262
Ұңғымға түсірілгеннен кейін; яғни забойға 0,5 м
аралық қалғанда СНБ-
КО снарядына керекті бағыт беріледі. Содан кейін снарядты айналдырмастан,
яғни бағытын өзгертпестен забойға жеткізеді. Осьтік салмақтың әсерінен
штифтер үзіліп кетеді де, снаряд сынадан босап,
ұңғыдан жаңа оқпанды
керекті бағытта бұра бұрғылау үшін мүмкіндік алады. Осы кезде қасық
тәрізді сына әдейі цилиндр тәрізді етіліп ұңғы забойынан алдын ала
бұрғыланған озба оқпанның ішіне кіріп, сыналанып бекіп қалады. Жұқа
темірге /2/ бекітілген
кескіштер тау жынысына батып, қасық-сынаның
берілген бағыттан еріксіз бұрылып кетуіне ешқандай жағдай туғызбайды.
Жаңа оқпанды бұрып бұрғылағаннан кейін, снарядты көтергенде СНБ-КО
снаряды толығымен жер бетіне көтеріледі. Себебі бұра бұрғылайтын снаряд
втулкаға /3/ тіреледі де өзімен бірге қасық-сынаны ала шығады.
Осыдан кейінгі бұрғылауды ұңғы қисықтығын
баппен өсіретін бұрғы
снарядымен жүргізеді. Бүл снарядпен ұңғы оқпаны бірнеше рет бұрғыланады.
Снаряд (82, в-сурет) жоғарғы және төменгі екі бөліктен тұрады. Ол екі бөлік
өзара топсамен /1/ жалғасқан. Төменгі бөлік қысқа снарядтан тұрады. Оның
қашауы /2/, кеңіткіш-өзгерткіші /3/, келте құбыры /4/ және өзгерткіші /5/ бар.
Жоғарғы бөлік екі кеңіткіш-өзгерткіштерден /6 және 7/, оған жалғасқан
колонкалы құбырдан /8/ тұрады. Снарядтың төменгі бөлігінің ұзындығы 0,75-
1 м шамасы. Қисыктықты өсіру керек болғанда төменгі бөліктің ұзындығын
қысқартады. Жоғарғы бөлік төменгі бөлікке қарағанда 1,5-2 есеге жуық
ұзындау болады. СНБ-КО снарядын бұрғылау
құбырларының тізбегімен екі
түрде жалғастырады. Ол жалғастыру бұрғыланатын ұңғы оқпанының
қисаюымен байланысты. Неғұрлым қисая түскен сайын жалғастырғыш
құбырдың диаметрі азая түседі. Көпшілік жағдайда диаметрі 42 мм,
ұзындығы 4,5 м бұрғылау кұбыры арқылы СНБ-КО снарядын бұрғылау
құбырларының тізбегімен жалғастырады.
Бастап бұрғылағанда осьтік
салмақтың мөлшері және снарядтың айналым саны өте аз болуы керек.
Шамасы 30 см тереңдік бұрғыланған соң, бұрғылауды үйлесімді тәртіппен
жүргізе береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
1.
Ұңғы оқпанының кеңістіктегі орны оның көлбеу бұрышы Ύ немесе
зенит бұрышы θ, азимуттық бұрышы α және терендігі Ι
арқылы
анықталады.
2.
Ұңғымаларды кеңістіктегі орындарына қарап үшке бөледі:
а) тік; ә) горизонталь; б) көлбеу.
263
3.
Ұңғы әр түрлі себептермен қисаяды. Оларды үлкен үш топқа бөледі: а)
геологиялық; ә) техникалық және б) технологиялық.
4.
Ұңғының қисықтығын анықтау және кеңістіктегі орнын білу үшін оның
зениттік бұрышын және азимутын арнайы аспаптармен өлшейді.
5.
Ұңғыны толық өлшегенде, яғни ұңғыманың азимутын және зенит
бұрышын қоса-қабат өлшегенде, инклинометр
деп аталатын аспапты
пайдаланады.
6.
Ұңғының
азимутымен
зениттік
бұрышын
өлшейтін
бірнеше
инклинометрлер бар (ИШ-2, ИШ-3, ИШ-4, ИІІІ-6 т. б.).
7.
Магниттік қасиеті бар жыныстарда бұрғыланған ұңғының қисықтығын
гироскопты инклинометрлер ИГ-2 және ИГ-70 арқылы анықтайды.
8.
Кенді қабат тіке құлап орналасқанда бірнеше көлбеу ұңғылардың
орнына бір ұңғы бұрғылап, оның оқпанынан бірнеше тармақ
бұрғылауға болады. Мұндай ұңғыларды көп забойлы ұңғы дейді.
Достарыңызбен бөлісу: