Жұмыс істеу тәртібі
1. Құрылғыны және16К20 белдегінің негізгі түйінділерінің қызметін оқып үйрену.
2. Мұғалімнің нұсқауымен берілген беріліс шамасын және берілген айналдырықтың айналым санының орналасуын жүзеге асыру.
3. Өшірілген білдекті тексеру.
4. Бұранданы кесу үшін білдекті баптау және тетік беттерінің өңдеу сұлбаларын нобайлау.
Есеп мазмұны
1. Жұмыстың мақсаты және атауы.
2. Айналымдар мен біерілістердің берілген санына білдекті баптау тәртібін сипаттау.
3. Тесіктерді өңдеу кезіндегі кескіш сайман мен құрал-жабдықтың нобайларын көрсету.
4. Өңдеу кезінде кескіш сайманы (нобаймен) бекіту әдісін сипаттау.
5. Өңдеу кезінде дайындаманы бекіту үшін айлабұйымдардың (нобаймен) конструкциясы және сипаттамасы.
Қауіпсіздік ережелері
Жұмысты бастау алдында оқытушы басшылығымен токарлы білдекте жұмыс істеу кезіндегі еңбек қорғау инструкцияларымен танысу және оны қатаң сақтау.
Қауіпсіздік ережелерімен таныспағанша білдекте жұмыс істеуге болмайды!
Білдектің және оның бөлшектерін орнатуға тек ток көзі ажыраған жағдайда және шебердің басшылығымен болады.
Студенттерге өзінен кейін ауыр жара әкелуге қауіп төндіретін қимылдарды: айналдырықтарды қозғауға, өз бетімен білдекті қосуға, тетіктерді қозғауға және т.б. болмайды.
Білдекте жұмыс істеуге тек шебердің рұқсатымен ғана болады.
Студенттер қауіпсіздік ережелерімен танысып, қол қоюы керек.
Бақылау сұрақтары
1. 16К20 білдегінде қандай технологиялық операцияларды жүзеге асыруға болады?
2. Металкескіш білдектерін классификациялау арқылы қалай орналастырылады?
3. 16К20 білдегінің жалпы құрылғысы және түйіндерінің тағайындалуы?
4. Білдекті баптау және келтіру дегеніміз не?
5. Жону тобы білдектерінің негізгі түрлерін ата.
6. Жону білдегінің негізгі түйіндері.
7. Жону білдектерінің өңдегенде беттердің негізгі түрлерін ата.
8. Жону білдектерінің технологиялық тағайындалуы.
9. Жону білдектерінде дайындамаларды өңдеу кезінде кесудің басты қозғалысы және беріліс қозғалысы қандай жылдамдық мөлшері бар?
№2 зертханалық жұмыс
Бұрғылау білдектерде өндеудің технологиялық мүмкіндігі
1.1 Жұмыстың мақсаты: дайындаманы бұрғылау тобындағы білдектерінде өңдеудің технологиялық мүмкіндіктерін оқып білу.
1.2 Қажетті құрылғылар жәнеқұрал-жабдықтар.
1. Тігінен-бұрғылау білдегі 2А150
2. Дайындаманы бекітетін айла бұйым. Қол қысқышы.
3. Бұрғылар. Өтпелі төкелер
Зертханалық жұмыс міндеті:
- құрылғыны және бұрғылау тобының білдектерінің жұмыс істеу принципін оқып үйрену
- дайындамаларды бұрғылау тобының білдектерінде өңдеу кезінде бекіту әдістерін оқып үйрену
- кесуші құралды бұрғылау тобының білдектерінде өәдеу кезінде бекіту әдістерін оқып үйрену
- бұрғылау тобының білдектерінде өңдеу кезінде орындалатын негізгі технодогиялық операциялар
2 Бұрғылау әдісінің сипаттамасы
Бұрғылау тұтас материалдарда тесік жасаудың кең таралған әдісі. Бұрғылау арқылы өтпелі және өтпелі емес (тұйық) тесіктер жасайды және олардың көлемін, дәлдігін үлкейту үшін және кедір-бұдырлығын төмендету үшін алдын ала өңдейді.
Бұрғылау, негізгі қозғалыс бұл құралдың өс бойымен айнала қозғалуы және беріліс қозғалысы бұл оның ось айналасымен қозғалуы, бұл екі қозғалыс білдекті іске келтіреді.
Бұрғылауда кесу процессі жону процессіне қарағанда қиын жағдайларда өтеді, себебі, жоңқаның шығылуы және құралдың кескіш жиектерін суытатын сұйықтықтың берілісі қиын болып түседі. Жоңқаның шығылуында бұрғының бунақ беті және бұрғының тесік бетімен үйкеліседі. Бұл жоңқаның дефформациясын және жылу шығарылуды жоғарылатады.
Бұрғылауда кескіш құрал, әр-түрлі құрылымды бұрғылар болып табылады.Бұрғылаудағы кесу жылдамдығы деп бұрғы осьінен әлдеқайда алыстатылған, кескіш жиектегі нүктенің шеңбер жылдамдығын айтамыз.
V 3,14 D n /1000
мұндағы D - өңделетін беттің диаметрі, мм
n – бұрғының 1 мин-тағы айналым саны
Кесу жылдамдығының көлемін таңдау көптеген факторлармен анықталады: өңделетін дайындамаларының механикалық материалдарының қасиеттері және бұрғының кескіш бөлігінің материалы, беріліс көлемі, бұрғының диаметрі, құралдың шыдамдылығы, бұрғылау тереңдігі, және т.б.
Мысалы: қатты қорытпалы тілімшемен жабдықталған бұрғымен ВК8 жұмыс істегенде, болаттың кесу жылдамдығы 47-50 м/мин-ті құрайды, ал шойында 50-95 м/мин.
Беріліс S бір айналымдағы бұрғының ось бойымен орын ауыстыру көлеміне тең, тұтас материалдағы бұрғылауда кесу тереңдігі бұрғы диаметрінің жартысын құрайды.
Бұрғылау және тесіктерді өңдеу үшін құрал
Бұрғылауда ең көп таралған құрал – спиральді бұрғылар. Спиральді бұрғы (1 сурет) жұмыс бөлігінен, мойыншығы және сағасынан (дүбі) тұрады. Жұмыс бөлігінде кесуші және бағыттаушы немесе центрленген бөліктерге ажыратады (1 сурет). (2 суретте) Құрылғыны бұрғылау білдегіндегі айналдырыққа бекіту көрсетілген.
Бұрғының бағыттауыш бөлігінде, бұрғыланған тесіктен жоңқаны шығару үшін екі бунақ орналасқан, сонымен қатар бұрғының кесу кезіндегі бағытын қамтамасыз етуші екі таспаша орналасқан.
Бұрғының кесуші бөлігінде екі негізгі кесуші жиектері бар: көлденең жиек және екі артқы беті. Бұрғы төбесіндегі кесуші жиектерден пайда болған бұрышты 2f, өңделіп жатқан материалдың қаттылығы және морттылығына байланысты таңдайды. Мысалы орташа қатты болат пен шойын үшін 2f=116-120o, қызыл мыс үшін 2f=125о, алюминий, қола, жез үшін 2f=130-140о. Бұрғылау көмегімен беттің тазалығын Rz80 және ІТ10, ІТ11 дәлдік квалитетін алуға болады.
Үнгілеу ІТ8, ІТ9 дәлдік квалитеті және Rz40 бнт тазалығы бар тесіктерді алуды қамтамасыз етеді. Ұңғылауда дәлдік және кедір-бұдырлық ІТ6 - ІТ5 және RА1,25 жоғарылайды.
1 сурет – Спиральді бұрғы
2 сурет - Құралды білдектегі айналдырыққа бекіту сызбасы
Бұрғылауда, құйылмада немесе қалыптауда алынған тесіктерді әрі қарай өңдеу үшін үңгілеу және ұңғылауды қолданады.
Үнгілеу мен үңғылау кезінде кескіш құрал болып үнгі мен ұңғы болып табылады.
Операция
|
Өңдеудің дәлдік квалитеті
|
Өңдеу сапасы
|
Бұрғылау-қайрау
|
10 – 11
|
Rz 80 – 20 мкм
|
Ұңғылау
|
9 – 10
|
Rа 2,5 мкм дейін
|
Үнгілеу
|
6 – 8
|
Rа 2,5 – 0,32 мкм
|
3 сурет. Ұңғы
Үнгі (3 сурет) жұмыс бөлігінен, мойыншағынан, конусты сағадан және табаншадан тұрады. Жұмыс бөлігінде кескіш (кесетін) және калибрлейтін (бағыттауыш) бөліктерге ажыратады.
Үнгінің кескіш бөлігі қиылған беткі жағынан - өзекшесі және үш немесе төрт кескіш тістерінен тұрады.
Жоспардағы негізгі бұрыш f=45о -60о.
Үнгінің мөлшерлегіш бөлігінде үш немесе төрт орамалы бунақ және құралдың бағытын қамтамасыз ететін таспасы болады.
Үнгілерді өңделген тесіктер түріне қарап цилиндрлік, конустық және құрастырылған (көпсатылы) деп бөледі, сонымен қатар тұтас диаметрі – 80 мм-ге дейін, саптамалы, қойылатын пышақтарымен немесе дәнекерленген қатты қорытпадан жасалған табақшалары бар.
Үнгінің жұмыс бөлігі артқы бетінен 1, негізгі артқы бетінен 2, ұосымша артқы бетінен (таспаша) 3, негізгі кесуші жиектен 4, қосымша кескіш жиектен 5 және үнгі тісінің төбесінен 6 тұрады (3а сурет).
Ұңғыда, 4 сурет, жұмыс бөлігі, мойны және сағасы болады. Жұмыс бөлігіне бағыттауыш конус немесе кесетін бөлігі, мөлшерлегіш бөлігі және керісінше конустан тұрады.
Негізгі жұмысты кескіш бөлік істейді, негізгі кескіш жиегі бар тістер 1, алдыңғы және артқы беттер 3 және бұрыштық қадам ω (3б,в сурет).
Ұңғы цилиндрлі, конусты, машиналы, қолды болады. Машиналы да жұмыс бөлігі әлдеқайда қысқа.
Құрылымды ұңғыларды мынандай түрге бөледі: сағалы және саптамалы, тұтас және қойылатын пышақтарымен, қатты қорытпалы табақшамен жабдықталған.
4 сурет. Үнгі
Достарыңызбен бөлісу: |