150
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Тілдік бірліктер:
• мырзаға
• туралы
• құрметті
• сізден
• өтінеді
• ықпал етсеңіз
• құқылы екенімізді ескертеміз
• есіңізге саламыз
• жіберіліп отыр
• көмек көрсете алмаймыз
• қарастыруыңызды сұраймыз
• ақпаратты
• құжатты
• үлгіні
• анықтаманы
• бақылауынан алуыңызды сұраймыз
• бақылауына беруіңізді сұраймыз
• хабарландыру мәтіні
• бұйрықтың мәтіні
• заңның мәтіні
• шақырудың мәтіні
• сіздің өтінішіңізді орындай алмаймыз
ç
Тапсырмалар:
1. Көшірме орталығының директоры Б.Омаровқа Алматы облыс-
тық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының қызметкерлеріне
визит карточкаларын жасап беруді өтінетіндігіңіз туралы өтініш хат
жазыңыз.
2. «Гамма» көркемсурет фирмасының басшысы атынан «Жанна»
жиһаз жасау кәсіпорнының президентіне қажетті жиһазды жасауға
өтініш хат жазыңыз.
3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық оқу-әдістемелік бірлестік
жетекшісі ретінде мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институты
директорының атына «Орта білім және білім берудің жаңа технология-
лары» деген тақырыпта семинар ұйымдастыруды өтініп, хат жазыңыз.
4. «Полиглот» жекеменшік кәсіпорны басшысы атынан жергілікті
телеарнаның жарнама бөлімінің редакторына жарнамалық сюжет дайын-
дауды өтініп, хат жазыңыз.
151
Орынғазы Әбутәліп
5. Мектеп директоры атынан орталық емхананың меңгерушісіне
мектептің мұғалімдері мен қызметкерлерін кезекті медициналық
тексерістен өткізуге өтініш білдіріп, хат үлгісін жазыңыз.
6. Сіздің фирмаңыздың тұсаукесер тойына байланысты, маңызды
сәтті «Қазақстан» арнасынан көрсетілуін өтініп, телеарна директорының
атына өтініш хат үлгісін дайындаңыз.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
қызметтік хат
– служебное письмо
қызмет
– служба
ақпарат, хабар, мәлімет
– информация
тізім
– список
танысу
– ознакомление
мүмкіндік
– возможность
бас редактор
– главный редактор
лауазым
– должность
мәтінін жариялауды өтінеді
– просить опубликовать текст
хабарландыру мәтіні
– текст объявления
152
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
РЕСМИ ХАТ
Анықтамасы:
Белгілі бір мекеменің атқаратын жұмыстарына байланысты
мәселелердің жазбаша хабарлануы.
,
1-үлгі
Ақмола облыстық білім департаменті
Көкшетау қаласы,
Бейбітшілік көшесі, 27 үй
Тел. 35-39-62
Факс. 35-45-12
07.05.2009. №65
Көкшетау қаласындағы
мектептерге
РЕСМИ ХАТ
2009 жылдың 10 мамырында Көкшетау қаласындағы «Достар»
мәдениет сарайында қалааралық жылдық мұғалімдер сайысы өтеді. Әр
мектептен бір мұғалім қатысуға міндетті.
Осыған орай, мектепаралық мұғалімдер сайысы өткізілсін. Жеңімпаз
туралы толық ақпарат Ақмола облысының білім департаментіне жіберілсін.
Департамент директоры: (қолы) А. Ержанов
153
Орынғазы Әбутәліп
,
2-үлгі
Алматы қалалық білім департаменті
Алматы қаласы,
Исаев көшесі, 56 үй
Тел. 2-15-77-62
Факс. 2-35-45-82
07.05.2009. №14
Алматы қаласындағы
балабақшаларға
РЕСМИ ХАТ
2009 жылдың 15 маусымында Алматы қаласындағы «Достар» мәдениет
сарайында жылдық «Үздік тәрбиеші» сайысы өтеді. Әр балабақшадан бір
тәрбиеші қатысуға міндетті.
Осыған орай, балабақшааралық тәрбиешілер сайысы өткізілсін.
Жеңімпаз туралы толық ақпарат Алматы қалалық білім департаментіне
жіберілсін.
Департамент бастығы: (қолы) А. Жұмалиев
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ресми хат қандай құжат?
2. Ол қай кезде жазылады?
3. Ресми хаттың құрылымы қандай?
4. Ол қандай бланкке бастырылады?
Тілдік бірліктер:
• жіберілсін
• өткізілсін
• осыған орай
• мұғалімдер сайысы өткізілсін
• жеңімпаз туралы
• толық ақпарат
• білім департаментіне жіберілсін
• қатысуға міндетті
• ----- жылдың --- мамырында
154
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ç
Тапсырмалар:
1. Алматы қаласындағы мектептерге 2010 жылдың 20 мамырында
қалалық «Жыл мұғалімі» мұғалімдер сайысы өтетіндігі туралы ресми
хат жолдаңыз.
2. Қалалық Ішкі істер басқармасының Жасөспірімдердің ісі
инспекциясының инспекторы атынан мектеп директорларына қаладағы
криминогенді жағдайды ескеріп, 2-ауысымның оқушыларын сабақтан
қараңғы түспей босатуын сұрап, ресми хат үлгісін жазыңыз.
3. Сіздің фирмаңыз туралы жалған ақпарат берген жергілікті газеттің
бас редакторының атына айтылған фактілерді жоққа шығаратын дерек-
тер келтіріп, келесі газет санында кешірім сұрауын талап етіп, ресми хат
үлгісін жазыңыз.
5. Әскери бөлім басшысы атынан үлгілі азамат тәрбиелеп өсірген
Ұланның ата-анасына ресми түрде алғыс білдіріп хат үлгісін жазыңыз.
6. «РАДиАЛ» жекеменшік баспасының бас редакторының атынан
сұранысы жоғары әдебиеттерді қайта басатынын мәлімдеп, авторларға
ресми хат үлгісін жазыңыз.
7. «Үздік іскер адам» сайысын ұйымдастырған Қазақстан Республика-
сы Іскер адамдар бірлестігі президентінің атынан жеңімпаз атанған «Ал-
маты маргарин зауыты» АБ-ның директорына сайыс қорытындысының
салтанатты кешінің күнін хабарлап, ресми хат үлгісін жазыңыз.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
ресми хат
– официальное письмо
жіберілсін
– отправить
өткізілсін
– проводить
осыған орай
– в связи с этим
жеңімпаз туралы
– о победителе
толық ақпарат
– подробная информация
білім департаментіне – в департамент образования
қатысуға міндетті
– должен присутствовать
Достарыңызбен бөлісу: |