VII–XIII
топтағыларға тек қана ұсату әcepiн
беретін қашаулар жатады.
Бipiнші топқа М қашаулары жатады. Бұл қашау оңай бұрғыланатын жұмсак
тау жыныстарына (балшық, құм, жұмсақ құмтас араласқан балшықтар, бор, гипс
т.б.) арналган. Бұлардың шарошкаларында ұзын, өткip және аралары кең
орналасқан тicтepi бар. М типті қашауларды № 8-ден, ягни 190 мм-ден асатын
диаметрі болатындай eтin шығарады.
Екінші топқа МЗ қашауы жатады. Ол қажағыштығы аз, жұмсақ тау
жыныстарын (жұмсақ құм тастары бар балшықтар) бұрғылауға арналған.
Үшіншi топқа
МС
кашауы жатады. Онымен жұмсақ және қаттылығы орташа
иілімді тау жыныстарын (балшықты тақтатастар, тұз, байланысы әлсіз
ангидриттер, каттылығы орташа i36ecтастар, бор шөгінділері) бұрғылайды. МС
кашауының үшкірленген тicтepi бар, 6ipaқ олар М қашауының тicтepiнeн қысқа
келеді.
Төртінші топқа
МСЗ
қашаулары жатады. Бұл қашаумен қаттылығы орташа
кабатшалар кездесетін жұмсақ тау жыныстарын бұрғылайды. Шарошкалардың
құйма тicтepiнiң орнына қатты қорытпадан жасалған сына тәpi3дi жұмысшы беті
бар тістер пресстеу әдісімен кондырылған.
Бесінші топқа С қашаулары жатады. Олармен иілімді және морттау келген
тау жыныстарын (қатты құмтастар, балшықты тақта тастар, қаттылығы орташа
ізбестастар т. б.) бұрғылайды. С қашауының тicтepi МС қашауының тісінен rөpi
қысқа келеді, яғни оның тісінің 6иіктiri 80%-дай ғана болады, 6ipaқ оларға
қарағанда жиірек орналасқан.
Алтыншы топтағы қашаулар СЗ деп аталады. Бұл қашаумен қажағыштығы
көп тау жыныстарын бұрғылайды. Мұның тicтepi фрезерленіп жасалмайды, оның
орнына сына тәрізді қатты қорытпадан жасалған тістер орнатылады.
Жетінші топтағы кашауларға СТ қашаулары жатады. Бұл қашаулармен тығыз,
морт және 6epiк келген жыныстар (гипстелген ізбестастар, доломиттер, т.б.)
бұрғыланады. СТ кашауының тicтepi қысқа, 6ipaқ саны көп болады. Шарошка
осьтері алшақталмаған, сол себепті айналу кезінде олар сырғанамайды және тез
тоза қоймайды.
Сегізінші топқа Т қашаулары жатады. Қатты тау жыныстарын (тығыз және
қатты iзбестастар, доломиттер, қатты тақтатастар т.б.) бұрғылауға арналған.
Шарошкасының тicтepi ұсақ. Қажағыш тау жыныстарын бұрғылағанда тістердің
төзімділігі жоғары болуы және жыныстарды жарғанда тістердің жылдам тозбауы
үшін бұл қашаудың тістерінің биіктігі CT кашауыныкінен rөpi қысқа, 6ipaқ оның
ececiнe жиі орналасқан, яғни жалпы саны 25–30%-дай көбейген.
Тоғызыншы топтың қашаулары ТЗ деп аталады. Бұл қашаулармен қатты және
қажағыштығы көп тау жыныстарын бұрғылайды. Фрезерленген тістердің орнына
қатты қорытпадан жасалған сына тәрізді тістер орнатылған.
Оныншы топқа ТК қашаулары жатады. Бұл қашаулар өте қатты және 6epiктігі
жоғары тау жыныстарын (кремнийленген ізбестастар, кремнийленген тақтатастар
т.б.) бұрғылауға арналған. Шарошка ұшының сүйірлігі азайған. Мысалы Т
кашауында шарошканың сүйірлік бұрышы 42°, ал ТК-да 46°, 6ipaқ T қашауымен
салыстырғанда тістердің забой жынысымен түйісетін алаңы 25-30%-ға азайған.
Он бірінші топтың қашаулары ТКЗ делінеді. Бұл қашаулар өте қатты және
қажағыш қабатшалар кездесетін тау жыныстарын бұрғылауға арналған. Ticтepi
қатты қорытпадан жасалады.
Он екінші және он үшінші топтарға К және ОК қашаулары жатады. Бұл
қашаулармен қысуға қарсылығы өте үлкен, қатты және қажағыштығы өте көп тау
жыныстарын (кварциттер, ұсақ кристалды кремнийленген ізбестастар т.б.)
бұрғылайды. Шарошкага цилиндр тәрізді қатты қорытпадан жасалған тістер
орнатылған.
Сондыктан,
бұларды
бұдыр
қашау
дейді.
ОК
қашауы
шарошкаларының сыртқы беттерінде жұмысшы ернеулері жалпақ келген қатты
қорытпалы тicтepi бар.
Барлық шарошкалы қашаулардың индекстері болады. Оған сол қашауды
шығаратын заводтың немесе қашаудың конструкциясын жасаған мекеменін
шифрлары кіреді. ОН 26-02-128-69 нормалы бойынша қашауларды шығаратын
заводтарға мына индекстер берілген:
С.М. Киров атындағы Баку заводы – Б
Қашау шыгаратын Верхнесергинск заводы – В
Куйбышев қашау заводы – К
Ф.Э.Дзержинский атындағы Сарапулкаласының машина жасау заводы – Д
Драгобыч каласының қашау заводы – У
ВНИИБТ-ның тәжірибе заводы - Н
ЦНИИ подземшахтастройдың Поваровтағы тәжірибе заводы - Р
Саратов заводы – С
Москваның қатты қорытпа жасау заводы – М
Востокмаш заводы – Ш
Лениногорск жөндеу заводы – Л
Жалғастырушы бұранданың дүмінде немесе тipeyiш ниппелдің дүмінде
қашаудың шифры, нөмipi және шығарылған датасы жазылады.
Егер қашауда мына жазу болса: 1В - 7К, онда 1 - қашаулар моделінің нөмipi;
В - шығарушы заводтың индексі (Верхнесергинск заводы); 7 - қашаудың диаметрі,
дюйм; К - алдына қойған мақсатпен аныкталатын қашаудың типі (бұл жағдайда К
әріпі қашаудың қатты әpi 6epiк жыныстарға арналғанын 6iлдіреді).
Кіші диаметрлі қашаулардың диаметрлері жазылады. Мысалы: 1В-93Т, 1В-
112С, 1В-132К, 1В-151Т т.б. Мұндағы 6ipiншi қашаудың шифрындағы 93 саны
оның мм-мен өлшеген диаметрін көрсетеді, ал Т әрпі сол қашаудың қатты
жынысқа арналғанын білдіреді.
Қос шарошкалы қашаудың (35-сурет) өзара пiciріліп қосылған екі табаны
және қашау жиегінде жуу сұйығы шығатын екі гидромониторлы қондырмасы
болады. Мұның өзi жыныстың жылдамырақ ұсатылуына мүмкіндік
туғызады. Қос
шарошкалы қашаулармен көбінесе жұмсақ тау жыныстары бұрғыланады.
35- сурет. Қос шарошкалы қашау: 1– табан; 2 – саусақ; 3 – штифт; 4 – ролик; 5 – шар;
6 – бірінші шарошка; 7 – екінші шарошка
Сыңар шарошкалы қашаулар (36-сурет) тереңде орналасқан қатты және берік
тау жыныстарына арналған. Олардың диаметрлері 140,161,190 және 214мм.
Табанының цапфасында шарлы тіреулерде түpi сфера терізді шарошка бос
айналады. Оның сыртына қатты қорытпадан жасалған, цилиндрге ұқсас кескіштер
пресстеу әдісімен отырғызылады. Олардың жұмысшы алаңдары жарты сфера
немесе призма тәрізді.
Төрт жэне алты шарошкалы ұштар колонкалық қашауларда қолданылады.
Олар мына бөліктерден тұрады: 1) бұрғы ұшы; 2) сырткы тұлға; 3) керінді
сақтайтын және өзімен 6ipre көтеретін ішкі колонкалық құбыр; 4) кернтұтқыш.
Грунталғышы (колонкалық құбыры) жеке көтерілетін қашау өте жиі
қолданылады. Оны толық қажалып, мұқалып біткеннен кейін, ауыстыру керек
болғанда ғана жер бетіне көтереді.
36- сурет. Сыңар шарошкалы қашау:
1 – табан; 2 – шарошка; 3, 5 –шарлар; 4 – саусақ; 6 – қатты қорытпалы кескіштіс
Қазіргі кезде өндірісте жеке көтерілмелі және көтерілмейтін грунталғыш
құбырлары бар колонкалық қашаулар қолданылады. Олардың диаметрлері 118,
145, 190, 214, 243, 269, 295 және 346 мм.
Роторлы бұрғылауда неше түрлі конструкциямен жасалған колонкалық
қашаулар қолданылады. 37-суретте конструкциясын
ВНИИБТ жасаған «Недра»
деп аталатын колонкалық снаряд келтірілген.
Бұл снарядпен диаметрі 80 мм
шамасы керн көтереді. Бұл жағдайда
ұңғының диаметрі 161, 190, 214, 243 және
269 мм болады.
«Недра» снарядының қалың құбырдан жасалған тұлғасы /1/ бар. Ол бұранда
арқылы жоғарғы /2/ және төменгі /3/ өзгерткіштермен жалғасқан. Тұлғаның iшіндe
грунталғыш орналасқан. Оның құрамына колонкалық құбыр /4/, қосқыш муфталар
/5/, центрлегіш қабырғалар және төменде тұратын кернжұлғыш башмак /7/енед1.
Башмак бұрғы ұшына тірелген. Кернжұлғыштар /6 жэне 8/ қалықтап тұратындай
етіп жасалған. Бұрғылау кезінде олар қозғалмайды, сол себепті кернге тиіспейді.
Грунталғыштың үстіңгі ұшында узыншак винт /9/ бар. Ол муфтаның /5/ көмегімен
жоғарғы колонкалық құбырмен жалғасқан. Винттің ұзына бойымен гайка /10/
жылжып тұрады. Бұл гайка өзінің сыртқы бұрандасы арқылы тұлға ниппелінің
iшкi бұрандасына енеді.
Гайка бұралып кірген соң, грунталғыш бұрғы ұшына тіреледі де, оның
қандай
жағдайда тұрғанын белгілегішпен /11/ бекітеді. Белгілегіштің саусақ тәрізді
ұзынша темipi /12/ гайкамен /10/ винттің /9/ жырмасына енед1. Соған байланысты
грунталғыш тұлғаның iшіндe жылжи алмайды, ce6e6i гайка /10/ оны не жоғары, не
төмен жібермейді. Кернжұлғыш бұрғы ұшына өте жақын тұрғандықтан керн
жақсы көтеріледі.
37- сурет. «Недра» колонкалық снаряды
Достарыңызбен бөлісу: |