Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы



жүктеу 60,18 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі60,18 Kb.
#13002
түріБағдарламасы


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 65-ө «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» өкімі күші жойылды деп танылсын.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

Премьер-Министр                               Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2017 жылғы « »

№ өкіміне

қосымша



Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары, төраға

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, хатшы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

Қазақстан Республикасының Дін істер және азаматтық қоғам вице-министрі

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма басшысы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2017 жылғы « »

№ өкіміне

қосымша



Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже



  1. Жалпы ережелер

1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.


  1. Комиссияның міндеттері және функциялары





  1. Комиссияның негізгі міндетті Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін.

5. Комиссияның негізгі функциялары:

1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарау әрі орталық және жергілікті атқарушы органдардың іске асыру бойынша есептерді тыңдау;

2) өңірлерде жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарды тыңдау;

3) Бағдарламаның іске асырылуына байланысты мәселелер жөнінде және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;

4) Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша ұсынымдарды әзірлеу.


  1. Комиссия жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру

7. Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасының орынбасары оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды деп есептеледі.

11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуға және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

12. Дауыс беру парақтарымен қоса Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.




4. Комиссия қызметін тоқтату
13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссия қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.

жүктеу 60,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау