3. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
14. Курсты оқытуға 5-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.
15. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):
1) ұлттық-мәдени дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қабілетін дамыту, өзінің отандық өнердің тағдырына қатыстылығын саналы түрде сезінуін, Қазақстанның көркем мұраларына құрметпен әрі ұқыппен қарауын тәрбиелеу;
2) әлем халықтарының өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу, өнердің алуан түрлері мен жанрларындағы туындыларды қабылдау және талдау қабілеттерін қалыптастыру.
16. Графика (6 сағат):
1) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;
2) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;
3) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
4) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
5) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;
6) «Жыл құстары», «Қазақстанның көне қалалары», «Спорттық жарыстар», «Қысқы пейзаж» атты тақырыптарға сурет салу;
7) суретші-графиктер В.Антощенко-Оленевтің, Е.Сидоркиннің, С.Романовтың, М.Қисамединовтың және әлемдегі басқа да суретші-графиктердің туындыларымен танысу.
17. Кескіндеме (8 сағат):
1) түс – кескіндеу тілінің негізі;
2) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
3) алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау;
4) кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері;
5) түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстердің араласуы; түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;
6) пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;
7) «Ғарыш», «Күзгі жаңбыр», «Жаңажылдық карнавал», «Қысқы каникулдар», «Астана-менің іңкәрім» атты тақырыптарға сурет салу;
8) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;
9) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);
10) 20 ғасырдың 80-90-жылдарындағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.
18. Композиция (6 сағат):
1) композицияның мәнерлілігіне өлшем мен пішіннің әсері, композициядағы тепе-теңдік;
2) композициядағы статикалық, динамикалық, қозғалыс;
3) желілік және әуе перспективасы, композициядағы қарама-қарсылық, композицияда туындының болмысын ашу.
19. Сәндік-қолданбалы өнер (4 сағат):
1) қазақ халқының және әлем халықтарының қолөнер түрлері, Қазақстанның дәстүрлі халықтық қолданбалы өнері, сәндік-қолданбалы өнер материалдары, адам өміріндегі безендіру, жиһаз, музыкалық аспаптар;
2) киім, аяқ киім және тұрмыста қажетті басқа да заттар;
3) икебана, коллаж;
4) ою-өрнек және оның шығу тегі, ою-өрнек түрлері, әлемдік өнердегі негізгі ою-өрнек нақыштары;
5) символдарды қолдана отырып шығармашылық ою-өрнекті композиция орындау, сәндік бейнені стильдеу және белгілік сипаты, сәндік бейненің қоғам өміріндегі функциялары;
6) Қазақстанның және әлемнің әртүрлі елдеріндегі халық шеберлері мен сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен танысу.
20. Мүсін (4 сағат):
1) монументті және қондырғылы мүсін, тас мүсіндер, жұмырлы мүсін (ұсақ пластика), композицияның тұтастығы, типтендіру, мүсіннің негізгі тақырыптары;
2) халық ертегілерінің сарынымен екі, үш тұлғалы композициялар жасау;
3) мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық – илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру) ;
4) натурадан, есте қалғанын және көзге елестету арқылы мүсін жасау;
5) суретші-мүсіншілер Н. Журавлёвтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың және әлемнің атақты суретші-мүсіншілерінің туындыларымен танысу.
21. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (4 сағат):
1) өнердің адам өмірінің заттай-кеңістік ортасын ұйымдастырудағы рөлі;
2) графикалық дизайн, компьютерлік графика және анимация, стильдеу, арт-дизайн;
3) сәулет және дизайн, сәулет пен дизайндегі көркем және функционалдық тұтастық.
Достарыңызбен бөлісу: |