Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет139/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   168
Бурение

10.1 Шнекті бұрғылау технологиясы 
Бұрғылаудың технологиялық тәртібінің негізгі параметрлері қашауға түсірілетін 
өстік күш және оның айналу жиілігі. Рейстің ұзақтығына байланысты шнекті бұрғылау 
үздіксіз және рейсті бұрғылау деп екіге бөлінеді. Үздіксіз бұрғылауды шнекті тізбектің 
айналымын тоқтатпай жүргізеді, тек ұңғыны тереңдеткен кезде шнекті ұзарту үшін қажет 
уақытты есептейміз. Рейстік бұрғылау геологиялық қиманы түпкілікті зерттеу қажеттілігі 
болғанда пайдаланылады. Бір рейстік тереңдеудің шамасы терең емес тайыз ұңғыларды 
(8-10 метр) бұрғылағанда 0,2-0,6 метр және тереңірек ұңғыларды бұрғылағанда 0,5-1,5 
метр құрайды. 
Ұңғыларды жаңадан бұрғылаған кезде айналу жиілігін (60-70 айналым/минут) және 
өстік күшті аз беріп бұрғылайды. Өстік күшті жоғарылатқан сайын құмды сазды 
шөгінділерде бұрғылау жылдамдығы өседі. Өстік күш шамасын 4-6 кН шамасында ұстап 
отыру керек. Өйткені өстік күшті көтерген сайын шнекте тау жыныстарының тығындары 
пайда болып бұрғыланған тау жыныстарының жер бетіне шығаруы тоқталады.


230 
Шінекті бұрғылаудың технологиясының негізгі элементтерінің бірі ұңғы түбін 
шламнан тазарту болып табылады. Талқандалу өнімдерін шығарғандағы шінектің 
тасмалдау өнімділігі (см
3
/мин) келесі формуламен анықталады. 
 
мұндағы D және d – ребордаларының сыртқы және ішкі диаметрлері; 
S – шнек ребордасының қадамы, см.; 
n – шнектің айналу жиілігі, айн/мин; 
φ – 0,3-0,8 шінектің толу коэффиценті. 
Аспаптың айналу жиілігі 0,8-0,2 м/с аралығында өзгеріп отыратын шнектердің 
сызықтық жылдамдығының тиімді шамасына байланысты таңдалынады. Осыны есепке 
ала отырып шінектердің ең көп тараған диаметрлері үшін айналу жиілігі 100-200 айн/мин 
құрайды, мұндағы ең аз шегі тұтқыр тау жыныстарын бұрғылауға арналған. Айналу 
жиілігін азайту ұңғыны тазалаудың жағдайларын нашарлатады. Ал, оның жоғарлауы 
аспаптың дірілдеуіне алып келеді. Бұл шламды тасмалдауды нашарлатады және 
бұрғылауға кететін қуаттың жоғарылауына алып келеді. 
Шнекпен құрғақ және сулы құмдарды еш қиындықсыз бұрғылайды, бірақ ұңғы 
оқпанының орнықтылығын қамтамасыз ететін шаралар қолдану керек. Көрсетілген тау 
жыныстарының қалың емес қабаттарын ( 2,5-3 метр) бұрғылағанда аспапты айналдырып 
көтеріп түсіреді және ұңғы қабырғаларын нығыздау үшін реверс жасайды. Орнықсыз тау 
жыныстарының қалың қабаттарын бұрғылағанда ұңғы оқпанын шегендеуші құбырларды 
орната отырып бұрғылайды. Шінекті тізбек шегіндеуші құбырлар ішіне орналасады да 
жиілігі 40-60 айн/мин болып айналады. Ұңғы тереңдеген сайын шегендеуші құбырлар өз 
салмағымен төменге түсе береді.
Тұтқыр және тығыз саздарды бұрғылау шнек спиралына шламның жабысуына 
және жыныстық тығындар құрауына байланысты аса қыйындықтар туғызады. Ұңғы 
диаметрі шінек диаметріне дейін азаюы жие болып тұрады. Бұл айналдырғыш моментке 
қуаттың көп шығындалуына немесе ұңғыларда аспаптың қысылып қалуына әкеледі. Егер 
ұздіксіз бұрғылауда жыныстық тығындарды жою мүмкін болмаса бұрғылауды қашаудан, 
3-4 шінектен және бұрғылау құбырларының тізбегінен тұратын аспапты қолданып 
рейспен бұрғылау керек. Ұңғыны 1,5-2,5 метрге тереңдеткеннен кейін аспапты жер бетіне 
шығарып тазалайды.
Жұқа, аз суланған сулы қабаттарды тез өтуге болады, өйткені төмен жатқан су 
өткізбейтін қабатты бұрғылаған кезде талқандалу өнімдері сулы горизонтқа қарсы ұңғы 
оқпанын сылайды, оқшауландырады және бекітеді. Көшкін құмдарды бұрғылағанда 
аспапты ұстап қалмаз үшін шегендеуші құбырларды бірге түсіре отырып бұрғылау қажет.
Тиімді тәртіппен ұңғыны тереңдету процессін жүзеге асырудың негізгі шарты 
аспаптың айналу жиілігі мен оны беру жылдамдығының тиімді қатынасын сақтау. Бұл 
шарттарды орындау жоғарғы өстік күште пайда болатын шнек спиралдарындағы 
жыныстық тығындарды жоюға мүмкіндік береді. Жыныстық тығындардың пайда 
болуымен күресу үшін аспапты көтеріп түсіру және реверс қолданылады; аспаптың 
айналу желілігін жоғарлатады және ұңғыға су құюды азайтады. Соңғы шараның тиімділігі 
тау жыныстарының шнек спиралына және ұңғы қабырғасына үйкелуін азайту болып 
табылады.
Шінекті бұрғылау кезінде геологиялық құжаттаманы ұңғы сағасына көтерілген 
немесе шінек қалақшаларындағы талқандалу өнімдері бойынша құрастырады, ал қажет 


231 
болған жағдайда магазинді шінектер немесе алынбалы керн қабылдағыштар көмегімен 
керн алады. Үздіксіз бұрғылау кезінде қимадағы тау жыныстары қабаттарының 
жатуының, нақты тереңдігі 0,2-0,3 метр дәлдікпен анықталады, ұңғы тереңдігі 20 метрден 
асқан кезде ол 0,3-0,4 метрге дейін төмендейді.
Рейстік бұрғылау кезінде оның жату тереңдігін дәл табу жоғарлайды - 0,1-0,3 метр. 
Рейстің ұзындығы әдетте шінектің ұзындығына тең (1,3-2 см) сынама әрбір 0,5-1 метр 
бұрғылағанда алынып отырады. Бұрғылайтын грунт – ұстағыштардың көмегімен керн 
алған кезде (магазинді шінектер) бұрғылаудың технологиялық тәртібінің келесі 
параметрлері қабылдануы тиіс: өстік күш 1,5-2 кН , айналу жиелігі 60-70 айн/мин. 
Берілген параметрлер аспапты 0,2-0,5 метр жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді. 
Иілімді саздар және суға, қаныққан құмдардың сынамаларын ішкі диаметрлері 100 мм кем 
емес жұқа қабырғалы грунт ұстағыштарды батырып алады.
11.

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау