-
- Заң– тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге заңның арқасында қол жеткіздік.
- Н. Ә. Назарбаев
- «Адасқан әріптер»
- Шарты: Әріптерді дұрыс орнына қойса, мағыналы сөз шығады.
- 1. ң, а, з
- 2. т, л, а, п, а
- 3. н, м, і, е, д, т
- 4. қ, ы, ұ, қ, қ
- 5. т, р, т, ә, п, і
- "Заңды білсең, балдырған,
- Ақиқат шығар алдыңнан!"
- Құқық - заң арқылы реттелетін адам құқығы.
- Конституция - мемлекеттік негізгі заң
- Конвенция - келісім шарт
- Республикалық референдумда
- өмір сүруге
- мектепке баруға
- оқуға
- ойнауға, демалуға
- өз пікірлеріңізді білдіруге
- ақысыз емделуге,т.б құқықтарыңыз бар
- "Салтанат құрған құқығым"
- 1.Сен бүгін қаламыңды үйде қалдырып ұмытып кеттің.
- Досыңның сөмкесінен қаламын алдыңда, жаза бастадың. Олай істеуге бола ма?
- 2.Сен туыстарыңмен телефон арқылы сөйлеспек болдың.
- Трубканы көтерсең,бөтен адамдардың сөйлесіп жатқаны
- қосылып кетті. Сен олардың сөзін тыңдадың. Олай істеуге бола
- ма?
-
- Бұл 12 – бапта айтылған
- - Біреудің атына кір келтіруге;
- - Жеке басының тіршілігіне араласуға;
- - Рұқсатсыз үйіне кіруге
- - Жазған хаттарын оқуға ешкімнің
- құқығы жоқ
- “Алтын сақа” ертегісі
- Ертегідегі жағымсыз кейіпкер кім?
- Баланың өміріне қандай қауіп төнді?
- Бала құқығы бұзылды ма?
- “Қырық өтірік” ертегісі
- Мұратына жеткен кейіпкер кім?
- Хан жарлығы қандай?
- Бұл жерде қандай құқық туралы болды?
- “Қиялымызға ерік берсек...”
- Менің атым – Тоғжан.
- Жасым сегізде. Кішкентайымда арбадан құлап, бір жақ аяғымды зақымдап алдым.
- Содан денсаулығым нашарланды. Достарым менің қасымда болудан қашқақтайды.
- Мен олармен бірге болғым келеді.
- Көмектесіңіздерші....
-
- Осы қасиеттердің қайсысы жүзеге асып жүр.
- Сол нөмірді ақ параққа жазайық
- 1.Жақсы оқиды.
- 2.Адамды алдайды.
- 3.Демалады.
- 4.Мазақтайды.
- 5.Ұрлайды.
- 6.Өз пікірін айтады.
- 7.Үлкенді сыйлайды
- 8.Рұқсатсыз біреудің үйіне кіреді.
- 9.Мейірімді.
- 10.Біреулерді зәбірлеп, қинайды.
- 11.Мәдени істерге араласа алады.
- 12.Еңбек етеді.
- 13.Емделе алады.
- 14.Ойлайды.
- 15.Достасады.
- 16.Табиғатты қорғайды.
- 17.Басқаның хатын оқып алады.
Достарыңызбен бөлісу: |