы 1- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлмелерді, коридорларды, сатыларды жинайды. Жиһаздан, кілем бұйымдарынан шаңды жояды, сыпырады және қолмен жуады қабырға, еден, терезе машинаның көмегімен тазалайды. Белгіленген орынға сыпырынды мен қоқысты жинау және тасымалдау. Душ, гардероб және басқа жалпы пайдаланатын орындарды тазалау және жұқпасыздандыру. Жуу және жұқпасыздандыру ерітіндісін дайындау. Жуу құралдарын, инвентарь және сүртетін материалдарды алу. Жиналған бөлмелерде санитарлық және гигиеналық ережені сақтау.
Білуі тиіс: жиналатын орындарды ұстау бойынша санитарлық және гигиеналық ережені, қызмет көрсету жабдықтары мен лайықты пайдалану ережесі мен құралын; жинау ережесін; жуу және жұқпасыздандыру құралдарын тағайындау және топтау; санитарлық – техникалық жабдықтарды пайдалану ережесін.
Өндірістік бөлмелерді сонымен қатар өндіріс, санитарлық қорап және жалпы дәретханалардың қоқыстарын жинау жөнінде жұмыстар орындау кезінде – 2-разряд.
83. Аумақты тазалаушы 1- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүру жолдарының бөлігін, көше тротуарларын сыпыру, оларды қардан, мұздан тазалау, құм себу. Су ағып кету үшін каналды және науаны қазу және тазалау. Оларға еркін кіру үшін өрт құдықтарын қардан және мұздан тазалау. Төселген тротуарларды, жас көшеттерді, клумба және көгал алаңдарын суару. Көшедегі құл – қоқыс салатын жәшіктерді (урна) кезеңді жуу және жұқпасыздандыру, оларды қоқыстан тазалау. Аумақта қызмет көрсету санитарлық жағдайын қадағалау.
Білуі тиіс: көшелерді ұстау жөніндегі санитарлық ережесін; жинау жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік ережесін.
Орталықтағы елді мекенде, көліктің және елдің интенсивті қозғалыс орындарында аумақты жинау жөніндегі жұмысты орындау кезінде-2-разряд.
84. Аяқ киім тазалаушы 1 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Клиенттің көзінше аяқ киімді тазалау: аяқ киімге қосымша темір салады, кір – қоқыстан тазалау, аяқ киімге арнайы аяқ киім щеткасымен кремді біркелкі қылып жағу, жылтырағанға дейін аяқ киімді жұмсақ аяқ киім щеткасымен және барқытпен тазалау. Аяқ киімнің ұсақ-түйек жөндеуі: нәлді ауыстыру, нәлді тығындап қағу, өкшені биіктету. Аяқ киімнің ұсақ-түйекті жөндеу және оны қарау жөніндегі заттар үшін фурнитураны шеберден алады және клиенттерге сату. Қызметтерін орындағаны үшін ақы алады және оны кәсіпорын кассасына тапсыру, дүмбіршекті жинау.
Білуі тиіс: аяқ киімді ұсақ жөндеуді, тазалау түрлерінің ережесі мен қабылдауын; гигиеналық және санитарлық ережесін; аяқ киімді күту жөніндегі фурнитуралар мен заттардың түрлерін.
85. Швейцар 1 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалпы тамақтану, сауда, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарда келіп – кетушілердің кіруі мен шығуын бақылау. Бөлімдерін, секцияларын, сауда залдарын, бар бос орындарға орналастыру туралы келіп – кетушілерді хабарландыру. Вестибюльді тәртіпке келтіру, тамбурдағы және кіреберістегі әйнек пен қабырғаны сүрту. Есіктегі метал заттарын тазалау және олардың дұрыстығын тексеру. Байқалған ақау туралы әкімшілікке хабарлау. Жарық жарнамаларының жанып – сөну, сигнал беру жүйесін тексеру.
Білуі тиіс: келіп – кетушілерге қызмет көрсету ережесін; бөлімдерді, секцияларды, сауда залдарын, такси шақыру телефон нөмірлерін, жедел – жәрдем, милиция, өрт сөндіру командаларын орналасуын; жалпы тамақтану, сауда, коммуналдық шаруашылық жақын жердегі кәсіпорындардың тұрған жерін; өртке қарсы қорғау және сигнал беру құралдарының орналасуын және оларды пайдалану ережесін; санитарлық және гигиеналық ережені; металдық заттарды тазалау тәсілін» жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалықтарымен толықтырылсын;
2) БТБА, 16-шығарылымында:
«Медициналық құралдар, аспаптар мен жабдықтар өндірісі» бөлімі мынадай мазмұндағы:
86. Протез – ортопедиялық бұйымдарды сынаушы
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген әдістеме бойынша түрлі жағдайларда протез-ортопедиялық бұйымдарды сынақтан өткізу. Сынаудағы бұйымдардың конструкцияларын зерттеу және оларды кигізу. Бұйымдарды сынақтан өткізуге дайындау: бөлшектеу, жинау және қажет болғанда протез-ортопедиялық заттардың тораптарын реттеу; әртүрлі тораптар мен механизмдердің функционалдығын және бір бірімен әрекеттесуін тексеру. Сынақтан өткізіліп жатқан бұйымдардағы ауытқулар мен кемшіліктерді анықтау. Белгіленген тәртіп бойынша сынақтан өткен бұйымдарды техникалық жағдайларға сәйкес тапсыру. Сынақтар хаттамасын рәсімдеуге қатысу.
Білуі тиіс: протез-ортопедиялық бұйымдардың және олардың модульдерінің, бақылау-өлшегіш аппаратураның және сынақ құрал- жабдығының қызметі мен конструкциялық ерекшеліктерін; бұйымдарды сынақтан өткізуге дайындау ережелерін және сынақ әдістемесін; сынақтан өткізілетін бұйымдардың барлық бөлшектерінің қызметі мен бір – бірімен әрекеттесуі; бұйымдарды жинау сапасына қойылатын шарттар мен талаптарды; сынау барысында ауытқудың пайда себептерін және оларды жою тәсілдерін; адамның қозғалу анатомиясы мен биомеханикасының негіздерін.
Әдеттегі протездеудің сирақ, табан, қол, білек протездік- ортопедиялық бұйымдарын және өзге де бұйымдарды сынақтан өткізу кезінде – 3-разряд.
Әдеттен тыс протездеудің протездік - ортопедиялық бұйымдарын, содай-ақ сыртқы энергия көздері бар бұйымдарды сынақтан өткізу кезінде – 4-разряд жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалығымен толықтырылсын;
3) БТБА, 37-шығарылымында:
«Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері» бөлімі мынадай мазмұндағы:
87. Аңшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бекітіп берілген обходта, қорықта, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау. Азық дайындау. Аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, жайылымдардағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу. Ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылау.
Ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу. Ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді белгілеу. Ағаш кесетін жерлерді бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру. Тіркелген обходы, қорығы, аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу. Аңшылық етудің ережелері мен мерзімдерін және орман тәртібін бұзғандарға қатысты хаттама әзірлеу. Орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөніндегі шараларды қолдану.
Көпірлердің, өрт бақылау мұнарасын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходта зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.
Білуі тиіс:басқаруға берілген обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын; аңшылық ету ережелерін; орманды дұрыс пайдалану және орман шаруашылығын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді; орман егу және оман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын; ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін; аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін; орман шаруашылығындағы агротехника мен жұмыстар технологиясын.
Достарыңызбен бөлісу: |