6.6 Ығысудың статикалық кернеуі, субергіштік, тұрақтылық және
тәуліктік тұнба
Ығысудың статикалық кернеуі (ЫСК
) деп балшық ерітіндісінің құралым
беріктігін сипаттайтын кедергі күшін айтады. Жуу сұйықтарының ЫСК әр
шаршы сантиметрге келетін миллиграмм күшпен өлшенеді, яғни мг/см
2
.
Балшық ерітіндісінің құралым беріктігі, ол қозғалыссыз тұрғанда
құрамындағы тау жыныстары бөлшектерін ұстап қалуға жетпесе, ондай
ерітіндіні
сапалы
деп
санауға
болмайды.
Сапалы
ерітінділер
тау
жыныстарының талқандалған бөлшектерін және газдың көбікшелерін
қалықтаған жағдайда көпке дейін ұстап тұрады.
Ұңғыны жуатын сұйық жер бетіне шықпай, жоғалып кететіндей болса,
талқандалған тау жыныстарының қалдықтары үлкен немесе ұңғы бұрғылау
қарқындылығы жоғары болған жағдайларда ЫСК мөлшерін жоғарылатқан жөн.
Бірақ, ЫСК мәнін көтерген сайын, жуу сұйықтарын жыныс ұнтақтарынан және
газдан тазалау қиынға түседі. Сондықтан, балшық ерітіндісінің ЫСК 20-22
мг/см
2
аспағаны дұрыс.
Балшық ерітіндісінің ығысудың статикалық кернеуі пластометрлермен
анықталады. Қазіргі кезде ең көп қолданатын аспап, ол ротациялық СНС-2 атты
пластометр.
Ығысу статикалық кернеуінің
шамасы ретінде үлгінің құрылымының
бұзылуына сәйкес
P
мәнін алуға болады.
Су бергіштік және балшық қабыршағының қалыңдығы
. Жуу
сұйығының су бергіштігі деп қысым айырмашалығы пайда болған кезде
дисперсиялық ортадан сұйық фазаның сүзіліп өту мүмкіншілігін айтады.
Балшық ерітінділерінің су бергіш көрсеткіші – берілген белгілі бір уақыт
ішінде, белгілі бір аумақтан шыққан фильтраттың көлемімен өлшенеді.
Балшық ерітіндісінен шыққан су ұңғы қабырғасындағы кейбір ісінгіш тау
жыныстарына сіңіп, оларды бірнеше есе үлкейтіп, ұңғының ішкі диаметрін
тарылтады да бұрғылау процесін қиындатып жіберіді. Геологиялық қимадағы
су өткізгіш тау жыныстарын бұрғылағанда сазбалшық ерітіндісінің ішіндегі
қатты дисперстік фазалары қабыршақтар түрінде ұңғы қабырғасына сүзіліп
жиналып қалады. Ол балшық қабыршағының қалыңдығы жуу сұйығының
сүзілу көрсеткіші қаншама жоғары болса, соншама қалың және борпылдақ
болады. Сол себептен ұңғы қимасы тарылып, оған бұрғылау тізбегін түсіргенде
кедергі болу, ал көтергенде қысылып, қосымша қарсылық көрсету жағдайлары
байқалады. Бұл жағдайлар бұрғылау тізбегінің ұңғы қабырғасына жабысып,
қысылып ұсталып қалуына әкеліп соғады. Саз ерітіндісінің сұйық фазасының
ұңғы қабырғаларындағы тау жыныстарына сіңіп кетуі нәтижесінде олардың
беріктігі төмендейді, опырылып құлап кетуі мүмкін. Жуу сұйықтарының сүзілу
көрсеткіштерінің жоғары болуы әсіресе өнімді қабаттарды бұрғылағанда өте
зиянды. Өйткені, әдетте өнімді қабаттарда коллекторлардың құрамында саз
қабаттары да кездеседі. Сол саз жыныстары сүзілген сұйықтың көлемін
үлкейтіп, мұнай немесе газ жүретін жолдарды, жарықшаларды бекітіп
тастайды. Осының нәтижесінде қабаттардан өнімнің шығуы төмендеп кетеді.
Коллекторлар бұрғылау сұйығының дисперстік фазасымен да ластануы мүмкін.
Сол себептен бұрғылау барысында сазбалшық ерітіндісінің сүзілу көрсеткіші
тұрақты қадағаланып, оларды химиялық өңдеу арқылы сүзілу көрсеткішін
керекті шамада ұстап тұрады.
Су беру шамасын өлшейтін қазіргі кездегі аспаптар қысыммен және
вакуумда жұмыс істейтіндер болып екіге бөлінеді. Біріншісінің өзі статикалық
және динамикалық су бергіштіктерді өлшейтін құралдарға бөлінеді.
Динамикалық су беру мөлшерін өлшейтін аспаптардың құрылысы өте күрделі
болғандықтан, оларды тек қана ғылыми зерттеу лабораторияларында
қолданады.
Бұрғылау алдында немесе бұрғылау кезінде
балшық ерітіндісінің су
бергіштігін көбінесе ВМ-6 немесе ВС- IМ аспаптарын қолданып анықтайды.
Бұл аспаптарды пайдаланғанда ерітіндінің су беру көрсеткіші ретінде 30 мин
уақыт ішінде, көлемі 100 мл
3
– балшық ерітіндісінің 0,1 МПа қысыммен
қысқандағы ауданы 100 см
2
қағаз сүзгіден сүзіліп шыққан су көлемін алады.
Жуу сұйғының су беру процесі ерітіндінің балшық қабыршағының құрылуымен
бірге өтеді.
Сондықтан, ұңғы бұрғылағанда қолданылатын балшық ерітіндісі
қабыршағының қалыңдығы 2-3 милиметрден артық болмағаны дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |