Нажмитдин мухитдинов


пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы



жүктеу 3,91 Mb.
бет10/27
Дата20.11.2018
өлшемі3,91 Mb.
#21894
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы

органдарының құзыретi

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының құқықтық жағдайы мен құзыретiн заң актiлерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

10-б а п. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi

1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:

экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң тактикалық мiндеттерiн шешу үшiн тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және iс-шаралар тiзбесiн бекiтедi;

облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-құйi туралы есептерiн тыңдайды;

өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi жолсыздықтар үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген мiндеттi ережелер қабылдайды. Ережелер оларды халыққа жария еткеннен кейiн кемiнде екi апта өткен соң құшiне енедi.

Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен базалық ставкалардан кем болмайтындай етiп жыл сайын бекiтедi.

2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) табиғат пайдалануды:

табиғат қорғау объектiлерiн салу мен қайта құруды қамтамасыз ету;

шағын өзендер мен су қоймаларын қорғау, олардың ластануын, су тасқынын, су басып кетудi, жағалаулардың бұзылуын және судың басқа да әсерiн болғызбау әрi жою;

атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында көлiк тасқынын реттеу;

қалалар мен кенттер аумақтарының ластануы;

жердi құнарсызданудан, шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, батпақтанудан, қайталама орнығудан, құрғаудан, тығызданудан, өндiрiс пен тұтынудың тұрмыстық және қауiптi қалдықтарымен ластанудан қорғау;

жердi өз бетiмен басып алу, ағаштарды заңсыз кесу жағдайларын анықтау;

ормандағы және даладағы өрттерден қорғау, орман ортасын құрайтын және орман ортасын қорғайтын функцияларын сақтауды, сондай-ақ көшеттердi, дәрiлiк, тағамдық және техникалық өсiмдiк шикiзатын уақтылы қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзу;

шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде биологиялық алуантүрлiлiкке қатер төнуiн болдырмау және оның терiс әсерiн жою үшiн шаралар қабылдау;

атмосфералық ауаны қорғау мен сауықтыру;

жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға резервке алу мәселелерi бойынша реттейдi;

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiлген қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шаралар көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының бекiтуiне енгiзудi ұйымдастырады;

3) экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы бар кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға әрi қайта құруға тыйым салу туралы қорытындылар әзiрлейдi, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда шаруашылық және өзге де қызмет жүргiзудi тоқтата тұрады және тиiстi шаралар қабылдайды;

4) ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдайды немесе жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгiзедi;

5) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, шаруашылық қызмет объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама ұйымдастырады және жүргiзедi;

6) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады;

7) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi;

8) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іс жүзіне асырады;

11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен базалық ставкалардан кем болмайтындай етіп қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын есептейді;

12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;

13) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпарат береді;

14) жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша экологиялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

15) табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;

16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару қызметтерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша қалдықтарды қоймаға жинауға, жоюға және көмуге жер телiмiн бөліп беруге шешім береді;

17) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, елді мекендердің құтіп-ұсталуын бақылауды қамтамасыз етеді.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi заңдарда белгiленген өкiлеттiк шегiнде шешуге қатысуын қамтамасыз етедi.
4-т а р а у. ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МЕН ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ

11-б а п. Табиғи ресурстар

Табиғи ресурстарға меншік нысаны Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді.

12-б а п. Табиғат пайдаланушылар

Табиғат пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, ұлттық және шетелдiк болып бөлiнедi.

Ұлттық табиғат пайдаланушыларға – Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, оның iшiнде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдiк табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдiк заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.

Табиғат пайдаланушылар:

тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген);

бастапқы (табиғат пайдаланушылардан құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру тәртiбiмен алынған) және қайталама (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн.

13-б а п . Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану

Қазақстан Республикасында табиғи ресурстар жалпы және арнйы табиғат пайдалануда болады.

Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмiрлiк қажеттерiн қанағаттандыру үшiн тегiн және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстар берiлместен жүзеге асырылады. Егер заңдарда тiкелей көзделген болса, жалпы табиғат пайдалануды шектеуге жол берiледi.

Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға белгiленген тәртiппен берiледi. Табиғатты тұрақты пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен айыратын немесе иелiктен айырмайтын, ақысын төлеп немесе алатын, бастапқы немесе қайталама болуы мүмкiн.

Табиғатты арнайы пайдалану немесе табиғатты шектеулi пайдалану құқығы (сервитуттар) туындауының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

14-б а п. Табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру негiздерi

Табиғи ресурстар табиғат пайдалануға:

табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар;

табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi;

табиғат пайдалану шарттары (келiсiм-шарттары) негiзiнде берiледi.

16-б а п. Табиғат пайдалануға рұқсат беру

Табиғат пайдалануға берiлетiн рұқсат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушыға беретiн және табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығару мен тастауға құқығын табиғат пайдаланудың нақты мерзімі мен көлемін (лимиттерін), шарттарын және қолданылатын технологияны көрсете отырып, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
17-б а п. Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеу

Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету үшiн оның мемлекеттiк құрылымы жүзеге асырылады, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады, табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастры, қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингi жүргiзiледi.

18-б а п. Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы мен табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары

Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды, молықтыру мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесi болып табылады.

Заңдарда көзделген жағдайларда табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады.
19-б а п . Табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастрлары

Халықтың және экономика салаларының мұқтаждары үшiн пайдаланылатын табиғи ресурстардың мөлшерi мен сапасын айқындау мақсатында табиғи ресурстардың жай-құйi, пайдаланылуы, молықтырылуы мен қорғалуы туралы мәлiметтер жиынтығы болып табылатын олардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастрлары жүргiзiледi.

20-б а п. Табиғат пайдаланушылардың негiзгi мiндеттерi және олардың құқықтарын қорғау

1. Табиғат пайдаланушылар:

табиғи ресурстарды нысаналы қызметiне және олардың берiлу шарттарына сәйкес пайдалануға;

шаруашылық және өзге қызметке белгiленген экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға;

берiлген табиғи ресурстарды үнемi пайдалануға, қоршаған ортаға зиян келтiрмеуге және басқа табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;

қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, молықтыруға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;

табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдердi дер кезiнде төлеуге;

қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап етуi бойынша қажеттi ақпарат беруге;

шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi жүзеге асырылған кезде қоршаған ортаға өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүргiзуге.

қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы жергілікті атқарушы органдарға қажетті ақпарат беруге міндетті.

2. Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Заңда көрсетiлген негiздер бойынша болмаса, ешкiмдi де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды.

Табиғат пайдаланушылардың бұзылған құқықтары Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртiппен қалпына келтiрілуге тиiс.

5-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТТI ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

21-б а п. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялануға тиiстi қызмет түрлерi

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында:

1) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi;

2) экологиялық аудиторлық қызмет;

3) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау және жұмыстар мiндеттi түрде лицензиялануға тиiс.


22-б а п. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау тәртiбi

Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялауды арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

Лицензиялар берудiң ережелерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен реттеледi.

23-б а п. Табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты)

Табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты) табиғат пайдаланушы мен атқарушы органдар немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында заңдарда белгiленген тәртiппен жасалады.

Егер табиғи ресурстарды пайдалану мен шаруашылық қызметтің жекелеген түрлерiн жүзеге асыру мiндеттi түрде мемлекеттiк лицензиялауды талап ететiн болса, табиғат пайдаланушы алдын ала лицензия алмаған жағдайда, табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты) жарамсыз болып табылады.

Шарттың (келiсiм-шарттың) қолданылу мерзiмi, тоқтатылу шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына немесе лицензияға сәйкес тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

Шарттың (келiсiм-шарттың) лицензияға қайшы келетiн шарттары жарамсыз болып табылады. Лицензияны қайтарып алу шарттың (келiсiм-шарттың) тоқтатылуына әкеп соғады.

Табиғат пайдалану жөнiндегi шарт (келiсiм-шарт) оған қол қойылғанға дейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсуге тиiс.

6-т а р а у. ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МОНИТОРИНГI

24-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингi

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады және онда:

1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-құйiне, сондай-ақ оларға антропогендiк ықпал жасау көздерiне белгiлi бiр бағдарлама бойынша жүргiзiлетiн бақылау;

2) аталған бақылау объектiлерiнiң жай-құйiн бағалау;

3) олардағы өзгерiстердi болжау қамтылады.

2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингi қоршаған ортаны қорғау саласында басқарушылық және шаруашылық шешiмдер қабылдауды қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды пайдалану мақсатымен жүргiзiледi.

3. Қазақстан Республикасында Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бiрыңғай мемлекеттiк мониторинг жүйесi құрылып, жұмыс iстейдi, оны ұйымдастыру және жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

4. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде алынатын ақпарат мемлекеттiк меншiк болып табылады және оны атқарушы органдар басқарушылық және шаруашылық шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау және олардың пайдаланылуын бақылау үшiн, сондай-ақ халыққа хабарлау үшiн пайдаланады.

5. Барлық мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру жөніндегі қажетті ақпаратты тегін, заңдарда белгіленген нысандар бойынша және мерзімде табыс етіп отырады.

25-б а п. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi

1. Заңды тұлғалар – табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық қызметiнiң қоршаған ортаға жасайтын ықпалы туралы есептi және есеп берудi жүргiзуге мiндеттi.

2. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi үшiн пайдаланылатын өлшеу құралдары стандарттау мен метрология талаптарына сәйкес келуге тиiс.

3. Өндiрiстiк мониторинг деректерi мен стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң қоршаған ортаға әсерi туралы есептiлiк – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға, шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде берiледi.

4. Қоршаған ортаға ластағыш заттар нормадан тыс шығарылған (тасталған), авариялық және төтенше жағдайлар туындаған реттерде, табиғат пайдаланушы кәсіпорындар ол туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына заңдарда белгіленген мерзімде жедел хабарлауға міндетті.


7-т а р а у. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТIГI

26-б а п. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдiстерi

Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдiстерi:

қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;

табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдер;

қоршаған ортаны ластағаны үшiн ақы төлеу;

табиғи ресурстарды қорғау және молықтыру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдер;

қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру;

экологиялық сақтандыру;

қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау және өтеу болып табылады.


27-б а п. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлау мен қаржыландыру

1. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шаралар болжамдық және бағдарламалық-нысаналы құжаттар мен материалдарда ескерiледi, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын индикативтi жоспарлаудың жобаларына, табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар мен тұжырымдамаларға енгiзiледi.

Табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары жөнiндегi экологиялық бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) экологиялық сақтандыру қаражаты;

3) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты;

4) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары есебiнен жүргiзiледi.

28-б а п. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер

Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар, алымдар және төлемдер түрiнде табиғат пайдаланушылардан алынады.

29-б а п. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн ақы төлеу

Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн ақы ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн ұйымдар мен азаматтардан алынады.

Қоршаған ортаны белгiленген лимиттерден тыс ластағаны үшiн ақы Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген көтерiңкi мөлшерде алынады.

Қоршаған ортаны ластағаны үшiн бюджетке төленетiн ақының сомасын есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.

30-б а п. Табиғи ресурстарды қорғау мен молайту үшiн төленетiн төлемдер

Табиғи ресурстарды қорғау мен молайтуды жүзеге асыруға арналған бюджет шығындарының орнын толтыруды өтеу ретiнде табиғат пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес төлем алынады.

31-б а п. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру

1. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру қоршаған ортаны қорғауды тиiмдi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңiлдiктер мен преференциялар беру және ынталандыратын сипаттағы өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.

2. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру заңдарға қайшы келмейтiн шаралар арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
32-б а п. Экологиялық сақтандыру

1. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаға, басқа адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі туындаған кездегі жеке және заңды тұлғаның мүліктік құқықтарын (сақтандырылғандарын) қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады.

2. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiмен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар мiндеттi түрде экологиялық сақтандырылуға тиiс. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн.

3. Ерiктi экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз еркiн бiлдiруi бойынша жүзеге асырылады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы келiсiмдермен белгiленедi.

4. Міндетті экологиялық сақтандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.
8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ

35-б а п. Экологиялық нормалардың негізгі міндеттері мен талаптары

Экологиялық нормалау қоршаған ортаға ықпал етудің экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын сақтауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін, ғылыми негізделіп жол берілетін шекті нормаларын белгілеу мақсатын көздейді.

Экологиялық нормалаудың негiзгi мiндеттерiне:

Экологиялық нормаларды белгiлеу және олардың адам денсаулығына, табиғи ресурстарды қорғауға, молықтыруға және ұтымды пайдалануға ықпалын анықтау;

қоршаған ортаға зиянды әсердiң жол берiлетiн шектi шамалары мен деңгейлерiн белгiлеу кiредi.

Қоршаған орта сапасының белгiленген нормативтерiн асыра көрсетуге немесе оларды уақытша және төмендетiлген нормалармен алмастыруға жол берiлмейдi.

Нормативтер шамаларын аумақтардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты қатаңдау жағына қарай өзгертуге жол берiледi.

Бекітілген экологиялық нормативтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады, жариялауға және еркiн таратылуға тиiс.

36-б а п. Экологиялық нормативтердің негізгі түрлері

Экологиялық нормативтердің негiзгi түрлерiне:

қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шоғырлану нормативтерi;

қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi;

шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi;

радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi;

агрохимикаттарды ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында қолданудың жол беруге болатын шектi нормалары;

қорғау, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтарының нормативтерi;

зиянды (ластағыш) заттарды шығарудың, тастаудың үлес нормативтері;

қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi жатады.

Қазақстан Республикасының заңдарында экологиялық нормативтердің өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.

37-б а п. Қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шоғырлану нормативтерi

Халықтың денсаулығын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, олардың генетикалық қорларын сақтау мақсатында атмосфералық ауаны, суды, топырақ пен жер қойнауын ластауы ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шоғырлануының нормативтерi белгiленедi.


38-б а п. Қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi
Тиiстi аумақта қоршаған ортаны ластаудың барлық көздерi мен көлемдерiн ескере отырып, халықтың денсаулығына, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне олардың жасайтын кешендi ықпалына жол бермеу мақсатында ластанудың әрбiр көзi бойынша қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi белгiленедi.

39-б а п. Шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi

Халықтың денсаулығы мен еңбек қабiлетiн сақтау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, тiршiлiк үшiн қолайлы қоршаған ортаны қорғау мақсатында шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi белгiленедi.

40-б а п. Радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi

Адамның денсаулығы мен генетикалық қорына төнетiн қауiптi болдырмау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында қоршаған орта мен тамақ өнiмдерiндегi радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi белгiленедi.

41-б а п. Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында агрохимикаттарды қолдануға жол берiлетiн шектi нормалар

Адамның денсаулығын және генетикалық қорын сақтау, өсiмдiк және жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды, өсiмдiк қорғау құралдарын, стимуляторларды және басқа да агрохимикаттарды, тамақ өнiмдерiндегi, топырақ пен судағы химиялық заттар қалдықтарының жол берiлетiн шектi нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн мөлшерде қолдануға жол берiлетiн шектi нормалары белгiленедi.

42-б а п. Құзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерi

Қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбау және ерекше құзетудi қажет ететiн объектiлердi сақтау мақсатында құзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерi белгiленедi.

Құзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерiнiң көлемдерi, оларды пайдалану режимдерi заңдарға сәйкес белгiленедi.

9-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ СТАНДАРТТАУ МЕН СЕРТИФИКАТТАУ

43-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау



жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау