Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы «2» наурыздағы
№ 50 қаулысымен бекітілген
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 05 сәуірде № 4467 болып енгізілді
«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт - тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорты (бұдан әрі – паспорт), әзірлік паспортын беруден бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) не белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт - тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және
одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортының күшін жою туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық, қағаз түрінде.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (iс-қимылды) бастауға негіз болып табылады:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11130 нөмірімен тіркелген) «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші;
порталға жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында сұраным.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (iс-қимыл) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1-iс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркелгені туралы белгісі мен құжаттар пакетін қабылдаған күні және уақыты көрсетілген өтініш көшірмесін береді, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына орындаушыны анықтау үшін береді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады, мемлекеттік қызметті көрсету үшін орындаушыны анықтайды және құжаттарды оған орындауға береді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күн;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толықтығын тексеріп, оны жұмыс комиссиясының қарауына береді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) күнтізбелік күн;
1-шарт – ұсынылған құжаттардың толық болмау дерегі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады;
4-іс-қимыл – жұмыс комиссиясы қарау қорытындысы бойынша мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды:
паспорт беру;
паспорт беруден бас тарту;
хабарлама беру.
Орындалу ұзақтығы – 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жұмыс комиссиясының негізделген шешімінің негізінде келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерінің бірін дайындайды:
паспорт;
бас тарту;
хабарлама.
Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күн;
6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тіркеуге жібереді. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;
7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: құжаттар пакетін көрсетілетін қызмет берушілерге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ веб-порталға жүгінген кезден – 30 (отыз) күнтізбелік күн.
6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі құжаттарды орындаушының қарастыруына беру болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі құжаттарды жұмыс комиссиясының қарауына беру болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша мелекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі жұмыс комиссиясының шешім қабылдауы болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерiнiң) тізбесі:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің маманы;
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызмет берушінің орындаушысы;
4) жұмыс комиссиясы.
8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсетумен бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркелгені туралы белгісі мен құжаттар пакетін қабылдаған күні және уақыты көрсетілген өтініш көшірмесін береді, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына орындаушыны анықтау үшін жібереді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы құжаттармен танысады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды орындауға береді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күн;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау дерегі анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады, одан кейін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жұмыс комиссиясының қарастыруына береді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) күнтізбелік күн;
4) жұмыс комиссиясы қарау қорытындысы бойынша мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды:
паспорт беру;
паспорт беруден бас тарту;
хабарлама беру.
Орындалу ұзақтығы – 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн;
5) көрсетілетін қызмет берушінің орындаушысы жұмыс комиссиясының негізделген шешімінің негізінде, мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерінің бірін дайындайды:
паспорт;
бас тарту;
хабарлама.
Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күн;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тіркеуге жібереді. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызмет алушыға береді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде
ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке және бизнес сәйкестендiру нөмiрі (бұдан әрі – ЖСН/БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызмет алу үшін порталға ЖСН/БСН және парольді енгізуі (авторландырылу процесі);
3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және тұтынушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескерумен толтыруы (деректер енгізу), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде сұраным нысанына қосып бекiтуі, сондай-ақ сұранымды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (жойылған) тіркелу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сұранымда көрсетілген ЖСН/БСН-мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында);
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған қол қойылған электрондық құжатты (сұранымды) портал арқылы көрсетілетін қызмет беруші өңдеуі үшін мемлекеттік деректер қоры автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО) жолдау;
9) 3 - шарт - көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарының Стандартта көрсетілген және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі;
10) 6 - процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 7-процесс - көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын алуы (электрондық құжат нысанындағы хабарлама). Мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдері (іс-қимылдар) реттілігінің тәртібі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасында көрсетілген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдар) ретітілігінің өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызмет берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылады.
|