Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 450,82 Kb.
Pdf просмотр
бет9/30
Дата27.12.2019
өлшемі450,82 Kb.
#25066
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

      5) заманауи материалдық-техникалық базаның болуы;
            6)  ӨКП  және  жұмыс  берушілермен  келісілген  қысқа  мерзімді  кәсіптік  оқыту 
бағдарламаларының болуы.
            2019  жылдан  бастап  "Атамекен"  ҰКП  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі 
уәкілетті органмен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша 
оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімін бекітеді.
      Бекітілген тізілім, сондай-ақ біліктіліктер мен дағдылар бөлінісінде олар ұсынған 
оқу  бағдарламаларының  тізбесі  Электрондық  еңбек  биржасында  еркін  қол  жеткізу 
түрінде орналастырылады және үнемі жаңартылып отырады.
            Тізілімге  енген  оқу  орталықтары  мен  оқу  орындары  халықты  жұмыспен  қамту 
саласындағы  көрсетілетін  қызметтер  аутсорсингі  арқылы  қысқа  мерзімді  кәсіптік 
оқытудан  өткен  Бағдарламаға  қатысушыларға  жұмысқа  орналасуда  жәрдемдесуге 
құқығы бар.
            Білім  беру  ұйымдарындағы  қысқа  мерзімді  кәсіптік  оқытудың  құнын  облыстық 
деңгейдегі  білім  беру  және  жұмыспен  қамту  саласындағы  жергілікті  атқарушы 
органдардың  ұсынымы  бойынша  жыл  сайын  білім  беру  бағдарламаларының 
талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып, өңірлік 
комиссиялар белгілейді және өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеуді көздейді. 
Өндірістегі  тәлімгердің  еңбегіне  ақы  төлеу  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  орган 
бекіткен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен  кейінгі,  жоғары  және  жоғары  білімнен  кейінгі  білім  беруді  жан  басына 
шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа 
орналастыру  Бағдарлама  шеңберінде  қысқа  мерзімді  кәсіптік  оқытуды  өткізу  үшін 
міндетті  шарт  болып  табылады.  Қысқа  мерзімді  кәсіптік  оқыту  аяқталғаннан  кейін 
халықты  жұмыспен  қамту  орталықтары  Бағдарламаға  қатысушыларға  Заңға  сәйкес 
жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.


            ТжКБ  бар  кадрларды  даярлауды  қаржыландыруды  –білімберу  саласындағы 
жергілікті атқарушы органдар, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды – халықты жұмыспен 
қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты 
есебінен жүзеге асырады.
      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін адамдар стипендиямен және материалдық 
көмекпен  қамтамасыз  етіледі.  Кәсіптік  оқытудан  мобильді  оқу  орталықтары  арқылы 
өткен кезде тұруға арналған материалдық көмек төленбейді.
      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға мынадай 
мөлшерде:
            1)  облыс  шегінде,  бірақ  Бағдарламаға  қатысушылар  тұрақты  тұратын  елді 
мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында білім алған барлық кезеңде оқу 
орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде 
жол жүруге;
            2)  Астана,  Алматы,  Шымкент,  Атырау  және  Маңғыстау  қалаларында  тұруға  ай 
сайын – 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарда5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек
беріледі.
            Материалдық  көмек  шығыстарды  растайтын  құжаттар  ұсынылмай,  білім  беру 
ұйымы сабаққа келуі туралы берген анықтаманың негізінде төленеді.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті 
атқарушы  органдары  халықты  жұмыспен  қамту  орталықтарының  есептері  негізінде 
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар 
кадрларды  даярлауды,  қысқа  мерзімді  кәсіптік  оқытуды,  "Мәңгілік  ел  жастары  – 
индустрияға!"  ("Серпін")  жобасы  бойынша  кадрлар  даярлауды,  еңбек  ресурстарын 
және  қысқартылатын  жұмыскерлерді  қайта  даярлауды  ұйымдастыру  және 
қаржыландыру  қағидаларына  сәйкес  белгіленген  нысан  бойынша  ай  сайын,  есепті 
айдан кейінгі айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті 
органға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту барысы туралы есепті ұсынады.


      Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі 
бар кадрларды даярлау және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар
бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша міндеттерді іске асыру шеңберінде 
тартылған тараптардың өзара іс-қимыл тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган 
бекітетін  Техникалық  және  кәсіптік  білімі  бар  кадрларды  даярлауды,  қысқа  мерзімді 
кәсіптік  оқуды,  "Мәңгілік  ел  жастары  –  индустрияға!"  ("Серпін")  жобасы  бойынша 
кадрлар  даярлауды,  еңбек  ресурстарын  және  қысқартылатын  жұмыскерлерді  қайта 
даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
      5.1.3. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар 
даярлау
      Жұмыс күші артық 5 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан 
облыстарының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі
бар  кадрларды  даярлау  бойынша  "Мәңгілік  ел  жастары  –  индустрияға!"  ("Серпін") 
жобасына қатысушылар болып табылады.
      Жоба шеңберінде кадрларды даярлау 9 өңірдің: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс 
Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан
облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім 
беру  тапсырысына  сәйкес  жоғарыбілім  беру  мамандықтарының  бекітілген  тізбесі 
бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.Жобаға қатысушылар оқуақысын 
төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру пұлымен қамтамасыз 
етіледі.
      Жоба шеңберінде кадрларды даярлау жұмыс күші тапшы 6 өңірдің: Ақмола, Шығыс
Қазақстан,  Батыс  Қазақстан,  Қарағанды,  Қостанай,  Павлодар  облыстарының  оқу 
орындарында  белгілі  бір  оқу  кезеңіне  арналған  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысына 
сәйкес  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  мамандықтарының  бекітілген  тізбесі 
бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
            Жобаға  қатысушылар  оқу  ақысын  төлеу  бойынша  мемлекеттік  қолдаумен, 
стипендиямен, жол жүру пұлымен қамтамасыз етіледі.


жүктеу 450,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау