6.1 Операциялық жүйені таңдау
Сенімділік бойынша ТП АБЖ жүйесіне жоғары талаптар қойылатындықтан операциялық жүйе ретінде WINDOWS NT, UNIX немесе осылардың клоны ретінде (Linux, QNS) осыларды ұсынуға болады. WINDOWS 2000-ға қарағанда WINDOWS NT немесе UNIX әлдеқайда қымбат және ЭЕМ қорларына қатал болса да, олардың қолданысы көбірек ақталған, себебі орталықтанған АБЖ-де операциялық жүйесінің ЭЕМ базасында істен шығуы немесе «ілінуі» орталықтанған АБЖ-де үлкен апатқа әкелуі мүмкн.
Сонымен қатар, көптеген танымал бағдарламалық өнімдер (мысалға Intellution фирмасының SCADA – iFIX жүйесі) тек WINDOWS NT немесе UNIX-тердің басқаруы бойынша ғана жұмыс істейді.
Сонымен қатар, технологиялық процестің көзқарасы бойынша функцияланудың тұрақтануы қиындық туғызбаса операторлық станцияларға арзанырақ және қор сиымы аз WINDOWS 2000-ды қолдануға рұқсат етіледі.
6.2 Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау
ТП АБЖ өңдеушінің бағдарламалаудың үлкен тәжрибесі мен дағдылануы болса, сонымен қатар кәсіби бағдарламалаушыларды ұйымдастыру штатында тұрса, онда АБЖ бағдарламамен қамсыздандыруды көп таралған «жоғары» дәрежелі бағдарламалау тілін қолдана отырып (С++, Delphi, Borland Pascal және т.б.) өз бетімен өңдеуге болады. Бірақта, өз бетімн өңдеу және бағдарламалық қамсыздандырудың толық пакетін жөндеу айтарлықтай еңбекті және көп уақытты қажет етеді.
Сол себепті, ТП-тің басқару алгоритмі бар, АБЖ-ін өңдеуде онша үлкен емес бағдарламалар құрылады, ал оператордың графикалық интерфейсі, берілгендерді мұрағаттау, сыртқы берілгендер базасымен байланыс, жергілікті желі арқылы байланыс дайын бағдарламалық өнімнің көмегі арқылы іске асады: SCADA-жүйесі.
(Supervisory Control and Data Acquisition System – орталық бақылау және берілгендерді жию жүйесі).
6.2.1 SCADA-жүйесін таңдаудағы тәсілді қарастырайық.
SCADA-жүйелерге қойылатын талаптар:
- Құжатнаманың сапасы;
- Аймақтағы техникалық сүйеу;
- ашықтық және масштабтылығы;
- Толықфункциялығы;
- Сенімділік;
- Нәтижелілік;
- Баға.
Шығарып салатын құжатнама сипаты маңызды сипаттарының бірі. Құжатнаманың төмен сапасы (мысалы, оның толық еместігі немесе ағылшынтілдігі) өңдеудің фактылық сапасының және ТП АБЖ-ны БҚ төмендеуіне алып келеді.
Техникалық сүйеу бағдарламашыға жүйенің барлық мүмкіндіктерін игеруге қанша уақыт пен күш кететіндігін анықтайды. Оның жоқ болған кезінде, дайынды қалай қолдануды түсінуден бұрын, бағдарламаны өз бетінше жазу оңай да тез болып көрінеді.
Масштабтылық өндірісте әртүрлі жоба масштабын (жүздеген сигналдан он мыңға дейін) іске асыруда маңызды. Кішкентай немесе үлкен жүйелерде SCADA-пакетті қолдану ыңғайсыз.
Ашықтылыққа талап келесідей негізгі аспектілерге ие.
Біріншіден берілген SCADA-ның басқа өндіруші фирмалардың (кіріс/шығыс модуль драйверлері, технологиялық контроллерлерді бағдарламалық қамсыздандыру, СУБД, басқа SCADA )әртүрлі бағдарламалық өнімдермен кездесу мүмкіндігі.
Екіншіден қуатты және әмбебап скрипті тілдің бар болуы.
Ескерту: скрипті тіл - SCADA-жүйесінің берілген аумағында қолданушының бағдарламасы жасалатын «жоғарғы» деңгей тілі. Бағдарламалау аясы өңдеушіге SCADA типті аспаптар құралын пайдалана отырып мүмкін емес немесе мақсатты түрде істеуге мүмкіндік беруі тиіс. Кейбір есептерді шешуде стандартты механизмнің жоқ болуымен соқтыққан жағдайда, қолданушы өзінің назарын скрипті тілдің мүмкіндігіне аударады.
Толықфункционалдық деп ТП АБЖ-нің бағдарламалық қамтамасыз етуілуінің алдында ұсынылған өндірістік автоматизацияның барлық есеп жиынын шеше алатын пакет мүмкіндігі түсініледі.
Сенімділік — бұл тек бағдарламалық кодтың өз пакетінде қатенің болмауы, сонымен қатар сыртқы компоненттердегі қателер мен қызмет етуші қызметшілердің дұрыс емес іс-әрекеттеріне тұрақтылық.
SCADA-жүйенің нәтижелілігі біріншіден компьютердің қуаттылығына, және оның көмегімен нақты жобаларды іске асыруына талап қойылады. Себебі, SCADA-жүйенің нақты жобасында біуақытта көптеген функциялары қолданатындықтан, әрбір жүйеасты (графикалық, кіріс-шығыс, мұрағаттау және т.б.) керекті функционалдық пен тез әрекеттілікке ие болуы қажет.
Баға — бұл пакеттің атқаратын модуліне арналған лицензия бағасы, және осы бағаның кіріс/шығыс сигналдарының (тегтердің) санына және сұралған функция жиынына тәуелділігі, сонымен қатар құжатнама мен оқудың бағасы.
Осы сияқты SCADA-жүйесінің сипаттамалары бағдарламалық өнімнің берілген техникалық сипаттамаларында келтіріледі. Инженер-өңдеушінің мақсаты әртүрлі SCADA-жүйелердің салыстырмалы сараптамасын өткізу және нақты АБЖ-не сай келетін бағдарламалық өнімді таңдау.
6.2.2 Беделді SCADA-жүйелердің салыстырмалы сараптамасын жүргізейік.
- GENIE, ADVANTECH фирмасы (Тайвань) - нағыз «халықтық» SCADA-жүйе. Соның негізінде жоба жасағанда ешбір бағдарламалау тілін біліп тиісті емес, бірақта GENIE қолданушы бағдарлама астын құру үшін қуатты скрипті тілден Microsoft Visual Basic for Applications тұрады (MS VBA немесе жай VBA). Игеруде өте қарапайым. Үлкен емес АБЖ үшін (1500-ге дейін кіріс/шығыс сигналдары) бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеуде қолайлы. Графикалық интерфейсті істеуде және ұзақ уақыт аралығында берілгендерді мұрағаттауда шектеулі мүмкіндіктерге ие. ТП АБЖ-нің күрделі жұмыс алгоритмінде бағдарлама өте қолайсыз және бәсең жұмыс істейтін болады (жедел АБЖ үшін GENIE-ді қолдануға болмайды, себебі есепті шешудің ең аз уақыты 50мс болады). GENIE-де тікелей бағдарламалық циклды құру мүмкін емес.
- WinCC, SIEMENS фирмасы (Германия). Өте қуатты SCADA-жүйесі, ең сенімді және толықфункциялы жүйелердің бірі. WinCC ЖЭЕМ-ның аппаратты қорларына жоғарға талаптар қояды және арнайы контроллер мен SIEMENS фирмасының өндірістік ЭЕМ-дері үшін арнайы ықшамдалған. WinCC берілген фирма контоллерлерінің базасында АБЖ-ін өңдеу – ең оңтайлы бағдарламалық қамтамасыз ету.
- GENESIS 32, Iconics фирмасы (АҚШ). Ресей мен ТМД елдерінде ең танымал SCADA-жүйесі. Оңай масштабталатын, 75,150,300 және одан да көп кіріс/шығыс нүктелеріне пакет сатып алуға болады. Анықталған функция жиыны бар бағдарламалық пакетке тапсырыс беруге болады. Салыстырмалы түрде арзан. ЭЕМ қорларына үлкен емес талаптар қояды. Өте жоғарғы шапшаңдыққа ие. GENESIS 32-ге арналған техникалық құжатнама толығымен орыс тіліне аударылған. Скрипті тіл - VBA.
- iFIX, Intellution фирмасы (АҚШ). Көп параметрлері бойынша GENESIS 32 SCADA-жүйесіне ұқсас. Скрипті тілде қолданушының бағдарлама жазуында өте ыңғайлы процедурасымен ерекшеленеді (скриптітіл - VBA). Графикалық ішкі жүйе GENESIS 32-ге қарағанда бәсеңірек жұмыс істейді.
Қарастырылған SCADA-жүйелерден басқа көп тарлағандары Trace Mode және InTouch.
Достарыңызбен бөлісу: |