Начало работы 26



жүктеу 0,8 Mb.
бет2/5
Дата24.05.2018
өлшемі0,8 Mb.
#16834
1   2   3   4   5

Бақылау сұрақтары:

1Төмендегі патоөзгерістер немен ерекшеленеді?

- пуллороз тифпен паратифтен

- тиф пуллороздан, паратифтен

- паратиф пуллороздан,тифтен

- пуллороз Ньюкасл ауруынан, кокцидиоздан, диспепсиядан

- тиф пуллороздан пастереллездан, спирохетоздан, Ньюкасл ауруынан

- паратиф пуллороздан, колибактериоздан,үйректердің вирусты гепатитінен.

2 Гамборо, Ньюкас ауруларының этиологиясы

3 Созылмалы респираторлы аурулар себептері

4 Гамборо ауруында тыныс мүшелерінде патологиялық өзгерістер.

5 Ньюкасл ауруында тыныс мүшесінде патоөзгерістер.

6 Ньюкасл ауруында ас қорытуда патоөзгерістер.

7 Гамборо ауруында ас қорыту мүшесінде патоөзгерістер.

8 Ньюкасл ауруын обадан ажыратып балау.

1.2 Құс тыныс мүшелерінің ауруларын ажыратып балау

Сабақ мақсаты: Құс тыныс мүшелерінің ауруларын оқып зерттеу

Материалмен жабдығы: суреттер көшірмелері, микроскоптар, микропрепараттар, П.И.Кокуричев 1973ж. паталогоанатомиялық атлас



Дайындыққа сұрақтар:

1 Құс мүшелерінде төмендегі аурулар кезінде байқалатын паталого-анатомиялық өзгерістер:

- инфекциялық ларинготрахеит

- инфекциялық бронхит

- респираторлы микоплазмоз
1 Инфекциялық бронхит – төлдерде тыныс мүшелерінің зақымдануымен және ересектерде өнімділігінің төмендеуімен сипатталатын жоғары контагиозды вирусты ауру.

Ауруға тән белгілер кеңірдекте және ірі бронхтарда қан құйылу түрінде анықталады. Кеңірдекте эксудат көп емес. Ересек құста инфекциялық бронхиттың жиі белгісі жұмыртқалық пен жұмырқа түтігінің дұрыс жетілмеуі.

Балау: Соңғы балау үшін вирусты идентификациялаумен бөлу. Ауруды ларинготрахеиттен, аусылдан, псевдообадан, респираторлы микоплазмоздан ажыратады.

2 Инфекциялық ларинготрахеит – тауық отрядындағы құстардың вирусты ауруы. Кеңірдек және мұрын қуысының, коньюнктиваның катаралды – фибринозды-геморрагиялық қабынуымен және тұншығу симптомдарымен өтеді. Ауруға тауықтар, фазандар, күрке тауықтар бейім.

Ларинготрахеит вирусы үлкен мөлшерде жоғары тыныс мүшелерінің эпителиалды ұлпаларымен экссудатта жиналады.

Ауру жіті, жітілеу, жітіден жоғары болады. Аурудың екі формасы бар: ларинготрахеалды және коньюктивиалды. Сондай ақ инфекцияның атиптік формалары бар. Аурудың типтік формасында қолқа саңылауында тығыз казеозды зат және қолқа бойы шырышты – геморрагиялық қоюлық пайда болады. Басқа мүшелерде өзгеріс айтарлықтай жоқ.Қолқамен кеңірдек бітелгенде паренхиматозды мүшеде қан тұрып қалады, жүрек көлемі ұлғаяды, ішек пен клоака кілегейі шырышты.

Ажыратып балау: құстардың инфекциялық бронхиты, А-авитаминоз, респираторлы микоплазмоз, аусыл. Ауырып жазылған тауықтар қайта ауырмайды. Егуді клоаканың жоғары күмбезінің кілегейіне араластырылған вирус-вакцинаны ысқылау жолымен жасайды. 5-6-шы күндері кілегей гиперемиясымен домбығуы пайда болады.

3 Респираторлы микоплазмоз – тыныс мүшесінің зақымдануымен өтетін тауықтардың созылмалы инфекциялық ауруы.

Этиопатогенез. Ауру әдетте резистенттілік төмендеген уақытта пайда болады.Бейімді: үй тауықтары және жабайы көгершіндер және т.б..Жиі жыныстық даму кезінде пайда болады. Жұқтырылуы: аэрогенді. Вирус тыныс жол кілегейінің беткі қабатында, кейінненжақын орналасқан ұлпаларға еніп, дистрофиялық өзгерістермен қабынуды шақыртады.

Кейіннен қан ағысымен барлық организмге тарап, барлық мүшелерде өзгеріс тудыртып, қанды, лимфа түйінмен ұлпаларды зақымдайды.Жұқтырылған соң 5-7 күннен кейін морфологиялық өзгерістер пайда болады. Патологиялық сурет:

1 Сірлі-катаралды, фибринозды ринит.

2 Сірлі-катаралды коньюктивит.

3 Фибринозды аэроцистит.

4 Катаралды-фибринозды пневмония некрозбен.

5 Талақ ұлғаймаған, бірақ гиперплазия бар.

6 Фибринозды, плеврит перигепатит,перикардит.

7 Бауыр,бүйрек,миокард дистрофиясы.

8 Катаралды энтероколит.

9 Жалпы венозды ұю.

Кілегей қабатта гистосурет:

Лимфа фолликулдардың гиперплазиясы, кілегейлі без созылуы. Гиганттық торшалармен қапталған өкпемен ауалы мұрынды қапшықта ошақтар.

Сабақ мазмұны:

3,15-21 (В.П.Зеленский 1986) сур.оқып,мазмұндау

3 кестені салып,толтыру:


3 кесте - Құстар тыныс мүшелерінің ауруларын ажыратып балау.





жасы

өлімге ұшырауы

жоғары тыныс жолдары

өкпе

басқада зақымданулар

Инф.ларинготрахеит
















Инф.бронхит
















Инф емес бронхит
















Микоплазмоз
















Гемофилез
















Авитоминоз

















Бақылау сұрақтары:

1 Келесі ауруларда патоөзгерістер кайда жиналады ?

-инф бронхит

-инф ларинготрахеит

-респираторлы микоплазмоз

2 Келесі ауруларда тыныс жолдарының кілегей зақымдануына қандай белгілер тән ?

- инф бронхит

- инф ларинготрахеит

- респираторлы микоплазмоз

3 Инфекциялық ларинготрахеит, инф бронхит, респираторлы микоплазмоз ауруларын Ньюкасл, оба, құс тұмауынан ажыратып балау


1.3 Ит, мысықтардың ауру патоморфологиясы.

Сабақ мақсаты: Ит, мысық мүшелерінде листериоз, лептоспироз кезінде патоморфологиясын оқып зерттеу.

Материалмен жабдығы: суреттер көшірмелері, микроскоптар, микропрепараттар, П.И.Кокуричев 1973ж. паталого-анатомиялық атлас



Дайындыққа сұрақтар:

1Листериоз, лептоспироз этиопатогенезі.

2Листериоз, лептоспироз кезінде балау қою.

1 Листериоз – менингоэнцефалитпен байқалатын адам және құстардың көптеген түрлерінде, ит, мысықтарда кездесетін жіті өтетін ауру.

Қоздырушысы – Listeria monocytoqenes бактериясы. Иттер аурумен спорадиялық түрде ауырады. Мысықтар жасанды жұқтыруға бейім, сондай ақ оларда аяқ астынан да кездеседі.

Патогенез: ит, мысықтарда алиментарлы жұқтырғаннан кейін листериилар жұтқыншақ арқылы үшлік жүйке арқылы бас миына, онда энцефалит, менингитті негіздейді. Микроорганизмнің гематогенді жолы басқа жануарларға тән. Жүйке жүйесінің зақымдануына конъюнктивит, кератит, ринит әкелуі мүмкүн. Инкубациялық кезең 7-20 күн.

Паталого-анатомиялық өзгерістері: Макроскопиялық өзгерістері көбіне байқалмайды. Менингитті констатирлеуге болады: созылынқы ми аумағының милы қабаты жуандаған, гиперемияға ұшыраған. Созылынқы мида, ми затына тілік жасауда жұмсарудың ұсақ сұр ошақтары байқалады.

Микроскопиялық өзгерістері: Мида листериозга тән белгі микроабцесстер.

Балау және ажыратып балау: Балау үшін миға бактериологиялық және гистологиялық зерттеу жасайды.Ауески,құтырық, обаның жүйке жүйесінің зақымдану белгілерімен ажырату керек.

2 Лептоспироз – септицемиямен, бауыр, бүйрек, іш қабаттары зақымдануымен, іш тастаумен сипатталатын жануарлардың көптеген түрлерінің зооантропонозды ауруы.

Қоздырушысы патогенді лептоспираның әр түрлі серологиялық нұсқаулары. Иттерде лептоспироз L.canicolaмен негізделеді, олардың табиғи резервуарлары иттер.

Мысықтар аурумен сирек ауырады, мысықтардың аурулары көбінде L.isterohaevorrhagiae байланысты.

Патогенез: Лептоспиралар организмге кілегей және тері арқылы еніп, қан арқылы таралады. Олардың көбейтін негізгі орындары: бауыр, бүйрек, плацента, цереброспиналды сүйықтық. Аурудың шамамен 6-шы күні организмде антидене пайда болады. Жіті түрінде тұрақты белгі болып сарғаю болады, ол күрт пайда болып алғашқы белгі болып саналады.

Паталогоанатомиялық өзгерістері:Аурудың жіті формасына жайылған қан құйылу жатады.Өзіне тән белгі соның ішінде бүйректе нүктелі және шұбар қан құйылулар, бүйрек ұлғайған, қабат аралық шекара өшірілген.Жіті лептоспироздан өлімге ұшыраған иттерде бауырда ошақты некроз анықталады, әсіресе триад аумағында және капсула астында қан құйылулар.

Жітілеу және созылмалы түрінде уремиямен негізделген өзгерістер табылады: аорта, кеңірдек және өңеш кілегейінің интимы, қарынмен ауыз қуысында эрозиялармен ойық жаралар,ойық жаралы эндокардит.

Мысықтарда лептоспироз ағымы және паталогоанатомиялық өзгерістері бойынша иттердің жіті сарғайған септикалық нұсқауларымен ұқсас келеді. Лептоспироздың бұл нұсқауында ішектен қанды бөлінді,қан аралас құсық күрт пайда болады.

Микроскопиялық өзгерістері: Гистологиялық зерттеуде бауырда бауырлы балканың – балдық құрылысының жоғалуы дискомплексациясы анықталады. Балау және ажыратып балау: ит, мысықтарда ауру кезінде паталогоанатомиялық өзгерістері информативті және типті болып келеді.

Пироплазмоз, инфекциялық гепатит, геморрагиялық гастроэнтерит, риккетсиоздар, парвовирусты энтерит ауруларынан ажыратады.

Сабақ мазмұны:

1 Микроскоп арқылы қарау, № 5 препаратты суреттеу

2 91-сур. Лептоспироз кезіндегі иттің тілі; 92-сур. Бауырдағы лептоспиралар: 341-сур. Бауыр торшасындағы слептоспираларды оқып,суреттеу;

Бақылау сұрақтары:

1 Лептоспироз,листериоз аурулар қоздырушыларының резервуары ?

2 Лептоспироз,листериоз ауруларының ағымы қандай ?

3 Ит,мысық лептоспирозының негізгі патологиялық өзгерістерін атаңыз

4 Ит,мысық лептоспирозының негізгі патологиялық өзгерістері атаңыз

5 Ит,мысықтарғы осы ауру ағымының басқа мал түрлерінен айырмашылығы неде?


1.4 Ит, мысықтарға жалпы ауруларды ажыратып балау

Сабақ мақсаты: Ит, мысық ауруларында патоморфологиялық белгі ерекшелерін оқып зерттеу.

Материалмен жабдығы: суреттер көшірмелері, микроскоптар, микропрепараттар, П.И.Кокуричев 1973 ж. паталого-анатомиялық атлас



Дайындыққа сұрақтар:

1 Келесі ауруларда мүшемен ұлпаларда патоморфологиялық өзгерістер:

-стрептококоз

-колибактериоз

-колисептицемия

-сіреспе


-туляремия

-мелиоидоз

-нокардиоз және актиномикоз
1 Стрептококты лимфоденит мойын аумағында лимфа түйіндердің іріңді қабынуымен жүретін ит,мысықтардың спорадиялық түрде кездесетін ауруы.

Этиология: Қоздырушы G.тобына жататын стрептококктар.Ауру әдетте питомниктерде кездеседі, әсіресе ондағы 10 пайыз күшіктер ауруға шалдығады. Ауру қызбамен, катаралды-іріңді конъюктивитпен жүреді.Иттерде жақасты лимфа түйін ұлғаяды, кейіннен олар іріңдеп, босайды.

Мысықтарда жақ асты лимфа түйінімен қоса жұтқыншақты лимфа түйіндер ұлғаяды.

Балау: клинико-анатомиялық балау бактериологиялық зерттеумен анықталады.

2 Колибактериоз – бір жағдайда септицемиямен, бір жағдайда диареямен сипатталатын жануар төлдерінің ауруы.

Этиология және патогенез: Колибактериоз ішек таяшаларының патогенді серотиптерімен шақырылады. Ит, мысықтарда ауру сирек кездеседі. Жаңа туған күшіктермен мысық төлінде екі нұсқауда өтеді: энтеритті колибактериоз (колидиарея) және колисептицемия (колисепсис). Энтеритті колибактериоз. Патогенез: энтеритті колибактериоз жас төлдің алғашқы күндерінде пайда болады; колостралды иммуноглобулин жетімсіздігінде. Эшереихиялар ішек кілегейіне орналасып, адгезивті антиген қолдана отыра ішек саңылауына кілегейден қайта бөліну шақыртатын термолобиалды холера тәрізді токсин шақыртады; электролит ұлпаларын жоятын және диареяны шақырады.

Паталогоанатомиялық және микроскопиялық өзгерістері: Макроскопиялық суреті ауруға тән емес:ішек кілегейінің тұрақты гиперемиясы,ішек қуысы сулы жынға толы. Гистологиялық зерттеуде энтероциттер беткейінде бактерия колониясы көрінеді.

3 Колисептицемия.Патогенез: Колисептицемия ішек таяқшаларының басқа серотиптерімен шақырылады.Эшерхия штамының анықталған ерекше антигенді қасиеттері бар.Инфекция қақпасы кіндік тұқылы,жұтқыншақ,ішек.

Паталогоанатомиялық және микроскопиялық өзгерістері: Ауру кезінде макроскопиялық өзгерістері: төлдерде гипогаммаглобулинемиямен бірге ауру әдетте жітіден жоғары өтеді, еш белгісіз. Өкпе тығыздығымен гиперемиясы, талақтың аздап ұлғаюы, енбау тұқылы қабынады. Жіті жағдайда сойып қарағанда плевра, эпи -, эндокард астында нүктелі қан құйылулар, өкпе тығыздығы, ми қабатының гиперемиясы.

Балау және ажыратып балау: Аурудың паталогоанатомиялық өзгерісін бактериологиялық зерттеумен анықтайды. Энтеритті колибактериозды корон және ротавирусты инфекциядан, герпесвирусты инфекциядан және инфекциялық гепатиттен ажыратады.

4 Сіреспе – жаралы инфекция типі бойынша сіреспелі таяқша Clostridium tetani мен негізделген инфекциялық ауру.

Кіндік канатигі, операциялық жара, жараның нәжіспен немесе топырақпен ластануында мал организміне сіреспелі таяқша ену арқылы жұқтырылады.

Спорадан өсу және қоздырушының көбеюі жүйке жұйесінің зақымдануымен қанға сіңірілетін экзотоксин пайда болуын туғызады.

Сойып қарау: Өкпе домбыққан, ерін бұрыштары артқа қарай тартылған, маңдайында қыртыс түсіп, құлақ қалқаншалары тығыздалып бір - біріне жақындаған, көз алмалары жан - жаққа айналған, үшінші қабақта айналып кеткен.Мысықтарда сіреспе сирек, пайда болған жағдайда бұлшық ет сіреседі.

Алғашқы жаралы ошақ анықталуы мүмкүн, ол қоздырушыны лабораториялық анықтауға мүмкүндік туғызады.

Балау: Лабораторлық балау үшін алғашқы жаралы ошақтан, ішкі мүшелерден пат.материал алынып сіреспелі токсинді анықтау үшін бактериологиялық зерттеуге жіберіледі.

5 Туляремия – адам және үй жануарларының көптеген түрлерінің Franciseisella tularensis бактерияларымен шақырылатын септикалық ауруы. Ауру адамдар мен кеміргіштерде жиі байқалып, өлімге ұшырауымен байқалады. Кеміргіштер қоздырушы резервуары болып табылады.

Этиология: Қоздырушы жануар организміне зақымдалмаған тері және кілегей арқылы енеді. Жұқтырылу алимеентарлы, аэрогенді кенелер мен жәндіктердің тістеуі арқылы енеді.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: союда лимфа түйіндері, бауыр, талақ, бүйрек ұлғайып, онда шамалас ақ, құрғақтау ошақтар анықталады.

Балау: Зақымдалған мүшелерге бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.

6 Мелиоидоз – көптеген мүшелерде абсцесс түзілуімен сипатталатын ит, мысық, адамдардың септикалық ауруы.

Қоздырушысы Pseudomonas pseudommallei. Қоздырушы резервуары мелиоидозбен ауыратын кеміргіштер.

Этиология және патогенез: ауру алиментарлы зақымдалған тері арқылы қан сорғыш жәндіктер мен шақырылады. Көптеген мүшелерде абсцесс түзілуімен сипатталады әсіресе лимфа, талақ, өкпе, бауыр, орталық жүйке жүйесі, іріңді артриттермен.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: иттерде аталған мүшелермен қоса теріде, тері асты клечаткада, аталық ұрық без қосалқысында анықталады. Абсцесстер ереже бойынша диаметрі 1см қою немесе құрғақтау іріңнен тұрады, көбіне жабыспақ плеврит.

Балау: нақты балау тек бактериологиялық зерттеу арқылы.

7 Нокардиоз және актиномикоз – дене қуысы мен ұлпалардың іріңді-гранулематозды зақымдануымен сипатталатын үй жануарларының, соның ішінде ит, мысықтардың бір біріне ұқсас ауруы.

Этиология және патогенез: Ауру топырақты микроорганизмдер Nokardia asteroids сәулелі саңырау құлақтарымен шақырылады. Актиномикоз қоздырушысы - Actinomycesсәулелі саңырау құлақтар, көбіне A.viscosus,- жануарлардың ауыз қуысы кілегейімен жұтқыншақта мекендейді. Ішек, кеңірдек, зақымдалған ауыз қуыс кілегейіне қоздырушы енгеннен кейін басталады.

Клинико-анатомиялық байқалуы лимфа, тері асты клечатканың іріңді-гранулематозды зақымданумен сипатталады.

Нокардиоз иттерде өзіндік плеврит және перитонитпен байқалады.Плевралды және құрсақтық қабыну іріңді-гранулематозды сипатта болады. Мұндай өзгерістер актиномицееттермен шақырылады, сондай - ақ макроскопиялық байқауға ұсақ сары дәндер қосылады, диаметрі 1-2мм, эксудатта орналасады. Гранулема екі ауруда да байқалады.

Микроскопиялық өзгерістер екі ауруғада тән: түйіндер лимфо- және макроциттерден тұрады,түйін ішінде нейтрофилді лейкоциттер саңырау құлақ айналасында жиналады.

Түйін жасына байланысты фибринозды ұлпаның жұқа немесе массалық зонасымен қоршалады.

Балау: Нокардиозды және актиномикозды зақымданудың макроскопиялық және микроскопиялық сипаты балау үшін тән келеді.

Сабақ мазмұны:

18,14,27 суреттерді оқу,паталогоанатомиялық атлас.

4 кестені толтыру.

5 кесте - Ит, мысықтар ауруларын ажыратып балау.




Аурулар

Паталогоанатомиялық өзгерістері

Стрептококкоз




Колибактериоз




Сіреспе




Микобактериалды гранулемалар




Мелиоидоз




Туляремия





Бақылау сұрақтары:

1 Келесі аурулар қоздырушыларын атаңыз:

-стрептококкоз

-колибактериоз

-сіреспе

-микобактериалды гранулема

-мелиоидоз

-туляремия

2 келесі ауруларда ауру ақыры тудырылады:

-стрептококкоз

-колибактериоз

-сіреспе


-микобактериалды гранулема

-мелиоидоз

-туляремия

3 Танысқан аурулардың ішінде қайсысын антропозооноздыларға жатқызуға болады?


1.5 Ит, мысықтардың ауруларын ажыратып балау

Сабақ мақсаты: Ит, мысық ауруларында патоморфологиялық белгі ерекшелерін оқып зерттеу..

Материалмен жабдығы: суреттер көшірмелері, микроскоптар, микропрепараттар, П.И.Кокуричев 1973 ж. паталогоанатомиялық атлас



Дайындыққа сұрақтар:

1 Келесі ауруларда мүшелермен ұлпаларда патоморфологиялық өзгерістері:

-стрептококкоз

-колибактериоз

-сіреспе

-микобактериоз

-мелиоидоз

Сабақ мазмұны:

18,14,29 суреттерді оқу, паталогоанатомиялық атлас.

5 Кестені толтыру.


5 кесте - Ит, мысықтар ауруларын ажыратып балау.


Аурулар

Паталогоанатомиялық өзгерістері

Стрептококкоз




Колибактериоз




Сіреспе




Микобактериалды гранулемалар




Мелиоидоз




Туляремия






1.6 Ит,мысықтардың ауруларын қорытынды бақылау

Сабақ мақсаты: Ит, мысық аурулары бойынша студенттердің білім бағасын анықтап, білімін бекіту.

Материалмен жабдығы: суреттер көшірмелері, паталогоанатомиялық атлас



Дайындыққа сұрақтар:

1 Фронталды сұрау

Келесі ауруларда зақымданған орындарын атаңыз:

-лептоспироз

-листериоз

-стрептококкоз

-колибактериоз

-сіреспе


-микобактериоз

-мелиоидоз

-нокардиоз

-актиномикоз

-дерматофилез

-микоплазмоз

-бластомикоз

-гистоплазмоз

-поротрихоз

-питилоз


2 Қандай аурулардан ажырату керек ?

-лептоспироз

-листериоз

-стрептококкоз

-колибактериоз

-сіреспе


-микобактериоз

-мелиоидоз

-нокардиоз

-актиномикоз

-дерматофилез

-микоплазмоз

-бластомикоз

-гистоплазмоз

-поротрихоз

-питилоз
6 кесте - Схема бойынша жазбаша тапсырма орындау




Ауру

Осы аурудың патологиялық мәліметін сипаттайтын мүшеге сипат беру




Мысалы:

Колибактериоз

өлексе түрі,теріасты клечатка,жүрек,өкпе,бауыр,талақ

3 Жазбаша тапсырманы орындау.

...ден өлген малды сойып қарауда хаттама жазу (тапсырманы оқытушы береді)ит,мысықтардың жалпы ауруынан.

Хаттама

Өлексені паталогоанатомиялық сою (мал түрін көрсету) _______________________________ өлексе қашан және кіммен жүргізілді ______________ қатысуымен.

Анамнез(аурудың пайда болу уақыты,жағдайы,оның негізгі клиникалық белгілері, өлген уақыты,клин.балау) _____________________________

Сырттай қарау және мүшелермен қуыстарды зерттеу.


1Өлексе (қай малдың) )_______________ ,тұқымы)________________, өлді

__________, жасы _____, белгісі_____, лақапаты______.


2 Өлексенің құрылысы

3 Өлгеннен кейінгі өзгерістері

4 Көздері

5 Ауыз қуысы

6 Мұрын қуысы,құлақтары

8 Артқы саңылау

9 Шаштары,терісі,қанаттары және т.б.тері өнімі (тырнақтары)

10 Тері және тері асты клечатка

11 Желіні

12 Сілекей бездері,ауамұрын қапшығы

13 Бұлшық ет және шеміршек

14 Сүйек және буындары

15 Құрсақ қуысы

16 Диафрагма

17 Құрсақ қуысындағы мүшелердің жағдайы

18 Алдынғы перде,шажырқай,майлы без

19 Қарын мен ішектің сірлі беткейі

20 Кеуде қуысы

21 Көк перде,аралық перде

22 Жұтқыншақ,миндалиндер,өңеш

23 Жұтқыншақ,кеңірдек,бронхтар

24 Өкпе


25 Жүрек сөмкесі

26 Жүрек


27 Қан және лимфа тамырлары

28 Талақ


29 Лимфа түйіндері

30 Бауыр,өт жолы,асқазан алды бездері

31 Бүйрек

32 Несеп жолдары

33 Жыныс мүшелері

34 Қарын


35 Ішек

36 Эндокрин бездері

37 Орталық және перифириялық жүйке

38 Патологиялық балау

39 Қосымша зерттеулер

40 Қорытынды


жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау