Негіздері



жүктеу 0,54 Mb.
бет1/3
Дата25.12.2017
өлшемі0,54 Mb.
#5944
  1   2   3


ШАРИҒАТ

НЕГІЗДЕРІ


Өскемен қаласы

2009 жыл

УДК 297


ББК 86.38

Ш 27

«Шариғат негіздері»

Орысшадан аударған: Баймұрат Ғалия Тоқтарбекқызы


Ш 27 Астана, 2009. – 57 бет.

ISBN 978-601-06-0260-1


Ислам заңнамасы қасиетті Құранның және хадистердің (Пайғамбар өсиеттерінің) негізінде жасалады.

Ислам заңы адамдардың қандай да бір лайықсыз қылық жасауына жол бермейтіндігімен сипатталады.

Ислам заңнамасы – адамдардың іс-амалдары мен қылықтарына қатысты шариғат қағидасы.

Шариғат мұсылмандар өмірінің заңы болғандықтан оны әрбір мүмин білуі тиіс.


УДК 297

ББК 86.38




ISBN 978-601-06-0260-1

© Баймұрат Ғалия Тоқтарбекқызы, 2009 жыл




Бисмилләһир-рахмәнир-рахим
ШАРИҒАТ НЕГІЗДЕРІ
Ислам шариғаты (заңнамасы) Құранның және хадистердің (Пайғамбар өсиеттерінің) негізінде жасалады.

Ислам заңы - адамдардың қандай да бір лайықсыз қылық жасауына жол бермейтіндігімен сипатталады.

Ислам заңнамасы – адамдардың іс-әрекеттеріне және қылықтарына қатысты шариғат қағидасы.

Ислам заңнамасы бойынша, қасиетті Құран аятының негізінде, дәретсіз адамның Құранды ұстауына тыйым салынады.

Дәрет – намаз оқу үшін белгілі бір мүшелерді жуу арқылы тазалану.

Ғұсыл – шариғат бойынша, денені түгел тазарту үшін бастан-аяқ жуыну.

Мұсылмандық кітаптардың бәрін дәретпен (тахаратпен) ұстау керек. Кітаптарды белден төмен түсірмеген жөн.

Алланың атын атасаң және естісең міндетті түрде сұбханәку уә тағала дейтін құрметтеу сөздерін қоса айту керек.

Мұхаммед пайғамбардың атын атағанда немесе естігенде де міндетті түрде салалаһу алейхи уә салам (с.а.у.) деген сөздерді қоса айту керек.

Пайғамбар серіктерінің аттарын атағанда немесе естігенде рази Аллаһу анһу деген сөздерді қосқан жөн.

Дінтанушы ғалымдардың (имамдардың, шайқылардың) есімдерін естігенде немесе атағанда: рахимахул-лаһу-тағала деп қосқан ләзім.

Адамдардың бүкіл іс-әрекеттері 8 тармаққа бөлінеді:



  1. Парыз

  2. Уәжіп

  3. Сүннет

  4. Мұстахаб

  5. Мубах

  6. Харам

  7. Мәкруһ

  8. Мустакруһ

ПАРЫЗ
Парыз – әрбір адамды шариғат нұсқамаларын қатаң түрде орындауға міндеттейтін іс-әрекет. Орындалғаны үшін Алладан сауап (жарылқау) болады. Орындалмауының дәлелді себептері болмаса – қатаң жазаланады. Кім бұл міндеттемелердің ақиқаттығына сенбесе, дінсіздер категориясына ауысады.

Парызды айн парыз және кифая парыз деп екі түрге бөледі.

Айн парызды әрбір мұсылман орындауға міндетті, мысалы: бес уақыт намаз, ораза.

Кифая парыз – бұл мұсылман қауымына жүктелетін парыз. Егер осы парызды кейбіреулері орындаса, басқалары жауапкершіліктен босатылады. Оның орындалғаны үшін қауымдағылардың әрқайсысы сауап алады. Ал бұл парызды ешкім орындамаса, бүкіл қауым күнәһар болады. Мысалы: амандасқанның сәлемін алу, жерлеуге қатысу.


АЙН ПАРЫЗ


  1. Алланың жалғыздығын танып-білу, оның сипаттарын зерттеу.

  2. Мұхаммедтің (с.а.у.) адамдарды тура жолға бағыттау үшін жіберілген Алланың елшісі екенін білу және сену.

  3. Мұхаммед хабарлаған исламның барлық қағидасы ақиқат болып табылады және Алладан келгені хақ екендігіне сену.

  4. Куәлардың алдында исламның негізгі тұжырымдамасын лә иллаха иллала Мухаммаду - расулулла (Дүниеде құлшылық етуге лайықты Алладан басқа құдай жоқ, ал Мұхаммедті Ол адамдарға тура жол көрсету үшін жіберді деп іштей куәландырамын) деп айтуға және ислам - Алланың ең соңғы, дара жолы екенін растауға міндетті.

  5. Күн сайын бес уақыт намаз оқу.

  6. Рамазан айында күнделікті ораза ұстау.

  7. Кімнің дәулеті белгіленген мөлшерге жетсе – кедейлерге заңдастырылған зекет (байлықты тазарту) беруі.

  8. Дәулеті және мүмкіндігі бар кісіге өмірінде тым болмаса бір рет қажылыққа (көру үшін) Меккеге бару.

  9. Егіннен, екпе ағаштардан, пішен алқабынан, омартадан кедейлерге ұшыр (салық түрі) беру (10 пайыз).

  10. Парыздағы адамдар орындайтын амалдарды зерттеу және білу: оларды орындаудың салт жораларын білу.

  11. Жұма намазына бару.

  12. Алланың еркіне бағыну және әмір етілген шарттарды орындау.

  13. Шариғаттың әрбір бұйрығын шын жүректен, тек Алла үшін орындау.

  14. Іштей Алланы мүмкіндігінше үнемі есте сақтау және ұмытпау.

  15. Шариғат айыптайтын іс-әрекеттерді жасамау.

  16. Бұрынғы жасалған күнәларды мойындау және оларды енді жасамауға бекіну.

  17. Табиғатты зерттегенде одан Алланың құдіреті мен ұлылығын көру.

  18. Алланың бергендері үшін оған разы болу.

  19. Қандай да бір амалды орындауға кіріскенде Аллаға сенім арту (себеп-салдарлық тәуелділік).

  20. Егер қандай да бір бәле келсе (ауру. өлім, апат және т.б.), мұның бәрі Алланың әмірімен болды деп санау және ұстамдылық, шыдамдылық көрсету (Аллаға қатысты жаман ойлардың пайда болуынан сақтану).

  21. Албастыны өзінің жауы деп санау және ол итермелеген күнәлі істерді орындаудан сақтану.

  22. Сөз жүзінде және кез-келген істе ақиқат пен әділдік жағында болу.

  23. Сотта куәгер болғанда ақиқатты бұрмаламай тек қана шындықты айту.

  24. Қажет болса әскери қызмет атқаруға, отанын қорғауға міндетті.

  25. Әмір етілген шариғат нұсқамаларын алаңсыз орындау үшін еңбек ету және қаражат табу арқылы өзін және өз отбасын асырауға міндетті.

  26. Қажеттілікке қарай киіну.

  27. Қажеттілікке қарай ішіп-жеу.

  28. Біреудің дүниесі қолға қандай жолмен түссе де оны иесіне қайтару қажет.

  29. Қаза болған намазды кейін оқу керек.

  30. Қалауы бойынша оразаны мезгілсіз ашса, құн төлеу (құлды босату немесе 2 ай ораза ұстау).

  31. Зекет пен ұшырды уағында төлемесе, кейін беру.

  32. Егер кімде-кім алған қарызын дер кезінде қайтара алмаса, ол кісі үшін қарызды мұраға қалатын дәулеттің бөлігінен солар өтеуді көзі тірісінде мұрагерлеріне өсиет етуге міндетті.

  33. Өздеріне мұра қалмаса да мұрагерлер қарызды толық өтеуге міндетті.

  34. Уақтылы ұсталмаған оразаның орнын толтыру.

  35. Күйеуі әйеліне зорлық көрсетпей адалдық пен әділеттілікті қамтамасыз етіп, оны асырауға міндетті.

  36. Күйеуі әйелі үшін бөлме немесе үй дайындауға міндетті.

  37. Күйеуі әйелін көпшілік мақұлдаған, қажетті киімдермен қамтамасыз етуге міндетті.

  38. Күйеуі әйелін қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге міндетті.

  39. Балалар мүмкіндігінше әке-шешесіне жақсы қарауға, сыйлауға және бағынуға міндетті (олардың ризашылығы үшін).

  40. Егер әке-шешесі кедейшілікте тұрса, оларды балалары асырауға міндетті.

  41. Әкесі жас балаларын асырауға міндетті.

  42. Қажет болғанда туыстарының жас балаларын және кембағалдарды (егер оның өзі мүгедек болса, босатылады) еркек асырауға міндетті.

  43. Егер серт етсең (уәде берсең), әрі ол шариғатқа қайшы келмесе, орындау керек.

  44. Егер қандай да бір салт жорасын жасауға немесе дұға оқуға ниет етсең, оны орындауға міндеттісің.

  45. Егер ниет еткеніңді (уәде еткеніңді) орындай алмасаң, айып төлеу (құлды босату немесе жарлыны тамақтандыру) арқылы өтеуге міндеттісің.

  46. Құранның оқылғанын естіген кезде – істің бәрін қою.

  47. Күйеуі әйеліне шын ниетімен махрды (некеге тұрғанда уәде етілген – соның меншігі) беруге міндетті.

  48. Шариғат алдында былғанған адам (жүніп) ғұсыл алуға міндетті.

  49. Етеккірі тоқтаған әйел ғұсыл алуға міндетті.

  50. Босанған әйел тәуір болған соң (40 күннен кейін) ғұсыл алуға міндетті.

  51. Белгіленген парыздарды пікірлестер арасында түсіндіру.

  52. Пікірлестер ортасында ізгі амалдар жасауға, ал шариғат тыйым салғандардан аулақ болуға үгіт жүргізу.

  53. Тыйым салынған қылықтардан тартыну.

  54. Шариғаттың кез-келген салт жораларын (дәрет, ғұсыл, намаз және т.б.) барлық нұсқамалары бойынша (осы амалдардағы парыздарымен) орындау.


КИФАЯ ПАРЫЗ


  1. Ислам шариғатының барлық қағидаларын жете білу (яғни, мұсылман заңнамасын жақсы зерттеу).

  2. Надан мұсылмандарға ислам шариғатын үйрету.

  3. Құранды түгел жатқа білу.

  4. Қоғамға қажетті өндіріс құралдарын және тұтыну заттарын жасау.

  5. Қамқоршылары және тіршіліктеріне қаражаты жоқ қарияларды асырау.

  6. Асыраушылары жоқ мүгедектерге, дәрменсіздерге, науқастарға көмек көрсету.

  7. Жетімдерді тәрбиелеу.

  8. Науқастарға қатынап, көңілдерін сұрау.

  9. Марқұмды шариғат бойынша арулау.

  10. Жерлеу алдында марқұмның жаназасын шығару.

  11. Көр қазып, марқұмды жерлеу.

  12. Сәлем бергеннің сәлемін алу.

  13. Егер адам түшкірген соң «Аллаға шүкір» (әлхамду лилләхи) десе, оған: «Саған Алланың рахымы болсын» (иархамика Аллаху) деп айту.

  14. Пайғамбардың атын атағанда немесе естігенде оның атына міндетті түрде салауат сөздерді қосу.

  15. Соғыс кезінде соғысқа қатысу.


УӘЖІП
Уәжіп – парыз сияқты міндетті түрде орындалуы талап етілетін амал болып табылады. Уәжіптерді орындағаны үшін адам Алладан сауап алады, дәлелді себептерсіз орындамаса, асқан күнаһар боп саналады. Уәжіпті кім тәрк етсе, сол үшін ол парыздағыдай дінсіздер категориясына ауыспайды деп есептелгенмен ауыр күнә көтереді.

  1. Ораза біткен соң өзі үшін және отбасының әр мүшесі үшін пітір садақа беру қажет (2 кг бидай құнына тең).

  2. Құрбан айт кезінде құрбандық шалу (ет кедейлерге таратылады)

  3. Өмірде бір рет кез-келген уақытта исламның қасиетті мекеніне (Меккеге) қажыға бару (негізінен қажылық құрбандық шалатын Құрбан айт мейрамына сәйкес келеді).

  4. Күн сайын кешкі бесінші намазда (құптан) 3 рәкәт үтір уәжіп оқу.

  5. Жылына екі рет мұсылмандарға қосылып, мерекелік намаздарды оқу (ораза мен Құбан айттан кейін).

  6. Құрбан шалу мерекесінің үш күнінде және төртінші күннің алғашқы үш намазында парыздан кейін «тәкбір» оқу.

  7. Құранды өз ережесі бойынша оқу, яғни «тәжуитті» білу.

  8. Құранның 14 жеріндегі бас ию (сәжде) аяттарын оқыған немесе естіген кісі иіліп «сәжде тиләуат» жасау.

  9. Уәдеде тұру.

  10. Бірдеме істеуді ниет еткенде немесе ол туралы сөз қозғағанда егер құдай берсе, яғни «Алла қаласа»деу керек. (Араб тілінде инша Алла деп айтылады).

  11. Алланың атын айтқанда оны ұлықтайтын сөздерді қосу.

  12. Әйел өзіне жүктелген міндеттерді орындауға және күйеуіне бағынуға міндетті.

  13. Оқушы (шәкірт) өзінің мұғаліміне бағынуға және оны сыйлауға міндетті.

  14. Іштей әркімге тек жақсылық, игілік, ұнамды нәрселерді ғана тілеу.

  15. Қиын жағдайға тап болған адамдар мен жануарларға мүмкіндігінше көмектесу.

  16. Сыйлық, жәдігер берілгенде - қабылдау.

  17. Алған сыйлығына өз кезегінде сондай қарымта қайтару.

  18. Біреу саған жақсылық жасаса, оған да соны қайтару.

  19. Қонаққа шақырған жерге бару қажет.Тек тағамның халалдығы күмән туғызған жағдайда ғана бармау. Тағамның халалдығы дегенде шариғат талаптарына сай болуы ұғылады. Ұрланғанды, шошқаның етін, арам өлген малдың етін қолдануға рұқсат етілмейді.

  20. Егер біреуге жаманшылық жасасаң, кінәңді мойындап, кешірім сұрау.

  21. Сатып алушыға өз тауарыңның кемшілігі жөнінде айту.

  22. Иманды бауырлар (қарындастар) бір-біріне жәрдемдесу.

  23. Мүмкіндігінше имандылардың амалдары туралы жақсы пікірде болу.

  24. Ажырасқан немесе жесір қалған әйел шариғат белгілеген мерзім өткенше қарапайым киінуі және қуаныш белгілерін көрсетпеуі тиіс.

  25. Қауіп төнген жағдайдан басқа кезде, ажырасқан әйел белгіленген мерзім өткенше үйде қалуы тиіс.

  26. Жолаушы парыз намазын қысқартып оқуы тиіс. 4 рәкәттің орнына тек екеуін оқу.

  27. Егер біреуге нақақ жала жабылса, ақиқатты білуші оған болысып, шындықты айтуы тиіс.

  28. Үш күннен артық өкпелемеу. Осы мерзім ішінде татуласу қажет (егер бұл оның дініне зиянын тигізбесе).

  29. Егер қызды лайықты жігітке айттырса және оған келісімі берілсе – оны күйеуге беру қажет.

  30. Қажылық кезінде кім белгіленген салт жораларын бұзса, сол құрбандық шалуға және қайыр-садақа беруге міндетті.

  31. Өзінде жақсы мінез тәрбиелеу.

  32. Әр нәрсеге (жағдайға) байыппен қарау, одан өзіне сабақ алу.

  33. Басшылар өз қарамағындағыларға жақсы қарауға, әділ шешім қабылдауға міндетті.

  34. Қойылған сұрақтың жауабын білетін адам оны айтуға міндетті.

  35. Егер көзі тірісінде қаза болған ораза, намаздарды орындап үлгермесе, садақа (підия) беру жөнінде мұрагерлеріне өсиет ету.

  36. Уақтылы берілмеген зекет үшін көзі тірісінде, алдын-ала мұрагерлеріне өзінен қалған дәулеттен төлеуді өсиет етуі тиіс.

  37. Егер кімде-кім анық мүмкіндігі бола тұра белгіленген қажылық парызды өтемесе, ақысына біреудің қажыға баруын (дада қажы) мұрагерлеріне өсиет етуге міндетті.

  38. Қалдырылған мұраның үштен бір бөлігіне дейін жұмсап, мұрагерлері өсиетті орындаулары тиіс.

  39. Әке-шешелері өз балаларына дінді, салт жораларын, мәдениетті және т.б. мәселелерді үйретуге немесе ұстаз жалдауға міндетті.

  40. Туыстар өз қарым-қатынастарын үзбеуге тиіс, тату өмір сүруге міндетті.

  41. Кім өз әйелін жақын туыстарына ұқсастырса, сол шариғат белгілеген айыппұл төлеуге міндетті.

  42. Кім әйеліне 4 ай жақындамауға серт берсе, сол өз сертін бұзуға және айыппұл төлеуге міндетті.

  43. Екі әйелі барға олардың арасына теңдік пен әділдікті қамтамасыз ету.

  44. Шариғаттың әрбір салт жорасын барлық уәжіптерімен (мысалы, дұғаларда 12 уәжіп бар) орындау.



СҮННЕТ
Бұл амалдарды пайғамбарымыз орындаған, бұлардың орындалғаны үшін жарылқау болатынын айтқан. Біз әр сүннетті орындауға ұмтылуымыз керек. Кім сүннеттерді себепсіз орындамаса, сол аса күнаһарлардың категориясына ауыспаса да, қиямет күні бұл туралы одан сұралады.

  1. Әрбір жақсы, ізгі істі Алланың атымен бастау (Аса қамқор, Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын дегенді арабша айту, яғни бисмилләхир рахманир рахим).

  2. Түшкірген соң «Аллаға шүкір» дегенді арабша айту (әл–хамду лиллахи).

  3. Есінеген кезде ауызды қалқалап, жабу.

  4. Діншіл адамдарды кездестіргенде сәлем беру.

  5. Ас алдында қолды жуу.

  6. Астан кейін де қолды жуу.

  7. Тамақ ішерде: «Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын» деу (арабша).

  8. Астан соң Аллаға шүкіршілік ету.

  9. Отырып тамақтану.

  10. Ас алдында және одан кейін титтей тұз тату.

  11. Аса қажеттілік болмаса, құралды қолданбау, яғни қолмен жеу.

  12. Тағамды оң қолмен қабылдау.

  13. Ішкенде ыдысты оң қолда ұстау.

  14. Аптықпай, кідіріс жасап ішу.

  15. Тамақты шыны, фарфор және ағаш ыдыстардан ішу.

  16. Тамақтың қоқымдарын тастамау, оларды да асқа жарату.

  17. Арпаның нанын жеу.

  18. Өзіңнің ыдысыңда ас қалдырма.

  19. Әйелімен, бала-шағасымен бірге тамақтану.

  20. Сүт, су немесе басқа жағымды бірдеме ұсынған кезде – қабылдау.

  21. Ақ, жасыл немесе қара түсті киімдерді кию.

  22. Шешілген киімді орап, жинап қою.

  23. Киімді таза және қаз-қалпында ұстау.

  24. Біраз киілген, артық киімдерді кедейлерге тарату.

  25. Намаз оқығанда басқа сәлде орау.

  26. Киімді тозғанша кию.

  27. Ұйқыға жатарда дәрет алу.

  28. Ұйқыға жатарда тісті тазалау.

  29. Дәрет алғанда тісті мисуақпен (тәтті тамыр) тазалау.

  30. Таң сәріде тұру.

  31. Құран оқуды Алланың атымен бастау.

  32. Парыз намаздарын бірлесіп оқу (жамағатпен).

  33. Намаздың алдында намазға шақыруды (азан мен қаматты) айту.

  34. Намазды махалладағы, яғни өзі тұратын жерге жақын мешітте оқу.

  35. Сүннет намаздарын таңғы (таң), түскі (бесін), түстен кейінгі (ақшам) және кешкі (құптан) намаздарында оқу.

  36. Ораза кезінде соңғы намаздан кейін тарауих намазын оқу.

  37. Тарауих намазы кезінде біртіндеп қосумен Құранды түгел оқып шығу.

  38. Рамазан айында бір түнді болсын Аллаға құлшылық етумен (Құран, намаз оқу) мешітте өткізу.

  39. Рамазан айында тамақты таң атпай ішу.

  40. Рамазан айында күн батқан соң біраз тамақтанып алу, сосын намаз оқу.

  41. Жұма күні және айттың алдындағы күні (немесе айт басталған күні) ғұсыл алу.

  42. Ораза мейрамы басталған күні күн шықпай, таң сәріде тамақтану.

  43. Құрбан айт басталған күні таң сәріден айт намазы аяқталғанша тамақ ішпеу.

  44. Құрбан айт намазынан келген соң (біткен соң) қандай да бір ұнамды тамақпен ауыз ашу.

  45. Мейрам күндері жақсы киім кию.

  46. Ауызды, тістерді таза ұстау.

  47. Ауызға түспес үшін мұртты қысқарту.

  48. Тырнақтарды алу.

  49. Қолтықтағы жүнді алу.

  50. Шаттағы жүнді қыру.

  51. Ұл балаларды 10 жасқа дейін сүндетке отырғызу.

  52. Әйелдерге тырнақтарын қынамен әдемілеуге рұқсат етіледі.

  53. Шалбар кию.

  54. Егде тартқан адамдарға, ғалымдарға құрмет көрсету.

  55. Жас балаларға қайырымды болу.

  56. Туысқандарды, дос-жаранды, көршілерді қонаққа шақырып, ас-ауқат беру.

  57. Қонақты жақсы қарсы алу.

  58. Адамның қадір-қасиетіне сәйкес сый-құрмет көрсету. Мәселен, ғалымға немесе шайқыға жасалатын қатынасты наданға жасалғанмен салыстыруға болмайды.

  59. Бір-бірімен амандасқанда қол алысу.

  60. Отбасыны асырауға қабілетті еркек үйленуге міндетті.

  61. Отбасына керек жұмыстарды істеуге қабілетті әйел күйеуге шығуы тиіс.

  62. Үйлену тойы халыққа жариялануы тиіс.

  63. Үйлену тойын көп кісі шақырумен, той тағамдарын даярлаумен өткізу.

  64. Адамдарға нақты зиян келтіретін жануарларды, жәндіктерді құрту.

  65. Дінсіздерді тура жолға бағыттауды Алладан сұрау.

  66. Ұрсысып қалғандарды татуластыруға талаптану.

  67. Егер сенің өзіңе тілегенің басқаларға келіп жатса, бұған разы болуға тиіссің.

  68. Өзіңе тілемейтінді басқаларға да тілеме.

  69. Мұқтаж адамға ақша беру, бірақ оны қайтарғанда өсіммен алуға тыйым салынады.

  70. Әрбір әйел кез-келген істе мұқият болуға тиіс.

  71. Шаруашылыққа қатысты мәселелерде әйелімен ақылдасу.

  72. Жолға достарымен шығу.

  73. Зират басына бару, тіршілік жөнінде толғану.

  74. Науқас болса дәрігерге қаралу, емделу.

  75. Қажеттілік болса, қан беру.

  76. Шағбан айының 29 күні жаңа ай тууын бақылау. Егер көрінсе, ертеңінде ораза ұстауды бастау (рамазан айының басы).

  77. Араб тілін жақсы білу.

  78. Әл үстіндегі адамның аяқтарын құбылаға бағыттап, шалқасынан жатқызу.

  79. Өлім халіндегі адамға иман үйіру (иманын күәландыру тұжырымдамасы).

  80. Марқұмның көздерін жабу.

  81. Марқұмның аузын жабу және аузы ашылып кетпес үшін бірдемемен иегін тартып қою.

  82. Марқұмның басына ұнамды иіссу себу.

  83. Салт жорасы бойынша еркекке 3 қабат, әйелге 5 қабат кебін кигізу.

  84. Марқұмды 4 кісі көтереді.

  85. Төрт жағындағылар да ауысумен, марқұмды үйінен 40 қадамдай жерге көтеріп бару.

  86. Марқұмды көтергенде асығыс жүру, бірақ аса жылдам емес.

  87. Көрді Құбыла бағытына көлденең, қабырғасын үңгіп, мәйітті жатқызатын қуыс жасап қазу.

  88. Марқұмды көрге құбыла жақтан түсіру.

  89. Мәйітті көрдің қабырғасындағы қуысқа қойғанда басын шығыс жаққа, аяқтарын батыс жаққа, бетін құбылаға қаратып, қырынан жатқызу.

  90. Қуысты қалаудың алдында (кірпішпен) әйел-марқұмға көрпе жабу.

  91. Барлық намаздар мен салт жораларын оларға кіретін сүннеттерімен орындау. Мысалы: намаз оқу үшін дәрет алуда – 20, ғұсылда – 10, намазда – 38, оразада – 6, қажылықта – 10 сүннет бар.


жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау