бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті дамытуды
ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде құрылатын Жұмыс орындарының
картасын қалыптастырады.
Жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізу тәртібі халықты жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаларды іске асыру үшін жауапты орталық және ЖАО жұмыс орындарының
құрылуына мониторингті жүзеге асыру және жұмыс орындарының құрылуы туралы
мәліметтерді ұсыну қағидаларында айқындалады.
Әлеуметтік
жұмыс орындарын құру
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша
жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып
әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен
ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік
аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және
бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты
жұмыс орындарына арналған бос жұмыс орындарынан тыс құрылады. Мұндай жұмыс
орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар
жұмыстарда құрылмайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады.
Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы
төлеуді жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшердің негізінде нақты жұмыс
істеген уақытына ай сайын жүргізеді.
Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз
қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша
үстемеақылар белгілейді.
Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына азаматтардың қатысу
шарттары мен оларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Жастар
практикасын ұйымдастыру
Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы
) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін
ұйымдастырылады.
Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтағанына 3 жыл
болмаған және жиырма тоғыз жасқа толмаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға
арналған.
Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда
ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы
жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам
қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс
орындарына арналған бос орындардан тыс жүргізіледі.