Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 450,82 Kb.
Pdf просмотр
бет16/30
Дата27.12.2019
өлшемі450,82 Kb.
#25066
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

            Мемлекеттік  грант  қажетті  мүкәммалды,  еңбек  құралдарын,  технологиялық 
жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға пайдаланылады.
            Мемлекеттік  грант  тұтынушылық  мақсаттарға,  кредиттік  қарыздарды  өтеуге, 
жылжымайтын тұрғын үй мүлкін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға
, акцизделетін өнімдерді өндіруге және жалдау ақысы ретінде берілмейді.
      Бағдарламаға қатысушының мемлекеттік гранттарды бір рет қана алуға құқығы бар.
      Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан 
Республикасының  заңнамасына  сәйкес  бекітілген  Мемлекеттік  гранттар  беру 
қағидаларында айқындалады.
            5.3.  Үшінші  бағыт:  халықты  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесу  және  еңбек 
ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту
      Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
      1) жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен 
қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
      3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
Бағдарламаның үшінші бағытының операторы болып табылады.
            5.3.1.  Жұмыссыздарды,  өзін-өзі  жұмыспен  қамтығандарды  және  нәтижесіз 
жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу


            Бағдарламаға  қатысушыларды  жұмыспен  қамтамасыз  ету  мақсатында  мынадай 
мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа 
орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
      2) лайықты бос орындарды іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
      4) жастар практикасын ұйымдастыру;
      5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
      Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен 
нәтижесіз  жұмыспен  қамтылғандар  және  Заңға  сәйкес  басым  құқықтарды 
пайдаланатын  өзге  адамдар  жұмыспен  қамтамасыз  етуде  қолдау  көрсетілетін 
Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау мынадай шараларды:
      1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа 
орналасу немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіптік хабардар етуді;
            2)  адамның  жеке-психологиялық  мінездемесінің,  тұрмыс  жағдайлары 
ерекшеліктерінің,  кәсіптік  білімінің,  дағдыларының,  қызығушылықтарының, 
денсаулық  жағдайының  және  еңбек  нарығындағы  қажеттіліктердің  негізінде  жұмыс 
орны мен кәсіп таңдауда кәсіптік консультацияны;


      3) нақты кәсіп (мамандық) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік 
талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.
      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, өзін-өзі 
жұмыспен қамтығандар, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, студенттер, жалпы білім 
беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.
            Кәсіптік  бағдарлауды  жүргізу  тәртібі  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері 
жөніндегі  уәкілетті  орган  бекітетін  Әлеуметтік  кәсіптік  бағдарлауды  жүргізу 
қағидаларында айқындалады.
            Әлеуметтік  кәсіптік  бағдарлауды  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік 
әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар
туралы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына 
сәйкес  ӨКП  мен  жұмыспен  қамтудың  жекеше  агенттіктерін  және  (немесе)  өзге  де 
ұйымдарды тарту құқығымен халықты жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.
      Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
      Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа 
орналасуға жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға:
      1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;
      2) жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;
      3) іске асырылатын мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту 
бағдарламалары,  шағын  және  орта  бизнесті  дамытуды  ынталандыру  жөніндегі 
бағдарламалар, инвестициялық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;


            4)  халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  көрсетілетін  қызметтер  аутсорсингі 
шеңберінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына;
      5) жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ 
жастар  практикасынан  өтуге  арналған  жұмыс  орындарына  жұмысқа  орналасуға 
жәрдемдеседі.
      Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға 
қатысушылар  Бағдарламаның  бірінші  бағыты  шеңберінде  ТжКБ  бар  кадрларды 
даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі.
      Орталық мемлекеттік және ЖАО, ұлттық компаниялар мемлекеттік бағдарламалар, 
аумақтарды  дамыту  бағдарламалары  шеңберінде  жобаларды  іске  асырған  кезде 
халықты  жұмыспен  қамту  орталықтарының  жолдамалары  бойынша  жобаларға 
жұмысқа  орналастыру  үшін  Бағдарламаға  қатысушыларға  құрылыс  және 
реконструкциялау кезінде – жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10%-ын,
күрделі,  ағымдағы  жөндеу  және  абаттандыру  кезінде  жаңадан  құрылатын  жұмыс 
орындарының кемінде 15%-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
      Жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеу
      Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және 
ЖАО  құрылатын  жұмыс  орындарын  есепке  алу  мақсатында  жұмыс  орындарының 
құрылуына мониторинг жүргізеді.
            Орталық  және  ЖАО  мемлекеттік  және  үкіметтік  бағдарламалар,  аумақтарды 
дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті дамытуды
ынталандыру  жөніндегі  бағдарламалар  шеңберінде  жұмыс  орындарын  құру  туралы 
мәліметтерді  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  органға 
ұсынады.
            Халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  орган  ұсынылған 
мәліметтердің  негізінде  жылдарға,  құрылыс  (іске  асыру)  және  пайдалануға  беру 
кезеңіне бөле отырып, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту 


жүктеу 450,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау