«Гүлдерді күтеміз»
Мақсаты:балалардың табиғатты рухани бағалау мәдениетін, гүлдерді дұрыс күтіп-баптау, яғни суару, қопсыту дағдыларын қалыптастыру. Гүлдердің түрлерін (көпжылдық, біржылдық, пияз тұқымдас, шөптекті, тұқымдас гүлдерді) ажырата білуге үйрету. Гүлдер сұлулық белгісі екенін, оларды күтіп-баптап, қамқорлыққа алу керектігін түсінеді.
Ойын шарты: гүлдерді екіге бөлу,дала гүлдерін газонның қасына іліп,ал бөлме гүлдерін үйдің қасына қою , суреттер бойынша әнгімелету.
«Құстарға қалай көмектесеміз?»
Мақсаты:Балаларға құстар туралы білім беру,білімдерін жетілдіре түсу. Суреттер бойынша есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Ойын шарты:суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Балалар сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады. - Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесеміз?
- Құстар ұяны не үшін салады?
- Құстардың денесін не жауып тұрады?
«Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің
№13 бөбекжай балабақшасы» МКҚК
Дидактикалық ойындар жиынтығы
Құрастырғандар:
Акауова А.К.
Ибраева Ж.Ж.
Қостанай 2017 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |