Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет108/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   168
Бурение

Жуу 
сұйықтарын 
талқандалған 
тау 
жыныстарынан және газдардан тазалау. 
Ұңғыларды бұрғылау кезінде балшық ерітіндісінін құрамына тау 
жынысының ұнтақтары қосылады. Әсіресе ұңғыны тұтас түппен және құм 
шөгінділерін бұрғылағанда ерітіндінің кұрамында бұрғылау ұнтақтары өте көп 
болады. Егер балшық ерітіндісін бұл ұнтақтардан тазаламаса, бұрғылаудың 
жылдамдығы азаяды, бұрғылау құрал - саймандары жылдам тозады және бұрғы 
тізбегінің тау жынысы ұнтақтарымен басылып немесе сыналанып ұңғыда 
қалып қоюы мүмкін. Сондықтан ұңғыдан шыққан жуу ерітіндісін бұрғылау 
ұнтактарынан (шламнан) айырып тазаламай, ұңғыға қайта жіберуге болмайды. 
Жуу сұйығын бұрғылау ұнтағынан тазалау тәсілдерін төмендегідей 
топтастыруға болады. 
1. Табиғи тазарту - науа жүйесі мен тұндырғыштар. 
2. Ықтиярсыз тазарту: 
а) механикалық - елеуіштердің көмегімен; 
ә) гидравликалық центрифуга және гидроциклон арқылы; 
б) физика - химиялық яғни флокулянттар мен сұйытқыш
ерітінділерді пайдалану. 
3. Құрастырылған әдіспен тазарту - жоғарыда көрсетілген екі әдісті 
бірдей қолдану арқылы. 
Тазалаудың 
табиғи әдісі 
- жуу сұйығының құрамындағы ұнтақ 
бөлшектердің ауырлық күшіне байланысты науа жүйесінде тұнуына 
негізделген. 
Науа жүйесін металдан, ағаштан немесе жерден қазып жасауға болады. 
Науаның 
көлденең 
өлшемі 
250-300 
миллиметрден, 
биіктігі 
200-250 
миллиметрден, ал ұзындығы 15-20 метрден кем болмауы керек. 
Мұнай мен газға және суға терең ұңғылар бұрғылау кезінде науаның ені 
600-700 миллиметрден, қабырғасының биіктігі 400-600 миллиметрден, ал 
ұзындығы 35 метрге дейін жетеді.
Бұрғылау ұнтақтарын тұндыратын науа жүйесінің түрлері 51 -
 
суретте 
көрсетілген. Балшық ерітіндісі науа жүйесімен ағатын болса, яғни ағын 
жылдамдығы секундына 16-18 сантиметрдей болса, ұнтақтар науа жүйесінде 
жақсы тұнады. Мұның себебі жылдам аққанда ерітіндінің құрылымы жақсы 
бұзылады және ұнтақ тастарды көтеріп әкету қабілеті көбейеді. Осыған 
байланысты науа жүйесінің көлбеулігін 1:100 қатынасынан 1:150 қатынасындай 
мөлшерде алу керек. Тосқауылдардың ара қашықтығын 1-2 метрдей болғаны 
дұрыс. 
Сұйық ағатын науа жүйесінде екі тұндырғыш, жуу сорабы, сұйық алатын 
екі қамба болуы керек. Қамбаның көлемі бұрғыланатын ұңғының көлемінен үш 
есе үлкен болуы тиіс. Бұлай болу себебі мынада: сұйықтың бірінші көлемі 
ұңғының ішін ұдайы толтырып отыру үшін, екінші көлемі ұңғыда жоғалатын 
сұйықтың орнын толтыру үшін және сұйықтың айналма ағысын тоқтатпау 
үшін, ал үшінші көлемі қор ретінде сақтау үшін қажет. Науа жүйесін, жұмыс 
бітісімен смена сайын тазалап отыру керек. Тұндырғыштар 2-3 тәулікте бір рет 


тазаланады. Сорап сұйық алатын қамбаның біреуін пайдаланғанда, екіншісінің 
тазалануы қажет. Әдетте тұндырғыштың көлем өлшемі 1,0 м х 1,0 м х 1,0 
метрдей, ал қамбаның көлем өлшемін 1 м х 1,5 м х 1,5 метрдей етіліп қазылады. 
51 – сурет. Науа жүйелерінің түрлері. 
а - өзі жүретін қондырғылармен ұңғы бұрғылағанда пайдаланылатын науа 
жүйесі; ә - екі қатарлы науа жүйесі; б - құранды науа жүйесі. 
Науа жүйесінің көлбеулігін мына формуламен анықтайды: 
мұнда 
- ығысудың статикалық кернеуінің мөлшері, г/см ; 
- ұнтақтардың түріне байланысты коэффициент, айналмалы
бұрғылауда 2,75-ке тең; 
- балшық ерітіндісінің сыбағалы салмағы, г/см
3

мұнда 
- науаның көлденеңөлшемі, см; 
- науадағы сұйық ағынының тереңдігі, см. 
Мысалы: 
;
г/см
3

0
,
13

h
см-ге тең 
болса, онда 


Басқаша түсіндіргенде, науа жүйесінің 1 м ұзындығына 6 мм көлбеулік 
болуы керек. Науа жүйесінің ұзындығын мына формуламен анықтайды: 
,
мұнда 
- бұрғыланған тау жынысының көлемі, м
3
/сағ. 

мұнда 0,785 
- ұңғы түбінің ауданы, м ; 
- бұрғылаудың механикалық жылдамдығы, м/сағ; 
- науа жүйесінің тазаланғыштығына байланысты коэффициент
(әдетте 0,0008-ге тең). 
Науаның көлденең өлшемі мына формуламен анықталады: 
,
мұнда 
- науаның көлденеңі, м; 
- сораптың өнімділігі, м
3
/сек; 
- науадағы сұйық ағынының тереңдігі, м; 
- сұйық ағынның жылдамдығы, м/сек. 
Науа жүйесін иректеп жасаған пайдалы. Мұндай жүйе, біріншіден жұмыс 
ауданын 
азайтады, 
ал 
екіншіден 
қысты 
күндері 
жүйені 
бұрғылау 
қондырғысының астына жасауға немесе орналастыруға болады. 
Жуу сұйықтарын науа жүйесі арқылы тазартудың артықшылығы, оның 
қарапайымдылығы. 
Бірақ 
науа 
жүйесін, 
тұндырғышпен 
қабылдағыш 
қамбаларды тазарту қолмен, күректерді пайдаланып орындалатындықтан тау 
жынысының ұнтақтарымен бірге 10-15%-ке дейін жуу сұйықтарыда шығынға 
ұшырайды. Сонымен қатар бұрғы қондырғыларының аймағын ластап
қоршаған ортаға зиян келтіреді. 
Егер балшық ерітіндісін құрамындағы ұнтақтардан ажырату үшін науа 
жүйесінің көмегі аз болса, онда басқа әдістерді қолдану қажет. 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау