Экономикалық теория
149
өзгереді. Кейбір мамандық түрлеріне қажеттілік қысқарады, ал
кейбіреулері мүлдем жоғалуы мүмкін. Бұрын болмаған жаңа
мамандықтарға сұраныс пайда болады. Жұмыс күшінің
құрылымы баяу өзгереді және өндірістің жаңа құрылымына
сәйкес келмейді. Құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды
және қоғамда әр уақытта болады.
3. Циклдік жұмыссыздық нақты жұмыссыздық деңгейінің
табиғи
деңгейден
айырмашылығымен
түсіндіріледі.
Ол
өндірістің құлдырауына байланысты келеді. Капитал және
тұтыну тауарларына сұраныстың жеткіліксіздігі өндірістің
қысқаруына алып келеді. Бұл циклдік жұмыссыздықтың пайда
болуына негіз болады. Бұл жұмыссыздықтың сүйкімсіз типі. Ол
жалпылама және аурушаң сипатта болады.
Толық жұмысбастылық, жұмыссыздықтың жоқ екенін
көрсетпейді. Толық жұмысбастылық бұл фрикциондық және
құрылымдық жұмыссыздық экономикада сөзсіз кездесетін
жағдай, сондықтан да олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін
құрайды. Толық жұмысбастылық, бұл циклдік жұмыссыздықтың
болмауы.
Барлық халықты үш үлкен топтарға бөлуге болады.
І-топ. Еңбек қабілетіне толмаған жастағы (18 жас) адамдар.
ІІ-топ. Жұмысшы күшінен шығып қалғандар (58 жас
әйелдерге, 63 жас еркектерге үлкен) және уақытша жұмыс
істемейтіндер (студенттер, армиядағы жастар, балаға қарайтын
әйелдер).
ІІІ-топ. Экономикалық белсенді халық, еңбекке қабілетті
адамдар (жұмысшы күші).
Жұмыссыздық деңгейі тең жұмыссыздықтар саны еңбекке
қабілеті бар халықтың жалпы санына қатынасы. Еңбекке
қабілетті адамдар (жұмыс күші) – жұмыс істейтін және
істемейтін жұмысшылардың жалпы саны.
жұмыссыздар саны
Жұмыссыздық деңгейі = ───────────── • 100%
жұмыс күші саны
Н. А. Маженова
150
Әлемде табиғи жұмыссыздық 5-6% тең. Осы деңгейінде
жұмыссыздықтың
болуы
толық
жұмысбастылық
болып
саналады. ҚР 2011ж. толық жұмысбастылық 8168 мың адам
болды. Жұмыссыздық деңгейі 5,7%.
Жұмыссыздықтың салдары – ол ЖҰӨ кем шығарылуы.
Жұмыссыздықтың өсуі мен ЖҰӨ төмендеуінің арасында белгілі
математикалық тәуелділік бар. Бұнда жұмыссыздықтың өсуі
табиғи деңгейінен 1% жоғары болса, ол ЖҰӨ 2,5% төмендеуіне
әкеледі. Бұл өлшемді анықтауға Оукен заңы деп атайды.
Тәжірибеде, нақты жұмыссыздық деңгейін анықтау қиын.
Еуропаның
жетекші
елдерінде
жұмыссыздық
өткен
ғасырдың көрсеткіштерінен асып түсті: Италияда 8,3%,
Ұлыбританияда 8,3%, Германияда 6%, Францияда 9,7%. Бұл
мемлекеттерде жалпы алғанда, 11 млн. жуық жұмыссыздар саны
бар, ондағы жартысына жуығы – жастар. Әлемде еңбекке
қабілетті жастағы әрбір үшінші жұмысшы немесе 1 млрд. 100
млн. адам, мүлдем жұмысы жоқ, немесе күніне 2 долларға өзінің
жанұясымен өмір сүреді.
Жұмыссыздықтың мынадай шығындары бар, ол өмірсүру
деңгейінің төмендеуі, мамандығын жоғалту, моральді төмендеу,
жанұяның бұзылуы, қоғамдағы салықтың өсуі, жиынтық
сұраныстың қысқаруы, әлеуметтік және саяси шиеленістің өсуі.
13.2. Инфляцияның мәні, түрлері және себептері
Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің тұрақты
көтерілуі. Сұраныстың бұл деңгейінде ақшаның нақты
құндылығы
олардың
сатып
алушылық
қабілетімен
анықталынады. Ақшаның сатып алу қабілеті ақша бірлігіне
сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің саны.
Инфляция – бұл екі жақты процесс. Бұл, бағаның өсуі және
ақшаның құнсыздануы. Бағаның деңгейін, баға индексі
көмегімен анықтайды, нарықты қоржының құны пайызбен өсуі.
Кері инфляция көрсеткіші дефляция деп аталады, яғни баға
деңгейінің төмендеуі. Инфляцияның маңызды себептерінің бірі
ақша массасы мен оның тауарлық төлеу арасындағы тепе-
теңдіктің бұзылуы.
Экономикалық теория
151
Халықаралық практикада бағаның өсу көлеміне тәуелді
түрде инфляция қарқынын үш деңгейге бөлу қалыптасқан:
Жылжымалы инфляция, бағаның жылдық орташа өсу
қарқыны 10%-дан аспау керек. Бұл халықтың табысы мен
жұмысбастылығы
өсуімен
байланысты.
Бұнда
мемлекет
ешқандай шара қолданбайды.
Секіртпелі инфляция, бағаның жылдық орташа өсу
қарқыны 10%-дан 200%, аралығында. Оның себебі бюджеттің тап-
шылығы мен ақша массасының тауарға қарағанда артығымен өсуі.
Гиперинфляция – айына 50%-ға дейін, өте жоғары қарқынмен.
Гиперинфляция шаруашылық механизмді әлсіретеді, себебі
ақшадан тауарға қарай ұмтылу үрдісі нығаяды, бартерлік
айырбасқа өту жүзеге асырылады.
Инфляция жабық, ашық, жасырын болады.
Жабық
инфляция
тұтынылатын
тауар
сапасының
нашарлауымен байланысты. Тауар сапасының нашарлауы оның
қысқа мерзімділігі және жиі жөндеу жұмыстарын жасау
тұтынушыны сол тауарды жиі сатып алуға мәжбүрлейді, демек
қажеттілікті қанағаттандыруға қалыпты тауар сапасы кезіндегіге
қарағанда, көп ақша жұмсалады.
Ашық инфляция бағаның өсуімен көрінеді. Ашық инфляция
жиынтық сұраныстың артуымен байланысты, яғни бағаның
жалпы
өсімі
жүреді.
Ашық
нарықтық
жүйеде
орын
алатындықтан ол ашық болады. Баға өсуі инвестицияның өсуіне
алып келеді, өндіріс, ұсыныс өседі. Ашық инфляциямен
күресуге болады, өйткені нарық механизмдері жұмыс істейді.
Жасырын инфляция жабық экономикалық жүйелерде,
жоспарлы экономикалы, мықты мемлекеттік реттеуі бар, жалпы
бақылауға және нарықтық механизмдерді басуға өтетін
мемлекеттер экономикасында туындайды. Мемлекет бағаны
бақылайды және оларды тепе-теңдік деңгейден төмен ұстайды.
Нәтижесінде, экономикада тұрақты дефицит туындайды. Мысал
ретінде 80-90 жылдардағы кеңес экономикасын келтіруге болады.
Жасырын инфляция қоғамдағы тауарлардың жетіспеуімен
көрінеді.
Инфляцияның пайда болу себептері. Оларды шартты түрде
сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |