Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет32/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50

Н. А. Маженова 
 
112 
-    мемлекет  фирмаларға  дотация  жасап  және  халыққа 
трансферттік төлем жасайды; 
-  фирмалар  пайдасының  бөлігін  инвестицияға  айналдырады, 
ал жанұя табыстарының бөлігін жинақтауға айналдырады; 
-  мемлекет бюджеттің бөлігін бюджет сферасына жібереді; 
-  мемлекет  шет  елдермен  несие  қатынастарында  болады. 
Ашық  экономика  ұлттық  экономиканың  шетелдік  мемлекетпен 
өзара  қарым-қатынасын  жобалайды,  бұл  төлем  балансының 
сальдосы ретінде таза экспорт көрсеткішінде қамтып көрсетеді.  
Макроэкономикалық 
саясаттың 
негізгі 
мақсаттары 
макродеңгейде  байқалады  және  макроэкономикалық  құралдармен  
шешіледі. 
Бұл 
жеті 
макроэкономикалық 
параметрлер: 
жұмысбастылық,  жиынтық  сұраныс,  жиынтық  ұсыныс,  ұлттық 
табыс,  инфляция,  экономикалық  өсу,  іскерлік  цикл.  Барлық 
елдерде 
макроэкономикалық 
көрсеткіштер 
жиынтығын 
«ұлттық шоттар жүйесі»  деп атау қабылданған. 
Жуырдағы  уақытқа  дейін  макроэкономикалық  көрсеткіштер 
әрбір  мемлекетте  ұлттық  тұрғыда  ерекше  болды,  дегенмен  де 
бір-біріне ұқсады. Бұл көрсеткіштер бір үрдістерді көрсетті.  
Ұлттық  есеп  көрсеткіштерімен  (ҰЕЖ)  үкімет  экономиканың 
барлық жағдайын анықтайды. ҰЕЖ – біріккен ұлттар ұйымында 
1953  жылы  қабылданып,  көптеген  елдерде  қолданылады  және 
халықаралық  статистикалық  ұйымдарда  стандарт  ретінде 
қаралады.  
Заманауи  ҰЕЖ  құрушылары  американдық  экономист        
С.  Кузнец  және  ағылшын  Р.  Стоун  болып  табылады.  Осы 
дайындамалары үшін олар 1984 жылы Нобель сыйлығын алды.  
 
10.2. Макроэкономикалық көрсеткіштер және есептеу әдісі 
 
Ұлттық  есеп  жүйесінің  көрсеткіштері:  жалпы  ұлттық  өнім, 
жалпы  ішкі  өнім,  таза  ұлттық  өнім,  ұлттық  табыс.  Негізгі 
көрсеткіш  жалпы  ұлттық  өнім  (ЖҰӨ)  болып  табылады.  Оның 
көлемін  бір  жыл  ішіндегі  ұлттық  өндірушілермен  мемлекет 
ішінде және шет елде  өндірілген дайын тауар мен қызметтердің 
нарықтық құнының қосындысымен белгіленеді. 


Экономикалық теория 
 
113 
Ұлттық есеп жүйесінің (ҰЕЖ) 2-ші көрсеткіші жалпы ішкі 
өнім  (ЖІӨ)  болып  табылады.  Жалпы  ішкі  өнім  (ЖІӨ)  –  бұл, 
мемлекеттің  ішінде  ұлттық  және  шетелдік  өндірушілермен  
өндірілген  барлық  дайын  өнімдердің    жылдық  құны.  ЖІӨ-нің 
ЖҰӨ-нен  жоғары  болуы  экономика  дамуындағы  шетелдер 
меншігінің белгілі рөлі барын көрсетеді. 
ЖҰӨ  -  барлығын  қамтитын  көрсеткіш  ретінде  баланс 
түрінде  көрінеді.  Баланстың  бір  жағында  тұтынуға  арналған 
өндірісі  көрсетілген.  Жалпы  ұлттық  өнімнің  көлемі  және 
импорттан  алынған  тауарлар  жиынтық  ұсынысты  құрайды. 
Баланстың  екінші  жағында  қоғамдық  жиынтық  ресурстардың 
пайдаланатын  бағыттары  көрсетіледі  ол,  жиынтық  сұранысты 
құрайды. 
Сонымен,  ЖҰӨ  балансын  мына  формуламен  көрсетуге 
болады: 
 
ЖҰӨ + Импорт = Тұтыну (өзіндік, мемлекеттік) + Инвестиция + 
Экспорт 
Осыдан, ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция + Экспорт – Импорт. 
 
ЖҰӨ  есептеудің  үш  әдістері  бар.  ЖҰӨ  –    шығыны 
бойынша  есептеу,  ол  барлық  шығындарды  қосуды  шамалайды: 
тұтынуға, инвестицияға, мемлекет шығыны  және таза экспорт: 
-  тұтыну (C)  шығындары, бұл тоңазытқышты жөндеу, аяқ 
киім, қант, нанға, үй шаруашылығына шығындары; 
-  инвестиция  (І)  шығындары,  бұл  құрал-жабдықтар, 
станоктар, өндіріс үйлері, тұрғын үй құрылысы шығындары. 
-  мемлекеттік (G)  шығындар – бұл тауар мен қызметтерге  
өндіруге кететін мемлекет тапсырысына байланысты шығындар 
(электрэнергия, аурухана, кітапхана, т.б.). Бұған  зейнетақы мен 
жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы жатпайды. 
-  таза  экспорт  (NX)  –  бұл  бар  экспорттан  импортты 
шығарып тастағандағы бөлігі NX = EX – ІM. 
Сонымен,  ЖҰӨ  (GNP)  –  шығыны  бойынша  есептеу,  бұл 
барлық шығын түрлерінің қосындысы: GNP = C + І + G +NX. 
ЖҰӨ –  табыспен  де есептеуге  болады. 
Табыстың 4 компоненті, ұлттық табысты құрайды. 
1) Жалақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы. 


Н. А. Маженова 
 
114 
2) Рента – тұрғын үй, ғимарат, жерді пайдалану табысы. 
3) Пайыз - капиталынан  алынатын табыс. 
4) Пайда – фирмалар,  корпорациялардан түсетін табыс. 
Бұл  табыстар  адамдар  бір  жыл  жұмыс  істеп,  ЖҰӨ  өндіріп 
тапқан  табыстар.  Мұнда  басқа  табыс  түрі  кірмейді.  Мемлекет 
қайтарып  беретін  табыстарды  трансферттік  төлемдер  деп 
атайды.  Оған  жататындар:  зейнетақы,  балалардың  жәрдемақысы, 
мүгедектерге төлем, жұмыссыздыққа байланысты төлемдер. 
ЖҰӨ  табыс  бойынша  есептегенде  ұлттық  табысқа  жанама 
салық  және  амортизацияны  қосу  керек.  ЖҰӨ  –  екі  әдіспен 
есептелінеді,  сонымен  бірдей  нәтиже  береді,  яғни  қызмет  пен 
тауарларды  алуға  жұмсалатын  қаржылар  олар  өндірушілердің 
табысы болып саналады. 
ЖҰӨ  есептеудің  үшінші  әдісі  –  өндіріс  бойынша.  Мұнда 
ЖҰӨ  мемлекеттің  барлық  кәсіпорында  өнімдердің  қосылған 
құндарын  жинақтаумен  анықтайды.  Тауар  мен  қызметтердің  
қайталап    есептеу  болмас  үшін  ЖҰӨ-ң  жалпы  құнымен  емес,  
тек қосымша құны бойынша есептейді.  
Қосымша  құн  –  кәсіпорынның  өндіріс  процесінде 
жасалынған  өнімнің    нақты  кірісін  көрсететін    құн.  Бұл 
жағдайда  ЖҰӨ  өз  алдына  экономиканың  әртүрлі  салаларында 
өнім  өндіретін  барлық  фирмалардың  қосылған  құн  сомасын 
білдіреді.  Бұл  көрсеткіш  ЖҰӨ  құруда  әртүрлі  салалардың 
үлесін ескеруге мүмкіндік береді.  
Еселі  (қайталанған)  есеп – бірнеше рет есептелінетін өнім 
бөлігінің құны. 
Макроэкономикалық көрсеткіштерге тағы  жататындар таза 
ұлттық  өнім  (ТҰӨ),  ұлттық  табыс  (ҰТ),  өзіндік  табыс,  тиісті 
табыс. 
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) – ұлттық экономика салаларының 
таза  шаруашылық  қызмет  нәтижесін  сипаттайтын  көрсеткіш. 
Жалпы ұлттық өнімнен амортизациялық төлемдерді алып тастау 
арқылы  немесе  ұлттық  табыс  пен    жанама    салықтардың 
қосындысы ретінде анықтауға болады. 
Ұлттық  табыс  (ҰТ)  шетелдік  статистикада  барлық 
табыстар  сомасы  ретінде  анықтайды:  жалақы,  рента,  пайыз, 
пайда. 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау