1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия;
2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;
3) кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен
ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.
ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды және орталық
және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ тиісінше салалар
бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде
мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру
бойынша есептерін тыңдайды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға
байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
Бағдарлама операторлары өз құзыреті шегінде бір-бірімен және басқа да орталық
және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып:
1) Бағдарламаны нормативтікқұқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді
жүзеге асырады;
2) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар
дайындайды;
3) Бағдарламаның бағыттары бойынша тетіктердің тиімді іске асырылуын
қамтамасыз етеді;
4) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді және
Бағдарлама бағыттары бойынша қатысушылар және мемлекеттік қолдау шаралары
туралы деректердің дәйектілігіне жауапты болады;
5) Бағдарламаның бағыттарын іске асыру тетіктерін жақсарту жөнінде ұсыныстар
әзірлейді және енгізеді;
6) жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпарат негізінде халықты жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.
Өңірлік комиссия:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның
ішінде мобильді оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының
тізбесін бекітеді;
2) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың және қысқа мерзімді
кәсіптік оқу үшін, оның ішінде оқу орталықтарының базасында оқыту үшін
біліктіліктердің тізбесін бекітеді;
3) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру
ұйымдары және мамандықтар (кәсіптер) бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз етеді.
Аудандық (қалалық) комиссия:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің
тізімдерін бекітеді;
2) Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару және үміткерді бос орынға
ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша
мобильді топтар құрады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) Бағдарламаның бағыттарын іске асыруды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;
2) Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
3) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды қамтамасыз
етеді;
4) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп, Бағдарламаны нормативтік
құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік
комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеп, бекітеді;
6) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп, республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимитін белгілеу
және қаражат бөлу бойынша ұсыныстар дайындайды;
7) экономиканың кадрларға қажеттілігінің болжамын әзірлейді және оны мүдделі
орталық атқарушы органдармен келіседі;
8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Бағдарламаның бірінші
бағытының іске асырылуын жалпы үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;
9) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу
бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
10) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жемісті
аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастырудың мониторингі
бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар:
1) өңірлік еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдауды,
болжауды жүргізеді;
2) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;
3) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша іс-шаралардың іске асырылуын
үйлестіреді;
4) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқитын Бағдарламаға қатысушылардың
мониторингін жүргізеді;
5) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның бірінші бағытын
үйлестіруді және іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
2) Бағдарламаның бірінші бағытының іс-шараларын іске асыру жөніндегі
нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
3) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және ТжКБ бойынша және "Мәңгілік
ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлаужөніндегі
шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
Достарыңызбен бөлісу: |