Формулаларды енгізу. Формулаларды қолдану
Excel 2010 – да формула түсінігінің астарында не бар екенін түсіне білу керек. Excel – дің формула түсінігінің астарында кейбір ұяшықтардағы мәліметтер есептелетін математикалық әлпет бар. Формулаларда нақты сандармен қоса ұяшықтар адрестері де формулаға қойыла алатындары орындалады.
Кестелік курсорды қандай да бір бос ұяшыққа қойып, оған қарапайым формуланы енгізіңіз: -2+2 Енгізіп болған соң «Enter» пернесін басыңыз. Осыны орындап болысымен формула жазылған ұяшықта 4 саны пайда болады, міне бұл формуламен есептеу нәтижесі
Формула басында енгізілетін «=» белгісіне көңіл аударыңыз. Яғни осы белгі арқылы ғана Excel, сіз ұяшыққа формула енгізіп жатқаныңызды анықтап есептейді.
Егер формуланы «=» белгісісіз енгізсеңіз, онда оны формула емес жай мәлімет ретінде қабылдап ешқандай есептеулер жүргізбейді. Мысалға, жоғарыда енгізген =2+2 формуласының орнына жай 2+2 енгіссеңіз, онда 4 емес құр 2+2 сандары ғана енеді де (бұл Excel – де жай ақпарат ретінде қабылданады) есептеу жүргізілмейді. Бұнда біз қарапайым формуланы қарастырдық. Енді аздап өзгертіп =2+В5 формуласын берейік. Бұл формуламен берілген мәннің шығындысы 2 саны мен В5 ұяшығындағ мәннің қосындысы болып табылады. Егер В5 ұяшығында ешқандай мән болмаса, онда формулаға мән берілмейді.
Сурет 23.1. Формула енгізу
Мына ережеге назар аударыңыз. В5 ұяшығына қандай да бір сан берсеңіз онда жанағы формула сол мән бойынша есептеу жүргізеді. Ал В5 ұяшығына сан емес жай мәтін терсеңіз, онда оны қате деп хабарлама береді.
Формула жолы.
Ұяшыққа мәліметті еңгізгеннен кейін формула жолында үш функционалды батырмалар пайда болады:
«Қайтару» командасын орындау үшін қызмет көрсетеді.
«Енгізу» командасын орындау.
формула енгізуге мүмкіндік береді.
Формула жолының мүмкіндіктері:
ұяшық мазмұнына өзгерістер енгізуге болады;
Егер мәлімет толық көрінбесе, ұяшық мазмұның көріп шығуға болады.
Көп жағдайда формулаларда ұяшықтардың салыстырмалы адрестері қолданылады, олар ұяшықтарды формулалармен толтырған кезде автоматты түрде жөнделеді.
Бірақ та кейде формулалармен толтырған кезде кейбір ұяшықтардың адрестерінің өзгеріссіз қалулары қажет. Бұл жағдайда ұяшықтың абсолютті адресі қолдануы керек. Ұяшық адресінің өзгеріссіз қалу қажеттігін көрсету үшін оны доллар ($) символымен бірге көрсету керек:
$А$11 – абсолютті адрес көрсетілген (толтыру кезінде ол өзгеріссіз қалады);
A11 – салыстырмалы адрес көрсетілген (толтыру кезінде ол өзгереді);
$А11 – аралас адрес көрсетілген (толтыру кезінде баған аты өзгермейді, ал жол аты өзгереді);
А$11 - аралас адрес көрсетілген (толтыру кезінде жол аты өзгермейді, ал баған аты өзгереді);
Абсолютті адресті екі әдіспен көрсетуге болады: доллар символын енгізіп немесе Формулалар жолында қажетті ұяшықтың адресінде шертіп, қажетті нәтиже шықпайынша F4 батырмасын бірнеше рет басу.
Бір формулада ұяшықтардың салыстырмалы адрестері де, абсолютті адрестері де қолданыла алады.
Абсолют сілтеме
Абсаолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақтыы болып қалады. Формулаларды редактерлеу кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 басу керек. Абсалют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдына $ белгісін қояды. Мысалы: $А$16, $А9, А$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бірі абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары. Әдетте кестелер қайталатын, біртектес мәліметтен тұратындықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдары бар. Оларға жататындар автотолтыру, формулалармен автотолтыру.
Формулаларды алмастыру буфері және тышқан көмегімен жылжытқанда немесе көшіргенде ұяшықтардың абсолютті және салыстырмалы адрестері әртүрлі әрекет етеді.
Салыстырмалы адрестерформуласы орналасқан ұяшыққа қатысты орналасуын сақтайтындай етіп өзгереді, ал абсолютті адрестер өзгеріссіз қалады (яғни сол ұяшықтарға сілтейді).
Жолдармен бағандарды белгілеу.
Бағанды толығымен белгілеу үшін баған тақырыбын тышқанмен шерту жнткілікті. Жолды толығымен белгілеу үшін жол тақырыбын тышқанмен шертеміз.
Ұяшық аралықтарын белгілеу.
Ұяшық аралықтарын екі жолмен белгілейміз:
Тышқан көмегімен: тышқанның солжақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты ұяшықтың аралық шегінің жоғарғы көлденнен және оң жақ тігінен батырмасын басып отырып ұяшық аралықтарын көрші екі жағына кескін жүргізуге болады.
Пернетақта көмегімен нұсқағыш батырмаларын қолдана отырып жоғарыдағыдай әдісті қолдануға болады.
Автотолтыру
Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін авто толтыру әдісін қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.
Авто толтыру қолдануға болады нөмірленген тізім және ұяшықтағы орналасқан сөзді бірнеше ұяшықтарға қайталауға.(Рисунок 1 Автотолтыру).
М
Рисунок 1 Автотолтыру
ысалы: Нөмірленген тізімді жасау. А6 ұяшығына 1, ал А7 ұяшығына – 2 санын енгізіңіз. Екі ұяшықты белгілеп, курсорды А7 ұяшығының оң жақ төменгі бұрышына апарыңыз. Тышқан нұсқағышы крест таңбасына ие болғанда тышқанның сол батырмасын басып тұрып курсорды қажетті өлшемге дейін созыңыз (курсордың қасында сары квадрат ішінде нөмірлердің өзгерістерін бақылауға болады). Бұл ұяшықтарды автотолтыру (автозаполнение ячеек) деп аталады.
Ұяшық мазмұның толықтыру.
Егер мәліметі бар ұяшықты белгілеп, және сол ұяшыққа пернетақтадан жаңа мәлімет енгізетін болсақ онда ұяшықта жаңа мәлімет қалып, соңғы мәлімет өшіріліп қалады.
Ұяшыққа мәліметтерді толықтырудың екі жолы бар:
Ұяшыққа тышқанды екі рет шерту арқылы мазмұның редактірлеу режиміне түсуге болады. Бұл ұяшықта мәтіндік курсор пайда болады. Енді өзгерту енгізіп, мәліметтерді бекітуге болады.
Ұяшықтың мазмұны Формула жолында қайталанады. Мәтіндік курсорды Формула жолында тышқанмен екі рет шерту арқалы орнатуға болады. Енді Формула жолына өзгертулер енгізуге болады. Содан кейін мәліметтердің қорытынды нұсқасын формула жолындағы жасыл белгісі бар «Енгізу» батырмасын басу арқылы бекіту қажет.
Егер мәтін ұзын стандартты жол бойымен болса, онда ұяшықтын толық мазмұның Формула жолында қарап шығуға болады. Ол үшін мазмұның көргініз келген ұяшықты белгілеп, Формула жолынан қарап шыға аласыз.
Егер енгізілген мәтін ұяшыққа сыймаса, онда оның жалғасы келесі ұяшықтардың үстінен орналасады ( егер олар бос болса). Егер де келесі ұяшық бос болмаса, онда мәтін кесілген сияқты болады, оны толықтай Формулалар жолында көруге болады. Бағанның шектерін жылжытуға да болады. Ол келесі әдіспен орындалады: тышқанның маркерін бағандардың тақырыптар жолына апарып, көрші бағандармен шектесетін сызыққа апару керек, осы кезде тышқан маркері екіжақты стрелка түріне ие болады.Шекті жаңа орынға, тышқан батырмасын жібермей, апарыңыз. Сонымен қатар баған және жолдардың енін автоматты түрде келтіруге болады. Ол үшін бағандар немесе жолдар шекарасына тышқанды апарып, екі рет шерту керек. Бұл баған немесе жолдың өлшемдерін ішіндегі мәліметтерге сәйкес автоматты түрде келтіруге мүмкіндік береді.
Егер ұяшық ішіндегі мәліметті өшіру керек болса, алдын ала қажетті ұяшықты белсенді етіп, Delete пернесін қолдануға болады басқа варианты – ұяшыққа тышқанның оң батырмасын шертіп, контекстті менюде “Очистить содержимое” опциясын таңдау. Егер қате мәтінді басу кезінде жіберілсе, онда Esc пернесін басқан жеткілікті. Ұяшық ішіндегісін редактрлеу (өзгерту) үшін (барлық мәтінді өшіру қажеттілігі болмағанда) тышқанның сол батырмасымен қажетті ұяшыққа екі рет шертіп, өзгертулер енгізуге болады.
Ұяшықты көшіру және орның ауыстыру .
Ұяшықтың ішіндегі ақпаратты көшіруге, қиып алуға және қоюға болад. Ол үшін: қажет ұяшықты белгілеп
Достарыңызбен бөлісу: |