Аутсорсинг туралы шарт халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен
қамтудың жекеше агенттігі арасында жасалады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін
ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді,
шарттың үлгілік нысанын және халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін
қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше
агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын халықты жұмыспен қамту жөніндегі
уәкілетті орган бекітеді.
Жұмыс іздеушілер туралы ақпаратты жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі және
жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаң порталдан интеграциялау не
жұмыс іздеуші туралы ақпаратты қолмен енгізу арқылы экспорттауы мүмкін.
Жұмыс берушілердің, жұмыс іздеушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше
агенттіктерінің, жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар мен халықты
жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы халықты жұмыспен
қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Халықты жұмыспен қамту саласында
көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына сәйкес айқындалады.
Бағдарламаның тетіктеріне сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ қоса алғанда, еңбек
нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – "Еңбек биржасын" және порталды
республикалық деңгейде сүйемелдеуді "ЕРДО" АҚ қамтамасыз етеді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының
түлектері туралы деректерді (ағымдағы жылғы) Еңбек
нарығының бірыңғай ақпараттық
базасына енгізуді білім беру саласындағы уәкілетті орган ЖАО-мен бірлесіп
қамтамасыз етеді.
Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды және
сүйемелдеуді қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен
жүзеге асырылады.
5.3.4. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
есебінен
жұмыспен қамтамасыз ету
ЖАО осы Бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті бюджет қаражатын мынадай жұмыстар
мен объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға
пайдалана алады:
1) әлеуметтік-мәденет объектілерін (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі
және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық
қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі
жөндеуге жол беріледі;
2) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру
және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар
полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт
алаңқайларын жайластыру);
3) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарының
қолжетімділігін
қамтамасыз
ету
үшін
әлеуметтік-мәдени
объектілерді,
инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі,
ағымдағы жөндеу;
4) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (
қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар,
аудандық
маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және
ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен
жабдықтау жүйелері).
ЖАО инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде: