Ел кәсіпорындарына ұлттық сарапшылар жүргізген сауалнамалар кадрларға
қажеттіліктің 73%-ға жуығы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға келетінін
көрсетті.
Осыған байланысты жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге
қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы
кәсіптер бойынша ересек тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын
арттыру қажет.
2) Нәтижесіз жұмыспен қамтылу.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2015 жылғы 2,3 млн. адамнан (
жұмыспен қамтылған халықтың 27%) 2017 жылғы 2,1 млн. адамға (24,5%) дейін
қысқарды. Өз қызметін тіркелмей жүзеге асыратын немесе табысы ең төмен күнкөріс
деңгейінен төмен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны соңғы үш
жылда 66%-ға – 2015 жылғы 330,9 мың адамнан 2016 жылғы 301,2 мың адамға дейін
және 2017 жылғы 217,7 адамға дейін қысқарды.
2017 жылы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі негізінен
ауыл шаруашылығында шоғырланған (58%), мұнда еңбек өнімділігінің ең төмен
деңгейі байқалады (жан басына шаққанда 1402 мың теңге). Халықтың табыс деңгейі
экономика салаларындағы еңбек өнімділігінің деңгейімен тікелей байланысты.
Білім мен кәсіптік дағдылардың жеткіліксіздігі едәуір өнімді әрі табысты жұмыс
орындарына қолжетімділікті шектейді. Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың 49,1%-
ында
тек негізгі, орта, жалпы және бастауыш білім бар.
Нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықты өнімді экономикалық қызметке тарту
экономикалық белсенділіктің өсуіне және олардың табыстарының артуына ықпал етеді.
3) Өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздік.
микрокредит беруді дамыту жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және жаңа жұмыс
орындарын құруға ықпал ете отырып, кәсіпкерліктің тиімділігін және ауқымын
арттыратынын көрсетеді.
Әлемдік практикада еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары пайдаланылады, олар еңбек ресурстарын
дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (
жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), ақпараттық
сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институттарының қызметін жетілдіру,
сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Бұл экономикалық тұрғыдан нәтижелі жұмыспен қамту ықтималдығын арттыруды,
еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін көздесе, әлеуметтік тұрғыдан жұмыссыздықты
қысқартуды, еңбек белсенділігінің өсуін және адами әлеуетті дамытуды көздейді.
Технологиялық жаңғыру бірқатар дәстүрлі салаларда еңбек ресурстарына
сұраныстың төмендеуімен және жаңа салаларда сұраныстың өсуімен байланысты еңбек
нарығындағы едәуір өзгерістерге алып келеді.
Цифрлы экономиканың талаптарын ескере отырып, жұмыс күшінің дағдылары мен
біліктіліктеріне жаңа талаптар қойылады. Экономиканы сұранысқа ие кадрлардың
заманауи және сапалы ұсынысымен және барлық азаматтарды қызмет түрін
ауыстыруға арналған барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін қайта даярлау,
біліктілікті арттыру бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар, еңбек ресурстарын жаңа экономиканың қажеттіліктеріне бейімдеу
қажет.
Жаңа экономиканы өнімділіктің артуына, технологиялық жаңаруға және
кәсіпорындар мен салалардың цифрлануына қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету
еңбек нарығына білім беру жүйесінен жаңа білікті кадрлардың келуі есебінен,
сондай-ақ жұмыс істейтін жұмыскерлерді оқыту арқылы жүзеге асырылады.
4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру
нәтижелерінің
көрсеткіштері