Білуі тиіс: суға батушыға жақындау тәсілдерін, оны судан шығару, тұншығудан босату, буксирлеу тәсілін және алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету; құтқару құралдарын пайдалану ережесін, сигнал беруді, суға кеткендерді кемеге және жағаға шығаруды; кеменің швартовымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын; құтқару шлюпкасын басқару, аквалангы қолдану принциптерін.
43. Спорттың техникалық түрі жөніндегі механик 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Спорттық техника, қару, әр түрлі спорттық жабдықтарды жөндеу және күту, олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту және жетілдіру. Сабақ және жарыс процестеріндегі ақауларды табу, реттеу, жөндеу және жою. Спорттық техникалардың сипатын жақсарту жөнінде техникалық шарттар мен талаптарды жетілдіру. Техниканы, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, ыстық майлайтын материалдардың және олардың қажеттік есебін есепке алу.
Білуі тиіс: Спорттық техникалар, қарулар, қолданылған жабдықтар мен құрылғыларды жөндеу және реттеу, қалпына келтіру, пайдалану ережелері мен тәртібін; техниканың, арулардың, жабдықтардың жұмысын тексеру тәсілдерін; спорт түрінен жарыстың ережесін; қызмет көрсететін техника жұмысының тәртібін және конструкциялық ерекшеліктерін, қысқаша сипаттамасын; ережелер мен қауіпсіздік шаралары, өртке қарсы қорғану және тазалық жөніндегі нұсқауларды.
Ерекше күрделі спорттық техникаларды, қаруларды, әр түрлі спорттық жабдықтарды реттеу және жөндеу жұмыстарын орындау - 5-разряд.
Ерекше күрделі спорттық техникаларды, қаруларды, әр түрлі спорттық жабдықтарды реттеу және жөндеу жұмыстарын жеке тапсырыспен орындау - 6-разряд.
44. Жүк тасушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жолаушылардың ауыспалылық кезінде жүктерін қолмен және арнаулы арбалардың көмегімен қызмет көрсету. Жолаушыларды вокзалдың қызметтік жайларының орналасуы туралы хабардар ету. Қажеттілік жағдайларда транзиттік теплоходтардан, ұшақтардан және поездардан почталарды қабылдау. Жүктердің араласпай сақталуын қамтамасыз ету.
Білуі тиіс: вокзалдың қызметтік жайларының орналасуын; жүктер мен қол заттарын дайындау ережесін; аэродром, вокзал, теплоходтар мен поездар, ұшу аппараттарының маңында жылжыту ережесін; самолеттердің, поездардың, теплоходтардың жүру кестесін; жүктерді таңбалау тәртібін.
Анықтамалық және ақпараттық материалдарды өңдеуші
45. Анықтамалық және ақпараттық материалдарды өңдеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары өңдеушімен тексерілгеннен кейін тапсырыс берген нөмірлері бойынша ақпараттық материалдарды жинайды, жүйелейді және кодтайды, таңдап алынған материалды конверттейді, конверттерді өлшейді және таңбалайды. Конверттерді қапқа буып – түю және оларды жіберу, ілеспе құжаттарды ресімдеу үшін беру. Абоненттерге хат – хабар алуға және қарауға арналған шақыруларды тарату. Қабылдау және түскен пошталық хат – хабарға есеп.
Білуі тиіс: тиісті тақырып бойынша ақпараттық материалды талдау ережесін және оны ресімдеу; ақпараттық материалды кодтау жүйесін; ақпараттық материалды буып – түюге талапты; хат – хабарларды қабылдау және есепке алу тәртібін.
46. Анықтамалық және ақпараттық материалдарды өңдеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тапсырыс берушілердің берілген тақырып бойынша газеттер мен журналдардан ақпараттық материалды іріктеп алу, бақылау данасының белгісіне сәйкес оның кесіндісі, осы материалға арналған тапсырыстың шифрын, атауын, нөмірін, газет пен журналдың шығу орны мен күнін қою. Анықтамалық – ақпараттық қызметтер үшін анықтамалық материалдар іріктеу, анықтама материалдарындағы өзгерістер туралы анықтамалар беру жөнінде кезекшіге хабарлау. Анықтама стендтерінде желімдеу үшін хабарламалар мен жарнамаларды іріктеу. «Танысу» ақпаратты –іздеу салу абоненттерінің жинақтау картотекаларын ұйымдастыру. Абоненттердің карточкалары мен есеп беру жүйесін енгізу.
Білуі тиіс: Анықтамалық – ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру негіздерін; газеттер мен журналдардан ақпараттық материалдар мен оларды ресімдеу кесінділерінің ережесін; жауап құжаттарын енгізу тәртібін.
47. Автоматтандырылған газ қорғанысының операторы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тау-кен қазбаларында метан газын автоматты бақылау аппаратурасымен қызмет көрсету, тұйық қазбаларындағы желдету режимін бақылау. Бақылау объектілерінің тіркелген белгі беру және іске қосылу қондырғыларының дұрыстығын тексеру. Журналға тіркелген сынамалардың көрсеткіштеріне өз кезеңі бойынша жазба жүргізу және оны тау – кен мастерлері мен жерасты электрослесарларынан келіп түскен ақпараттармен салыстыру.
Білуі тиіс: шахта қазбаларында аэрогаздық бақылау құралдарын орналастырудың жалпы сызбасын; құрылғы мен пульт тағайындау принциптерін; тұтқалардың, кнопкалардың және белгі беру құрылғыларының ережесі мен тағайындалуын; кеніш атмосферасын бақылау құралдары мен әдістерін; жылдам ақпарат беру мен қабылдау тәртібін; құжат жүргізу ережесін.
Гидротехникалық ғимараттың қараушысы
48. Гидротехникалық ғимараттың қараушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Каналдардың, бөгеттердің, плотиналардың аналогиялық гидротехникалық ғимараттардың қауіпті орындарын қарау және кішкене ақауларын жою. Гидротехникалық бөлікшесінің сусепкіш және коллекторлы – сорғы (дренажды) торабының барлық гидротехникалық ғимараттары бар гидрометикалық қондырғылармен қызмет көрсету. Топырақты су қиябетінде сыналуды, көшкін құбылысының пайда болуын, жағалаудағы бекіту көшеттерін орнатуды байқау. Қар суының алдын – алу материалдары және құрылыс материалдарының апатты қорларының дайындамасы. Су шаруашылығы міндетіндегі ағаш егістерін қорғау. Жылқыға қарау, велосипед және мотоциклді жақсы жағдайда ұстау.
Білуі тиіс: сусепкіш торабымен жердің сулау ауданында қызмет көрсетуін және ауылшаруашылықта пайдалануын; кранның ұзақтығы мен орналасу жоспарын; гидротехникалық ғимараттар мен гидротехникалық қондырғылардың санын және олардың техникалық сипаттамаларын; ғимарат және ағаш егістігі торабының жағдайын; сусепкіш және коллекторлы сорғы (дренажды) торабы каналдарын, гидротехникалық ғимараттар мен гидротехникалық қондырғыларды, сумен суаруды пайдаланудың негізгі ережесін; жылқыға дұрыс қарау ережесін; велосипед және мотоциклді құрылғысын және оларды дұрыс пайдалана алуын.
49. Гидротехникалық ғимараттың қараушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Келтірілген каналдардың қиябетін, бағытталған ағыншаны және қорғаныс бөгеттерін, плотиналарды гидротехникалық ғимараттар мен олардың жабдығын көзбен тексеріп қарау; олардың су шайып кету мен бұзылу көлемін анықтау. Шаруашылық – су пайдаланушыларға суды беру және бөлу. Ағаш егістерін жұмсаған су тәртібін бұзушыларға табылған бұзушылықтары туралы сызбалық суретін салу және актілер құрастыру және актілерді учаскелік гидротехникке беру. Сусепкіш торабы мен ғимараттардың техникалық қарауына қатысу. Қызмет көрсету учаскелердегі, сонымен қатар апат және бөгеуші қақпалар, су жіберулерімен, дюкерлермен ағымдағы және апатты гидроғимараттарды жөндеу жөніндегі жұмыстарға қатысу.
Білуі тиіс: негізгі гидротехникалық ғимараттардың қондырылуы мен тағайындалуын; ауылшаруашылығының суды пайдалануы туралы Заңын және су сепкіш жүйесін техникалық пайдаланудағы ережесін; гидрология жөніндегі негізгі мәліметтер; жер гидроғимараттарын бекіту тәсілдерін; қиябет, бөгет ғимараттардың ағымдағы жөндеу өндірісіндегі қауіпсіздік техникасы ережесін; курс торабындағы дайындығы болуы керек.
Құжат түптеуші
50. Құжат түптеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құжаттарды қолмен түптеу. Картонды жазу және сұрыптау, бойлық сызығымен форматқа кесу, техникалық матадан түбіртек жасау. Құжаттарды нөмірі мен форматы бойынша іріктеу, парақтарды түзеу, астынан және үстінен картон парағын салу, қалыпқа келтіру. Бұрғылап тесу, құжаттарды тігу, түбіртекті желімдеу. Ярлык дайындау және оны түбіртек пен жоғарғы бетіне жапсыру. Пышақтарды қайрау.
Білуге тиіс: стандартты форматты; картон мен техникалық матаны кесу ережесі мен оларға қойылатын техникалық талаптарды; құжаттарды жиынтықтау және кітапшалау ережесін; бұрғылап тесу мен пышақ пен бұрғыны қайрау ережесін.
51. Құжат түптеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ескі кітаптарды, қолжазбалар мен құжаттарды қолмен түптеу. Қарапайым қалпына келтіріп түптеу: блогі сақталғанымен зақымдалған коленкор немесе қағаз түптемені қалпына келтіру; зақымдалған түптемені зарарсыздандыру; бұрыштарын, канттарын, қақпағын бекітіп қалпына келтіру; сирек, құнды кітаптарға жаңа түптеме дайындау; ескірген түбіртекті нығайту жұмыстарын жүргізу.
Білуге тиіс: түптеу жұмыстарына арналған техникалық талаптарды; түптеме жұмыстарын қалпына келтірудің түрлері мен әдістерін; түптелетін кітаптар, құжаттар жасалған материалдардың қасиеттерін; қалпына келтіріп түптеу жұмысы кезінде қолданылатын желімнің қасиеттерін, олардың рецептурасы мен жасалуын.
52. Өрт сөндіруші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өрт техникалық жарақтарын қолдана отырып өрт сөндіру жөніндегі жабдықтар. Жанғыш нысаналарының үйлесімдерін бұзу және ашу жөніндегі жұмыстарды орындау. Өрт техникалық жарақтары мен жабдықтарын, оның техникалық қызмет көрсетуі мен қателіктерін жою, арнаулы дайындықты керек етпейтін үлгілі жағдайда ұстау. өрт сөндіру бөлігінде бар радиоқұралдарын және сөйлесу қондырғыларын пайдалана білу. Жарлықтар мен нұсқаулықтар талаптарына сәйкес ішкі қарауылдағы, барлаудағы, күзет орнында қызмет жүргізу жөніндегі тапсырмаларды орындайды. Өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіреді. Ғимараттардың, жарақтардың тұрғын және тұрмыс нысаналарының өртке қарсы жағдайын тексеруді жүзеге асырады.
Білуі тиіс: өрт сөндіру-техникалық жарақтармен және өрт сөндіру автокөлік құрылғыларындағы жұмыс ережесін және орналастыруды, құрылғыны; оқшаулайтын противогаздарды пайдалану және қарау ережесін, құрылғысын және олармен жұмыс істеу ережесін; өрт сөндіру қауіпсіздігінің негізгі бөлігі мен материалдарын; адамдарды құтқаруды ұйымдастырудың және бағалы материалдарды пайдаланудың әдістері мен тәсілдерін; ғимараттарда, көлікте және елді мекен кешендерінде жайсыз жағдай кезінде өртті сөндіру ерекшеліктерін; құрылмаларды талқылау және ашу жөніндегі жұмыстар жүргізу әдістерін; радиоактивті және жарылғыш заттар түгел болса өрт сөндіру кезінде туындайтын жағымсыз факторлар мен жайсыз құбылыстарды; тұрғын үйдің өртке қарсы жағдайын тексеру тәртібін; шығу ауданы және оны өрт сөндіру суымен қамтамасыз етуін; ең негізгі және өрт қауіпсіздігі объектілерінің орналасуын; өрт сөндіру және өрт сөндіру күзеті құрылымдарындағы қызметін ұйымдастыруды регламенттейтін бұйрықтар мен нұсқаулықтарды; гарнизонды және қарауылды қызметтердің міндеттерін.
5-разряд- арнаулы агрегаттарды, механизмдер мен пайдаланылатын аппараттарды қолдана отырып өрт сөндіру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде немесе барлық жауынгерлік есепшоты міндеттерін орындауда.
53.Еден сүртуші 2 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сүртетін жердің аумағын алдын-ала босатып электрлі еден сүрткішпен немесе аяқ мәусегімен еденді сүрту. Кір мен қопсықтан еденді тазарту. Электрлі еденсүрткіш жұмыстарындағы кішкене қайшылықтарды жою. Мастика мен балаусыз дайындау, еденнің үстіңгі жағына мастика немесе балаусыз, лак жағу.
Білуі тиіс: электрлі еденсүрткіштерді қолдану ережесін және жұмыс қағидаттарын, құрылғысын; лак, мастика және балаусыз түрлерінің жиынтығын және оларды пайдалану ережесін.
Арнаулы мастикаларды қолдана отырып, ағаштың құнды түрлерінен еденді қолмен сүрту жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде – 3 разряд.
Ауыл шаруашылық азық-түліктер және шикізат қабылдаушы
54. Ауыл шаруашылық азық-түліктер және шикізат қабылдаушы 1 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауылшаруашылық азық – түлектер мен шикізаттарды сорттау және қабылдау. Өнімдер мен шикізаттарды өлшеу және салмақтау. Ауылшаруашылық азық-түліктер мен шикізаттарды белгіленген нышандары бойынша сорттау. Қабылданған өнімдерді сақтау.
Білуі тиіс: ауылшаруашылық азық-түліктер мен шикізаттарды сорттау және қабылдау ережесін; ауылшаруашылық азық-түліктер мен шикізаттарды өлшеу және салмақтау ережесін; өнімдер мен шикізаттарды сақтау ережесін.
55. Ауыл шаруашылық азық-түліктер және шикізат қабылдаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауылшаруашылық азық-түліктер мен шикізаттарды сорттау және қабылдау. Техникалық жағдайларға немесе мемлекеттік стандартқа сәйкес тапсырылатын өнімнің сапасын, сондай-ақ өнім түрлерін, оның сортын, таксатын, класын, класқа бағыныстылығын, ақаулық жағдайын, консервілеу, мөлшері мен салмағын анықтау. Алушыларға өнімдерді өткізу. Алушыларға өнімдерді ресімдеу. Белгіленген құжаттарды ресімдеу.
Білуі тиіс: тапсырылатын өнімнің сапасын анықтау ережесін және ауылшаруашылық азық-түліктер мен шикізаттарды қабылдау ережесін; мемлекеттік стандарттар мен техникалық жағдайларды; ақауларды жою және оларды болдырмау тәсілдерін; белгіленген құжаттарды ресімдеу ережесін.
Қызмет иттерінің жол көрсетушісі (Бастаушы)
56. Қызмет иттерінің жол көрсетушісі (Бастаушы) 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бекітілген қызмет иттерін қарау, оларды үйретеді және жаттығулар жүргізеді, күзет орындарында қою және одан алу. Иттерге, күзетке, жабдық заттарына, керек – жарақтарына арналған орындарды тәртіппен ұстау.
Білуі тиіс: қызметтік иттермен ұйымдастыратын жұмыстарды реттейтін нұсқаулықтарды, бұйрықтарды; қызмет иттерін үйретудің тәртібін; қарау, ұйымдастыру және ветеринарлық қызмет көрсету, қызмет иттерін дамыту және өсіру жөніндегі талаптарын; әрбір есептегі иттердің сипаттамасын, оның жұмысқа қабілеттілігін және кемістігін.
57. Қызмет иттерінің жол көрсетушісі (Бастаушы) 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Иттің көмегімен күзетілетін объектілердің аумағын арнаулы маршрут бойынша бөтен адамдардың болуын және материалдардың жақсысын ұрлауға дайындап қойғанын анықтау мақсатында аралап шығу. Іздестіру итімен қылмыс жасалған жерге шығу және қалдырған із бойынша қылмыскерді ұстауға әрекет жасау. Қызметтік – іздестіру итіне қарау және үйрету. Арнаулы керек – жарақтар мен жабдықтардың дұрыс жағдайда ұсталуы.
Білуі тиіс: қызметтік иттермен ұйымдастыратын жұмыстарды реттейтін нұсқаулықтарды, бұйрықтарды; тығылып қалған қылмыскерді және материалдардың жақсысын ұрлауға дайындап қойғанын анықтау мақсатында орындары мен объект аумағын қарау тәртібін; қызметтік – іздестіру иттерін үйрету жүргізудің тәртібін; қызметтік иттерді тамақтандыру және ветеринарлық қызмет көрсету, қарау жөніндегі талаптар.
58. Жеміс – көкөніс қоймасының жұмысшысы 2 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Картоп, көкөніс, жемістерді вагондардан, баржадан, автокөліктен қолмен немесе машина мен механизмнің көмегімен түсіру. Сақталу мерзімі бойынша өнімді сақтау және басқа белгіленген түрлерімен өлшеу және сақтауға салу. Сақталу процесіндегі өнімнің жағдайын бақылау. Өскінге қарсы репарат себу. Қоймаларды әкпен өндеу, қойма люктерін жылыту. Картоп пен көкөніс жемістерді іске асыруға даярлау: қолмен немесе машинамен іріктеп алу, өнімді және қалдықтарды толтыру, өлшеу, жіберу үшін буып – түю. Өнімді автокөлікке арту. Ыдыстарды жөндеу және сорттау.
Білуі тиіс: өнімнің түрлері мен оның сақталу ережесін; өнімнің сақталу мерзімін арттыру тәсілдерін; қызмет көрсететін механизмдерді пайдалану ережесін және құрылғысын.
59. Елді мекендерді жайластыру жөніндегі жұмысшы 3 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Канализация құбырлары мен күрелген қоқыс төгілетін ордан қолмен немесе қалақтың көмегімен тұрып қалған заттар мен қоқыстарды тазалау. Қаладағы қоқыс тастайтын жерді қатты шіріген лақтырындылардан оларды оқшаулайтын жердің қабатымен жабу арқылы зиянсыз ету. Ауру тудыратын микробтар мен шыбындардың көбеюіне кедергі келтіретін жағдайларды жасау. Қоқыс тастайтын жерлерге кеміргіштердің бару мүмкіндігін шектеу және жағымсыз иістерді болдырмау. Малдардың өлекселері мен сыпырындыларды жағу. Канализация құдықтарының және күрелген қоқыс төгілетін ордың қақпақтарын ашу және жабу. Күрелген қоқыс төгілетін орды, қоқыс тастайтын жерді және төгу орындарының стансаларын (пункттерін) зарарсыздандыру. Төгуді бақылаумен төгу стансаларында ассенизациялық машиналар мен керуенді қабылдау. Қар төгетін, қоқыс тастайтын жерге қармен келген машинаны қабылдау және қар еритін жерді көрсете отырып қарды төккізу. Сұйық қоқым – соқымдар мен жеткізілген қарлардың санына есеп жүргізу және бақылау. Жол жүру құжаттарын ресімдеу.
Білуі тиіс: қоқым – соқымды жинау туралы санитарлық ережесін; күрелген қоқыс төгілетін ор және қоқыс тастайтын жерді зарарсыздандыру тәртібін; малдардың өлекселерін құртудағы ветеринарлық – санитарлық бақылау ережесін; қоқыс тастайтын және қар ерітетін жерлерді пайдалану және орналастыру жөніндегі санитарлық ережесін; қатты қоқым – соқымдарды зиянсыз ету әдістерін; жол құжаттарын ресімдеу.
Өңдірістік монша жұмысшы
60. Өңдірістік монша жұмысшы 1 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Душ қондырғыларының, крандардың, душ сеткаларының, басқыш алаңының, терезелердің жағдайын байқау. Әртүрлі жуатын және зарарсыздандыратын ерітінділерді даярлау. Бақтарды ішетін сумен толтыру. Қоқыс урналарын қою, оларды тазалау және зарарсыздандыру. Кәсіпорын моншаларындағы туалеттерді, душ орындарын, шешіну орындарын жалпы пайдаланылатын орындарды жинау және зарарсыздандыру.
Білуі тиіс: өнеркәсіптік санитария талаптарын; жуу және зарарсыздандыру құралдарының қажетті концентрациясын және қасиетін, белгіленуін; даярлау және оларды қолдану тәсілдерін; жинау және жуылғанды қабылдау ережесін.
61. Өндірістік монша жұмысшы 2 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Іш киім мен арнайы киімді қабылдау, сақтау, сорттау және беру. Жуу, крахмалдау және көкшілтім ерітінділерін әзірлеу. Арнайы киімдерді, іш киімдерді өндірістік тағайындаудағы заттарды қолмен немесе машинкаларда жуу; кептіру барабандарында немесе табиғи жағдайда кептіру; престеумен немесе қолмен үтіктеу, арнайы киімдер мен іш киімдерді жөндеу.
Білуі тиіс: жабдықтарды қажеттілігіне қарай пайдалану ережесін; жуу, ағарту құралдарының қажетті концентрациясы мен тағайындалуын, олардың әзірлену тәсілдерін; өндірістік санитарияның талабын.
62. Жуу және арнайы киімдерді жөндеу жөніндегі жұмысшы 2 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы киімдерді, орамалдарды, перделерді жуу машиналарында және қолмен жуу. Кептіру барабандарында немесе табиғи жағдайда кептіру, престерде, каландрларда немесе қолмен үтіктеу. Арнайы киімдерді қолмен және тігін машиналарында жөндеу, тамға тігу. Жуу және зарарсыздандыру ерітінділерін даярлау. Арнайы киімдерді қабылдау, сорттау және беру. Белгіленген құжаттарды ресімдеу.
Білуі тиіс: әртүрлі материалдардан жасалған арнайы киімдерді жуу технологиясын; жабдықтарды қажеттілігіне қарай пайдалану ережесін; құрылғысын; жуу және зарарсыздандыру құралдарын қолданудағы қасиетін, турлерін және оларды қолдану мен әзірлеу тәсілдерін; белгіленген құжаттың жүргізілу ережесін.
63. Малдарға, оның ішінде аса қиын және ерекше малдардың қауіпті топтарына қарау жөніндегі жұмысшы
Жұмыс сипаттамасы. Малдарға (байқау, тамақтандыру, суару): жыландарға, рептилияға, құстарға қарау. Торды, торлы қора мен қашаны, сорғытатын мен көң жиналатын жерлерді тазалау. Төсеніштерін ауыстыру, тамақтандыратын және суаратын, көмекші орындарды мен ұялы үйлерін ауыстыру, бассейндерді жуу. Малдар үшін жасалған орындардың температурасын, ылғалдылығын ұстау және жарық түсіру. Тамақ және тамақ қоспаларын әзірлеу. Қызмет көрсетілетін малдардың тобын көбейту жөніндегі бағдарламаларын жүзеге асыру және жоспарлау. Малдардың тіршіліктануын зерттеу жөніндегі дала жұмыстарына қатысады, ал керек жағдайда оларды ұстау, тіркеу, қайта отырғызу және тасымалдауға қатысады. Малдардың тобындағы жасын жасанды қоректендіреді, оларды үйретеді және элементарлық көмекті жүзеге асырады. Биологиялық бақылаудағы күнделігін жүргізу және ғылыми – зерттеу жұмысына қатысу.
Білуі тиіс: биологиялық негіздерін және тіркелген малдар тобындағы қамтамасыз ету жағдайын; өз тобындағы малдарды көбейту негіздерін, үйрету негіздерін, торлардың, торлы қоралардың, қашалардың орналасуын, сондай – ақ айдалып әкелінген және тіркелген торлардың ережесін; санитарлы – гигиеналық және ветеринарлық талаптарының негіздерін; зарарсыздандыру ерітінділерін пайдалану және оларды даярлау тәсілдерінің ережесін; еңбекті қорғау туралы, техника қауіпсіздігі, кәсіптік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережесін.
Зертханалық малдар, аз қоректенетін және қауіпсіз құстарға дербес қызмет көрсету кезіндегі – 2 – разряд.
Қауіпті малдарды дербес қамтамасыз етуде - 3-разряд
Қиын жағдайда жыртқыш және қауіпті малдарды ұстауда дербес қызмет көрсетуде – 4 – разряд.
Ең қауіпті және улы малдарды ұстауда дербес қызмет көрсетуде - 5 разряд.
Лекция мен экскурсия жүргізген кезде демонстрация үшін оларды үйретуге және қауіпті малдар тобын және қиын жағдайда қамтамасыз етуде және ұстауда дербес қызмет көрсетудегі - 6 - разряд.
Селден қорғау құрылымдарын пайдалану жөніндегі жұмысшы
64. Селден қорғау құрылымдарын пайдалану жөніндегі жұмысшы 5 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жетуі қиын биік таулы аудандардағы қауіпті табиғи көріністері (сел тасқыны, себептер, опырылым, көшкін) жұмыстарының орындалуы. Қызмет көрсету құрылымдары, жабдықтар мен механизмдерінің техникалық жағдайын қарау, олардың барлық жөндеу – құрылыс жұмыстарының (бетон, ағаш шебері, арматура, дәнекерлеу, сырлау) түрлерін кезеңді орындаумен мінбелерді, люлькаларды сақтандыру мен көтермелі қолдануды ыңғайландыру. Электр жұмыстарын орындаумен уақытша бетон түйінінің көтеру крандарды және кіре беріс жолдары, электр жүйесі және электр жабдықтаудың монтажы, демонтажы.
Білуі тиіс: селден қорғау құрылымдарын тағайындау, олардың конструкциялық элементтерін, құрылыс материалдарының барлық түрлерін, механизм, машина жұмыс жүргізу кезінде бейімділігінің тағайындалуын және құрылуын, жарылғыш заттармен айналысу ережесін; альпинисттерді дайындау және тау бағыттары бойынша жүру негізгі жаттығуларын, қалып құралдарының тәсілдерін меңгеру, арматуралық қаңқаны байлау, құрылысты қорғау конструкциясының атағы, жөндеу – құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі қаупсіздік техникаларының ережесін; апаттан қорғау жұмыстары кезіндегі медициналық көмек ережесін.
65. Селден қорғау құрылымдарын пайдалану жөніндегі жұмысшы 6 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Теңіз деңгейінің үстіндегі 1000 – нан 2000 – ға дейінгі метр биіктігінде жетуі қиын биік таулы аудандардағы қауіпті табиғи көріністері (сел тасқыны, себептер, опырылым, көшкін) жұмыстарының орындалуы. Қызмет көрсету құрылымдары, жабдықтар мен механизмдерінің техникалық жағдайын қарау, олардың барлық жөндеу – құрылыс жұмыстарының (бетон, ағаш шебері, арматура, дәнекерлеу, сырлау) түрлерін кезеңді орындаумен мінбелерді, люлькаларды сақтандыру мен көтермелі қолдануды ыңғайландыру. Электр жұмыстарын орындаумен уақытша бетон түйінінің көтеру крандарды және кіре беріс жолдары, электр жүйесі және электр жабдықтаудың монтажы, демонтажы. Апатты – құтқару шаралары жұмыстарының барлық түрлеріндегі апаттық жұмыс өндірісіндегі жарылғыш заттарды сақтау, жүк тасу және қалау жөніндегі жұмыстардың орындалуын. Антенналық және аккумуляторлық радиостансаларды пайдалану және монтаждау, демонтаждау.
Білуі тиіс: селден қорғау құрылымдарын тағайындау, олардың конструкциялық элементтерін, құрылыс материалдарының барлық түрлерін, механизм, машина жұмыс жүргізу кезінде бейімділігінің тағайындалуын және құрылуын, жарылғыш заттармен айналысу ережесін; альпинисттерді дайындау және тау бағыттары бойынша жүру негізгі жаттығуларын, қалып құралдарының тәсілдерін меңгеру, арматуралық қаңқаны байлау, құрылысты қорғау конструкциясының атағы, жөндеу–құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникаларының ережесін; апаттан қорғау жұмыстары кезіндегі медициналық көмек ережесін.
66. Селден қорғау құрылымдарын пайдалану жөніндегі жұмысшы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 2000 метр биіктіктегі жетуі қиын биік таулы аудандардағы қауіпті табиғи көріністер (сел тасқыны, себептер, опырылым, көшкін) жұмыстарының орындалуы. Теңіз деңгейінің үстінде. Қызмет көрсету құрылымдары, жабдықтар мен механизмдерінің техникалық жағдайын қарау, олардың барлық жөндеу – құрылыс жұмыстарының (бетон, ағаш шебері, арматура, дәнекерлеу, сырлау) түрлерін кезеңді орындаумен мінбелерді, люлькаларды сақтандыру мен көтермелі қолдануды ыңғайландыру. Электр жұмыстарын орындаумен уақытша бетон түйінінің көтеру крандарды және кіре беріс жолдары, электр жүйесі және электр жабдықтаудың монтажы, демонтажы. Апатты – құтқару шаралары жұмыстарының барлық түрлеріндегі апаттық жұмыс өндірісіндегі жарылғыш заттарды сақтау, жүк тасу және қалау жөніндегі жұмыстардың орындалуын. Антенналық және аккумуляторлық радиостансаларды пайдалану және монтаждау, демонтаждау.
Достарыңызбен бөлісу: |