232
векторын
горизонталь
және
вертикаль
құраушыларға
бөліп
горизонталь күштері уақыттың әр моментінде бір бірін теңестіреді деген тұжырымға
келеміз. Вертикаль
қос құраушылар қосылып жалпы күш массасы келесіге тең болады.
φ =0 және φ=180ºC болғанда вибратордың
жалпы күші максимум болатынын келесі
формуладан көреміз:
Яғни қоздырғыш күшті жоғарлату үшін дебайланыстардың
айналу жиілігін және
массасын жоғарлату, айналу өсіне қатысты олардың орнын ауыстыруып жоғарылату
қажет.
73 –сурет. Дірілдеткіштің жұмыс істеу
сұлбасы:
1 -электрқозғалтқышь; 2- трансмиссия;
3—
корпус; 4 — дебаланстар; 5 — қысқыш
патрон; 6—бұрғылау құбырлары; 7 —
жынысталқандағыш аспап; S — диск; 9 —
арқан; 10 — шығыр барабаны
74-сурет. Дірілмен бұрғылаудың
жынысталқандағыш аспабы
Дірілмен бұрғылаудағы технологиялық аспап ұңғыға түсірілген және жыныс талқандағыш
аспаппен қосылған бұрғылау құбырларының тізбегінен тұрады. Жыныс талқандағыш
аспап
ретінде виброзондтар, виброжлонкалар және ұңғыны сақиналы забоймен
бұрғылайтын грунт ұстағыштар пайдаланылады. Виброзонд жоғарғы ұшында бұрғылау
құбырлар мен қосылуға арналған аудармасы бар, ал төменгі ұшында үшкірленген конусты
тореці бар башмактан құралған, ұзындығы 1-3 метр құбыр болып келеді (74а –сурет).
Ұшталған конусты торец беріктендіріледі немесе қатты қорытпамен балқытылады.
Башмактың диаметрі виброзонд тереңдеген сайын қапталы үйкеліс күштерін азайту үшін
233
құбырға қатысты үлкендірек қылып жасалынады. Виброзондтың
қаптал беттерінде керн
алуды оңайлату үшін көлбеу бұрышы 90-160ºC көлденең тесіктер жасалынады.
Грунт ұстағыш (74,б-сурет) морт тау жыныстарында керн алу үшін арналған және
оның виброзондтан ерекшелігі корпустың ішінде орналасқан керн қабылдағыш гильза
және түзіліп жатқан керн түскен сайын грунт ұстағыштың ішкі бөлігіндегі қысымды
төмендетуге арналған кері клапанды болуы. Грунтұстағыштың құрамына сонымен қатар
башмак және аударма кіреді.
Виброжелонка үгітінді және қалқыма тау жыныстарын бұрғылағанда қолданылады
және арқанды соққылама бұрғылауда қолданылатын жазық
клапанды жлонкалардан еш
ерекшелігі жоқ.
Дірілмен бұрғылау қондырғылары дірілдеткіштен, бұрғылау аспабын көтеріп
түсіруге арналған шығырдан, генератордан, мачтадан, оны көтеріп түсіретін құрылғыдан,
басқару пультінен, тасмалдау базасынан тұрады.
Ең кең тараған қондырғы АБВ-2M қондырғысы болып табылады. Оның негізгі
ерекшелігі ұңғыны бұрғылағанда арқанды соққылама тәсілінде қолдану мүмкіндігі.
Қондырғы дірілдеме соққылама тәсілімен диаметрі 108-168 мм тереңдігі 20 м дейін және
арқанды соққылама тәсілімен 40 метрге дейін ұңғыларды бұрғылауға мүмкіндік береді.
Діріл қоздырғыш ретінде максимум қоздырғыш күші 35 кН қуаты 7 кВт ВБ-7 дірілбалғасы
қолданылады. Көтеріп түсіру операцияларын жүргізу үшін қондырғылар биіктігі 7,5 метр
мачтамен және шығырмен жабдықталған. Мачта
кронблок және таль блогымен
жабдықталған. Арқанды соққылама бұрғылау жүргізу керек болса арқанға ұрғыш аспап
жалғайды. Мачтаны көтеру және түсіру винтік көтергіш көмегіменжүргізіледі. Аталып
кеткен жабдықтар сонымен қатар генератор ГАЗ-66 автомобилінде жинақталған.
Достарыңызбен бөлісу: