41
Бұл атылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге
болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар
және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның
ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашықтығ, шикізатқа
баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көллік тарифтері, т.б.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:
Шығындардың бастапқы элементтерімен;
Пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.
Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын
дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні - әрбір шығынның элементі өнімнің
өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері
бөлінеді:
Материалдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құрамынан шегеру);
Еңбекақыға жұмсалған шығындар;
әлеуметтік сақтандыруға аударым;
зейнетақы қорына аударым;
жұмыспен қамтылу қорына аударым;
амортизация;
басқа да шығындар.
9.3 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары
Шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін
арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды
кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына
төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс
қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп
пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық
процестерді іске асыру.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің
әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім
өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы
зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен мате-риалдарды
жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың
әрбір бөлімін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің
түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік өзіндік құнын төмендетіп,
кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер
кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып,
пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда толарды үш
топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың
пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді
пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың
есебінен арттыру.
42
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс
ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе
жүзіндей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті
үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір
салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі
мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық
жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б.
көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық
прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған
объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік
шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның
арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің
үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
өндірістің техникалықдеңгейін көтеру;
өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;
басқару және еңбекті ұйыдастыруды жетілдіру;
технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды
жақсарту, т.б.
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай шығындар тұрақты және өзгермеліге жатады?
2. Өндірістің шекті шығының мәні неде?
3. Өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар қалай өзгереді?
4. Өндіріс шығындарының төмендеуінің басты бағыттары.
5. Өнімнің өзіндік құны, экономикалық санаты ретінде қандай берне атқарды?
9 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:
1.Өндіріс процесі-бұл:
A) факторлардың өзара іс-қимыл нәтижесінде өнімге айналуы. Өндіріс факторларының шығын
құрылымы мен өнімінің ең жоғары шығарылымы арасындағы технологиялық тәуелділік
өндірістік функция арқылы көрінеді;
B) еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, эономикалық заң
әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек
үнемі өнімдірек болып отырады;
C) кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі
бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда толарды үш топқа бөлуге болады;
D) бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия
ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа
технологиялық процестерді іске асыру;
E) кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады.
2. Шығындар-бұл:
A) кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс
факторларының ақшалай түріндегі шығындары;
B) нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға
жатпайды;
C) бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді
болмайтын шығындар;
D) кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің
барлық түрлері;