заттай — нәрседей, бұйымдай. Оң жақта қыз жүгенсіз, Аттай болар, жар-жар, Жерде жатқан тот басып Заттай болар, жар-жар (М. Сералин). Жалт-жұлт етіп, найзағай түнекті жарық етіп жіберді. Осы кезде ағараңдаған жалғыз «Желкен» айдан сынып, жерге түскен күміс заттай сүп-сүйір, ақықтың жаңқасындай жарқылдап, қараңғылық кегінде тағы да ап-анық боп ойнақшып, бұлғақтап көріне кетті (С. Бақбергенов);
заттас — тегі бір, тұқымдас, ұқсас. Таласқан аспанменен заңғар таусың, Көз жасы заттасыңның саған жаусын (С. Торайғыров);
заттану — заттық мағынаға ие болу. Сөйлемде жүктелген міндетке қарай сын есімдер зат есімнің қызметіне де ие бола алады. Мұны әдетте сын есімнің субстантивтенуі — заттануы — деп айтады («Қ. Т. Т. С.»);
затты — 1) бұйымды, мүлікті; 2) текті, ұқсасты. Дүниені өзгертіп, құбылтып, құлпыртып келе жатқан адам баласы ақиқат өмірдің құпия сырларын тек абстракция, ой, ұғым арқылы ғана топшылап қоймайды, қолмен ұстап, көзбен көрер нақты, затты құралдар арқылы әбден анық таниды (3. Қабдолов);
заттық — 1) бұйымдық, 2) тектік, ұқсастық. Біздің эрамыздан бұрынғы VIII-IV ғасырларда дәурен сүрген сақтардан қалған заттық мәдениетті — археологтарымыз, бейнелеу өнерінің белгілерін зерттеушілеріміз өз еншіміз деп жариялап отыр (Ә. Оспанұлы);
заттылық — 1) бұйымдық, мүліктік; 2) тектік, ұқсастық. Әдебиетте нақтылық та, заттылық та бар (3. Қабдолов);
затсыз — 1) дүниесіз, мүліксіз; 2) тексіз, ұқсас емес. Ойласаңыз, жақсылар, Нәмәрт қандай, мәрт қандай? Затсыз қандай, зат қандай? Білімсізге айтқан сөз Айдалаға кетеді, Құлағынан аққандай, Мақтағаның жаманды — жабу жауып сиырға, Қоңырау байлап таққандай (Бармақ ақын);
затша — зат сияқты. Марксизмді өлі затша менсінбеуге болмайды (В.И.Ленин).
ذاتى (затййун) зады — тегінде. Зады, халық шаруашылығының қай-қай салаларын алғанда да оның мән-маңызын салыстырмалы түрдегі көлеміне қарап бағаламау керек, қоғамдық тұтыну, қажетсіну маңызын айрықша есте тұтқан жөн (Қ. Ахметбеков). Сөзі мүлде қалған дерсің азайып, Оған зады артық айтқан сөз айып (X. Ерғалиев).
ذاتية (затййатун) затия — 1) өзіндік ерекшелік, жекелік қасиет; дербестік, тәуелсіз, өзін-өзі билеушілік; 2) түпнұсқасы, негізі; 3)субъективизм. Һәм сегіз сифат затиялары не деген сөз, кәміл үйрен (Абай).
ذبيح (забйхун) забих — құрбан, құрбандыққа арналған (мал). Бұл забихалла, забихолла сияқты сөздерде кездеседі.
забихолла — құдайы құрбандық (діни. Ибраһимнің баласы Исмағилдың теңеуі). Өлеңнің аяғына «үшбу өлеңні шығарушы бән талибыңыз Исмағил... забихолла» деп жазыпты (С. Мұқанов).
забихалла. Жүсіп айтты: — Сыр айтам саған нанып, Ақиқат пайғамбармын білгін танып. Арғы атам Халилолла, бабам Ысхақ, Қардәшім Забихалла, атам Жақып («Ғашық-наме»).
ذرة (зарратун) зәрре — 1) тозаң, ұнтақ; 2) атом (заттың өте ұсақ бөлшегі); 3) құмырсқа. Шалғайда жұққан шаңды тез қағыстым, «Көңілде қалмасын, — деп,— зәрре сыбас». Көзге айтқан қошеметтің керегі не, Ер болсақ, ердің әлін сырттан сұрас! (Шораяқтың Омары). Отанымыздың даңқты жеңістерімен салыстырғанда менің тындырғаным, әрине, зәрремен тең (Ә. Тәжібаев);
зәре. Зәре сөзі кейбір тілдерде «кішкентай бөлшек», «атом» мағынасында қолданылады (Ш. Сарыбаев). Ғазиз басым Дұғарға болды пенде Тақат сабырым қалмады, зәре менде. Бір сағат көзден таса қылмаушы еді. Ысырайыл қайтып отыр осы күнде? («Ғашық-наме»).
зәррә. Біз өзіміздің бойымыздағы «сегіз-зәррә» аттас сипатымызды... өзге жолға салмақ бірлән біздің атымыз мүсілім бола ала ма? Болмаса керек (Абай);
зәррет. Сүйгенім менің болды сал. Қуат кетіп тәнімнен. Қалмады менде зәррет хәл! («Ғашық-наме»).
зәрредей — құрттай, титтей, кішкентай. Ұшырап кеп ақылдың апатына, Перғауын пайда еткен жоқ еш зәрредей. Мағынасы молдалықтың — толық деген, Тек тұрғыл, болса ақылың, шайқатылмай (Ы. Ержанұлы). Шаянды қолына ұстап суға түсті. Зәрредей қаупі болмай, қаперінде (Ермұрат);
зәредей. Зәре сөзі кейбір тілдерде «кішкентай бөлшек», «атом» мағынасында қолданылады... Сонда зәредей деген «молекуладай, кішкентай бөлшек» деген сөз (Ш. Сарыбаев). Егер сен зәредей сүйе білсең, өз үйіңде, өз жеріңде, өз еліңде тұтқынға түс (Н. Хикмет).
ذرية (зуррййатун) зүрият — 1) балалар, әулет, ұрпақ, жұрағат, тұқым, бұтақ. Әркімдер мінеді бір атты, Ат деген ерге қанатты. Еш шырағы сөнбес деп, Тілер болар зүриятты («Б. Ж»). Орынсыз өзін білмей өкіректеген, Қарғысын қазды еліктеп, айрылар шат... «Қазақтың зүрияты» деп кемітіпсің, Екеніңді білмей жүріп қай зүрият (Қаңлы Жүсіп);
зурият. Пұсырдан қалған бұ да жалғыз із, соңғы зурият! (Ә. Нұрпейісов).
ذكر (зикрун) зікір — 1) еске түсіру, еске алу; 2) ес; 3) даңқ; 4) діни. зікір (топ адам қосылып құдайдың 99 есімін, сипатын атап, ұдайы дұға оқу, зікір салу). Молда емессің, соқырсың, Зікір айтып зарлаған, Жаназа оқып өлгенге, Педия алып жалмаған (Жамбыл). Сонан соң жеті күн ұдайымен зікір салып, басындағы дұғасын аламын,— деді ишан (С. Торайғыров);
зікірші — зікір салушы. Асатаяғы ойнақ салған зікірші де безек қағып жүр (С. Жүнісов). Бір күні көп зікіршінің астында қалып, өзі өлмелі, көкірек ауруы бар бір шал талып қалады (А. Тоқмағамбетов).
ذلالة (залалатун) залалат — 1) кеміту, қорлау; 2) опасыздық, ұждансыздық. Алдияр: «Қаш, жаманнан» деген үшін, «Тиер,— деп қашып ем ғой, — бір залалат». Айтыпсың: «Адал қызмет атаңа қыл», Табылған таппасаң да жүз насихат (Қаңлы Жүсіп).
ذليل (залйлун) зәлил — 1) қор, қор болған; 2) көнгіш, бас июші; 3) момын, жуас; 4) ауыс. жексұрын. Бұл сөз залилдік сияқты сөздерде кездеседі;
зәлилдік — қорлық. Зәлилдік көрген соң, сайрай бер, тіл, Риза қылмағыңды яр өзің біл (Абай).
ذهن (зиһнун) зейін — ақыл, ес, ұғым, сана. Есіңде бар шығар ғой жақсы адамдар, Зейін сап, менің айтқан сөзімді аңғар... (Ақсұлу). Ғизатлу жаздым сәлем перизатқа, Қимаймын сені, қалқам, басқа жатқа. Аршын төс, алма мойын, ей перизат, Оқыңыз зейін салып осы хатқа! (Ақан сері);
зейінді — ақылды, есті, ұғымды, саналы. Зейінді, ықыласты шәкірттің бірі боп, ауылдың барлық үлкеніне сүйікті көрінетін, қырлы мұрын Мағаш та, бүгін осында (М. Әуезов). Сағындым, сәулем, бақытым өзің, Қарашықта жас бейнең, жаным. Мейірімге толы зейінді көзің Күледі жарқын атқандай таңым (Ә. Сәрсенбаев);
зейінділік — ақылдылық, естілік, ұғымдылық, саналылық. Ахметхан Абықаев ақынның зеректігі, зейінділігі, тапқырлығы, әншілігі мен күйшілігі сегіз қырлы талант екенін танытады (М. Өтелбаев);
зейінсіз — ақылсыз, ессіз, санасыз. «Жұмбақ,— дер,— шешу емес, бұл жауабың», Зейінсіз құрғақ айтқыш болса долы. Артына бақадар-хал жазушының Кәмина Молла Жүсіп қойған қолы (Қаңлы Жүсіп). Милау— қабылдау, түсіну, ұғыну қабілеті нашар зейінсіз кеще («Қ. Т. Т. С.»);
зиһінсіз — Бик зиһінсіз бала,— деді молда (С. Мұқанов);
зейінсіздік — ақылсыздық, ессіздік, санасыздық. Кейбіреулер оқушылардың зейінсіздігін, ұстаз беделінің азайғанын әңгіме етеді («Л. Ж.»).
ذى зұ, зү – бар, бар болу, ие, ие болу; 2) меңгерген (бір нәрсеге ие болуды көрсету үшін сөздің алдына қосылатын қосымша (зұлпықар — «қылышты», Зұлқарнайын — «екі мүйізді»);
зұлжалал — 1) ұлылық иесі (діни. құдайдың көп аттарының бірі, Алланың теңеуі); 2) патшам (патшаға айтатын мәртебелік сөз). Мақтамақ өзіңе хас, зұлжалал, Ғапу қып көз жасымды айла қалап (Әріп);
зүлжалал. Шыққан кісі Бекжан мен Зүлжалал қажы тағы басқалар еді (I. Жансүгіров);
зүлжәләл. Жеткізбей бұл мұратқа зүлжәләлім, Көргенсіз кеше түнде менің халім. Сырт күйік бір сағаттай білінген жоқ, Болған соң махаббаттан ішке жалын (Ақан сері);
зүлжәлел. Бір өзіңе аманат, Тапсырдым мынау баламды, Жаратқан тәңірім Зүлжәлел! («Қыз Жібек»). зұлжалалы — биік мәртебелі;
зүлжәләлі. Зүлжәләлі Әбілхайыр, Атамберді, Жаратып дүниені дәнекерлі... (Тезек);
зұл-хижжа — 1) Меккеге тәжім ету үшін баратын ай (үлкен мейрам, жұма күні, 9 зұл-хижжада болады); 2) араб ай жылнамасының он екінші айының аты;
зұлпұқар. Өтіпті бізден бұрын Қазірет Ғалы, Ұжмақтан шыққан оның Зұлпұқары (Жарылқасын);
зұлпықар — омыртқа кесер (Мұхаммедтің қызы Фатиманың күйеуі, Мұхаммедтен кейінгі төртінші халифа әзірет Әлінің дін аңызындағы екі жүзді, айыр ұшты қылышының теңеуі). Дәумен найза салысқан, Диюменен жарысқан Зұлпықарын сілтеген, Сілтесе қылыш тас кескен (Жамбыл). Астында айшылықты алты-ақ аттар теңбіл көк дүлдүл, қолында он екі құлаш зұлпықар, лақап бойынша арыстан атанған Әлі батыр Қаптағайдың қара үйіне келіп тоқтады (Ғ. Мүсірепов);
зұлфұқар. Дін кітаптарының сипаттауында қазірет Ғали зұлфұқар атты қылышын қаһарлана сілтесе, қабат жердің астындағы көк өгізге жеткізеді-міс (С. Мұқанов);
зұлфықар. Желді қуып жетеді екен, астындағы ақ тұлпары, Темірден де өтеді екен, қолындағы зұлфықары (Ә. Тәжібаев);
зұлфуқар. Қалижан Бекхожин «Әппақнама» атты соңғы кітабындағы «Ұлы Низамиға мадаққасыда» бөлімінде мазлұм, зулфуқар секілді арабизмді әдейі қолданған (М. Әлімбаев);
зұлфұқар. Жанындағы зұлфұқар Сілтесе жан қалмас па? Суырып алды болатты, Сілтеген жерін қанатты (Ер Қосай»);
зұлфухар. Қайралып зұлфухардай қауырсының, Жарқылдап жарып өтті дәуір сырын (Қ. Бекхожин).
ذوق (зауқун) зауық — 1) дәм, татым; дәм сезімі; 2) бейімділік; 3) әдептілік, сыпайылық; 4) ауыс. көңіл-күй, шабыт. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар. Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап, Жас балаша көңілді жақсы уатар (Абай);
зауықсыз — көңілсіз, шабытсыз. Есікке зауықсыз беттедім (М. Сатыбалдиев);
зауықтас — бейімдес, көңілдес, шабыттас. Сол көк орданың ішінде ләззат тауып, бір-бірімен зауықтасқан ата-ана («Ү. Ғ. Ж»);
зауықшылдық. Анна Каренинаның басқа еркекті сүюі - меніңше махаббат емес, зауықшылдық, — деп салды бір жігіт (Ж. Жұмақанов).
зауық-сапа — аса қызықты, ләззатты ойын-күлкі. Жүсіпті ерте бастан ерке үйретіп, Еттірген өздеріңіз зауық-сапа. Сондықтан бір шамалды шашқан шығар Ақыры болар демей мұндай даһа (Шораяқтың Омары).
ذوقى (зауқййун) зауқи — көңіл-күйі, шабыты, ләззаттылық (эстетикалық). Жүсібім деп зар қылып, Күні-түні жылайды, Перзентімді көрсет деп, Алладан әр күн сұрайды, Үміт қыл зауқи сапаңды, Сізді жоқтап атаңыз, Күні-түні аңырайды («Ғашық-наме»).
ر
ر ~ راء (ра’ун) — араб алфавитінің оныншы әрпі; сандық мағынасы — 200. Рә, риза қылмағыңны яр өзің біл (Абай). Бір сарай нұрланады жалғыз «миммен», «Ра» мен «нұн», «хи» менен «зи» оған ерген (Ырысжан).
راحة (рахатун) рақат — 1) тыныштық; дамыл, демалыс; 2) ыңғайлылық, қолайлылық; 3) ауыс. ләззат. Михнат болмай, рақат болмас (мақал). Мен түгіл жансыз темір нұрыңа мас, Қасыңнан сөкпе мені кете алмаған. Тауыңда куә қапсыз бірде рақат, Алсам деп саяңдағы екі алмадан (Ақан сері). Жазы кеш, жарық айлы, қоңыр самал, Рақат таза ауасын жұтқандай бол (С. Торайғыров);
рахат. Мың бейнетке — бір рахат (мақал). Жібектей жанға рахат жаздың таңы, Жарқырап туды жеке таң шолпаны. Тербетіп қырда қызыл қызғалдақты. Шығыстың ескенде ерке таң самалы (3. Қалауова). Жаралы көңіл жазылар, Дүниеде рахат бар шығар (Абай);
рақаттану — тыныштану, ләззаттану, жаны жай табу. Өзіміз туып-өскен жер, Рақаттана көтерді, Сіңірген қайрат, аққан тер Береке болып өтелді (Қ. Аманжолов). Суына рақаттанған адам мен мал, Жемісі неше алуан шекер мен бал (С. Адамбеков);
рахаттану. Аспай-саспай рахаттанып отырып, ыстық қою шай ішкісі келді! («Т. С.»). Бірақ, соның өзіне де махаббат дариясын еркін кешіп жүргендей «рахаттанып» қаламыз (Ю. Мұхлисов);
рақатты — ләззатты, жаны жай тапқан. Евгенийді зеріктірген Деревнясы әсем аулақ; Пәк рақатты жаны сүйген Адам алғыс айтардай (А. Пушкин);
рақатсыз — мазасыз, ләззатсыз;
рахатсыз. Дүние-дүние деуменен кейбіреулер, Жүреді ғұмырынша рахатсыз. Барын жоқ деп қалтырап құрығандай, Еш уақыт айтпас, сірә, сөзін антсыз (Н. Наушабаев);
рахатизм. Ха, ха, ха, ой умора. Ой, рахатизм болды-ау. Ой, комедия! — деді Біржан (С. Адамбеков).
راس (ра’сун) рас — 1) бас; 2) басшы, бастық; 3) басы, басталуы; 4) төбесі; Бұл сөз расрап сияқты сөздерде кездеседі;
рас-рап — 1) діни. ұлы құдай; 2) ауыс. биік, мәртебелі орын. Ол өзі рас-рап деген таққа мінді, Анық қақ та таныған асық дінді. Бірі жарық, біреуі қараңғы деп, Аспанға мәжбүр еткен Ай мен Күнді (Әсет).
راشد (рашидун) рашид — 1) саналы, зерделі; 2) есті, ақылды; 3) ержеткен, ересек; 4) тура жолмен жүруші. — Сіз, әрине, ғақли ізденуші, кәмелет жолындағы адамсыз... Сол себептен де біздер сізді рашид ұстаз деп білеміз,— деді Ибн Жүнейд әл-Фарабиге (А. Машанов). Абай оқыған тарихи кітаптар ішінде... «Тарихи рашиди»... басқа да ғылыми, әдеби кітаптар бар (К. Тұғанбаев).
راضى (радййун) разы — 1) қанағаттанған; 2) сүйкімді, жағымды, ұнамды. Шындықтың аулын іздеп, түстім жолға, Разымын не көрсем де осы жолда... (С. Торайғыров). Сіздер бір ғана менің разылығымды іздеп, малдарыңызды, өмірлеріңізді сарп қылып едіңіздер, мен разы болдым (Абай);
ыразы. Алда ыразы болсын,— деді (Ғ. Мүсірепов).
разылық — разы болу, ризалық, қанағаттық. Сіздер бір ғана менің разылығымды іздеп, малдарыңызды, өмірлеріңізді сарп қылып едіңіздер, мен разы болдым (Абай). Әбу Мәлік оған разылық білдіріп, қабыл етті (А. Машанов).
رافة (ра’фатун) репет — 1) жаны ашу, есіркеу, аяу, өкіну; 2) қайырымдылық, мейірімділік; 3) ауыс. ұсқын. Онсыз да биыл жер сыңайы жаман. Жол бойы жауынсыз қуаң жердің репеті ұнамады (Ә. Нұрпейісов). Монд алтын тістері күміске айналғандай сұрланып, репеті қашты («Л. Ж»);
репетсіз — 1) аяусыз, көңілсіз; 2) мейірімсіз, рақымсыз; 3) ауыс. ұсқынсыз. Зейнепті Шыңғысқа қосуға келгенде, репетсіз сезімдіктен де, жүрегінің талмауынан да азап көрген Айғаным елге сырқаты үдеп, әзер жеткен (С. Мұқанов). Аттардың жалқұйрығы репетсіз сүмпиіп, жайылудан да, кісінеуден де қалып, мүлги бастаған (Д. Досжанов).
راى (рауин) рауи — хикаяшы, әңгімеші, әңгіме айтушы. Абай соңғы күндерде, әсіресе осы соңғы күнде, өзіне бұрын дағдылы болған бір халде. Ол бір ескі ғалымдар ма, «рәуилар» ма, солардай бір күйде отыр (М. Әуезов).
راوية (рауййатун) рауия — сусын, ішімдік. Күтуші кемпір ханшаны немен сергітерін білмей басы қатып, шартараптан алдырылған уәлат, махфис, рауия, шамсияны жайып тастады (Ә. Кекілбаев).
راى (ра’йун) рай — 1) көзқарас, көз тастау, пікір; 2) ой, ақыл; 3) дауыс (сайлауда); 4) ауыс. күй, хал-жағдай, көңіл, түр, өң. Жоғал, - деп екінші рет ақырды бай, Сұрланып әйелі де бермейді рай. Қаңғыртқан еш қазақты біз емеспіз, Кет, - деді үйімізден тақылдамай (О. Шипин). Жарқыным, Айманжаным, қайтшы райдан (М. Әуезов);
ырай. Досқа ырай бермей, ашулы жүзін сырт салып, суық томсарып отырған қалпынан қозғалмады (Ә. Нұрпейісов). Молырақ қол салуға батылы жетпей, батылы жетсе, дәрмені жетпей, әр жерден тиіп-қашып түрткілеген бірлі-жарым шаруа кісіге такаббар дала табиғаты ілуде бір ырай бергені болмаса, шын еміренбей, құнарын ішке тартып, қысырдай сырдаң қала беретін (Ж. Исмағұлов);
райсыз — көңілсіз («К. Т. О. С.»);
райсыздық — көңілсіздік. Осындай зілді-зілді сөздер шығарып, райсыздық білдіруіне қарағанда, күдері әбден таусылып, бітеу жара іштей жұқарып болғанға ұқсайды (М. Иманжанов);
райласу — келісу, жарасу. Я, я, маған қарама, шырағым, дем ал, жол соғып, шаршаған боларсың,— деп Тайшық та ерімен райласты (М. Иманжанов);
райлану — көңілдену, өңдену. Айжан апай қазір де Дәуренше қалбаңдаған жоқ, толық бетіне нұр жиып, бар ықыласымен баласына райлана қарады (3. Қабдолов). Оқ емес бұлар, шошынба, Көкшем, Болашақ бақыт! Күл, райлан! (Ә. Сәрсенбаев);
райлы — көңілді, өңді. Мұстафаны, осы баламның иі жұмсақ, өте ақжарқын әрі райлы отыратын, — деді әкесі (А. Тоқмағамбетов). Қараңғылықты қақ жарып, алтын райлы Октябрь таңы атты, ол бостандық пен азаттық нұрын шашты халыққа («Қ. Ә. Т.»).
رب (раббун) рабб – құдай, билеуші; 2) мырза, тақсыр; 3) ие, қожа; 4) басшы, бастық, басқарушы. Бұл болса, тағриф раббіге жараспайды (Абай). Біз білсек, хаһи: Пенде — бір аһи, Раббім — уапи (Таубайдың Жүсібі).
رباء (риба’ун) риба – парақорлық; 2) өсім алушылық, сүтқорлық. Мекке мен Мединенің байлары... ақшаларын керуенге баратындарға несиеге беріп, одан өсім алып отырған. Ақшаларын өсімге беретіндер рибалар деп аталған (М. Ысқақов).
رباب (рабабун) рабаб — қыл керілген шыбықпен ойнайтын музыкалық аспап. Флейта (сырнай), флейтадағы дыбыстың биіктігі және төмендігі, флейтаның түрлері, рабаб, рабабтағы басқа аккордтар, арфалар (А. Көбесов);
рубаб. Құтбай - қобыз, сырнай, домбыра, скрипка, дутар, рубаб, най, дойра тәрізді ұлт аспаптарының бәрінде де шебер ойнайтын музыкант, тенор үнді әнші, жыршы («Ақын-жыраулар»).
رباعا (рибатун) рабат — 1) байланыс, қатынас; 2) таңғыш, байлауыш, түйреуіш; 3) қамал, қорғаныс; 4) үлкен сауда жолдарында салынған бекініс; 5) керуен сарай. Бұл кез — Орта Азиядағы түркі тайпаларына араб-парсы мәдениетінің, ислам дінінің кең жайыла бастаған шағы. Жаңа медреселер, рабаттар (немесе рибат), салтанатты сарайлар салынады (С. Исаев). Өмір қандай тамаша өзгергенде, Дүниені тоймайды көз көргенде... Рабатқа жаһанда айналдырып, Іспен жеңіп, еңсеріп меңгергенде... (Саяділ);
рибат — тегін керуен сарай, қаңғымахана. ХІІ ғасырда сопылық қауымдар ұйымдастыра басталды. Әрбір қауымның мүшесі «дәруіш» делініп, зауия мен рибат, хаака, текке деп аталатын өзіндік уставы бар монастырларда тұрды. Қауымды шайхтар басқарды. Дәруіштер зауияға зікір салуға жиналып, онда дұға оқып, өлең айтты («Қ. С. Э.»).
رباعى (руба‘ййун) рубаи — 1) төрт жолды өлең; 2) грам. төрт әріпті етістік. Оқта-текте қуатты қолына калам алып, көркем ғазалдар, рубаилар жазатын (Айбек). Омар хаям рубаилары, Шекспир сонеттері сияқты Назым ғазелдері де ақын атын ғасырлар кеудесіне жұлдыздай көтерді (X. Абдуллин);
рубағи. С.Мәуленовтың «Рауан» жинағының тағы бір ерекшелігі — рубағи (төрт таған) тектес сөзі қысқа, ойы нұсқа өлеңдердің көбірек орын тебуі (Р. Бердібаев). Бір шумақ рубағида қазіргі ұғымға түсініксіз «бу хаммаси» мәдәт «шағири», «фарияд» секілді араб, парсы сөздері жиі кездеседі (Ә. Дербісалиев);
рубаят. Тұрмағамбет поэзиясының тағы бір назар аударатын ерекшелігі, ол — жанр жаңалықтары мен поэзия түрінің байлықтары. Бұрын халық поэзиясындағы бар... Жанрларының үстіне шығыс әдебиет өрнектерінен: мысал, тақпақ, рубаят, нақлиат, хикая, дастан жанрларын қазақ жағдайына бейімдеп алды («Қ. Ә. Т.»). Ақынның шығыс классиктерінен әкелген рубаяты да поэзиямызға қосқан тәуір үлесі («Қ. Ә. Т.»).
ربيع (рабй‘ун) раби — 1) көктем; 2) көктемгі мезгіл; 3) жолдас; ашына. Бұл сөз раби-ахир, рабғы-әуел сияқты сөздерде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |