25
Бағдарламалық
құрал
25.1
Бағдарламалық құралды
жаңарту
Интернет арқылы жаңарту
Теледидар интернетке қосылса, теледидар
бағдарламалық құралын жаңарту хабарын алуыңыз
мүмкін. Жылдамдығы жоғары (кең ауқымды) интернет
байланысы қажет. Осы хабарды алсаңыз, жаңарту
орындауға кеңес береміз.
Экрандағы хабармен Update (Жаңарту) опциясын таңдап,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сонымен қатар, бағдарламалық құрал жаңартуын іздеуге
болады.
Бағдарламалық құралды жаңарту барысында сурет пен
теледидар өшіп қайта қосылады. Бұл бірнеше рет орын
алуы мүмкін. Жаңарту әрекеті бірнеше минут алуы мүмкін.
Теледидар суреті кері оралғанша күтіңіз. Бағдарламалық
құралды жаңарту барысында теледидардағы немесе
қашықтан басқару құралындағы қуат
қосқышын баспаңыз.
Бағдарламалық құрал жаңартуын өзіңіз іздеу үшін…
1 -
Settings (Параметрлер) >
Update Software
(Бағдарламалық құралды жаңарту) > Search for Updates
(Жаңартуларды іздеу) тармақтарын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
2 - Internet (Recommended) (Интернет (Ұсынылған))
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Теледидарда интернет жаңартуы ізделеді.
4 - Егер жаңарту қолжетімді болса, бағдарламалық
құралды жаңартуға болады.
5 - Бағдарламалық құралды жаңартуға бірнеше минут кетуі
мүмкін. Теледидардағы немесе қашықтан басқару
құралындағы
пернесін баспаңыз.
6 - Жаңартып
болған соң,
теледидар көріп отырған
арнаңызға оралады.
USB арқылы жаңарту
Теледидардың бағдарламалық құралын жаңарту қажет
болуы мүмкін.
Бағдарламалық құралды теледидарға жүктеу үшін,
жылдамдығы жоғары Интернет байланысы бар компьютер
және USB флэш-жады керек болады. Кем дегенде 2 ГБ бос
орны бар USB флэш-жадын пайдаланыңыз. Жазу
қорғауының ажыратылғанын тексеріңіз.
Теледидар бағдарламалық құралын жаңарту үшін…
1 - Settings (Параметрлер) > Update Software
(Бағдарламалық құралды жаңарту) > Search for Updates
(Жаңартуларды іздеу) тармақтарын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
2 - USB опциясын таңдап,
OK түймесін басыңыз.
Теледидарды анықтау
1 - USB флэш-жадын теледидардың USB қосылымдарының
біреуіне жалғаңыз.
2 - Write to USB (USB құрылғысына жазу) опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз. Идентификация файлы USB
флэш-жадында жазылған.
Бағдарламалық құралды жүктеу
1 - USB флэш-жадын компьютерге енгізіңіз.
2 - USB флэш-жадынан
update.htm файлын тауып, екі рет
басыңыз.
3 - Send ID (Идентификатор жіберу) түймесін басыңыз.
4 - Егер жаңа бағдарламалық құрал қол жетімді болса, .zip
файлын жүктеңіз.
5 - Жүктеген соң файлды мұрағаттан
шығарып, autorun.upg файлын USB флэш-жадына
көшіріңіз. Осы файлды қалтаға орналастырмаңыз.
Теледидардың бағдарламалық құралын жаңарту
1 - USB флэш-жадын теледидарға қайта енгізіңіз. Жаңарту
автоматты басталады.
2 - Бағдарламалық құралды жаңартуға бірнеше минут кетуі
мүмкін. Теледидардағы немесе қашықтан басқару
құралындағы
пернесін баспаңыз. USB флеш дискісін
алып тастамаңыз.
3 - Жаңартып болған соң, теледидар көріп отырған
арнаңызға оралады.
Егер жаңарту кезінде электр жарығы өшіп қалса, USB флэш-
жадын теледидардан ажыратпаңыз. Электр жарығы қайта
жанғанда, жаңарту жалғасады.
Теледидар бағдарламалық құралының кездейсоқ
жаңартылуын болдырмау үшін, autorun.upg файлын USB
флэш-жадынан жойыңыз.
OAD жаңартуларын құлыптау
OAD (әуе арқылы жүктеп алу) бағдарламалық құралының
жаңартуын іздеу үшін сканерлеңыз.
OAD жаңартуларын іздеу...
1 -
Settings (Параметрлер) >
Update Software
(Бағдарламалық құралды жаңарту) > Search for Updates
(Жаңартуларды іздеу) > Look for OAD updates (OAD
жаңартуларын іздеу) тармағын таңдаңыз.
2 - Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
* Ескертпе: OAD бағдарламалық құралының жаңартуын
белгілі бір елдерде ғана қолжетімді.
77
25.2
Бағдарламалық құралды
жаңарту тарихын көру
Теледидарда сәтті жаңартылған бағдарламалық құрал
нұсқаларының тізімін көрсету.
Бағдарламалық құралды жаңарту тарихын көру үшін…
1 -
Settings (Параметрлер) >
Update Software
(Бағдарламалық құралды жаңарту) > View software update
history (Бағдарламалық құралды жаңарту тарихын көру)
тармағын таңдаңыз.
2 - Осы теледидардағы бағдарламалық құралды жаңарту
тарихы көрсетіледі.
25.3
Бағдарламалық құрал нұсқасы
Ағымдағы теледидар бағдарламалық құралының нұсқасын
көру үшін…
1 - Settings (Параметрлер) > Update Software
(Бағдарламалық құралды жаңарту) > Current Software Info
(Ағымдағы бағдарламалық құрал туралы ақпарат)
тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Нұсқа, шығарылым ескертпелері және жасалған күн
көрсетіледі. Сонымен қатар, Netflix ESN нөмірі қолжетімді
кезде көрсетіледі.
3 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
25.4
Бағдарламалық құралдарды
автоматты түрде жаңарту
Теледидардың бағдарламалық құралын автоматты үрде
жаңарту үшін бағдарламалық құралдарды автоматты
түрде жаңарту опциясын қосу. Теледидарды күту
режимінде қалдыру.
1 - Settings (Параметрлер) > Update Software
(Бағдарламалық құралды жаңарту) > Automatic Software
Update (Бағдарламалық құралдарды автоматты түрде
жаңарту) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Экрандағы нұсқауды орындаңыз.
3 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Параметр қосулы болса, теледидарды іске қосқанда
жаңартулар жүктеп алынып, теледидар күту режиміне
ауысқаннан 15 минуттан соң (жоспарланған жазулар
немесе басқа дабылдар болмағанда) орнатылады.
Параметр өшірілгенде, «Қазір жаңарту» / «Кейінірек»
индикаторы көрсетіледі.
25.5
Бастапқы коды ашық
бағдарламалық құрал
Бұл теледидарда бастапқы коды ашық бағдарламалық
құрал бар. TP Vision Europe B.V. компаниясы осымен сұрау
бойынша тиісті лицензиялар арқылы осындай ұсыныс
сұралса, бұл өнімде қолданылған, авторлық құқықпен
қорғалған бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал
бумаларының тиісті толық бастапқы код көшірмесін
ұсынады.
Бұл ұсыныс осы ақпаратты қабылдаған кез келген адамға
өнім сатып алынған күннен бастап үш жыл жарамды
болады.
Ресурс кодын алу үшін мына мекенжайға ағылшын тілінде
хат жазыңыз. . .
open.source@tpv-tech.com
25.6
Бастапқы коды ашық лицензия
Бастапқы коды ашық лицензия туралы
ақпарат
TP Vision Netherlands B.V. бөліктерінің бастапқы кодына
арналған README. Бастапқы коды ашық лицензиясына
кіретін теледидар бағдарламалық құралы.
Бұл — GNU Жалпы әлеуметтік лицензиясына (GPL) немесе
GNU Шектеулі жалпы әлеуметтік лицензиясына (LGPL)
немесе басқа бастапқы коды ашық лицензияға жататын TP
Vision Netherlands B.V. теледидарында пайдаланылатын
бастапқы код таралуын сипаттайтын құжат. Осы
бағдарламалық құрал көшірмелерін алу бойынша
нұсқауларды «Пайдалану нұсқаулары» бөлімінен табуға
болады.
TP Vision Netherlands B.V. ҰЙЫМЫ ОСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ҚҰРАЛҒА ҚАТЫСТЫ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ
НЕМЕСЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ САПА КЕПІЛДІКТЕРІНЕ
ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. TP Vision Netherlands B.V. ұйымы
осы нұсқа үшін қолдау ұсынбайды. Алдыңғы нұсқа сатып
алынған TP Vision Netherlands B.V. өнім(дер)іне қатысты
кепілдіктерге және міндетті құқықтарға әсер етпейді. Бұл
тек сізге жасалған осы бастапқы кодқа қолданылады.
25.7
Хабарландырулар
Хабарландыруды жүктеп алуға болатын жаңа теледидар
бағдарламалық құралы немесе бағдарламалық
құралдармен байланысты басқа мәселелер үшін алуыңыз
мүмкін.
78