жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар
ұйымдарының өкілдері мен волонтерлар кіреді.
Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы
органдар мобильді топтардың қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мобильді топтар жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан,
жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
жергілікті атқарушы органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық
маңызы бар қалалардың, қалалар құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер
алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге асырады және олармен түсіндіру және
кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді.
Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары қабылданған үміткерлер (
Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, тұратын жерінің мекенжайы) жөніндегі ақпаратты (портал
арқылы электрондық түрде/қолма-қол) халықты жұмыспен қамту орталықтарына білім
беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар
кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, "Мәңгілік ел жастары –
индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын
және қысқаратын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне
дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде ұсынады.
ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы тегін кәсіптік даярлау курстарына
жіберілген адамдарға бұрын жасалған шарттардың мерзімі аяқталғанша және солардың
талаптары бойынша осы Бағдарлама шеңберінде оқуды жалғастыруға құқық беріледі.
5.1.2. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа
мерзімді кәсіптік оқыту
Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту дуальды оқыту
элементтері бар білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары
арқылы жүргізіледі.
29 жасқа толмаған жастар және халықты жұмыспен қамту орталықтарында
тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, қысқартылатын жұмыскерлер қысқа мерзімді
кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың
ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқу білім беру ұйымы әзірлеген және жұмыс берушілермен
және ӨКП-мен келісілген білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жинақталуына қарай кіші топтарда жүзеге
асырылатын болады.
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік
оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады. Кәсіптік оқытудан мобильді
оқу орталықтары арқылы өткен кезде Бағдарламаға қатысушыға тұруға арналған (
тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге) материалдық көмек
төленбейді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысушыға халықты жұмыспен қамту
орталықтары қалыптастыратын топтарда немесе білім беру курстарының ұйымдарын
немесе оқу тобын өз бетінше таңдау жолымен оқудан өту мүмкіндігі беріледі.
Мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру
тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік
білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел
жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек
ресурстарын және қысқаратын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
2017 жылы мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту
пилоттық режимде бес өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау,
Қостанай облыстарында жүзеге асырылды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін,
біліктіліктер, дағдылар тізбесін және білім беру ұйымдары, біліктіліктер, дағдылар
бойынша орындарды бөлуді облыстық деңгейдегі білім беру және халықты жұмыспен
қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және ӨКП-нің ұсыныcы
бойынша өңірлік комиссия айқындайды.
Сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылардың тізбесі жұмыс берушілер
өтінімдерінің, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, ӨКП-мен және"ЕРДО"
АҚ-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін талдау мен болжау
негізіндеқалыптастырылады.
Білім беру ұйымдары мынадай талаптарға сәйкес келген кезде тізбеге енгізіледі:
1) тәлімгерлікпен дуальды оқыту элементтерін пайдалану;
2) оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға белгіленген
үлгідегі куәлік немесе сертификат бере отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды
өткізу бойынша кемінде бір жылдық тәжірибесінің болуы не "Атамекен" ҰКП
орталықтары тізіліміне қосылу;
3) оқудан өткен адамдардың жұмысқа орналасу деңгейі (тізбеге қосуға өтінім беру
сәтіне) кемінде 60%-ды құрауы;
4) өндірісте кемінде бір жыл кәсіптік практикалық жұмыс өтілі бар оқытушылардың
болуы;
Достарыңызбен бөлісу: |